Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 02:14, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

3,1.doc

— 267.67 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін  қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.

Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.

Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына  байланысты қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi  кіріс пен шығысына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.

Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi кәсіпорын кірісын анықтау өте маңызды орын алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: кіріс есебін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, кіріс және шығыстар есебінің оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндет-терін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, кіріс және шығыстар есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындарда сапалы ақпараттық жүйені тұрғызу арқылы кәсіпорынның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуді қарастыру, және кіріс пен шығысын тиімді пайдалану болып табылады.

Жұмыс барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойылды:

  1. басқарудың қажеттілігі мен мәні, мақсаттары мен міндеттері қарастыру:
  2. кірістер мен шығыстарды жіктеу:
  3. «Карлайт»  ЖШС-нің кәсіпорынның негізгі кірістер есебін талдау;
  4. кәсіпорынның кірістер мен шығыстар есебін жетілдіру жолдары:
  5. көрсеткіштердің есептелу жолдарын талдау;

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда жүргізілетін  кіріс пен шығысты оны талдау заңдық негіздерге сүйене отырып ұйымдастыру тәртібін жетілдіру.

Осыған орай, «Карлайт» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кіріс және шығыстар есебін жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.

Зерттеу пәні – кәсіпорындағы кіріс пен шығысын баскару.

Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацмяларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаналығы: жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша есеп саласының барлық қаржы жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды.

Сонымен қатар өндірістік кәсіпорнында  ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік базаны кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады. 

Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде кіріс тақырыбы, оның маңыздылығы, кәсіпорынның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.

Дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік  негіз болып Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, нормативтік-құқықтық актілер, кезеңдік баспа «Карлайт» ЖШС-нің материалдары және статистикалық жинақтың мәліметтері табылды.

Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының бүртүтас жүйесі пайда болды.

Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнән анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды .

Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.

Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.

Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар есепке қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша, онын жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады. 

Дипломдық жұмыстың құрамы кіріспеден,үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған  әдебиеттер тізімнен  және қосымшадаң тұрады.

Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі тәжірибелік құндылығы көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Бірінші тарауда, кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негіздерінен бастау алатындықтан бізде зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауын «Кірісжәне шығыстар есебінің теориялық негіздері» деп атап,  кіріс туралы жалпы түсінік бере отырып, оны  реттеу  механизмдерін қарастырамыз.

Екінші тарау «Кәсіпорынның кіріс және шығыстар есебін ұйымдастыру» деп аталады. Онда «Карлайт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мысалында негізгі қызметтен түскен  кіріс мен кәсіпорынның  пайдасы және  рентабельділігінің есебін ұйымдастырамыз.

Үшінші тарауда,кірістер анықталып кәсіпорынның кіріс есебі мен аудиті және оны жетілдіру жолдары қарастырылатын болғандықтан да бұл тарау «Кәсіпорын кірісын жетілдіру» деп аталады. Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері

 

1.1 Басқарудың  қажеттілігі мен мәні, мақсаттары  мен міндеттері

 

Басқарудың мәнің оның  іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару).

Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:

  1. басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
  2. басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.

Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацмяларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.

Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының бүртүтас жүйесі пайда болды.

Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының күрделі қисындастыруы деп атауға болады. Техникалы-технологиялық жүйе мен кәсіпорынның  әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін, ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспекиілерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процессінде адамдардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және т.с.с. зерттейді [1, 73 б.].

Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнән анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды .

Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.

Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.

Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері