Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 02:14, реферат
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.
Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттардда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдануөнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік (шаруашылық жүргізуші субъект); өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен өнім өндіру, жұмысты орындау, қызметтерді көрсету үшінқұрылады және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға құқықтарына ие болады, шаруашылық есеп принципінде әрекет етеді және өзінің құрлымында басқа заңды тұлға болмайды.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығына ие болады.Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшыоардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер , сондай – ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет , еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын Жеке , мемлекеттік ұжымдық немесе аралас меншіктегі , сондай – ақ қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін . Олар жекеше кәсіпорын, серіктес ( жарнапұлға негізделген серіктестік) , акционерлік қоғам , мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі пайда болды[2, 99 б.].
Жоспарлау.
Амарикандық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты функциясы функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау болып табылады. Жоғарыда аталған этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланыста болса, соғұрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір уақыт кезеңінде болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер:Сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасынлда дұлыс бөледі.Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты. Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады .
Жоспарлау мәні – кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін кәсіпорынның болашақ іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасыз ету, товарлардың жылдам өтуі, рынокқа ену, өнімдер сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті ырғақпен, бір қалыпта жүргізу.
Кәсіпорының басты мақсаты – белгіл бір пайда көлемін табу – ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады. Бұл үшін мақсаттар ағашын құрастыру әдісі қолданылуы мүмкін.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
Жоспарлау – тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жұмыс, өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндіктерді, проблемалар мен альтернативаны белгілеуде орасан қиындық кездеседі. Сонымен қатар нарықты экономикада коньюктура ұдайы құбылып тұрғандықтан жоспарларды түзету, оны дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата түседі.
Ұйым жоспарларының өзара байланысы. Ұйымның стратегиясын қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін қажетті іс- әрекеттердің жалпы жоспары ретінде анықтауға болады; ал мақсаттар – болашақ іс белсенділігінің қалаулы түпкі нәтижелері деп анықтауға болады. Ұйым стратегиясы қоршаған жағдайды және күтпеген жағдайды есепке ала отыпып, кәсіпорын қызметінің болашақ перспективаларын зерттеу нәтижесінде туады. Ол үшін іс-әрекеттердің ықтимал бағыттар диапазоны қарастырылып немесеәрі қарай тәптіштеп зерттеу үшін бірнеше вариантын белгілейді. Болашаққа бағытталған жоспардың негізгі баптарын қойыоған мақсаттарға сай, сыртқы және ішкі факторларға сүйеніп орнатады.
Қандай өнім шығару не қызмет көрсету керек екендігін анықтайды, кәсіпорын ресурстарын және бәсекелестер күшін есепке ала отырып, рыноктағы өзінің іс-әрекетінің бағытын қалыптастырады [4, 91 б.]
Ортақ немесе негізгі мақсаттар келесі түрде орнатылады. Жоғарғы басшылар әр бөлімше үшін бірнеше жылдық кезеңге алғы бастағы жалпы және таза табыс шамасының түрлі варианттарын ұсынады. Әр бөлімше әбден талқылағаннан кейін өздерінің ой-тұжырымдарының білдіреді, одан кейін оны штаб қызметкерлері мен тікелей басшылар алдын-ала дәйекті талқылайды. Сөйтіп, жалпы стратегияны жобалауға негіз салынады. Бекітілген мақсаттар кәсіпорын не оның болімшелері үшін өзгергенге дейін өз күшін сақтайды.
Стратегиялық жоспарды құру кезінде көптеп қабылданған шешімдер ішінде кәсіпорынның жалпы, басты мақсаттарын белгілеу маңызды орын алады. Қалған шешімдердің маңыздылығы төмендеу, олар ортақ мақсаттарды тиімді орындау үшін арналған.
Ұзақ мерзімді жоспарларға тән мына ерекшеліктерді атап өтуге болады:
Бүкіл кәсіпорынның стратегиялық жұмыстарын белгілеу жұмысты аяқталған соң, мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін олар, көрсеткіштер жинағы түрінде беріледі.
Бұл өндірістік кәсіпорындардың басқару жүйесінде қолданылатын іріктелген стандартты көрсеткіштер.
Тиімді жоспарлау жүйесін құрудың қажетті шарттарының бірі болып ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлардың өзара үйлесімдігі танылады. Ол үшін басқарушылардан жоспарлау пәнін тек түсініп қана қоймай, сонымен қатар жоспар жасауды жеңілдететін талдау құралдамасына ие болу, оны жаңартуға және іс жүзіне асыруға дайындық керек. Осы күнгі информациялық технологияны қолдану арқасында жоспар құрастыру дәрежесі өсуде және жан-жақты жобаларды тығыз үйлесуімен олардың орындалуын дәл бақылау үшін көп мүмкіндіктер туды.
Жоспарлаудың ұзіліссіздігі және икемділігі, жоспардың орындалу фазасы оның жобалану фазасының тікелей жалғасы деп қарастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Теория жоспардың орындалу мәселесін шешу үшін бір қатар тиімді ұйымдастырушылық әдістерді ұсынуда. Олардың бірі болып мақсат боынша басқару әдісін атауға болады.
Бұл әдіс бойынша кәсіпорынның ресми перспективалық жоспарымен сабақтасқан әр басқарушылардың жеке жоспарларын жасау арқылы жоспарлаудың үзіліссіздігі мен икемділігін қамтамасыз етеді. Басқарушы мен оның қол астындағы қызметкерлердің жоспарларын үйлестіретін прцедураларды тиісті түрде ұйымдастырылса ықылас, ынта өсіп ой-туу интенсивтілігі елеулі жоғарлайды. Мұнда әрдайым жоғары басшылар жағынан мұқият бақылауды және жеке жоспарларды үнемі қайта қарауды және уақытында қайта қарауды және уақытында қаралуды талап етеді.
Бұл процедуралар арнайы, болашаққа бейімделген кадрлар біліктілігін жоғарылату мен оларды тиімді қолдану бағдарламасымен толықтырылады. Мұндай мақсаттарды орындау процедуралары және қызметкерлердің мотивациялау бағдарламалары жоспарды жақсартуына және оның тиімді орындалуына өз себебін тигізеді.
Ұйымдастыру.
Кәсіпорын басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Адамдар топты әрекетесудің артықшылықтарын түсінгеннен кейін бері бұл мәселені шешуге әрдайым зейін аударып отырады. Басшылар ұйым құрылымын жобалау үшін белгілі бір теориялық негіздерге суйенулері қажет.
Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл процесс көмегімен жұмыстар мен өкілеттіктер құрылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі құрылымдардыңсалыстырмалы артықшылықтарын бағалай отырып шешім қабылданады. Ол бір ретте немесе бірте-бірте дамуы мүмкін, онымен бір басшы немесе басшылар тобы шұғылдануы мүмкін.
Құрылым кәсіпорын ішіндегі әр түрлі жұмыстар арасындағы біршама белгіленген арабайланыс қатарына жатады. Тұрақты арабайланыстар шешімдер қабылдау прцесінің нәтижесі болып табылады, ал соңғысы мынаны түсіндіреді:
Осы төрт мәселені шешудің нәтижесі болып кәсіпорын құрылымы болып табылады. Кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар дәл анықталып, бірыңғай бөлімдер және бақылаудың тарылған салалары мен орталықтанған өкілеттері анық болуы тиіс.
Ынталандыру.
Басқарушы үшінынталан ынталандыру қажеттілігі адамдардың дұрыс немесе теріс реакциясы пайда болуына байланысты мәселе. Егер де осы қойылған сұраққа жауап оң болса , өндіріс жоғарылайды, ал теріс болған жағдайда өндіріс іркіледі. Басқарушының тұрақты мақсаттарының бірі-өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып табылады. Тиімділікті өсірудің шегі бар, еңбек бірлігінің құндылығын үнемдеуге әлбір қызметкерге шаққандағы өнімді арттыру арқылы жетуге болады.
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері