Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
4. Аймақтың бәсекеге кабілеттілігін арттыру механизмдерінің бірі ретінде инновациялық дамудың шектелген аймағын қалыптастыруын атауға болады. Мұнда әңгіме еркін экономикалық аймак, индустриалды парктер мен жергілікті технопарктер туралы болып отыр. Бұл жерде механизмнің бұл эдементі бүрынғы үшеуімен салыстырғанда, әддекайда аз таралатынын ескертуіміз керек. Себебі аймақтарда олардың дамуына қолайлы жағдай толық қалыптаса қоймаған.
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Дамудың қазіргі кезеңінде біздің қоғамымыздың алдында орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі позицияларымызды нығайту, ел халқының жоғары өмір сүру деңгейін және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуын қамтамасыз етуге қабілетті тиімді Ұлттық экономика кұру міндеттері тұр.
Қазақстанның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа оның толық құқылы мүшесі ретінде кіру кезеңі экономиканың шикізат секторының дамуына бағдар ұстанудың аяқталуымен басталады. Оның басталуының өлшемі өнеркәсіптің басқа салаларын дамыту үшін қажетті ақшалай қаражаттың жеткілікті көлемінің шоғырландырылуы болмақ. Қазақстан бүгінде өнеркәсіп кәсіпорындарын ішкі инвестициялау үшін жеткілікті қаржы-қаражатқа ие екендігі бізге белгілі, мәселе тек қандай саланы таңдау керектігінде және болашақта қандай салаға арқа сүйеуге болатыңдығында. Атап айтқанда, ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін металлургия кешенін (өзінің тұйық өндірістік циклін ұсынатын), аграрлық секторды, транзиттік сауда және көлік қызметтерін және т.б. дамытуға арқа сүйеу қажет.
Дұрыс стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, металлургия өндірісін кеңейту және әлемдік нарыққа шығу үшін оны жаңғырту мүддесінде қаржы ресурстарын оңтайландыруды жүзеге асыру үшін бүкіл металлургиялық тізбекті, кен өндіру, өңдеу, балқыту, прокат өндірісі және дайын бұйымдар шығаруды қоса алғанда, біріктіретін тігінен-кіріккен құрылымдар құру (ресейлік үлгідегідей) жөн сияқты көрінеді. Мұндай шара Қазақстандық метал өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, отандық кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы тәуелсіздігін нығайтуға да жәрдемдесетін болады.
Біздің еліміздің өндірістік әлеуеті ерекшелігі мен құрылымын ескергенде, біздіңше, дәл осы кезеңде экономиканы әртараптандырудың өткір қажеттігі пісіп-жетілді. Бірақ бүгінде қай сала бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға барынша дайын және еліміздің әлемдік нарыққа секірісін және де, тиісінше онда лайықты орын алуын қамтамасыз ете алады деген сұраққа жауапты Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзінен табуға болады, онда ол соңғы жылдары елімізде байқалып отырған жоғары экономикалық өсу қарқыны туралы айтып, назарды әлемдік нарықта Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және соның есебінен еліміздің жаңа шектерге шығуын қамтамасыз ету мақсатымен елдің серпілісті, ғылыми-технологиялық жобаларға көшу қажеттілігіне шоғырландырды.
Өз кезегінде мынаны атап өткім келеді, экономиканы әртараптандыру, бәсекеге қабілетті өндірістер құру жолымен орнықты экономикалық өсудің барлық көрсеткіштерінің өсуін бекемдеуге, экономиканың дамуында табысқа жетуге болады. Ауыл шаруашылығы, жеңіл және химия өнеркәсіптері осы кезеңдегі басымдықтар болуы тиіс.
Бүгінде әлемнің барлық дерлік елінде жеңіл өнеркәсіп басыңқы сала болып табылады. Қазақстанға келетін болсақ, оның әлемдік тоқыма, киім-кешек және трикотаж нарығындағы үлесі тым аз. Саладағы қиын әлеуметтік-экономкиалық жағдайды назарға ала отырьш және ақшалай қаражат салу есебінен ондағы кәсіпорындардан алынатын жоғары қайтарымды ескере келіп, өнеркәсіптің қаржылық проблемаларын 3-4 жыл бойы сала кәсіпорындары үшін кредит ставкаларын қаражаттандыру тәжірибесін кеңейту және оларды осы мерзімге республикалық бюджетке түсетін салықтардың бір бөлігінен босату жолымен шешуге болады.
Сондай-ақ саланы қолдаудағы маңызды бағыт техникалық қайта жарақтандыруды жеделдету жөніндегі шаралар болмақ. Мемлекеттін колдауынсыз жеңіл өнеркәсіпті қайта жарақтауды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай көмекті мынадай екі бағыт бойынша көрсетуге болады: біріншіден, баждан және ҚҚС-тан босату жолымен сатып алынатын технологиялық жабдықтарға шығындарды азайту; екіншіден, банктерге салықтар бойынша жеңілдіктер беру есебінен олардын техникалық қайта жарақтандыруды несиелеуге мүдделігін туғызу.
Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда тек қосымша кұны оңды, технологиялық деңгейі жоғары және энергия мен материалды аз тұтынатын салаларға ғана басымдық беру қажет.
Қазақстан әзірге саяси тұрғыда егемен республика болып табылады, ал экономикалық жағынан әлі сыртқы инвестициялауға, импортқа тәуелділік сезіледі. Біз қашан сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдерге ие болмайынша, әлемде лайықты орнымызды жеңіп ала алмаймыз. Сондықтан бізді алда әлі үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Біз БСҰ-ға кіруге үлкен мән береміз, яғни бұл зор мүмкіндіктері бар ел ретінде Қазақстан туралы бүкіл әлемге жария етуге мүмкіндік береді. Жаһандану үдерісінің күшеюі жағдайында Қазақстанның бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруі экономикалық саясаттың басты проблемаларының біріне айналады. БСҰ-ға кіру Қазақстанның өнімдері үшін нақты нарықтардың ашылуына мүмкіндік беріп қана қоймай. республика экономикасында одан анағұрлым тереңірек өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Бүгінде әлемдегі 150 ел БСҰ-ға мүше болып табылады, таяудағы жылдарда олардың саны ұлғаяды. Бұл дегеніміз іс жүзінде осы заманғы тиімді экономика құрғысы келетін және әлемдік саудада тең құқылы қатысушы болудан үміттенетін кез келген мемлекет БСҰ-ға мүше болуға ұмтылады. Бұл мағынасында Қазақстан да тыс қалмайды.
БСҰ-ға мүше болу отандық өнімдерді сыртқы нарықтарға жылжыту үшін өзіндік бір құрал екендігі фактісі айқын, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін артырудың механизмі болып табылады. Бірақ Қазақстан Республикасының БСҰ-ға кіруі Қазақстанға импортқа жол ашатындығын да естен шығаруға болмайды.
Отандық тауар өндірушілер үшін белгілі бір тәуекел қаупі бар, олар сырттан әкелінген ұқсас өнімдермен, мүмкін тіпті анағүрлым жоғары сападағы, бәсекеге шыдай алмай қолайсыз жағдайда қалуы мүмкін. Олай болмауы үшін Қазақстан Республикасы Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге жан-жақты әзірленуі, ТМД елдерінің БСҰ-ға өту тәжірибесі зерттелуі, нақты проблемалар ажыратылуы және Қазақстанның алатын пайдасы талдануы тиіс.
Бүгінде Қазақстанның БСҰ-ға кіру үдерісі тура жолға қойылды, басты міндет БСҰ-ға қосылудың мейлінше қолайлы шарттарына, яғни тарифтер мен ішкі нарықтардың ашылуының неғұрлым тиімді арақатынасына қол жеткізу болып табылады.
Қазақстан БСҰ-ға кіру туралы 1996 жылдың қаңтарында өтініш берді және ақпан айында байқаушы мәртебесін алды, және де осы сәттен Қазақстан үшін санау нүктесі басталады.
Жаңа мемлекеттердің БСҰ-ға қосылу шарттарын талдау қандай да бір кандидат БСҰ-ға неғұрлым кешірек мүше болса, онда оның ішкі нарығы солғұрлым көбірек ашылатынын. Грузия мен Қырғызстан БСҰ-ға кіру үдерісін созып жіберу БСҰ тарапынан неғұрлым күрделі талаптарға әкелуі мүмкін деп санап, ТМД елдері арасында алғашқылар болып БСҰ-ға кірді. Алайда осы бүкіләлемдік ұйымға мүше болудың оңды жақтарымен қоса, кейбір кемшіліктері де бар. ТМД елдері арасында ең алғашқы болып БСҰ-га кірген Қырғызстан сияқты елдердің тәжірибесі олардың экономикасы әбден жетілдірілген және өсу үстінде деп айтуға әлі ерте екендігін көрсетеді. Қырғызстан БСҰ-ға кірер алдында бірқатар айтарлықтай қатаң талаптарды орындауына тура келді: ол кедендік баждарды күрт төмендетті, ал бірқатар тауарларға оларды мүлдем алып тастады, лицензиялауды жойды, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлер үшін бірыңғай заңнамалық режим енгізді.
Ресейдің тәжірибесі, оның БСҰ-ға өтуге әзірге асықпай отырғанын аңғартады, өйткені БСҰ-ға кірудің жекелеген салалар үшін келеңсіз салдарлары болуы мұмкін. Бірақта сонымен бірге Ресей сарапшылары басқа салалар мен ақырғы өнімді тұтынушыларға ықпал ететін оңды әсерлер есебінен жалпыұлттық пайданың артатындығын түсінеді. Бұл мәселені шешудегі баяулықты сарапшылар Ресей БСҰ-ға өтуде көбірек пайданы елдің өзінің экономикалық жұмылушылық күші ұлғайған жағдайда ғана алатындығымен түсіндіреді.
Соңғы кездері Қазақстанда жүріп жатқан келіссөздер үдерісінің белсенді бола түсуі республика БСҰ-ға кез-келген шарттар жағдайында қосылуға дайын дегеңді емес, қайта БСҰ-ға дер кезінде кіруден барынша көп пайда алу жөніндегі қадамдардың әбден пысықталғандығын білдіреді.
Көптеген жоғары дамыған елдердің БСҰ-ға кіруге бірнеше ондаған жылдар бойы дайындалғанына тарих куә. Қытайға бұл үшін 15 жыл, ЕЭҚ мүшелеріне біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін 35 жыл қажет болды. Сондықтан да біз БСҰ-ға кіруге неғұрлым жақсы әзірленсек, әлемдік экономикада лайықты орын алу мүмкіндігіміз солғұрлым жоғары болады.
Бұл мысалдар аталған ұйымға кіру мәселесін жан-жақты қарастыру қажеттігін көрсетеді, және де бәсекеге қабілетті өнімнің болуының маңызы да аз емес. Сондықтан қазір отандық тауар өндірушілерді қолдау, өндіріс үшін жағдайлар жасау, заңнамаларды жетілдіру маңызды. БСҰ-ға мүше болу белгілі бір экономикалық жағынан тиімді және перспективалы қағидаттар негізінде жүзеге асырылатындығы белгілі. БСҰ-ға кіру Қазақстанға белгілі бір пайда әкелетіндігіне үміттендіреді. Біріншіден, әлемдік тауар нарықтарының өсуі мен тұрақтылығына байланысты қазақстандық жетекші кәсіпорындардың перспективалық мүмкіндіктері артады. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа кіру мүмкіндігіне ие болады және заңдық тұрғыдан қорғалуы күшейеді. Өйткені Қазақстан БСҰ мүшелері беретін барлық сауда артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін БСҰ-ға қатысушы елдердің нарықтарына Уругвай раунды кезінде келісілген баж мөлшері мен міндеттемелер деңгейінде экспортқа шығара алады. Елдің БСҰ-ға кіруі кәсіпорындарға - неғұрлым арзан импорттық кұраушы заттар, шикізат пен қызметтер сатып алуына, ал халыққа - арзанырақ тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді, сөйтіп өмір сүру деңгейін көтеруге жәрдемдеседі.
Бірақ БСҰ-ға өткен кезде ең басты қағидатты, Қазақстанда шығарылатын тауарлар халықаралық стандарттарға сай келуін ескеру қажет. Ал бұл жағдай отандық тауарлардың тек сыртқы нарықта ғана емес ішкі нарықта да бәсекеге қабілеттілігі мәселесін өткір кояды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, жекелеген сарашпылардың пікірінше Қазақстанның кеден шекараларын ашқан кезде отандық тауар өндірушілер ең көп зардап шегеді, өйткені олар сырттан әкелінген өніммен бәсекеге шыдас бере алмай, соның салдарынан нарықтағы өз позицияларынан айрылып қалуы мүмкін. Біздің ойымызша, БСҰ-ға өткен кезде отандық экономиканың талаптарына және онда болып жатқан тенденцияларға барабар тиімді қорғаныш саясаты әзірленген болуы тиіс.
Кеден шекараларын қорғауды нығайту, кеден кеңістігінің контрабададан қаупсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ импорттың кедендік құнының төмендетілуін барынша жою дұрыс болады. Нарықтарды ырықтандыру келісілген уағдаластықтарға сәйкес бірте-бірте жүзеге асырылуы тиіс, ол елдің жағдайға бейімделуіне қажетгі уақыт береді. Ставкалардың белгілі бір азырақ шамада төмендетілуі өтпелі кезеңде - Қазақстан БСҰ-ға ресми қабылданғаннан кейінгі 3-7 жыл бойына мүмкін. Бұл кезенді тауар өндірушілер елде кең ауқымда жаңғырту, қайта құру және әлемдік сападағы өнімдер шығаратын өндірістік қорлар кұру жөнінде кең ауқымды жұмыстар жүргізуде пайдалануы тиіе [29, 4 б.].
Бүгінде отандық заңнама нормалардың қайталануы және әртүрлі ұғынылуы проблемаларымен кезігіп жататынын атап көрсету керек. Сондықтан да республиканың алдағы уақытта БСҰ-ға өтетіндігін ескеріп, қазақстандық заңнамада техникалық реттеу мәселелерін мұқият зерттеу қажет. Басты назарды БСҰ-ға мүше елдер қосылатын Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімге шоғырландыру керек. Онда тауарларды сатқанда қолданылатын өнімдердің стандарттары жөніндегі халықаралық ережелер, сондай-ақ осындай стандарттарға сәйкестікті бағалау шаралары қамтылған. Қазақстанның өнімдері БСҰ-да қабылданған стандарттарға сәйкес келуі тиіс, бірақ республика заңнамаларындағы әртүрлі ұғынылатын тұстарға байланысты кейбір проблемалар туындауы мүмкін.
Ұлттық заңнамаларды БСҰ ережелері мен нормаларына сәйкес келтіру Қазақстанның біріздендірілген халықаралық құқықтық кеңістіктікке қосылуына мүмкіндік береді, ол барлық экспортерлар мен импортерлардың тұрақты және болжауға болатын шарттар бойынша қызмет жасауын қамтамасыз етеді.
2003 жылдан 2005 жылға дейінгі кезең ауылды (селоны) қайта түлетуге арналғаны баршаға белгілі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде республикада бәсекеге қабілетті агробизнес жүйесін қалыптастырудың қажеттігі пісіп-жетілгенін атап көрсетті. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясат ауылды - экономиканың аграрлық секторын дамытуға бағытталған, оны қаржыландыру өндірістің басқа салаларына да оңды әсер еткен болар еді. Талдаулар аграрлық сектордың жандануы (ауыл шаруашылығындағы бастапқы өндірістік үдерістерден ақырғы өнім шығаруға дейінгі) тамақ, жеңіл және машина жасау өнеркәсібінде тиісінше қолайлы өзгерістер жасайтындығын көрсетеді.
Осы ретте, барша қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үштұғырлығы міндет болып қала бермек.
Тарихи тәжірибе аграрлық секторды дамытудың болашағы зор екендігін қуаттайды "Ұлы тоқырау" кезінде Американың "болат алпауыттары" машина жасау саласын емес, ауыл шаруашылығын мемпекеттік қолдауды жақтады. Мұны олар америкалық фермерлер мемлекеттің ақшасына өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алатындығымен, яғни нақ осы "болат алпауыттарын" қаржылатындыратындығымен, сөйтіп Құрама Штаттардың бүкіл экономикасын дағдарыстан алып шығатындығымен байланыстырды. Тарих көрсеткеніндей, мұндай көзқарас ұстану іс жүзінде толық табысқа жеткізді.
Алайда Үкіметтің құрып кету шегінде тұрған ауылды дамыту үшін бөлген 3 жыл мерзімі жеткілікті болмай шықты. Бұл 3 жыл ауылды дамытуға тек бастапқы серпін ғана берді. Біз ауылда бүкіл нарықтық инфракұрылымды енгізбейінші, оның едәуір дамығаны туралы айтуға ерте.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері