Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Ауыл шаруашылығы барлық елдерде мемлекеттік қорғаудың жоғары деңгейімен сиппатталады, әсіресе ЕО-да, АҚШ пен Жапонияда солай. Қазақстанда аграрлық секторды қолдауға шығындар салыстырмалы түрде аз. Қолданыстағы тарифтер БСҰ бойынша орташа көрсеткіштен төмен, және де олар қорғаныш қызметін атқармайды. Бүгінде отандық ауыл шаруашылығын қорғалған сала деп айтуға келмейді. БСҰ ережелері ауыл шаруашылығын мемлекеттік демеу қаржыландыруды жоюды көздемейді, бар болғаны оның ең төменгі шегі белгіленуін талап етеді. Демек БСҰ-ға кірген кезде ауыл шаруашылығы жан-жақты қамдалған болуы керек [30, 14 б.].
Сондықтан сараланған аграрлық саясатты талдап жасау қажет. Атап айтқанда, ауыл жылы деп жарияланған кезенде аграрлық секторды көтеру үшін елеулі институционалдық өзгерістер жасау, айтар болсақ, ауылда ауыл шаруашылық өндірісін несиелеу және сақтандыру жүйесін қалыптастыру керек. Бұл ауылды жандандырады. Әлеуметтік төлемдерді тікелей ауыл тұрғындарына бағыттау және ақшалай беру керек. Ауылды дамытуға бөлінетін қаржы ең алдымен инфрақұрылымға салынуы тиіс: шаруашылықаралық тұқым қорларын, машина-трактор станцияларын кұрған, көлік жүйесін жақсартқан жөн болар еді. Біздің ойымызша, ауыл шаруашылығына жеке меншік капитал да үлкен қолдау көрсете алар еді.
Елімізде қуатты ауыл шаруашылық секторының болуы оған жанасатын салаларды да: минералдық тыңайтқыштар өндірісі, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, айтарлықтай көтеруге көмектесер еді.
БСҰ-ға кіру Қазақстанның ауыл шаруашылығына басқа елдердің импорттық кедергілерін еңсеруге көмектеседі және ауыл шаруашылық экспортын дамытуға, демек аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесетін болады.
БСҰ-ға кіру елімізге инвестициялардың өсуін қамтамасыз ететінін де естен шығаруға болмайды. Ресей сарапшылары жүргізген еларалық талдау БСҰ-ға өткен жылы шетелдік инвестициялар орташа алғанда ЖІӨ-ге 1,2 пайыз артатындығын, ал келесі жылдары төмендейтіндігін, бірақ сауда ұйымына кіргенге дейінгімен салыстырғанда 0,8 пайыз жоғары болып қалатындығын көрсетті. Бұл Қазақстан БСҰ-ға кіре отырып, егер инвестициялар ағынын еліміз үшін басыңқы салаларға бағыттайтын болса, айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізетіндігін байқатады [31, 54 б.].
Қорытындылай келе, егер Үкімет дұрыс саясат жүргізсе және экспортты арттыру үшін ресурстар тиімді пайдаланылатын болса, Қазақстанның БСҰ-ға кіруден алатын пайдасы анағұрлым жоғары болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Халықаралық бәсеке - жаһандану сияқты күрделі экономикалық жүйенің бір құрамы ретінде әлемдік нарықта даму деңгейінің әр түрлі сатысында тұрған бірнеше мемлекеттердің фирма немесе салаларының ресурстарын инновациялық және жаңашыл әдістермен тиімді қолдану барысында едәуір бәсекелік артқшылықтарына негіздей отырып, бәсеке стратегиясын тамаша түрде ұсынуымен анықталатын күрес, жарыс. Ал үкімет тарапынан сыртқы экономикалық байланыстарды күшейту мақсатында бейтараптандыру шараларын жүргізуі осы әр түрлі мемлекеттердің өкілі болатын фирма және салаларының арасындағы сайыстың басталғандығының нышаны.
Бәсекеге қабілеттілікті зерттеудің маңызды түпкі мақсатының бірі - үкімет саясатын бекіту мен ұлттық бәсекеге қабілеттілікті көтеру жолында мемлекеттің бәсекелік артықшылықтарын қалыптастырудан тұрады. Сонымен қатар, болашақтағы ұлттық бәсекеге қабілеттілікті болжау мүмкіндіктері экономикадағы келеңсіз жағдайлардың алдын алудың стратегиялық шараларын қолданып, өсімнің әлеуетті мүмкіндіктерін тереңінен зерттеу мен басқа мемлекеттерде бәсекеге түсу мүмкіндіктерін анықтап, нақты фирмалар, салалар және тұтастай ұлттық экономика үшін ұзақ мерзімді бәсеке стратегияларын құра білудің негізі. Мұндай стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін бақталас әр мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің кезеңін анықтап, сол кезеңдерге сай әр мемлекетке сәйкес үкімет саясатының оптималды шараларын өңдеуге тамаша мүмкіндіктер ашады.
Мемлекеттердің сыртқы сауда ілімдерінің бірі- ұлттық экономика мен халық аралық бәсекеге түсіп отырған оның ішкі нарықтағы субъектілері арасындағы мүдделерін үйлестіре білуге байланысты. Бұл жекелеген фирмалардың әлемдік саудадағы бәсекелік артықшылықтарын анықтауға келіп саяды. Бұл мәселелердің шешімін анықтау жолында АҚШ-ның белді экономист – ғалымы М.Портер әлемдік экспорттың басым үлесіне ие болып отырған жетекші индустриалды 10 мемлекеттердің компанияларын зерттей отырып, «ұлттардың халық аралық бәсекеге қабілеттілігі» концепциясын ұсынды. Бұл концепцияға сай халық аралық айырбастағы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің төмендегіше детерминанттарын келтірді:
Жоғарыдағы төрт детерминант ұлттық «ромбтың» күрделі жүйесін құрай отырп, оның біреуіндегі өзгеріс басқа детерминанттарға сәйкес әсерін тигізіп отырады.
Әр мемлекет үшін бұл детерминанттарыдың қиылысының ерекше комбинациясына сай Портер мемлекеттің өмірлік циклінің төрт кезеңдерін қалыптастырды.
Өндіріс факторлары кезеңі. Бұл кезеңде тұрған мемлекеттер әдетте өндіріс факторларымен, жұмыс кұшімен, құнарлы жерлерінің болуы сияқты бәсекелі артықшылықтарымен бәсекеге түседі. Әдетте әлемдік нарыққа шықпас бұрын бұл саланы көптеген мемлекеттер басынан кешіреді. Табиғи ресурстарының мол көзі мемлекет пен оның халқының жан басына шаққандағы табыс мөлшерін көбейтіп, әл – ауқатын көтергенімен, бұл кезеңде ұлттық экономика әлемдік нарықтағы өзгерістерге, валюталық курстардың өзгерісіне сезімтал келгендіктен, сәйкесінше мемлекеттің де бәсекеге қабілеттілігі ауытқып отырады. Дамудың бұл кезеңіндегі мемлекеттердің үкімет тарапынан келесі шаралар жүргізілуі тиіс:
Инвестициялар кезеңі. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мемлекеттің және ұлттық фирмалардың инвестициялық белсенділігіне, сондай ақ отандық өндірушілердің шет елдік алдыңғы қатарлы технологияларға бейімделе білуі мен оларды жетілдіру қабілетіне байланысты. Инвестиция көлемдерінің ұлғаюы жаңа, жетекші факторларды құрып, инфрақұрылымның заманға сай дамуына себепкер бола алады. Бұл кезеңде үкімет тарпынан жүргізілетін шаралар келесі мәселелерге келіп тіреледі:
Жаңалықтар енгізу кезеңі. Бұл
кезең өзара байланысты
Игіліктер кезеңі. Өндіріс құлдырап, экономиканың жетекші күші бұған дейін қол жеткізген игіліктері болып қала бермек. Мемлекет пен оның ішкі нарығындағы фирмалар халық аралық бәсекедегі бұрынғы мықты позицияларынан айрыла бастап, олардың басты мақсаты инвестициялар негізінде позицияны күшейту емес, қалай да өз позицияларын сақтап қалуды көздеп, үкімет органдары жағынан конрервативті көмекке мұқтаждық пайда болады. Бұл кезеңдегі мемлекеттің экономикасы ішкі нарықтағы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан, шет елдерге көптеп жұмылдырылуымен де ерекшеленеді. Байлықтар мен игіліктерге салынатын салық бұл процессті үдете түседі.
Алдыңғы үш кезеңдерде мемлекеттің экономикасының өсімі байқалса, соңғы кезеңде құлдыраудың ұзақтығы кезекті бір экономикалық сілкіністерге кезігуіне байланысты.
Автордың пікірінше, мұндай төрт топқа бөліп қарастыру факторлардың даму кезеңдерінің салыстырудың ортақ бөлімін анықтауға мүмкіндік берсе, келесі жағынан бәсекеге қабілеттіліктің деңгейін арттыруда әр мемлекетке үкімет тарапынан келетін шараларын өңдеуге мүмкіндіктер береді.
Үстіміздегі жылда Қазақстанда болған арнайы іс – сапарында профессор Портер біздің еліміздегі келесі екі жәйттер оны қатты толғандырып отырғандығын мәлімдеді. Біріншісі - ТМД елдері арасында Қазақстанның реформаларды сәтті өткізе алуының арқасында макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуі мен Ұлттық қордың құрылуы. Екіншісі- басқа елдермен салыстырғанда ішкі нарықтағы лидерлердің «жан – жаққа» бет бұрып тұруы. Олай болса, Қазақстан инфрақұрылымы мен технологиялардың озық түрлерін меңгеруді өсімнің факторлары ретінде дамудың жаңа белестеріне шығуына және әлемдік нарықта салиқалы бәсекелес және мықты экономикалық тұғыры бар мемлекетке айналуына әлеуетті мүмкіншіліктері бар.
Астанада өткен «Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі және кластерлік даму» айдарымен өткен конференцияға қатысып, Портер ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен диверсификациясының индустриалды негізін қалайтын жетекші кластерлерді анықтауда ат салысты. Бұл зерттеудің бірінші кезеңінде өндіруші емес салалардың ұлттық экономикаға әсері мен бәсекелік артықшылықтары талданды. Мұндай салалардың 150-і анықталып, олар еліміздің жиынтық ішкі өнімінің 95%-ын құраса, оның 23-і ішкі, аймақтық және әлемдік деңгейде «тартымды» деп саналып, оның 7-і ұлттық экоомикамызды жандандыра алатын кластерлер құруға әлеуетті мүмкіндіктері бар деп танылды.
Қорыта айтқанда, үкіметтің бәсеке мәселелеріне аралсуының тереңдігі әлемдік нарықтың қалпына, ішкі тұрақтылыққа, ішкі нарықтағы бәсекенің интенсивтілігіне, мықты бәсекелік артықшылықтарымен шыққан жаңа бәсекелестердің бет алысына байланысты және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің нақты кезеңіне де байланысты.
Біздің ойымызша, бүгінгі күнде басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсенділігін көтеруге, өндіріске принципиалды жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз шығын шығарып, сапалы әрі мол өнім өндіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстанда экономиканың тұрақты дамуының нарықтық моделі жасақталған. Бұған сәйкес әрбір өндіріс орны бұрын өркениетті елдерде өз уақытысында тиімді пайдаланып келген нарықтық экономиканың кейбір элементтері мен құралдарының өнеркәсіптің барлық салаларында қолданыс дұрыс болған болар еді. Бұл кітапта авторлар нарықтық субъектілерге (өндіріс орырдарына) өздерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін құралдар мен механизмдерді ұтымды пайдалану жолдарын белгілеп беруге әрекет жасайды.
Айта кеткеніміз жөн болар. Бүгінгі күнде еліміздің көптеген компаниялары өз операцияларын елімізден тыс жерлерде жүргізуде. Бұл Қазақстанда трансұлттық компаниялар тобы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Сондықтан, Қазақстан тауар өндірушілері арасында да бәсекелестік пен өндірілген өнім сапасын жақсартуға арналған тиімді шаралардың жүзеге асырылуын жөн деп санаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның дамыған бәсекелік нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады. Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзіңде туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта өткізуге жататын өнімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтық механизмдердің дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сипат ала түсті, және де оны шешу нарыққа катысушы субъектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жолдары мен әдістерін белсенді түрде іздестіруді талап етті. Осыған байланысты қазіргі заманғы экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын нығайту үшін кез-келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикапық және өндірістік өткізу стратегиясыньщ басты бағытына айналады.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік кызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Қазіргі әлемдік ауқымдағы бәсеке өсіп отырған экономикалық жағдайда мемлекеттің рөлі маңызды бола түсуде. Бәсекелестік күрестің негізі білімді қалыптастыру мен меңгеруге қарай ығысқан сайын мемлекеттің рөлі өсе түседі. Бәсекелестік артықшылық күшті жасақталған үдерістер арқылы қалыптасады және қолдау табады.
Ұйымдардың ұлттық құндылықтарыңдағы, мәдениетіндегі, экономика кұрылымындағы және тарихи дамуындағы ерекшеліктер - бұлардың бәрі табысты бәсеке қабілеттілігіне жетуге өз үлесін қосады. Әр елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымында күшті айырмашылықтар болады, себебі, бірде-бір мемлекет барлық салаларда немесе ең болмағанда көпшілігінде бәсекеге қабілетті бола алмайды.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері