Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік- экономикалық жағдай өндірістік құлдырау тенденцияларымен, ақша айналым жұйесінің бұзылуымен, инфляцияның жоғарылауымен, түрғындардың тұрмыс денгейінің төмендеуімен сиптталды. 1993 жылы ұлттық валютаны енгізу ақша- несие және бюджеттік салаларда жаңа экономикалық саясат жасауға және жұргізуге, бағаны және тарифтерді сыртқы экономикалық қызметі либеризациялауға әкеп соқты. Бұл өтпелі кезеңнің бастапқы сатысына да байланысты.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….4

1. Нарық жағдайындағы кәсіпорының қаржылық жағдайын бағалауы
ның теоретикалық аспектілері…………………………………………..6
1.1 Кәсіпорының қаржылық жағдайының мәні және оның мақсаты
1.2 Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын талдаудың методикалық негізі……………………………………………………………………..11
1.3 Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен талдаудың ақпараттық негізі………………………………………..25

2. « Казфосфат» ЖШС-ң қаржы жағдайын бағалау және талдау
2.1 « Казфосфат» ЖШС -ң жалпы сипаттамасы…………………….30
2.2 « Казфосфат» ЖШС -ң негізгі қаржылық көрсеткіштерін
талдау…………………………………………………………………32
2.3 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен
құрылымының динамикасын талдау…………………………….40
2.4 « Казфосфат» ЖШС -ң өткізілген өнім көлемін талдау…………56
2.5 « Казфосфат» ЖШС -ң еңбек ресурстарын талдау……………….58
2.6 « Казфосфат» ЖШС -ң қаржылық нәтижесін талдау…………...62
2.7 « Казфосфат» ЖШС -ң қаржы тұрақтылығын анықтайтын
көрсеткіштерді бағалау және талдау……………………………..63

3. Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі
3.1 Кәсіпорының тұрақтылығын жақсарту мәселелері……………..71
3.2 Кәсіпорының тұрақтылығын бағалауың жетілдіру
жолдары………………………………………………………………..78
3.3 Кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығын жетілдіру
жолдары……………………………………………………………….83

Қорытынды………………………………………………………………..87
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………...89

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ Кәсіпорынның қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету.doc

— 636.50 Кб (Скачать документ)

1) зейнетақыны, жәрдем ақша  және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық та

быс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есентік көрсеткіштен аспайды;

  1. қаржылық  жыл  бойы  қызметкерлердің орта-шасаны 50-ден аспайды;
  2. активтердің жалпы құны 60000  еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да сощъі жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсекді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономи-калық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің елі-міздің ьлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байла-нысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді қүру мақсаттарына жаңа көзкарастар пайда болды және онын бағыты өзгерді.

«Қаржылық есептін мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, -бұл қолданушыны заңды тұлғаньщ қаржылық жағдайы және оның қызметінің нэтижслері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болган өзгерістер туралы пай-далы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвес-тициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді шешу үшін, сондай-ақ субъектіиің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қар-жылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратгарды  қамтымайды.  Қаржы  есебін  пай-даланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкін-дігін бағалаудьі, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нэтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің  өз  жұмысшыларына және  жабдықтаушыларына ақы  төлеу,  пайызды төлеу,  несиені  қайтару және табысты  тарату  қабілетін  анықтайды.  Егер  де қолданушылар  тек  қана  су-бъектінің  қаржылық  жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес,  сонымен  қатар  барлық  қажетті  ақпараттармен жабдықталған  болса,  онда олар,  яғни  қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек   қояды,   дегенмен   олардың   ішінде   кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі бол-ған жағдайда қаржылық есепте кәрсетілген ақпараттарға қосымша акпараттарды талап ете алады. Қолданушылар-дың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржы-лық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпаратгық базасына айналды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі акдарат кезі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипатгайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жұйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды гіайдалану тиімділігінің салыстыр-малы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы тұсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушьшарға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жүмыс процесінде дүрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жүмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін комек алады, ал талдаушылар қаржылық тшвдаудың бағытын анықгайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпо-рынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс -қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. көрсеткштер кәспорынның капиталын орналас-тыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі щаруашылық қызметке жетуі, қарыз кездерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиім-ділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліюің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырьшады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден түрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің қурылымына сай ерек-шелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байла-нысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі кеп активтерге дейін, демек васында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жағы. Осы принцип бойынша активтің қорытындыбаптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валю-талық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына прин-ципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындагы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. "Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама берілген: "Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер -бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

"Қаржылық  есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері — активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бүл элементтеріне келесідей сипаттама береді.

«Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсігюрынның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

Міндеттеме - бұл түлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасьша жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-эрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндет-темелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері» (11).

Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бух-галтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгал-терлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыздылары келесілер болып табылады:

  1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. 
    Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық   қызметінің   нәтижесін   көрсетеді. Бұл 
    жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және 
    перспективалық талдау мақсаттары үшін  қолда—нылуы мүмкін.
  2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны снпаттайды, яғни    пайдаланылып жүрген   есеп  саясатына  сай  осы   кезеңде  кәсіпорын жалпы   қандай   жағдайда   тұр   деген   сұраққа   жауапбереді, бірақ бұл жағдайга ненің нәтижесінде жеткеніне 
    жауап  бермейді.  Бұл  сұраққа жауап  беру үшін, тек 
    қосымша мәліметтер ғана емес,  соньшен  қатар  есеп 
    және   есеп   беруде   көрсетілмейтін   көптеген   фактор- 
    лардьщ талдануы қажет (мысалы, ғылыми-техникалықпрогресс,  контрагенттегі  қаржылық қиындықтар және басқалар).
  3. Баланста   салыстырмалы   шаруашыльщ   аралық 
    талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктікжәне уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді.Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және  мүмкіндігінше  көрсеткіштерге,  олардың  орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу 
    жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен үқсас 
    кәсіпорындар  тобы   бойынша  негізгі   есептік   көрсет- 
    кіштерді ашық жариялау қажет.  Бұл қажетті орташа 
    көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
  4. Баланста  кәсіпорынның  қаражаттарының   айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа

бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сэйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады.

5) Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындагы мез- 
гілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни 
онда  осы  балансты  толтыру  кезіндегі   шаруашылық 
операцияларының   жиынтығы   жазылып   отырады.   Ол 
кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын 
көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық 
баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім","тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар.

6) Баланста кәсіпорынныц активтерін сатып алуда 
тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүлік- 
тің жалпы  алғанда  нақты  бағасын  едәуір  дәрежеде 
бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық 
факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір 
бұрмалаушылық   әсерін   тигізуі    мүмкін.    Инфляция, 
кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға баға- 
Ньщ өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектлерінің құны жағынан әр түрлі жиынтықты керсетеді. Әрине, ол сондай-ақ кэсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарының "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді. Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтық бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланста көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылық соншалықты көп болады.

7. Баланс және қаржылық  есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толыгымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мумкін бола-тын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік бапансты талдау кешенді экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпарат-тық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорының қаржы тұрақтылығын қаамтамасыз етуді жетілдіру механизмі