Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 02:14, реферат
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
- компаниялардың
қаржы жағдайын дұрыс және
толық көрсететін қаржы
Ақпараттарды жинау, тіркеу және жүйелеу және қаржы есептілігі рәсімі қаржы есептілігін дайындауға тартылған тұлғалардың субъектілі ойларына байланысты болады.
Осыған қоса, қаржы есептілігі кейбір дәрежеде «есепке алу объектісі туралы субъектілі ұсыныстың» қорытындысы бар болғандықтан, сыртқы қолданудың әдейі немесе әдейі емес қауіпі туады.
Тексеріс жасауға түсе отырып, кірісды және басқаларды жинау, есепке алу, қалыптастыру және мойындауға қатысты барлық нормативтік құжаттарды үйренуі қажет.
Кірісды есепке алуды тексеру кезінде міндеттеріне мыналар жатады:
- есеп беру саясатына субъект иесімен қабылданған есепке сәйкестігін тексеру;
- алғашқы есепке алу құжаттары өз уақытында түсетіндігін немесе түспейтіндігін және құжат айналымы қалай ұйымдастырылғанын тексереді;
-мүліктер және міндеттемелерге түгендеу толық, өз уақытында және дұрыс жүргізілгенін немесе жүргізілмегенін, есептемеде және есептілікте оның қорытындылары қалай көрінгенін;
- шаруашылық қызметті жүргізудің заңдылығына, есептілікті ұйымдастыруына және жүргізуіне бақылау жасайтын-дығына немесе жасамайтындығына тексеріс жасайды;
-кірісты есепке алу бойынша есептілік тізбелері жүргізілетіндігіне немесе жүргізілмейтіндігіне және талдау жасаудың есептілігінің деректері аналитикалық есепке сәйкес келетіндігіне немесе келмейтіндігіне;
-басты кітаппен
берілген қаржы
Кіріс туралы есептілік деректерін тексерудің бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:
-пайдалар мен залалдар және есептіліктің тізілімдері туралы есеп көрсеткіштерінің бірдейлігін тексеру;
- алғашқы
есептілік құжаттарын
-өнімдерді
(тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер)
жүзеге асырудан туындаған
-басқа да операциялық деректердің есептілікте дұрыс көрсетілулерін тексеру;
-операциялық шығындардың есепке алуда дұрыс көрсетілуін тексеру;
-операциялыққызметтен түскен қаржылық қорытынды анықтаудың дұрыстығына тексеру жүргізеді;
-қаржылық кірісды көрсетудің дұрыстығына тексеріс жүргізеді;
-төтенше кірісды көрсетудің дұрыстығына тексеріс жүргізеді;
-қызметтің және пайданы қолданудың қаржылық қорытындысын қалып-тастырудың дұрыстығына және растығына тексеріс .
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты кіріс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Кірістылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын кіріс болып табылады.
Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегімдері мен баға шегімдері алынып тасталынып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін кіріс көрсетіледі.
Кіріс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін кіріс алады, оның мөлшері өнім өрдіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін кіріс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді.Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін кіріс сомасының өсуіне, екіншіде- азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін кіріс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі .
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құрылады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие боламуы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады.Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола альайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдінсіне көшу өнімді өткізуден түсетін кіріс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді.Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
-біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
-екіншіден,
белгілі бір дәрежеде
-үшіншіден,
тұтынушы төлем жүргізгеннен
кейін, тауарды қажетті санынан
аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен
және басқамен өлшенетін
Кірістылықтың екінші абсолютті көрсеткіші-жалпы кіріс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен кіріс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфлясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде кірістың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы кірістың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
2«Карлайт» ЖШС-нің кірістер және шығыстарды ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын кірістерді талдау
«Карлайт» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Респуб-ликасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы және басқада заңдарға сәйкес құрылған. Серіктестік құрамында 50 адамы бар жылдық орташа активтік көрсеткіші алпыс мың есептік көрсеткіштен кем емес шағын кәсіпкерлік субъекті болып табылады. Серіктестік Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркелген (2006 ж. 17 ақпанда берілген №1792-1901-ЖШС куәлігі) Серіктестік ойын және шоу бизнесімен айналысуға құқысыз.
Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.
Серіктестіктің атауы: Мемлекеттік тілде «Карлайт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Орыс тілде Товарищество с ограниченной ответственностью «Карлайт». Кәсіпорынның мекен жайы: ҚР Қараганды қаласы, Ержанов көшесі 53 үй[18].
Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР Конституциясын және басқа заң актілерін, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын, сонымен бірге өз Жарғысын басшылыққа алады. Серіктестік біріккен кәсіпорындар құруға сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде құрылымдық бөлімшелер құруға құқықты .
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына келетін болсақ, оның: жоғарғы органы-құрылтайшысы, Атқарушы органы-директор болып табылады.
Құрылтайшының құзырына мыналар жатады:
Серіктестіктің атқарушысы болып серіктестікке қатысушы ретіндегі директор болып табылады. Директор құрылтайшының құзыретіндегі істерден басқа барлық қызмет мәселелерін шешеді және құрылтайшыға есеп береді, оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Директор серіктестіктің құрылтайшысынан берілген құзырет шегінде әрекет етеді және серіктестік қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.
Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының серіктес-тікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет-терін біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік өз мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:
- құқық, мұнай, экономика, компьютер, медицина;
-полиграфиялық қызметтері;
-ІТ-ттехнологиялық қызмет көрсету;
-құқық қызметі;
-көліктік-экспедиторлық қызмет ету жүк тасымалы;
-сауда-саттық, делдалдық қызмет көрсету;
-кадрлар дайындау облысында қызмет көрсету, курстарын ашу.
Бұл тізім заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерін серіктестік берілген лицензия жүзінде жүзеге асыра алады.
Осыған қарап біден кәсіпорын мүлік жағдайына оң немсе теріс деп баға беруге болмайды, ол үшін активтердің ішкі құрылымын қарастыру керек.
«Карлайт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда біз 2014 жылдың біршама негізгі көрсеткіштері 2013 жылмен салыстырғанда кемігенін байқаймыз (1және 2 қосымша).
Атап айтқанда, өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатудан түскен кіріс 2013 жылы 136657440 теңгені құраса, сол көрсеткіш 2014 жылы 97941594 теңгені құрап, 38715846 теңгеге азайған. Өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатуға жұмсалған шығын да көрсетілген жылдар бойынша тиісінше 38715846 теңгеге азайған. Кәсіпорынның жиынтық кірісы да 2013 жылы 349422715 теңгені құрап, 2014 жылы 28080911 теңгені құрап 6861804 жиынтық кіріс азайған.
Қысқа мерзімді актив ішінде қатты өзгеріске түсіп отырған баптар қысқа мерзімді дебиторлық берешек пен Тауарлы материалдық қорлар. Тауарлы материалдық қорлардың үлесі аса қатты жоғарламасада, абсолютті көлемі 2 еседей өскен. Тауарлы материалдық құндылықтардың былай жоғарлауы кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жағымды факторы деп атауға болады, бірақ Тауарлы материалдық құндылықтардың өсуі айналымдылықтын бәсеңдеуіне әкелмеуі тиіс. Яғни кәсіпорын Тауарлы материалдық қорлар құрамында қолданыссыз жатып қалуы мүмкін қорлардың болмауы қадағалауы тиіс.
Дебиторлық берешектердің абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп отыр. Егер 2012 жылы дебиторлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2013 жылы берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері