Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Д.Умирзахова
Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің
негізгі мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050600 - «Экономика»
Қарағанды 2012
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қорғауға жіберіледі
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
З.А. Сәлжанова
__________________
«___»_________2012 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері»
5В050600 – «Экономика» мамандығы бойынша
Орындаған:
Э-34 қ/б
(қ) топ студенті
Ғылыми жетекші
оқытушы, магистр Х.С.Сералиев
Қарағанды 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………… |
4 | |
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................... 1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........ 1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шарттары ………………………………………............... 1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері …….... |
6 6
11 15 | |
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………............... 2.1 Бәсекеге қабілеттілік
факторының макроэкономикалық көрсеткіштері
мен даму сатылары...................... 2.2 Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…....................... 2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың инновациялық
және инфрақұрылымдық факторларын талдау
………………........................ 2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге
қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге
асыру механизмдерінің аймақтық саясаты....................... |
27
27
35
47
62 | |
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
.............................. |
72 | |
ҚОРЫТЫНДЫ.....………………………………………… |
80 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........……………………… |
82 | |
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің
аймақтық саясатын дамытудың негізгі
бағыттары..................... ҚОСЫМША Б - Инновациялық
фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін
арттыру механизмінің құрылымы...................... |
84
85 |
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік экономиканың жаһандану процесінің күннен-күнге күшейіп, әрбір өркениетті мемлекет осы саладағы өзіне лайықты орнын табу үшін жанталаса арпалысуда. Қазіргі уақытта ішкі жалпы өнімнің 9-10 пайыздық жылдық өсімі негізінен өнделмеген мұнай мен газ өнімдері және т.б. табиғи байлықтарын құрайды. Қазақстан үшін сындарлы бәсекенің көкейкестігін барынша арттыру мәселесі жүзеге асырылуы кезек күттірмейтін басты шаралардың біріне айналған сыңайлы.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елімізді маңызы өте зор күрделі бәсекелестікке қабілетті, жан-жақты дамыған, дүниежүзінің өркениетті 50 елі қатарына қосылу міндетін қойып отырғандығы кездейсоқтық емес [2, 3 б.].
Бәрімізге белгілі, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру ол еліміздің салыстырмалы ұлттық артықшылықтарын (табиғат сыйлары) барынша тиімді пайдалана отырып, тек сапалық көрсеткіштерін арттыру арқылы, яғни ғылыми-техникалық жетістіктерге, инновацияларға, соңдай-ақ, жаһандық экономикалық жүйеге тиімді интеграциялану негізінде бәсеке артықшылықтарын әрқашан да жетілдіре отырып іске асырылуы мүмкін. Бәсеке инустриялық қоғамның қарқынды дамуының негізін құрайды, халықаралық интеграция мен еңбек бөлінісін тереңдетудің алғышарттарын жасайды, 21-ші ғасырдың ерекше бөлігі болып келе жатқан постиндустриалды даму сатысына өтуге жағдай қалыптастырады.
Осыған байланысты, мемлекетіміздің макроэкономикалық саясатын қалыптастыруда ғылыми негізделген іс-шараларының рөлі мен маңызы барынша арта түспек. Ал атқарылуы тиіс осы іс-шаралар жаһанданудың қазіргі таңғы талаптарына сәйкестендіріліп, әлеуметтік және экономикалық факторлардың дәрежесін ғылым мен инновациялардың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүзеге асырылуы қажет.
Аталған міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасында мүмкіншіліктер жеткілікті. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыру мақсатына жоғарыда аталған факторларды тиімді пайдалану тәжірибе көрсетіп отырғандай Республикамызды қалыпты даму траекториясына түсіруге тиісті.
Бүгінде еліміз тығырықтан шығар тура жол тауып, қол жеткен жетістіктерді жоғалтпай, дағдарыстан нақты дамуға қарай бастайтын жолмен нық бағыт алды. Бұл Елбасымыздың көрегенділікпен жүргізіп отырған сарабдал, сара саясатының жемісі екені даусыз. Осы стратегиялық бағытты нақтылай түскен мемлекет басшысы өзінің биылғы кезекті дәстүрлі Жолдауында ең алдымен алда жүзеге асырылуға тиіс аса маңызды бес міндетті – ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында болашаққа белсенді түрде инвестициялау, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және қолжетімді тұрғын үй коммуналдық қызметтермен тұрақты қамтамасыз ету және ұлтаралық келісімді нығайтып, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту міндеттерін қойды. Жуық арадағы алға қойылған стратегиялық міндеттерді дұрыс шешуге тек уақыт пен іске асырылатын шаралардың маңыздылығымен қатар, тиімді ұлттық экономика орнықтыру мүмкіншілігі пайда болады. Бұл ретте бәсекелістікке қабілетті экономиканы қалыптастыруды экономиканың нақты секторын жандандыру мен жетілдіруден бастау маңызды.
Бұдан біраз жыл бұрын, Қазақстан экономикалық дамудың жаңа жолын таңдаған кезенде өнеркәсіптің энергетика салаларын дамытудың басты бағыты ұсталды да, "төрт тағандап", бауырымен жер сызып, өлексе күйге түскен өндірістердің ісін жандандыру қажеттілігі өзінен-өзі кейінге ысырылып, назардан тыс қала берді. Қазіргі танда, сыртқы және ішкі инвестициялар тұрақты өсіп, еліміздің қазынасы толыға бастаған сәтте, өз өндірісімізді дамытып, Қазақстандық бәсекеге қабілетті өнімдерді өз өнеркәсіп орындарында шығаруға толық мүмкіншілік туған іспетті.
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттердің тізімдерінен тұрады.
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы
Экономикалық бәсеке деп әр фирманың табысын молайтып, тұтынушылардың ілтипатына қол жеткізу үшін жүргізетін күресі. Түрлі нарықтық жағдайда нарық механизмінің басты элементі – бәсеке болып саналады. Бағаға қатысты, өнім өндіру мәселесі туралы және шаруашылықтың басқа да әрекеттері туралы шешім қабылдауда фирмалар мен өндірістің агенттері үшін бәсекенің ерекше ықпалы бар.
Нарықтық экономиканың қалыпты түрде іске асуы орның негізгі элементтерімен іске асады, олардың арасындағы күрделі байланыс жиынтығы түбінде нарықтық жүйені құрайды.
Нарықтық экономиканың ең бірінші және маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылардың болуы. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде пайда болып, оның біріншісі тауар өндірумен айналысса, екіншісі- оны тұтынып отырады. Тұтынуды да жеке және өндірістік деп қарастырады. Жеке тұтыну кезінде тауар өндіріс сферасынан щығып, халықтың жеке тұтынуына жұмсалады. Өндірістік тұтыну өндірістік процестің жалғасы ретінде әрмен қарай басқа өндірушілердің тұтынуына жұмсалады. Нарықтық ортадағы бұл байланыс осы негізгі екі жақ арасында қалыптасады.
Нарықтық экономиканың екінші элементі өндірістік шамаларды басқаруға негізделген меншік нысндарына негізделеді.
Нарықтық экономиканың үшінші элементі – сұраным мен ұсыным арасында қалыптасатын баға. Оның өзгеруі нарықтық конъюнктураға байланысты. Баға деңгейі трансакциялы шығындармен, яғни айналым шығындарымен шектеледі.
Нарықтық экономиканың төртінші маңызды элеенті сұраным мен ұсыным болып табылады. Сұраным нарықтағы тауарға деген қажеттілікті сипаттайды. Ұсыным деп дәл сол мезетте тауар өндірушілердің нарыққа алып шыққан тауар мөлшерлерінің жиынтығы.
Нарықтық механизмнің бесінші элементі - бәсеке. Ол фирмаларм мен корпорацияларға пайданы максимизациялап, осы негізде өндіріс масштабын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бәсекенің негізгі функциясы экономикалық реттеуіштердің шамасын анықтап, нарықтағы бағаны, пайда нормасын, және капиталдың пайыз нормасын белгілеу болып саналады.
Әдетте бәсеке және оның түрлері нарықтық құрылыммен ерекшеленеді. Нарықтық құрылым деп әдетте нарықта бәсекенің және басқа түрлі процестердің өту жағдайын айтамыз. Нарық құрылымының түрлі ерекшелік сипаты бар. Олар: фирмалардың саны және көлемі, ұсынылатын өнімнің түрлері, бағаны бақылау деңгейі, салаға кіру және шығу жағдайлары, ақпаратқа қол жету бостандығы.
Сұраныс, ұсыныс және тепе-теңдік баға - бұлар нарықтық экономиканың басты мәселелері. Сұраныс - бұл басқа жағдайлар бірдей болғанда, тауардың белгілі бір түрінің талап етілген қажетті саны. Сұраныс тек тауарды сатып алу тілегіне ғана емес, сонымен қатар сатып алушының осы тауарды сатып алу мүмкіндігіне де тәуелді болады. Демек, сұраныс - қажеттілік пен мүмкіндік арасындағы, яғни тұтынушы сатып ала алатын тауардың саны мен бағасы арасындағы қатынас [8, 4 б.].
Сондықтан, сұраныс заңы тауарды сатып алу тілегі мен мүмкіндігінің арақатынасын анықтайды, тауардың бағасы қаншалықты төмен болса, басқа жағдайлар бірдей болғанда, сатып алушылар сатып ала алатын немесе алғысы келетін тауардың саны соншалықты көп болады. Бұл сұраныс көлемі - осы екі жақты тиімді бағада сатып алынатын тауар саны екенін білдіреді, яғни
ТК = ТК(Б),
мұндағы:
ТК - тауар көлемі;
Б - тауар бағасы.
Егер 1-суретте бұл тәуелділік кері иілсе, онда сұраныс заңы бағаның төмендегеніне қарамастан, сатылатын тауардың сапасының нашарлауына алып келмесе, сұраныс көлемі өседі дегенге саяды. Және, керісінше, тауар бағасының үздіксіз өсуі сол шамада сату көлемін төмеңдетеді (айқын мысал ретінде, Мәскеу қаласындағы гүл нарығын айтсақ болады).
Жеке сұраныстан басқа, белгілі бір тауарға сол бағадағы нарықтағы барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысын білдіретін нарықтық сұраныс та бар.
Сурет 1. Сұраныс қисығы
Тауардың сұранысы тәуелді болатын көптеген басқа факторлар да бар (қажетті тауарларға бағаны көтеру, пәтер ақысын кетеру және т.б.).
Сонымен, кіріс өзгеруі мүмкін, ал бұл сатып алушы шешіміне жағымды ықпал етеді. Бірақ тауарды сатып алудан кіріс болуы мүмкін, мұны кіріс әсері деп атайды, тауар бағасы төмендеген кезде сатып алушы тауарды көп мөлшерде сатып ала алады. Сонымен қатар, тауар бағасының төмендеуінің сатып алушы үшін басқа тауарлармен салыстырғанда тиімдірек болуын ауыстыру әсері деп атауға болады. Тұтынушыға жүйелі түрде бірдей заттарды тұтынудан (мәселен, бес жыл аралығында үш бірдей костюм кию) қанағаттану дәрежесі төмендеген кезде, тауардың шектеулі пайдалылығының қайту зандылығы әсер етеді.
Сонымен, басқа жағдайлар бірдей болғанда, сұраныс, бірінші кезекте, бағаға тәуелді болады. Бірақ, мұндай тәуелділік сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі (С) бағаның пайыздық езгерісінен (Б) артық болған жағдайда икемді болуы мүмкін, яғни:
Э = С>Б, егер С = 2%, Б = 1% болса.
Сондай-ақ, Э - С <Б, Б> 1 болғанда, икемсіз сұраныс туындайды .
Нарықтық экономиканың негізгі "сатып алу - сату" қағидасының екінші бөлігі ұсыныс болып табылады, ол - тауар бағасы мен оның саны арасындағы байланыс. Ұсыныс заңы бойынша тауар бағасы қаншалықты жоғары болса, басқа жағдайлар бірдей болғанда, сатушының тауарды сату тілегі соншалықты жоғары болады. Сонымен қатар, өндіруші тарапынан сұраныс-ұсыныс арақатынасы тауар өндірісін жалғастыру үшін қалыпты пайданы қоса алғанда, өндіріс шығындары деңгейіне тәуелді болады. Осы заңды қадағалау барысында ұсыныс көлемі екі жақты тиімді нарықтық баға бойынша өзінің сатып алушыларын табатын нарықтағы тауардың монопольдік саны болады. Сонымен бірге, тек бағаға тәуелді сұраныс пен ұсыныс арасындағы функционалдык байланыс төмендегідей болады:
Сурет 2. Ұсыныс қисығы
2 суретте ұсыныс қисығы оңға иілген, бұл тауар санының өзгеруі баға өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатынын білдіреді. Бірақ, кері қайтарым заңы бойынша өндіріс көлемінің өсуімен бірге негізгі капитал мен жер ресурстарының өзгерісінсіз өндіріс шығындары өсе түседі. Ал осыған сәйкес, нарықтық баға да өседі. Бұл бағалар салықтың өсуі секілді басқа себептер бойынша да өседі.
Осымен байланысты тауардың нарықтық тепе-тенділік бағасы туралы мәселе туындайды. Мұндай тепе-тенділік "сату-сатып алуға" жататын тауарлар саны сәйкес келген жағдайда пайда болады. Ол сатушыға да, тұтынушыға да, екі жақты тиімді тепе-теңділік бағасын қамтамасыз етеді.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері