Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 02:14, реферат
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Мұны жүзеге асырудың көптеген жолы бар. Бірақ, оның ішіндегі ең жақсысы – еңбек өнімділігін өсіру стимулы (ынтасы) ретінде материалдық мадақтауды пайдалану[6, 73 б.].
Ынталандыру және өнімділік.
Ұйымның жоғары өнімділіккке жетуі көптеген факторлардың әсерінен туатын нәтиже. Станоктар және материалдар түрінде жүзеге асырылған ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың озық әдістері өнімділікті жоғарылатты. Әйтсе де, машиналарға жұмсалған қаражаттар жансыз болады. Тек адам элементі енгізілгенде ғана олар өнімділікке айналады.
Өндірістің жансыз факторларымен жұмыс істей отырып, басқару кіріс-шығыстың ара қатыныстарын дәл анықтай алады. Адамдарды қарастырғанда жігер, көңіл күй немесе қалау еркіндігі сияқты материалдық емес факторларды ескеру керек. Жұмысшылар өз қалауымен өнімділікті төмендете немесе жоғарылата алады. Осындай адам қасиеттері басқаруду өте шиеленіскен проблема – ынталандыру мәселесіне әкеліп соқтырады.
Бақылау.
Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың – жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функциялармен үнемі байланымты болуы керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрлымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.
Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғышақалып отыр. Басқарушылық бақылау ұйым жұмысының тиімділігін көрсететін және стратегиялық шешімдерді түзету, күнделікті қызметті реттеу туралы сапалы ақпарат беру керек. Ол болашақта көптеген ішкі және сыртқы материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауды қамтиды. Бұл жерде сандық көрсеткіштен басқа да бағалау қажет, басқаша айтқанда санмен сипаттана алмайтын факторларды ескеру қажет.
Практика жүзінде бақылаудың жалпы басқару аспектілеріне оперативті бақылаудың мәселелеріне қарағанда аз көңіл аударылады. Көп мамандар мұндай практиканың теріс жағын айтып, жалпы бақылау маңыздылығын төмендетпеу керектігін айтады.
Басқарушылық бақылаудың тиімділігі ұйым тіршілігінде ең маңызды роль атқарды. Басқарушылық ьақылау алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуден тұрады,ақпараттың бағытын ұйымдастыру арқылы орындап тұрады. Бақылау әртүрлі бөлімшелер жұмыстарының нәтижесі туралы ақпаратты жинап, өңдеп және баға береді[7, 49 б.]
Бақылау процесі ретінде келесі этаптардан тұрады:
Бақылау жүргізу үшін сандық және сапалық нормалар (стандарттар) орнату керек. Нормалар ретінде жұмыстың нәтижесін бағалайтын критерийлер қолданады. Жұмыс істеу нормаларына қойылатын талаптар: олар дәлелді, икемді болуы қажет және жаңа жоспар құрылған сайын жаңартылып тұру керек.
Жұмысты талдау дегеніміз – нақты көрсеткіштерді нормалармен салыстыру, жетіспеушіліктер мен ауытқуларды анықтау және олардың себебін түсіндіру. Кез-келген ауытқуларды дер кезінде зерттеп талдау керек, өйткені олар кезекті шешімдерді дер кезінде қабылдауға және түзетулерді уақытында енгізуге мүмкіншілік береді. Бұл әрекеттер – нақты нәтижелерді жоспарлық нәтижелерге жақындату – бақылаудың басты және соңғы фазасының негізін құрайды. Бұл жерде жоспарларды түзететін және жаңа норма қайта құру процедурасын ойластырады.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді.
Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастыруға негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары ақпаратты жинап өңдейді, бұл ақпарат бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсатттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. ақпаратты жеткізеді.
Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы жауап беретін іс-әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.
Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса басшыға ешқандай ақпарат түспеу керек . Ауытқу бойынша басқару принципі басшының назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын белгілейтін бақылау ақпараты басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар қолануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және ”тар жерлерге” көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.Бөлімшенің және оның басшыларының жұмысына бақылау мақсаттық әдісіне негізделген. Бұл әдіс бойынша әр бөлімше, әр басшыға өз функциясына сай нақтылы және мақсат қойылады және сан мен сапалы көрсеткіштерінен тұратын жоспар бегітіледі.
Мақсатты әдіс бақылауда дәстүрлі тәжірибенің кемшіліктетін жоюға , оның ішінде адамдардың моральдік-психологиялық факторларын елемеуден айырады; ынталандыру факторы ретінде қызмет етеді, өйткені қызметкерлердің өзінің рөлін түсінгендіктен алдына қойылған мақсаттарды орындауға ат салысады.
Мақсат бойынша басқару әдістерінің негізгі қолдану проблемасы ретінде субъективизмді, мақсаттардың қойылымының дұрыс болмауын, өсу қарқынына негізделген жоспарлау тәжірибесінен аралу болып табылады. Әр түрлі қызметкерлер және бөлімшелер мақсатын салыстыруға болмайтындықтан, сапа жағынан айырмашылығы олардың қызметін дәл бағалау критериі ретінде пайдалануға көп кедергі туады.
1.2 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар теориялық негіздері
Экономикалық әдебиеттерде кіріс мен шығындарды тану, бағалау, есепке алу, талдау, жіктеуге арналған біршама зерттеулер кездеседі.
Шетелдік экономист ғалымдар Л.А.Бернстайн, Г.Мюллер, Х.Гернон, Г.Милк, Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл, Ж.Ришар, Т.Скоун, Р.Энтони, Дж.Рис және басқалары компаниялардың кіріс және шығысының әдістемелік сұрақтарын қамтитын әртүрлі елдердің есептеріне және есептемелеріне өздерінің еңбектерін арнады.
Кіріс мен шығындарды есепке алудың және талдаудың, жіктеу және бағалаудың әдістемелік негіздерін ұйымдастырудың мәселелері А.С.Бакаев, П.С.Безруких, К.М.Гарифуллин, В.Б.Ивашкевич, В.В.Ковалев, З.В.Кирьянова, Л.И.Куликова, М.И.Кутер, С.А.Николаева, В.Д.Новодворский, В.Ф.Палия, В.И.Петрова, М.В.Мельник, В.Г.Гетьман, Я.В.Соколов, А.А.Шапошников, А.Д.Шеремет және көптеген ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде жазылған.
Н.В.Пошерстник қатысушылардың салымдарын қоспағанда, ұйымдардың капиталының өсуіне әкелетін активтердің түсу және міндеттемелерді өтеудің қорытындысында экономикалық пайданың артуы ретіндегі ұйымдардың кірісын анықтайды. Ол ұйымдардың шығындарын активтардың шығып қалуы және міндеттемелердің пайда болуының қорытындысында экономи-калық пайдалардың төмендеуімен түсіндіреді [8, 29 б].
В.В.Ковалев кірісды қысқа мерзімді активтердің ережесі секілді өтімділігі жоғары ретінде түсіндірілетін ақша қаражатының және баламаларының ағымына тікелей және жанама айналымы ықтималдығында орнаған кірісмен түсіндіреді.
Шығындар - мерзім аралығында қаржы қорытындысын есептеу кезінде есеп беру мерзіміне жататын ақшалай бағалауда көрсетілген капиталға айналдырылмайтын және капиталдан айырылатын шығындар және есептелімдер [9, 167б].
В.К.Терехова кірісға мынадай түсінік береді: «кіріс – өнімдерді, тауарларды сатудан және орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулерден түскен ұйымдардың ақшалай түсімдері.
Шығындар дегеніміз өнімдерді дайындауға және сатуға, тауарларды дайындауға және сатып алуға, жұмыстардың орындалуларына байланысты шығындар болып табылады.
Экономикалық көзқарас бойынша, Г.Мюллердің анықтауына сәйкес, кәсіпкерлік кірісты бір жағынан, кәсіпорын шығынын бөлісудің қорытындысы ретінде, екінші жағынан кәсіпкерлік қабілеттерді танытқаны үшін сыйақы ретінде қарастыру қажет [10, 117 б].
Негізінен, кіріс мен шығындар қаржылық талдауды қалыптастыруға әсер етеді. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мағызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды:
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруа-шылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен көрсетіледі» деп жазады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлемқабілеттілігі, несиеқабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: кірістылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндады: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіш-термен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпкерлердің жұмыс істеуінен түскен кәсіпкерлік кіріс, көлеміне, алу әдістеріне, пайдалану бағыттары бойынша әртүрлі болып табылады. Осылайша, жеке меншік нысандары әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істеу капиталының және жеке меншік капиталының шектеулігіне байланысты кәсіпкерлік кірістың қалыптасуы да әр түрлі. Капиталдың меншігі біруақытта жеке өндірісі бар кәсіпкер ретінде көрінсе, кәсіпкерлік кіріс жоғарыда көрсетілген сызбанұсқа бойынша қалыптасады. Егер жеке меншік иесі немесе кәсіпкер әртүрлі тұлғалар болса, онда екі нұсқа да мүмкін болып табылады. Капиталдың иесі басқару, өндіріс және өткізу қызметін менеджерлеріне береді және олардың жалақыларын анықтайды. Кәсіпкердің кірісы капиталға жеке меншік монополиясы үшін төлем ретінде қабылданады. Менеджер капитал қызметін жүзеге асырады және кәсіпорынның қызметіне жауап береді. Капитал меншігі кәсіпкерге оның жеке ісін ұйымдастыру үшін белгілі бір пайызда (әдетте банктен жоғары) капиталын бере алады. Негізінен, аталған жағдайда кәсіпкерлік кіріс кәсіпкердің жеке мүддесін жүзеге асырудан жоғары тұрады. Аталған жағдайда ол өндірісті жүзеге асыруда, инновацияны енгізуде, жаңа өнімді өндіруде, фирманы басқару бойынша шешімдер қабылдауда және тәуекелге жауапкершілік ықыласын танытқаны үшін сыйақы түрінде көрінеді.
Кәсіпкерлік кіріс мыналардан тұрады:
- біріншіден, орташа пайда, яғни кәсіпкерге орташа сыйақы қызметтің аталған бағытының аясында оны тарту және ұстау үшін қажет. Орташа пайда фирманың ішкі шығындарына енеді. Егер орташа сыйақы фирманың тұрақтылығын қамтамасыз етпесе, онда кәсіпкер бизнестің пайдалырақ бағытына өзінің күшін жұмсайды немесе басқа фирмадағы еңбекақысы үшін кәсіпкерлік рөлінен бас тартады.
Бәсекеге қабілетті кәсіпкердің ұстанымы тұрғысынан, орташа пайда капиталға орташа қайтарымға және кәсіпкерлік қызметтің нормаларына байланысты болады. Экономикалық табиғаты жағынан пайда тауар немесе қызмет көрсету өндірісін таңдау құнын көрсетеді. Ол егер кәсіпкер басқа өндіріске өзінің жеке капиталын, өндіріс қаражатын, қабілеттерін салатын жағдайда алуы мүмкін алынбай қалған пайдадан кем болмауы қажет;
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері