Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік- экономикалық жағдай өндірістік құлдырау тенденцияларымен, ақша айналым жұйесінің бұзылуымен, инфляцияның жоғарылауымен, түрғындардың тұрмыс денгейінің төмендеуімен сиптталды. 1993 жылы ұлттық валютаны енгізу ақша- несие және бюджеттік салаларда жаңа экономикалық саясат жасауға және жұргізуге, бағаны және тарифтерді сыртқы экономикалық қызметі либеризациялауға әкеп соқты. Бұл өтпелі кезеңнің бастапқы сатысына да байланысты.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….4

1. Нарық жағдайындағы кәсіпорының қаржылық жағдайын бағалауы
ның теоретикалық аспектілері…………………………………………..6
1.1 Кәсіпорының қаржылық жағдайының мәні және оның мақсаты
1.2 Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын талдаудың методикалық негізі……………………………………………………………………..11
1.3 Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен талдаудың ақпараттық негізі………………………………………..25

2. « Казфосфат» ЖШС-ң қаржы жағдайын бағалау және талдау
2.1 « Казфосфат» ЖШС -ң жалпы сипаттамасы…………………….30
2.2 « Казфосфат» ЖШС -ң негізгі қаржылық көрсеткіштерін
талдау…………………………………………………………………32
2.3 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен
құрылымының динамикасын талдау…………………………….40
2.4 « Казфосфат» ЖШС -ң өткізілген өнім көлемін талдау…………56
2.5 « Казфосфат» ЖШС -ң еңбек ресурстарын талдау……………….58
2.6 « Казфосфат» ЖШС -ң қаржылық нәтижесін талдау…………...62
2.7 « Казфосфат» ЖШС -ң қаржы тұрақтылығын анықтайтын
көрсеткіштерді бағалау және талдау……………………………..63

3. Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі
3.1 Кәсіпорының тұрақтылығын жақсарту мәселелері……………..71
3.2 Кәсіпорының тұрақтылығын бағалауың жетілдіру
жолдары………………………………………………………………..78
3.3 Кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығын жетілдіру
жолдары……………………………………………………………….83

Қорытынды………………………………………………………………..87
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………...89

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ Кәсіпорынның қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету.doc

— 636.50 Кб (Скачать документ)

         Кқт =           Мк + Ұм   (Ф.4)                                         


                    А к

Мұндағы:  Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

               Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

               Ак - авансталған капитал;

               Мк - меншікті капитал.

 

       Бұл  дербестік коэффициентмен салыстырғанда  анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс  тәжжибесінде бұл коэффициенттің  қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.

      Жоғарыда келтірілген  көрсеткіштер арқылы кәсіпорын  капиталының құрылымын сипаттай  отырып, бөлек топтар мен көздердің  құрылымының өзгерісіндегі әр  түргі тенденцияларды көрсететін  жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзмге тарту коэффииенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей :

                              Ұ м

Кұ/м =              


                                                  Мк + Ұм              (Ф.5)

Мұндағы: Кұ/м - қарыз қаражатын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті  

                       немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

               Мк -  меншікті капитал;

               Ұм -  ұзақ мерзімді міндеттемелер.

       Бұл  коэффициент қаржылық есеп берудің  активтерін қаржыландыру үщін  меншікті капиталмен қатар тартылған  ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өніріс ті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға бнреді.

       Капиталдың  құрылымын қалыптастырудың тиімділігін ( қолайлығын )  анықтау үшін жоғарыда  келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол 2004 жылы 0,15 ал 2005 жылы 0,11 болды. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің басқа да активтерін, соның ішіндегі ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

        Активтерді  құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы бір қызық ой  меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым - қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.

         Меншікті, қарыз (қарастырылған) және  жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қарастырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп беру кезіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізг көрсеткіш анықталады:

  1. Меншікті айналым каптиталының бар болуы (Ма.к).

Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен ( баланс пассивінің Ібөлімі ) ұзақ мерзімді активтердің ( баланс активінің І бөлімі ) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражатын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді. Құрылысынақарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:

  Ма.к = Мк - Ұа = Іб П - ІбА    (Ф.6)

Мұндағы:  Іб П - баланс пассивінің І бөлімі;

Мк - меншікті капитал;

ІбА - баланс активінің І бөлімі;

Ұа - ұзақ мерзімді актив.

        Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті ( бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.   

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы ( Ма.к/ұз ) .

        Бұл  көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының  ұзақ мерзімді міндеттемелер  сомасына қосу жолымен мына  формуламен анықталады:

Ма.к/ұз = Мак + Ұзм = Мак + ІІбП    (Ф.7)

Мұндағы:  Ұзм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак - меншікті айналым капиталы;

ІІбП - баланс пассивінің ІІ бөлімі.

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:

НК = Мак/ұз + Қнқ   (Ф.8)

Мұндағы:  НК - негізгі көздер;

       Қнқ - қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

      Тауарлы-материалдық  қордың бар болуының үш көрсеткішіне  тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

  1. Меншікті айналым капиталының (Ма.к) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± Мак = Мак - ҚШ  (Ф.9)

     Мұндағы: ҚШ - тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.

         2. Тауарлы-материалдық қорлардың  меншікді және ұзақ мерзімді  қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/ұз):

± Мак/ұз = Мак/ұз - КШ (Ф.10)

    3. Қорлардың негізгі қалыптасу  көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):

   ± НК = НК - КШ.

    Тауарлы-материалдық  қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен  қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін  есептеу кәсіпорынның қаржылық  жағдайын оның тұрақтылық жәрежесі  бойынша келесі төрт типке  бөлуге мүмкіндік береді:

    1. қаржылық жағжайдың абсолютті тұрақтылығы;
    2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
    3. тұрақсыз қаржылық жағдайы;
    4. дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдай.

     Қаржылық жағдайдың  абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен  сипатталатын уақытта қалыптасады.

ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ  (Ф.11)

          Бұл  теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар  меншікті айналым капита -    лымен жабылатынын көрсетеді, яғни  кәсіпорын сыртқы кредиторлардан  тәуелсіз болады. Мұндай жағдай  өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

        Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы  мына теңсіздікпен сипатталады.

Мак/ұз < ҚШ < НК  (Ф.12)

 

       Бұл келтірілген қатынас тиімді  жұмыс істеп тұрған кәсіпорын  тауарлы-материалдық қорларды жабу  үшін әр түрлі “қалыпты“- меншікті  және қатыстырылған қаражат көздерін  пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес  келеді.

       Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:

ҚШ > НК немесе НК < ҚШ (Ф.13)

 

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін “қалыпты емес” болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.

Кесте 2.4

“Казфосфат” ЖШС-ң тауарлы-материалдық қорларды  қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі  

мың.тг.

 

 

Көрсеткіштер

Сим-волда-ры

 

2004

 

2005

Жыл бойғы өзгерістер

 

( + ; - )

1.

Меншікті капитал

Мк

244981,1

244981,1

0

2.

Ұзақ мерзімді ативтер

Ұза

412078,4

746008,1

+3339297,6

3.

Меншікті айналым капиталының бар болуы (1жол-2жол)

Ма.к.

-167097,3

-501027

-333929,7

4.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұзм

5136032,7

8829066

3693033,3

5.

Тауарлы-материалдық қорлардың мен-шікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3жол+4жол)

 

Мак/ұз

-4968935,4

-8328039

-3359103,6

6.

Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар

Қн

-

-

-

7.

Тауарлы-материалдық қорлардың қал-ыпты (негізгі) қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5жол+6жол)

 

НК

-4968935,4

-8328039

-3359103,6

8.

Тауарлы-материалдық қорлар

Қ

413984,8

556941,3

142956,4

9.

Өзіндік айналым капиталы-ның артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-), (3жол - 8жол )

 

± Ма.к.

 

-581082,1

 

-1057968,3

 

-476886,2

10.

Тауарлы-материалдық қор-лардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздері-нің артықтығы (+) немесе же-тіспеушілігі  (-),( 5 жол - 8 жол )

 

± Мак/ұз

413984,8

556941,3

142956,4

11.

Тауарлы-материалдық қорла-рдың қалыпты негізгі қалып-тасу көздерінің жалпы мөл-шерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (7жол-8жол)

 

± НК

-5382920,2

-8884980,3

-3502060,1


 

Қаржылық тұрақтылықты дайын өнімді дебиторлық борышты тезірек қайтару және кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату арқылы қалыпқа келтіруге болады.

       Бұдан  кейін дайын өнімнің тез өсуінің  және қоймада тауарлардың іркіліп  қалу себептерін зеттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың  жұмысы.

       Талданып  отырған кәсіпорынның қаржылық  жағдайын анықтайық.

       Ішкі  талдау кезінде кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына төлеу  қабілетсіздігі балансын құру  негізінде, тереңдетілген зерттеу  жүргізіледі, оған келесі өзара  байланысқан көрсеткіштер топтары  кіреді:

  1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:
  • банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;
  • жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақты өтіп кеткен борыш;
  • бюджетке салықты толық төлемеу;
  • басқа да төлемеу, соның ішінде еңбекақы бойынша да;

2.  Төлемеушіліктің себептері: 

  • меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;
  • тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;
  • сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;
  • акцептен бас тарту себепті сатып алушылардың жауапты сақтауындағы тауарлар;
  • айналам қаражатын күрделі құрлысқа, жұмысшылардың алған қарыздары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінген қаржыландыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.

    3.  Қаржылық шиеленісті азайту көздері:

  • уақытша бос меншікті қаражаттар;
  • қатыстырылған қаражаттар ( қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі );
  • айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері және тағы басқа қарыз қаражаттары.

      Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады ( мысалы, тоқсан бойынша).

      Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты ( айналымға қарсы ) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.

       Қорытындылай айта кету керек, арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген. Оларды келесі атаулармен 4 топқа бөледі:

    • қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
    • қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
    • қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;
    • банкрот кәсіпорын.

      Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның  қаржылық жағдайы қаражаттарды  жұмсаудың келесі негізгі бағыттары  юойынша қарастырылады:

    1. қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қызметін қамтамасыз ету;
    2. ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;
    3. кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды қаржылан-дыру мүмкіндігі (нарықтың жаңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б.).

        Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқа жатқызудың өз әдістемесін ұсынады.

        Айталық, егер кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек.Егералдыңғы екі функциялар орындалып, ал үшіншісін орындауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға ( құлдырауға ) жақын.

 

 

 

2.4 « Казфосфат» ЖШС -ң өткізілген  өнім көлемін талдау

Өнімді  өткізу мен өндіруін талдаудың негізгі мақсаты- ол өндірістік құатын ең жоғары пайдалану арқылы нарық ұлесін үлғайта отырып, бәсекелестермен салыстырғанда, өнімді  өткізу көлемін көбейту жолдарын табуын талап етеді, яғни кәсіпорының табысын көбейту.

Осы талдауды жүргізу үшін төмендегідей міндеттер арқылы жүзеге асырылады:

    • өндіріс бағдарлама мен өнім өткізу жоспарынның орындалу дәрежесін бағалау;
    • өнім өткізу мен шығару  динамикасын бағалау;
    • өнім сапалығы, жеткізу ырғақтылығы мен көлемінің келісім-шарт бойынша орындалуын бағалау;
    • өнім шығаруының ырғақтылықсыздығы мен өндірістін төмендеген себебін анықтау;
    • өнім өткізу мен шығару резервтерін жоғарлатуын сандық бағалауы.

Информация о работе Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі