Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отанд басек дипл.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

Барлық осы мысалдар қазіргі уақытта Қазақстанда бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен ұлттық экономиканы жаңғыртудың тиімді стратегиясы жоқ екендігі туралы тезисті қуаттайды, ол экономикалық саясаттағы жаңсақтықтар мен кемшіліктерді көлегейлеп отырған мұнай бағасының жоғары болуының салдары. Экономиканы дамыту жөніндегі пәрменді шаралардың жоқтығы жалпы макроэкономикалық тұрақтылық жағдайында байқала қоймайды, және де бұл ретте бүгінгі Қазақстан 80-ші жылдардағы КСРО-ға ұқсайды, ол кезде қолайлы мұнай конъюнктурасы күшейе түскен жүйелік проблемаларды жұмсартуға мүмкіндік берген еді. Осыған байланысты Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жаңғыртудың ұлттық моделін талдап жасаудың қажеттігі туралы мәселе барған сайын көкейкесті бола түседі.

Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұлттық моделін келтірейік. Бүкіл дүниежүзілік экономикалық форумның (БЭФ) индекстері мен бәсекеге қабілеттілік өлшемдерінің маңызды екендігіне қарамастан, оның жеткілікті толық еместігін мойындау керек. Сондықтан да Қазақстан үшін экономикалық дамудың өзіндік, ұлттық моделін жасау қажеттігі туындайды, оның негізгі блоктары бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, экономиканы жаңғырту, әлеуметтік бағдарлануды арттыру (ол БӨИ-де ешқандай да есепке алынбайды), мәдениет, ғылым, білім беру деңгейінің өсуі (БЭФ-тің индекстерінде олар да ескерілмейді), Қазақстанның жаһандық экономикадағы рөлінің ұлғаюы болуы тиіс. Айта кету керек, ҚР БҒМ Экономика институтында осы бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүргізілуде. Қазіргі уақытта экономика институты Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл ретте Бүкіл дүниежүзілік экономикалық форумның қолданатын тәсілдемелерімен шектеліп қалмай, әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы қазақстандық моделінің құрамдас бөлігі ретінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің өзіндік жолы мен әдістерін талдап жасауда.

Біздің ойымызша, ұлттық экономиканың бәсекеге кабілеттілігін бағалаудың өзімізге тән өлшемдерін талдап жасау қажет, ол жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың табыстылығына талдау жасауға және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ұлттық моделінің жүзеге асырылуына түзету енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай бағанын мынадай ірілендірілген өлшемдерін ұсынуға болады:

  1. Елдің әлемдік саудадағы позицияларын сипаттайтын өлшемдер.
  2. Жалпы экономикалық сипаттағы өлшемдер.
  3. Әлеуметтік даму өлшемдері.
  4. Технологиялылығы өлшемдері.
  5. Ұлттық экономиканың осы заманғы жаһандық экономикалық жүйе жағдайларына сәйкестігін сипаттайтын институционалдық өлшемдер.
  6. Ұлттық экономиканың жекелеген нарықтарда бәсекеге қабілетті- 
    лігін сипаттайтын өлшемдер.

Осы орайда 2006 жылдың маусым айында ҚР БҒМ Экономика институты аясында ұжымдағы жетекші экономист ғалымдардың катысуымен Уақытша шығармашылық ұжым құрылды және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалау өлшемдері мен арттыру жолдарын анықтау жөніндегі бастамашылық жоба бағдарламасы қабылданды.

Тұтастай алғанда, еліміздің ұзақмерзімді, стратегиялық даму мақсаттарына сүйеніп, мұндай дамудың тиімділігінің агрегирленген өлшемі -халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсуі, ал жүргізілетін экономиканы жаңғыртудың түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқатының өсуі болуы тиіс деп айтуға болады. Қазақстан экономикасының ұлттық моделін қалыптастырудың аталған екі бағдарына ие бола отырып, дамудың аралық мақсаттары жүйесін, сондай-ақ оған жетудің жолдары мен әдістерін түзуге болады.

Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен еліміздің дамуының базисі, сөз жоқ, жоғары технологиялық өндірістің ЖІӨ-дегі үлесін арттыруға бағытталған ұлттық экономиканы жаңғырту, дамыған елдердің стандарттарына сәйкестендіру мақсатымен экономиканың құрылымдарын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның қолда бар бәсекелік артықшылықтарын іске асыру болуы тиіс. Барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің экономикасын талдау олардың үш негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  1. Жоғары дамыған қаржы саласы. 
  2. Технологиялардың ұдайы жетілдіріліп отыруына негізделген инновациялық-бағытталған және жоғары технологиялық экономика.
  3. Елде қуатты трансұлттық корпорациялардың болуы.

Әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті экономикаға тән  осынау негізгі ерекшеліктер, сондай-ақ Қазақстанға тән басымдықтармен толықтырылуы тиіс. Соның ішінде елдің экономикалық тәуелсіздігі мен қаупсіздігін камтамасыз ететін басымдықтармен де. Біздің ойымызша, мұндай басымдықтардың ұлттық экономиканың мынадай өрістері мен салаларын жатқызуға болады:

  1. Нақты өндіріс салалары, олар қазіргі кезеңде елдің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін іргетас болып табылады.
  2. Логистика. Бұл салада екі негізгі басымдықты бөліп көрсетуге болады - біріншіден, экспортталатын өнімді әлемдік нарықтарда өткізудің әртараптандырылған арналарын (құбырлар, порттар, ЛЭП және тағы басқалар) қамтамасыз ететін логистикалык инфрақұрылым, және де, екіншіден, Еуропа мен Азияның арасындағы   байланыстырушы буын ретінде Қазақстанның орасан зор транзиттік әлеуетін іске асыруды қамтамасыз ететін көлік дәліздері.

3.Өндіруші салалар, оларда Қазақстанның әлемдік нарықтардағы позицияларын монополиялық немесе олигополиялық деп сипаттауға болады, айталық-сирек жерасты металдары,уран, хром       және басқалар.

Бұл салаларда мемлекеттің қатысуын арттыру және болашақта жекелген өнім түрлерінің әлемдік нарықтарын бақылауда ұстауға қабілетті ұлттық монополист компаниялар құруға дейін баратын мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту қажет.

  1. Жоғары технологиялы және стратегиялық, перспективалы өндірістер, олар Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзіміді перспективада (20-30 жылдан кейін) қамтамасыз етуге қабілетті,мысалы - биотехнология, нанотехнология, ғарыштық өнеркәсіп, робототехника. Қазіргі уақытта мұндай салалар жоқ, және де қолайлы шикізаттық конъюнктурадан алынған артық табысты нақ осы салаларды дамытуға бағыттаған жөн.
  2. Ғылым және білім беру саласы. Бұл сала болашақта елімізде "білім экономикасын" қалыптастыруға іргетас қалап, сондай-ақ жоғары технологиялық салаларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін басым  маңызға ие болуы керек.
  3. Қаржы саласы. Жаһандану жағдайында нақ осы қаржы институттары мен нарықтары ұлттық экономикалық мүдделерді негізгі алға жетелеуші болып табылады. Күшті қаржы саласы бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі саналады, ал осы саланың әлсіздігі, керісінше, қандай да бір елдің жаһанданудың жол жиегінде қалып, жетекші елдердің шылауы ретінде әрекет ететіндігін білдіреді. Сондықтан да отандық қаржы жүйесін, оның барлық компоненттерін - банктерден бастап қор нарығына дейін, дамыту және нығайту бәсекеге қабілетті экономика кұрудың негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру экономикалық саясатты іске асырудың барабар құралда-рымен, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ұлттық моделін қалыптастыру үшін неғұрлым қолайлы басқару және реттеу әдістерімен және тетіктерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің ойымызша, мұндай экономикалық саясатты жүзеге асырудың бірнеше бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

  1. Экономикалық саясаттың факторлық-мақсаттық көзқарас негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басым салаларды дамытуға неғұрлым акцент бере бағытталуы.
  2. Мемлекеттің экономикалық үдерістерге қатысуы белсенділігінің артуы, атап айтқанда мемлекеттік кәсіпкерлік институтын реттеу тәжірибесін енгізу.
  3. Қазақстандық капиталдың әлемдік нарықтарға экспантеграциясын ынталандыру.

Бұл бағыттарды егжей-тегжейлі қарастыра келіп, олардың біріншісі ең алдымен барынша перспективалы мәселелерді анықтау және Қазақстанда соған сәйкес өндірістерді дамыту мақсатымен жаһандық экономиканың мониторингі мен талдау жүйесін құруды көздейді. Біздіңше, бәсекеге қабілетті салаларды қалыптастыру үшін факторлық-мақсаттық тәсілдемені пайдаланған дұрыс болады. Ол экономикалық жүйеге ықпал ететін негізгі факторларды ажыратуды және осы факторлармен байланысты экономикалық жүйенің дамуының басым бағыттарын айқындауды, кейін оларға нақты шаралар мен мемлекеттік реттеу тетіктерін әзірлеу мен іске асыру арқылы қол жеткізуді көздейді.

Ақыр аяғында, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ұлттық моделін жүзеге асырудың соңғы өзгеше бағыты Қазақстандық капиталдың әлемдік нарықтарға экспантеграциясын ынталандыру болып табылады. "Экспантеграция" термині ұлттық капиталдың экспансиясы негізінде жаһандық экономикаға кірігуді білдіреді, демек, отандық бизнестің, сондай-ақ мемлекеттік активтерді сатып алу, ТҰК қалыптастыру, шетелде қазақстандық капиталдың рөлі белсенді болатындай біріккен кәсіпорындар құру, және де нарықтардың барлық түрлері-тауарлық, қаржылық, технологиялық және басқалар бойынша енуі. Экспантеграция - бұл жаһандану жағдайы ыңғайында Қазақстан экономикасының дамуын жеделдетудің "дәстүрлі" әртараптандырудың артықшылықтарын ұштастырған және шикізат бағасының жоғары болуымен беріліп отырған қолайлы мүмкіндіктерге арқа сүйеген неғүрлым тиімді жолы.

Бұл схема қолайлы шикізаттық конъюнктурадан алынған мемлекеттік қаржыны басқару осы заманғы тұрпаттағы корпоративтік институционалдық инвесторлар қолданатын - дүниежүзі бойынша және пайда әкелетін әрі перспективалы болып табылатын салаларда деген қағидаттар бойынша жүргізілуін көздейді. Мұндай көзқарас "жаһандану экономикасының" барлық негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескереді - біріншіден, әлемдегі кез келген елде бизнес жүргізу мен инвестиция салуда жүзеге асыру; екіншіден, бұдан 20-30 жыл бұрын болмаған (экономиканы дамытудын дәстүрлі тұжырымдамалары талдап жасалынған кездері) осы заманғы жоғары дамыған қаржы рыноктарын пайдалану мүмкіндігі; үшіншіден, әлемдік деңгейдегі қатаң бәсеке талаптарына барабар ғаламдық стратегиялық жоспарлаудың қажеттігі.

Капиталмен мұндай операциялардың елде жаңа салаларды дамытудың көмегімен жүзеге асырылатын әдеттегі әртараптандырумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, инвестициялардан қайтарым тікелей инвестиция салған сәттен басталады, әсіресе қандайда бір ірі нысан құрылысында қажет болатын ұзақ өтелімділік мерзімінсіз ұйымдастырылған нарықтағы операциялар сияқты бағыттарға солай болады. Екіншіден, әртараптандыру салалардың анағұрлым кең спектрінде мүмкін болады, өйткені портфельдік инвестициялар ұсақ бөліктерге бөлініп және көптеген кәсіпорындарға салынуы мүмкін,бұл технологиялық жабдықтардың қазіргідей құны жағдайында айтарлықтай көп капиталды қажет ететін жаңа өндірістер құрған кезде мүмкін емес. Үшіншіден, әртараптандыру ең озық салаларда жасалуы мүмкін (қатысу немесе акциялар үлесін сатып алу жолымен),ондай салаларды Қазақстанда дамыту материалдық база мен білікті кадрлардың жоқтығы себепті әзірге мүмкін емес. Төртіншіден, өндірістің пайдасыздығы немесе тиісті салада іскерліктің бәсеңдеуі жағдайында ондағы қаражатты тез шығарып алып, оларды неғұрлым пайдалырақ салаға инвестициялауға болады, қаржы елде болған жағдайда бұл да мүмкін емес. Ең ақырында, мүмкін болатын артықшылықтар қатарында отандық экономиканың "қызып кетуі" қаупінің жоқтығын еске сала кету керек, кейбір сарапшылар сол Ұлттық қордың қаржысын Қазақстанның ішінде инвестициялауды қабыл алмауды негіздегенде әлгіндей қауіпке сілтеме жасайды.

Жоғарыда аталғандарды түйіндей келгенде, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нақты арттыру үшін қандай да бір шетелдік рейтингтің формалды өлшемдеріне сәйкес келумен шектеліп қалмай, барлық экономикалық үдерістерді, экономикаға мемлекеттің қатысуы жүйесін қоса алғанда, жаңғыртуды көздейтін бәсекеге қабілеттілікті жаңа сапалық деңгейде арттырудың кешенді ұлттық моделін талдап жасау мен жүзеге асыру, және де ең бастысы - өмір сүру сапасы мен елдің адами әлеуетін арттыруға бағытталған дамудың ғылыми негізделген басымдықтарын анықтау қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында алдағы он жылға арналған міндеттердің ішінде экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу мәселесіне айрықша мән беріліп, оны әртараптандыру табыс кілті болатыны атап көрсетілген. “Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму, – деді Президент, – жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады”.

Қазақстан экономикасының шетелден келетін осы заманғы өнімдердің сан алуандылығы мен кең номенклатурасына тәуелді болуы, республикада өндірілетін көбіне шикізаттық тауарлардың өсіп бара жатқан шетіндігі әртараптандыру пробле­масын барынша өткір қойып отыр. Егер сыртқы рынокты игеруге, әлемдік шаруа­шылық байланыстарға кірігуге бағытталған бірінші міндет іс жүзінде орындалды десек, минералдық-шикізаттық ресурстарды отандық кәсіпорындарда барынша қайта өңдеу жайы әлі толықтай шешілген жоқ.

Шикізат экспорты қазақстандық өнімдерді импорттаушыларға біз сыйлаған әлеуетті қосымша құн ретінде түсіндіріледі. Мұндай өнімдер, өкінішке орай, пайдасын біз алмаған, дайын өнімді әзірлеушілер алатын күйінде оралады. Шикізаттық шылаудан арылу оңай шаруа емес, оның үстіне республиканың ірі мемлекеттермен жасасқан ондаған ұзақ мерзімді келісімдері бар. Алайда қазірдің өзінде бұл тосқауылды еңсерудің әлеуетті де нақты мүмкіндіктері жеткілікті. Осы тұрғыдан әртараптандырудың маңызы айрықша болса керек.

Елімізде әртараптандыру шаралары жүргізілмеді деуге болмас, алайда оның жетімсіз екені уақыт өткен сайын көріне беретіні сөзсіз. Қазіргі кезде экономика салаларының негізгі проблемалары өскелең ішкі салалық бәсекелестік, жаңғырту сапасы, негізгі қорларды жаңарту қарқыны, жаңа технологияларды игеру интенсив­тілігі, әлемдік рынокқа білікті шыға білу, шетелдік тауар өндірушілердің елдің ішкі рыногына сауда-саттық шабуылы болып табылады. Сондықтан да әртараптандыру үдерісін қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат теңдестірілген болуы тиіс. Барлық салалар дамудың түрлі кезеңдері мен деңгейлерінде тұр десек, бұлардың бірі инвестициялық қаржылай қолдауға зәру болса, екіншілері ішкі роноктың қорғалуын, үшіншілері салық преференцияларын қажет етеді.

Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері