Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік- экономикалық жағдай өндірістік құлдырау тенденцияларымен, ақша айналым жұйесінің бұзылуымен, инфляцияның жоғарылауымен, түрғындардың тұрмыс денгейінің төмендеуімен сиптталды. 1993 жылы ұлттық валютаны енгізу ақша- несие және бюджеттік салаларда жаңа экономикалық саясат жасауға және жұргізуге, бағаны және тарифтерді сыртқы экономикалық қызметі либеризациялауға әкеп соқты. Бұл өтпелі кезеңнің бастапқы сатысына да байланысты.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….4

1. Нарық жағдайындағы кәсіпорының қаржылық жағдайын бағалауы
ның теоретикалық аспектілері…………………………………………..6
1.1 Кәсіпорының қаржылық жағдайының мәні және оның мақсаты
1.2 Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын талдаудың методикалық негізі……………………………………………………………………..11
1.3 Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен талдаудың ақпараттық негізі………………………………………..25

2. « Казфосфат» ЖШС-ң қаржы жағдайын бағалау және талдау
2.1 « Казфосфат» ЖШС -ң жалпы сипаттамасы…………………….30
2.2 « Казфосфат» ЖШС -ң негізгі қаржылық көрсеткіштерін
талдау…………………………………………………………………32
2.3 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен
құрылымының динамикасын талдау…………………………….40
2.4 « Казфосфат» ЖШС -ң өткізілген өнім көлемін талдау…………56
2.5 « Казфосфат» ЖШС -ң еңбек ресурстарын талдау……………….58
2.6 « Казфосфат» ЖШС -ң қаржылық нәтижесін талдау…………...62
2.7 « Казфосфат» ЖШС -ң қаржы тұрақтылығын анықтайтын
көрсеткіштерді бағалау және талдау……………………………..63

3. Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі
3.1 Кәсіпорының тұрақтылығын жақсарту мәселелері……………..71
3.2 Кәсіпорының тұрақтылығын бағалауың жетілдіру
жолдары………………………………………………………………..78
3.3 Кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығын жетілдіру
жолдары……………………………………………………………….83

Қорытынды………………………………………………………………..87
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………...89

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ Кәсіпорынның қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету.doc

— 636.50 Кб (Скачать документ)

      Дебиторлық  борыштың өтімділік және сапалық  көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

      Сапа дегеніміз- бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.

       Дебиторлық  борыштың мөлшері мезгілін сипаттау  үшін, оларды пайда болу мерзімі  бойынша топтастыру керек.

   

2.3   Баланс  активінің құрастырылу көздерінің  құрамы мен                     құрылымының   динамикасын талдау

 

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымды активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезкңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз құжаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген ( тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті ),бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан таралған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мк : Ак        (Ф.1 )

Мұндағы :   Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал ;

Ак - авансталған капитал ( баланс валютасы жиыны, яғни

қаржыландырудың жалпы сомасы ) .

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғалтады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты өкп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның далпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. А.Д. Шеремет,  А.М. Ковалев,  В.П. Привалов,  О.В. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерінөз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады деп санайды.

АҚШ және Европа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетерлік дейгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына  қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелділігі төмен болады : өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып ( қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да ), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттықміндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық эконормикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады ).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпаратт ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зертеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені және қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидентке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидендтердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғрыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Егер баланс активінде кәсіпорынның қаражаттары қамтылып түрса, ал пассивінде – оны құрылу көздері. Кәсіпорында қандай қаражаттар бар және оны қалай пайдаланатынына, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы тік байланысты.

Капитал тиістілігіне қарай капитал  меңшік және заемдық болып бөлінеді. Пайдалану ұзақтылығына қарай капитал ұзақ және қысқа мерзімдік болып бөлінеді. Меншік капитал кәссіпорынның тәуелсіздігі болып табылады және оның қажеттілігі өзін-өзін қаржыландыру талаптарымен байланысты. Бірақ сезондық кезең кезінде өз меншік қаражаттар арқылы қаржыландыру, кәсіпорынға әр қашан тиімді емес.  Кәсіпорынның пассивін талдау барысында алғашқы оның құрамы мен құрылымымының өзгеруін талдап және оны бағалау қажет.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зертеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады. «Казфосфат» ЖШС-ң бухгалтерлік балансын пайдаланып, оныңстатьи баланс пассивін талдаймыз (кесте 2.3)

 

 

 

 

 

 

Кесте 2.3

 

"Казфосфат" ЖШС-ң 2004-2005 жылғы жағдайы негізінде  кәсіпорынның авансталынған капиталының  құрамы мен құрылымы.

 

 

 

Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

   Жыл бойын  дағы

           өзгеріс

Құрылымының

өзге-руі,

пункт

(6гр - 4гр.)

Сомасы

мың.тг.

үлес

сал-

мағы

%

Сомасы,

мың тг.

үлес

сал-

мағы

%

Мың тг.

( 5 гр-

3гр )

    %

(7гр.:

:5гр.*100)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Авансталған капитал,

Соның ішінде:

1.1. Меншікті капитал

1.2.Қарыздық капитал

 

5381013,8

 

244981,1

 

5136032,7

 

100

 

4,5

 

95,5

 

 

9073987,1

 

244981,1

 

88290660

 

100

 

2,7

 

97,3

 

3692973,3

 

0

 

3693033,3

 

68

 

0

 

-31,4

 

Х

 

-1,8

 

+1,8

2

Тәуелсіздік коэффициенті (1.1жол:1 жол)

Х

0,04

Х

0,03

Х

Х

-0,01

3

Қаржыландыру

коффициент

(1.1.жол: 1.2.жол)

Х

0,05

Х

0,02

Х

Х

-0,03

4

Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті

(1.2 жол: 1.1 жол )

Х

20,9

Х

36,0

Х

Х

+15,1

5

Инвестициялау

Коэффициенті

Х

0,15

Х

0,11

Х

Х

-0,04


 «Казфосфат»  ЖШС-ң баланс пассивін талдау жүргізіп, төмендегідей қорытындыға келдім. 1.01.05 жылға мүлік көздерінің 3692973,3 мың.тг. соммаға көбейгенің байқауға болады, бұл жағдай кредиторлық қарыздырдың көбейгеніне байланысты 3693033,3 мың.тг. Кәсіпорынның меншік капиталының көлемі бір қалыпты қалған және оның өсу қарқыны –1,8 пункті құрады. Бұл жағдай, кәсіпорындағы болмаған шығындарды жабу үшін меншік қаражаттарының бар  екенің байқатады.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталындағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады :

                              Кт  = Қк * Ак  немесе  Кт  =  1 -  Ктс . (Ф.1 )

Мұндағы :    К т - тәуелсіздік коэффициенті ;

Қ к - қатыстырылған капитал ;

А к - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны) ;

К тс  - тәкелсіздік коэффициенті . 

    Бұл коэффициент авансталған  капиталдың жалпы сомасындағы  қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі 2004 жылы – 0,04, ал 2005 жылы – 0,03болды. Бұл көрсеткіш біршама төмендеген, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. 2004 және 2005 жылы тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

      Келесі, кәсіпорынның  қаржылық тұрқтылығын сипаттайтын  меншікті капиталдың қатыстырылған  капиталға қатынасын көрсететін  қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

К к = М к : Қ к (Ф.2)

Мұндағы : К к - қаржыландыру коэффициенті ;

М к  - меншікті капитал ;

Қ к - қатыстырылған капитал .

      Бұл коэффициент жоғары болған  сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар  қаржыландыруға соғұрлым сенімді  кіріседі.

      Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатын қаржыландырылатынын көрсетеді.  Қаржыландыру коэффицциенті < 1 болатын жағдай ( кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан ) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

    Бұл көрсеткіш  ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз  түсінуден сақ болу керек. “Кейбір  жағдайларда,”  деп жазады О.В. Ефимова  меншікті капиталдың  оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, б-ірақ сонда да кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте, қызметі активінің жоғары айналымдылығымен, сатылатын өнімге тұрақты сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, тұрақты шығындардың төменгі деңгейімен ( мысалы, сауда және делдал ұйымдар ) сипатталатын кәсіпорындарға қатысты.

     Сонымен қатар  мақсатты бағыттағы активтерінің  айтарлықтай үлес салмағы ( мысалы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары ) қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50 % болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

      Батыс фирмаларында  қаржыландыру коэффициентінің кері  көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қаынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

К к/м = Тк  : Өк(Ф.3)

 

Мұндағы :    Кк/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының

коэффициенті ;

Қк -  қатыстырылған капитал ;

Мк - меншікті капитал .

    Бұл коэффициент  кәсіпорын активтеріне салынған  меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне  қанша қарыз қаражатын тартқанын  көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда  бұл көрсеткіш келесі берілгендермен  сипатталады 

        2004 жылы -    0,06;        2005 жылы -    0,05

        Бұның  мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің  басында активтерге салынған  меншіктік қаражаттардың әрбір  теңгесіне қарыз қаражатының 6 тиынын  тар-

тқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 5 тиынға дейін азайған. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарынпайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кк/м <1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәспорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатынаң айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді

     Кәсіпорынның  ең төменгі қаржылық тұрақтылығын  сақтау үшін бұл коэффициент  ағымдағы және ұзақ мерзімді  активтердің қатынас коэффициентінің  мәнімен шектелуі қажет.

     Кәсіпорынның тәуелсіздік ( дербестік ) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз апиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады :

Информация о работе Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі