Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отанд басек дипл.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

Осының негізінде монополияға карсы саясат жүргізуші орган табиғи монополия субъектілерінің заңды бұзушылық істерін ғана емес, олардың құқыктарының да бұзылмауын қадағалайды. Табиғи монополияны реттейтін Орталық Агентік 2005 жылдың ішінде монополияға қарсы саясатты жетілдіру мқсатында 20 — дан астам ережелер мен заңдарға түзетулер енгізген.  Қазақстан Республикасының табиғи монополия Агенттігінің бастығының 2006 жылдың 13 қаңтарында №01-ОД бұйрығына сәйкес мемлекеттік монополия саласында қызмет ететін 184 шаруашылық және еңцірістік субъектілерінің тізімі жасалды. Қызмет көрсететін облыстары екі немесе одан да кеп және табыс мелшері 350 мың айлық көрсеткіштен асқан монополиялардың істерін бақылау, реттеу Орталық табиғи монополияны реттейтін Агенттікгің құзырыңда. Жалпы табиғи монополист субъектілер саны республика бойынша 800-ге жетеді. Мемлекеттік тіркелімге 2005 жылдың 24 қаңтарын-да №І6-ОД бұйрығымен 162 табиғи монополия субъектісі енгізіледі. Транспорттыққызмет керсету саласыңца 6 субъект, құбыр және су құбырлары жүйесіңде 7 заңдық тұлға,телекоммуникация, пошта және аэронавигация саласында 4, электроэнергетика саласында 88 электр жьшу жүйесінің кызмет керсетуші мекемелері тікелей мемелекеттік бақылауда болады. Басқа монополисттік қызмет көрсетушілер аумақтық агенттіктердің бақылауына кіреді. "Алматы Пауэр Консолидейтед" АҚ "Алматыкоммуноэнерго" АҚ, "Северо-восточный комплекс" КММ және "Горводоканал" КММ-лері Орталық табиғи монополияны реттейтін Агенттіктің тікелей бакылауында қалады [26,78б.].

 Сонымен қатар Агенттік Президенттің 2005 жылғы 18 ақпаныңдағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты белгіленген іс-шараларға сәйкес бесеке саласына өтуге тиісті Агенттік бақылауыңдағы 142 табиғи монополия субъектілерінің тізімі жасалынды. Олардың қызметін бақылау көбіне оның құрылымдық (қосалқы кәсіпорындар) салаларының негізгі қызметтен басқа қызмет түрлерін көрсету арқылы жүреді. Бүл келеңсіз жай шағғын және орта бизнестің бәсеке негізінде дамуына кедергі келтіріп, баға саясатын мен салық принциптерін бұзуға әкеледі. Орталық Агенттіктің бақылауыңдағы 45 табиғи монополия субъектілері 100 ден - астам негізгі қызметтен басқа қызмет түрлерін көрсетеді екен.Мысалы, "ҚазТрансОйл" АҚ мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету, наубайхана қызметін, жанар-жағармай сақтау қызметтерін ұсынып келсе, "Қазпошта" АҚ жалға орын беру, "Алматы Халықаралық аэропорты" АҚ монша, балабақша, мәдениет үйі, шаштараз, қонақ үйі, интернет қызметі сияқты қызмет түрлерін жалпы бәсеке аясынан тыс көрсетіп келген. Дәл осындай жағдайлар басқа аймақтарда орын алған, Қостанай облысының әкімгділігі негізгі істерінен басқа да қызмет түрлерін керсететін 39 табиғи монополия субъектілері жөнінде шешім қабылдады [27, 54б.].

Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында табиғи монополия субъектілерінің жабдықтары мен негізгі қорларының тозуы себебінен оларды жаңартып, күрделі жөндеуден өткізіп модернизациялаудың қажеттілігі жоспарланған. Тұтынушыларға тиімді тариф ұсыну және табиғи субъектілерінің негізгі қорларының қалыпты жұмыс аткаруын қамтамасыз ету барысында табиғи монополияны реттеудің басты мақсаты инвестиция болып табылады делінген. Осы бағытта инвестицияны ынталандыру мен орташа мерзімдегі тұрақты тариф белгілеу үшін жаңа тариф жасау әдістерін енгізіу, республикалық мәні бар табиғи субъектілердің ісіне техникалық және қаржылық сараптама жасау, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне анализ және мониторинг жасау үшін ақпараттық база құру, табиғи монополия субъектілерінің қызмет түрлеріне уақытша төмендету коэффициентін тағайындау арқылы тарифті реттеу әдісін қолдану т.б. шаралар жоспарланып, біразы іс жүзінде қолданылып отыр.

Қазақстан Республикасының монополиялық саясатын одан әрі дамытуда құқықтық нормативтік базалардың жетілдірудің маңызы аса жоғары кіру стратегиясына байланысты Жолдауында баса назар аударды. Соның ішінде 2006 жылы қолданып жүрген нормативтік-құқықтық базаға талдау жасап, ретке келтіру, Қазақстан Республикасының «Бәсеке туралы» заңына жаңа өзгерістер жасау, алты ай ішіңде монополияға қарсы және бәсекелестікгі қорғау туралы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілуі қажеттітігі, сонымен қатар металлургия, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібіңде және басқа салаларда сақталып қалған "жасырын" монополияларды кұрту қажет екеңдігі, мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық жөне шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды және ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру аркылы жасау керек екендігін айтылды. Сонымен бірге, бюрократияның өңдірісті активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керектігі де айтылды [28, 43б.]. Өңдіріс пен капиталдың шоғырландыруы және монополияның өсуі ірі капиталдың экономикалық қуатын арттырады, капитал арқылы олардың саяси ықпалы да күшейеді.

Экономиканы мемлекет тарапынан басқаруда билікті дұрыс пайдалану Қазақстан халқының тұрмыс- тіршілігін одан әрі арттырады. Парасатты саясат еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына кепілдік береді.

 

 

2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясатын қалыптастыру

 

 

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдін қатарына ену стратегиясы негізінен ұлттық экономиканың бәсекеге кдбілеттілігін арттыру есебінен әлемдік нарыққа шығуға арналған аймақтық және ғаламдық артықшылықтарды қолдану қажеттілігінен туындайды. Осыған байланысты әлемдік тәжірибеде ғаламдык нарыққа ену ұлттық мемлекеттер деңгейінде емес, жекелеген аймақтар бойынша табысты іске асуда. Аймақтар фирмалардың бәсекеге қабілетгілігін күшейтетін орта ғана болып қоймай, бәсекеге белсенді араласып отыр. Сол себепті Казақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында аймақтық дамудың жаңа, заманауи стратегияларын қалыптастыру кажеттігі көрсетілген. Біздің ойымызша, бұл стратегия мемлекеттің аймақтық саясаттың мақсат-міндеттеріне, түрі мен инструментарийіне жаңа қырынан қарау қажеттігін көрсетеді.

Аймақтық саясат теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де біршама кең тұрғыдан сөз болып жүргенін ескеру қажет. Шешімін күтіп тұрған мәселелердің ішінде ол әлеуметтік-экономикалықдаму мәселелерін шешуде орталық пен шет аймақтар арасындағы өкілеттілікті бөлу саясаты ретінде ұғынылады. Мұндай саясат тәжірибе жүзінде бюджет-аралық қатынастардын, саясаты ретінде көрінеді. Басқа аспект осындай шаралардың аймақтық жіктелуін азайтуға бағытталған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму шарттарына мемле-кеттің ықпалымен байланысты. Мұндай саясат «бірдейлендіруші» сипат алған. Аймақтық саясатқа кейде үкіметтің түрлі бағытта (әлеуметтік, инвестициялық, өнеркәсіптік) жүргізілген жеке саясатын да жатқызып жүр.

Біздің ойымызша, бәсекеге кабілеттілікті арттырудың аймақтық саясаты екі бөліктен тұруы керек. Біріншісі — белгілі бір аймақтағы бәсекеге кабілетгілік көздерін қалыптастырып, күшейтуге бағытталған мемлекетгің саясаты. Екінші бөлік — бизнес жүргізуге, яғни нарықтық орта түзуге қажетті шарттарды қалыптастыруға бағытталған аймақтардың өзіндік саясаты. Бірінші жағдайда аймақтың бәсекеге қабілеттілік көздері өндірістің біршама арзан немесе қымбат түрлі дамыған факторлары (еңбек пен капитал) есебінен жүргізіледі. Екінші жағдайда бұл аймақтардағы бәсекеге қабілеттілікті өндірістердің қалыптасуына ықпал ететін институционалды шарттар болып табылады.

Осылайша, бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясаты дегеніміз – аймақтық бәсекеге кабілеттілікті артықшылықтарды калыптастырып, дамытуға бағытталған саясат болып табылады (Қосымша А).

Ғылыми әдебиетте фирмалар деңгейіндегі бәсекелік артықшылық туралы түсінік әбден қалыптасқан. Сонымен қатар ұлттық экономиканың бәсекеге кабілеттілігі туралы мәселеге де ерекше назар аударылуда. Ал осы ұғымның аймақтық қыры әлі де нақтылай түсуді қажет етеді. Біздің ойымызша, аймақтық бәсекелік артықшылықтар дегеніміз - ресурстық, технологиялық және институционалдық шарттардың жиынтығы болып табылады. Олар белгілі бір аймақта қалыптасып, олардың аймақтық түзілімдерінен біршама ерекшеленеді. Ресурстық бәсекелік артықшылық дегеніміз — қолжетімді табиғи ресурстар, арзан да білікті жүмыс күші, ыңғайлы жер, дамыған инфрақұрылым болып табылады. Технологиялық артықшылық дегеніміз — озық технологиялар, дамыған ғылыми-ағартушылық өлеует, соңғы жылдары мұның үстіне дамыған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар да қосылып жүр. Институционалдық бәсекелік артықшылықтар кәсіпкерлік қызметтің ыңғайлы жалпы экономикалық шарттарынан: дамыған нарықтық инфрақұрылымнан, ыңғайлы нарықтық режім, жеңілдетілген әкімшілік кедергілерден, несиелердің қолжетімділігінен т.б. түзіледі.

Бәсекелік артықшылықтар жиынтығы аймақтардың бәсекелік позицияларын жүзеге асырады. Тәжірибе жүзінде бір де бір аймақ бәсекеге қабілеттілік факторларының толық жиынтығына ие бола алмайды. Аймақтар өндірістің шоғырлануы және экономикалық байланыстардың тығыздығы бойынша, өндіріс әлеуетінің деңгейі мен мамандармен қамсыздандырылуы бойынша, оларды дайындауға, біліктілігін арттыру мен кдйта даярлауга арналған базалары бойынша, халықаралық нарық талаптары деңгейіндегі өнімдер өндіруге жарамды өндірістік қуатына қарай, ғылыми әлеуетінің даму деңгейі бойынша, дамыған өндіріске несие бере алатын банк қүрылымдарына қарай жіктеледі. Сол себепті әр аймақтың бәсекелік позицияларын қамтамасыз ететін өзіндік артықшылықтары болады.

Бәсекеге кабілеттілікті арттыруда инновациялардың алар орны ерекше. Біріншіден, жаңа технологиялар мен жаңа өнімдердегі инновациялар аймақтағы шаруашылықгы баскаратын субъекгілерге өндірілетін өнімнің сапасы мен шығындарына байланысты бәсекелік артыкщылықтар береді, тауарды өткізудің жаңа өдістерін меңгеруге жол ашады. Екіншіден, инновациялар белгілі бір аймақта бәсекеге кабілетгілікке қажетті ресурстық шарттардың орнын толтьфады, мысалы, электр энергиясының, судыңтапшылығы, географиялық жағдайдың қолайсыздығы.

Бәсекеге кабілеттілікті арттырудың аймақтық саясаты аймақтық даму түріне байланысты жіктелуі керек. ЭКДҮ сарапшылары мемлекеттік араласу деңгейіне қарай бөлінетін аймақтық дамудың екі түрін көрсетеді: экзогенді даму - биліктің мемлекеттік органдарының тарапынан сырттай қатаң қадағалауы, эндогенді даму - мемлекеттің бос қадағалауы. Экзогенді дамуда мемлекеттік инвестиция (субсидия мен сот) түріндегі тікелей мемлекеттік реттеу әдістері қолданылып, белгілі бір қызмет саласын, әсіресе инфрақұрылымдық нысаналар құруда мемлекет тікелей араласады.

Эндогенді дамуда қосымша реттеу әдістері қодданылады. Мұнда мемлекет тікелей ыкдал етпегенмен, жеңілдіктер, грант жүйесін, инфракұрылым қызметін қолданады. Соның нәтижесінде көсіпкердің нарыққа «ену» мүмкіндігі азайып, өнімінің бәсекеге кдбілеттілігінің артуына мүмкіндік береді.

Тікелей әсер ету әдістері мемлекет тарапынан көп шығын қажет етеді. Бұған әлемдік төжірибеде «Теннеси» мен «Аппалачи». [11] америкалық бағдарламалары мысал бола алады. XX ғасырдың 30-жылдарындағы ұлы дағдарыс кезінде «Теннеси өзеніндегі әкімшілік» (ТVА) мемлекеттік корпорациясы құрылды. Оның міндеті – экономикалық  әлеуеті мен тұрмыс деңгейі төмен, экономикальіқ мәселелері көп бірнеше штаттың экономикалық негіздерің тұрақгандыру болды. Корпорация федералды агенттік дәрежесіне ие болды.

ТVА қызметінің негізгі бағыттары Теннеси өзеніне гидро-техникалық ғимараттар жүйесін салып, пайдалану, электр энергиясьщ өндіріп, тарату, химизациялау мен электрлендіру арқылы ауыл шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, рекреациялық ресурстарды дамыту, аймақтағы қалалар мен елді мекендерді дамыту бағдарламалары бойынша жүзеге асты.

Корпорацияның шаруашылық өзегі энергетика басқармасы болды. Ол қазіргі кезде бағдарламаның 70 жылдық тарихында пайда болған, мемлекет меншігіндегі бірнеше ондаған нысаналардан (бөгет, ГЭС, ЖЭС, АЭС) құралған күшті энергетикалық кешенді пайдалануда. Бүл кешен электр энергиясын өндіру көлемі жағынан АҚШ-та бірінші орын, бүкіл әлем бойынша 10-орын алып отыр.

Сонымен қатар корпорация интеграцияланған аймақтык даму Агенттігінің де қызметін атқарады. Ықпал ету аймағында ТVА электр энергиясына жеңілдетілген тариф белгілеп, оны қолдап отыр. Бүл аймаққа өнеркәсіп инвестицияларын, жоғары технологиялық өндірістерді тартудың, тұрмыс деңгейі мен сапасын көтерудің стимулы болып отыр. Корпорация қүрылғанға дейін аймақтың жан басына шаққандағы орташа табысы орташа американдықтан 2,5 есе аз болса, 60 жылдан кейін ол одан бірнеше есе жоғары болды.

Бастапқыда корпорация арнайы президенттік қордан қаржыландырылса, кейін 25 жыл бойы федералды бюджеттен қаржыландырылды. 1959 жылдан бастап энергетикалык, бағдарламалар өзін өзі қаржыландыруға көшіп, осыған дейінгі алынған қаржы біртіндеп бюджетке қайтарыла бастады, ал аймақтык бағдарламалар бүрынғыдай федералды бюджеттен қаржыландырылды. Корпорация облигацияларды, вексельдер мен баскд да карыздық міндеттемелерді ашық саудаға сала алады, нарық бағалары бойынша жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, оның ішінде жерді алуға немесе сатып алуға қүқылы, мұнда ол жер иесі ретінде артықшылықтарға ие бола алады.

ТVА бағдарламасында экономикалық мақсаттарға ерекше мән берілсе, «Аппалачи» бағдарламасында әлеуметтік мақсаттар басты назарға алынған. Осы бағдарлама арқылы Аппалач тауынын, маңында орналасқан, 13 штаттан қүралған аймаққа көп көмек көрсетті. Осы бағдарламаны іске асыру үшін Аппалач аймақтық комиссиясы құрылды, ол салауатты өмір салты үшін, мамандық алу, жұмыспен қамтамасыз етуге қажетті шарттар орнату мақсатын көздеді.

Қосымша реттеу өдістері арқылы жүзеге асырылатын аймақтық саясат түрлері мемлекет тарапынан көп қаржыны керек етпейді. Ең көп тараған түрі - белгілі бір аймақта шаруашылықтың преференциалды режімін орнату болып табылады. Әлемдік тәжірибеде бүл түрі еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) тәрізді өте кең тараған. Оны көбінесе ұлттық экономиканың басқа бөлім-дерінде қолданылмайтын жеңілдіктер мен стимулдардың нақты жүйесі енгізіліп, пайдаланылатын ерекше аймақтар ретінде түсінеді. Сонымен бірге ЕЭА қалыптастырудың аймақтық түрімен қатар функционалды түрі де бар. Бұған байланысты аймақ дегеніміз — елдегі сәйкес келетін фирмасының орнына қарамастан, кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрінде қолданылатын жеңілдігі бар режим.

Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері