Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Бірінші түрдегі аймақтарға еркін аймақ дәрежесі бар кең әкімшілік аудандар жатады: Қытайдағы арнайы аймақтар, Бразилиядағы «Манаус» аймағы. Нақты аймақтарға Кариб алабындағы оффшор фирмалар жатады. Тәжірибеде аймақтық жағынан да, функционалдық жағынан да үйлесім тапқан көлемі шағын өнеркәсіп парктері сияқты өндіріс аймақтары көп қолданылады. Мүндай өнеркәсіптік парктер Гонконгте, Сингапурда, Оңтүстік Кореяда, Мексикада көп тараған. Техникалық-енгізушілік аймақтарда фискалды және қаржылық жеңілдіктер жүйесін пайдаланатын үлттық жөне немесе шетелдік зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар шоғырланған.
Мамандар арасында мұндай аймақтарды жіктеуге байланысты ортақ пікір жок, Сол себепті Калифорниядағы белгілі Силикон аңғарындағы «шұғыл» түзілімдерді немесе Солтүстік Каролинадағы (АҚШ) әзерттелетін үшбұрышты» жатқызуға бола ма, болмай ма - ол жағы белгісіз. Мүндай үлгідегі аймақтарға ең жақыны Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа өндірістік елдерінде 80-жылдардың басынан бастап көптеп құрылған ғылыми парктер мен технопарктер жатады (мұндай құрылымдар әдеттегі өнеркәсіптік-өндірістік аймақтарду «конверсиялау» жолымен пайда болады).
Еркін аймақтардың қызметі мен шетелдік тартуға байланысты олардың арасындағы бөсекелестік шарттарды үйлестіруге әкеледі. Мұнда аймаққа инвесторлар тартылып, аймақтың әрбір түріне базалық жеңілдіктер мен стимулдардың стандартты жиынтығьі сәйкес келеді, олар арнайы мадақтаулармен толықтырылады. Соңғылары не нақты міндеттерді шешуге (мысалы, транспорт инфрақұрылымын тез құру), не белгілі бір қызмет түрін марапаттауға (жергілікті шикізатты экспортқа шығару, банк қызметі т.б.), не аймаққа нақты инвесторларды тартуға (шағын немесе керісінше ірі бизнес) бағытталады. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың аймақтық саясатының аталған түрлері маңызды фактор ретінде инновацияға бағытталуына қарай жіктеледі. Осылайша, америкалық бағдарламаларды, ЕЭА көбін орта технологиялық салалардың дамуы реттейді, яғни жақсартушы инновация-лардың таралуына бағытталады. Ғылыми парктер мен технопарктер әлдеқайда радикалды сипаттағы инновацияларды қамтитын жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыруға бағытталған шарттар түзеді.
Шетелде аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің институциялық түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Осылайша, мемлекеттік корпорациялар (МК) жиі қолданылады. Олардың міндеті – қоғамға жекелеген көсіпорындарда болмайтын, ерекше қызмет түрлерін көрсету. МК мемлекеттік инвестициялар мен мемлекеттік шектеулі мүмкіндіктер арасындағы жекелеген бизнеспен салыстырғанда, тиімді инвестор болу сияқты қоғам кажеттіліктерінің арасындағы қайшылықтарды шешеді.
МК иесі мемлекет болғандықтан, олар мемлекеттік болып есептеледі, ал корпорация деп аталатын себебі занды түлға ретінде ол меншік иесінен ажыраған. МК — экономикадағы мемлекеттің «агенті». Сол себепті АҚШ-та мұндай ұйымдар, биліктің корпоративті агенттері деп аталады.
Мемлекет қамтамасыз ететін бастапқы қаржы ірі көлемде болады. Олар дивиденд немесе басқа да салық түрлерінен босатылып, арнайы мүқтаждықтарға мемлекет тарапынан субсидиялар, өз облигацияларына мемлекеттік кепілдіктер ала алады. МК барлык қажетті қаржылары капитал нарығында алынады. Шағын бизнесті қолдауга арналган бағдарламалар ерекше назар аударуды керек етеді. Шағын кәсіпорьшдар икемді болуына байланысты инновациялықжәне баскд да кзтерлі жобаларга икемді болып келеді. Сол себепті шағын бизнес мемлекет тарапынан қолдауга ие болады. Дамығаң елдерде бұл мақсатгарга көп каржы жұмсалады. Аймақтың бәсекелестік артықшылықтарын күшейту әдістерін іздестіру барысыңда түрлі тораптық кұрылымдардың калыптасуы сияқты бәсекеге кабілеттікті арттырудың жаңа ғаламдық тенденцияларын ескеруді кажет етеді. Бүгінгі таңда жекелеген кәсіпорындар емес, бірлестіктер бәсекеге кабілеті болып отыр. «Тораптар» (кәсіпорындар) мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығынан құралған мұндай бірлестіктер торап деп аталады. «Шығыңқы торап» ірі компаниялар шағын фирмалармен тасымал кдтынасын бекітетін аймақтарда пайда болады, бұл ірі бизнес үшін кджетгі инновациялар өңдірісіне тез енгізуге мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар инновацияларды сынақтан өткізеді, оны кейін ірі компаниялар ендіруі мүмкін.
«Төменгі торап» «шөлдегі сарайлар» деп аталашн ірі компаниялар орналаскан аймақтарда калыгтгасады. Олар негізінен еңбек нарығын, аймақ инфрақұрылыкын бақылайды әрі мұндай кәсіпорындар оларға шала фабрикаттар мен жинақтаушы тораптармен камтамасыз етуші ретіңде ғана кажет. Аймақтың бәсекелестік ортасын калыптастыру мүдделері тұрғысынан көлденең принцип бойынша ұйымдастырылган тораптардьщ үшінші түрі ең қолайлысы болып табьшады. Бұл — технологиялық тізбекпен байланысты негізгі өндірушілер мен түгынушылар — маманданған тасымалдаушылар тораптарының аймақпзіқконцешрациясы негізіңде калыптаскэн кластерлер. Әсіресе кластерлердің аймақтық кұрамын ерекше атап өткен жөн. Бр нарық пен фирмалар арасыңдағы жай ұйымдастырушы форма ғана емес, белгілі бір аймақтық ортадагы өзара байланысты көршілес компаниялар мен институттардың географиялық шоғыры бояьш табылады.
Казақстан жағдайына байланысты сөз болған шетелдік тәжірибені талдау, олардың бейімделу мүмкіндіктерін бағалау инновациялық кұрамы күшті аймақтардың бәсекеге кабілеттілігін арттыру механизмдерін калыптастыруға мүмкіндік береді. (Қосымша Б)
1.Аймақтық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық стратегияларын жүзеге асыруда мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің дамуы да орын алады. Аймақтардағы инновациялық қызмет пен бәсекеге кабілеттіліктердің дамуы мемлекеттік баскару орталық оргаңдарын, жергілікті билік, жеке бизнес пен ғылымды бірлестірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінін түрлі формалары осындай бірлестікке жол ашады. Мұнда аймақтық даму Корпорациясы орталық буын болуы керек. Оны Казақстандағы даму институттарының үлгісі бойынша кұру қажет. 2003 ж. даму институттарының торабы кұрылды: Қазақстанның даму банкі, Инвестиция қоры, Ұлттық инновациялық қор т.б. мұндай институттардын, қызметі салалық және технологиялық артыкщылықгарға негізделген. Қазақстандағы нақгы айкындалған жергілікті жікгеліс ерекше назар аударуды кажет етеді. Себебі кез келген өндірістік және инновациялық процестің аймақтықерекшелігі болады, олар жергілікті ресурстар мен инфракұрылымды қолдануға байланысты. Сол себепті казіргілердің үстіне жергілікті мәселелерді шешуді мақсат ететін тағы бір мемлекеттік даму институтын калыптастыру кажет. Бүл жергілікті даму корпорациясы Инвестициялық қор мен Ұлттық инновациялық қордың қызметін біріктіре алады, алайда ол аймақтық мәселелерді шешуге бағытталады. Мемлекет корпорацияны жарғы капиталымен қамтамасыз ете отырып, сол арқылы аймақтардын. дамуын тұракгандыруға, инновациялық қызметтің ықпал етуі арқылы бәсекеге кабілетті кәсіпкерлік қүрып, жүмыс орнын ашуға арналған бюджет каржыларын мақсатты да тиімді пайдалана алады. Корпорация арнайы кұрастырылған аймақтық артықшылықтар бойынша бағдарламалар мен инвестициялық және инновациялық жобаларды тандап, болашақ пайдаларға олардың киысуы негізінде жеке бизнеспен бірлесе каржыландырады. Үзақ мерзімге созылған катерлі сипаттағы инновациялық жобаларды қолдап, аймақтардағы инновациялық инфракұрылымның дамуы үшін арнайы орталықгандырылған жергілікгі инновациялык, арнайы қор құру кажет. Бұл қорды каржыландыру көзі ретінде мұнай мен баска да табиғи ресурстардан түсетін каржыдан аз көлемде бөлінген ақшаны алуга болады. Бұл біркатар елдерде, оның ішінде Нидерландыда жүзеге асырылуда.
Ол табиғат рентасын аймақ экономикасының курылымын диверсификациялау, қоршаған ортаны қоргау, түрғындардың тұрмыс деңгейін жақсарту шараларын жүзеге асыра алады. Түрлі аймақтар үшін крр каржысын пайдалануға арналган жіктелімді квоталар, қордың каржылык негізін калыптастыруға пропорционадды "үлес" орнатуға болады.
Республикалық деңгейде қүрылған жоғарыда көрсетілген қүрьшымдарга қосымша ретінде жекелеген аймақтарда ЕО елдеріндегі аймақтық саясат қүрылымдық қорлары сияқты аймақтық даму қорларын күрған жөн. Оларды республикалық бюджет, жергілікті бюджет пен ірі компаниялардың беретін ақшаларын үйлестіре отырып, соның негізінде қалыптастыру қажет. Соңғылары арнайы стимулдарды, сапық жеңіддіктерін қажет етеді.
Кдзақстанның шикізат секторында жұмыс істейтін ірі шетелдік компаниялар кдзір ерікті түрде жергілікті әлеуметтік бағдарламаларды кэржыландыруға катьюады. Бүл қызмет жүйелі сипат алып, жергілікті шаруашылықгың баска да салаларын, нақгы айтканда, өндірістік инфра-кұрылымды дамуына қолдау жасауга жүмсалуы керек. Мұндай талаптар Казакстанның табигат ресурстарын игеруге катысатын шетелдік инвес-торлармен бекітілетін өнімдер бөлімі туралы келісімде ескерілуі керек.
2. Аймақтардың бәсекеге кабілеттілігін артгырудың негізгі бағыттарының бірі — аймақтық дамуда корпоративті баскару түрлерін қолдану қажет. Бұл жерде сөз Қазақстан жағдайына басқа елдердің тәжірибесіндегідей, билік, бизнес пен тұрғындар арасындағы институционалдық күрылымдар қүру жолымен жүзеге асырылатын корпоративті басқару принциптерінің аймақ, деңгейінде енгізілу тәжірибесін бейімдеу туралы болып отыр. Мұндай құрылымдар әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі — коммерциялық ұйым болып табылатын мемлекеттік корпорация. Ол аймақтардың дамуында маңызды орын ала-тын, жеке бизнесті көп қызықгыра қоймайтын салада кұрылады. Бұл, ең алдымен, инвестициялық тартымдылығы төмен, қатерлі, салынған қаржының өтелу мерзімі үзақ салалар (өндірістік, көлік инфрақұрылымы) болып табылады. Басқа бір түрі — аймақтық деңгейде құрылатын даму корпорациялары (агенттіктері). Олар шағын және орта бизнесті ынталандыру, инвестициялық жобаларды сұрыптау, даму бағдарламалары мен бизнеожоспарлар дайындау, жергілікті мамандарды кайта даярлау негізінде аймақтардың даму шарттарын қалыптастыруды көздейді. Бүл корпорациялар жаңа жүмыс орындарын кұру, аймақ әлеуетін нығайту, жоғары технологиялар саласында жобаларды жүзеге асыру сияқгы нақгы, аймақтар үшін өте маңызды мөселелерді шешуді мақсат теді. Мұндай тәжірибе Қазақстан аймақтарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кұруда өте пайдалы болады. Мұндай міндет өлемдегі 50 барынша бәсекеге кабілетті елдің катарына ену стратегиясында көзделген. Олардың қызметі үзақ мерзімді табысты негізде аймақтарда шағын және орта кәсіпорын тауарларының сүранысын кұрды көздейді. Жергілікті корпорациялар, біздің ойымызша, ипотека негізінде қолжетіңці тұрғын үй нарығын дамыту саласында, аймақтарда негізгі инфрақұрылымды салаларда (көлік, байланыс, энергетика) қолданылуы мүмкін. Жүзеге асатын жобалар негізінде бұл корпорациялар кейін қор нарығында жогары ликвидті болуы мүмкің акциялар мен облигациялар шығара алады.
3. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмінің маңызды элементі ретінде тораптық экономикалық құрылымдарды дамытута ерекше мөн беру керек. Бұл кұрылымдардың артықшылығы оның құрамындағы тығыз орналасқан кәсіпорындардың өзара бәсекеге кабілеттілігін күшейту болып табылады.
Сонымен қатар ірі кәсіпорындар негізіндегі тораптық қүрылымдардың мәні жете бағаланбай келеді. Оның жарқын үлгісі ретінде тасымадцаушылар торабы қүрылған «Миттап Стил Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс» корпорациясы" ЖШС сияқты ірі кәсіпорын-дарды атауға болады. Бүл алыптардың торабына ентен кәсіпорындар саны 2004 ж. 38-ге жетті. [12] Бұл «төменгі» тораптардың мысалы, ал «тораптүзуші» кәсіпорындар нақты «шөлдегі ғимараттар» болып табылады. Жоғарыда сөз болғандай, инновациялықдаму мүдделеріне көбінесе «жоғарғы» тораптар сәйкес келеді.
Кәсіпорындардың тораптық құрылымдарға шоғырлануы түрлі жолдармен дамуы мүмкін. Бірінші жолы — көлемдері ұқсас кәсіпорындардың бірігуі. Қазақстандағы осындай интеграцияның ең кең таралған түріне фермерлік шаруашылықтардың түрлі бірлестіктері жатады. Тораптық құрылымдардың екінші түрі — ірі және шағын бизнесті интеграциялау негізінде пайда болады. Ол түрліше сипат алуы мүмкін, атап айтқанда, франчайзинг, лизинг, аутсорсинг.
Франчайзиңг ірі корпорациялардың да, шағын кәсіпорындардың да ортақ мүдделерін жүзеге асырады. Шағын кәсіпорындар фирма нарығындағы танымал тауар белгісін пайдаланып, одан лизинг шартымен техникалық қүжат, ноу-хау, сондай-ақ кұрал-жабдыктар ала алады. Ірі бизнес жаңа нарыкты, әсіресе жергілікті нарықгы игеріп, келісімдерге сәйкес пайда табу мақсатын көздейді. Кдзақстанда франчайзинг енді ғана қалыптасып келеді, ол негізінен Алматы қаласынын қызмет саласында шоғырланган. Қазақстанның аймақтарында лизинг кең тараған. Лизинг барысында шағын кәсіпорынға осы ірі корпорацияға қажетті өнім шығаратын арнайы қүрал-жабдыкты кейін қайта сатып алуға мүмкіндік беретін қүқымен жалға береді. Лизингіге төлем осындай өнімнің тасымалдануы арқылы есептеледі. Нәтижесінде шағын кәсіпорындар бастапқы қаржы алып, өнімінің көп бөлігін өткізуге мүмкіндік алады. Жыл сайынғы айналымды лизингтік келісім бойынша 500-600 млн долларға дейін жеткізуге болады. [13]
Тораптық құрылымдардың қалыптасуы Қазақстан үшін тың болғанмен, дамыған елдер үшін бизнесті дамытудың кең тараған түрі - аутсорсинггі қолдануға мүмкіңдік береді. Аутсорсинг дегеніміз - белгілі бір фирманың бірқатар процестерді басқа ұйымдарға беруі. Қазақстанда аутсорсинг жекелей алғанда, ұлттық компаниялардың салалық емес активтерді беруі арқылы дами алады. Бүл туралы ҚР Президенті Н. Назарбаев та айтқан болатын.
Кластерлер тораптық күрылымдардың ерекше түрі болып табылады. Олардың негізгі ерекшелігі — кластерлерге түрлі көлемдегі фирмалар бірігеді, олар "төменгі" немесе "жоғарғы" принциптері бойьшша емес, көлденең агаомерациялық корпорация негізівде бірігеді. Кдзақстаңцық кластерлік үсьшыс өз ықпалын түтастай алғанда, үлттық экономикаға таралатын мега-кластерлерді қалыптастыру мақсатын көздейді. Аймақтық даму үшін шектелген кластерлердің орны ерекше. Оған нарыққа дейінгі кезенде жергілікті өнеркәсіпке жататын негізде қүрылган шағын кәсіпорындар біріге алады. Мүнда Қытайда поселкелік кәсіпорындар торабын қалыптастыру тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады [14]. Шектелген кластерлер Қазақстанның ауылдық жерлерінде кең таралуы мүмкін. Шектелген мини-кластерлер аймақтың өнеркәсіп орталықтарынан шалғай жерлердегі немесе депрессивті аймақтардағы экономиканы жетілдіруде маңызы зор.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері