Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................

1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................

2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................

3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жана жоспар.doc

— 740.50 Кб (Скачать документ)

Сыр-Дария облысындағы  оқу ісі білім қызметкерлерінің талпынысына орай белгілі бір  нәтижелерге алып келді [87,65-13].

 

Жылы

Орыс-түзем мектептерінің  саны

Оқитындар саны

1894

12

254

1908

34

1354

1911

54

2658


 

Өз қаражаттарына  қазақ мектептерін ашқыза отырып, мұсылман діни қызметкерлері өз халқын сауатты қылып көргісі келді. Олардың есебіне қожа Маман Тұрысбекті атауға болады. «Ол қазақтардың арасында данышпан санаған, өзі тірі кезінде өз халқынан ештенкесін аямаған». 1899 жылы Қалқабай Маманов және оның ұлдары Тұрысбек, Сейітбаттал, Есекөл Қапал жерінде зайырлы қазақ мектебін ашты. Ру ақсақалдарына олардың балаларының білім алуының қажет екендігін сендіре отырып, Мамановтар былай деген: «Діни, ұлттық, тілдік ерекшеліктеріне қарамастан, біз татарлармен, орыстармен және басқа да халықтармен бір аспан астында тұрамыз, бір бақшада, шуыдаған құстар жанында бір-бірімізді демей отырмыз». Мамановтардың зайырлы білімі туралы ойлары мақұлданды. Мектепте математикаға, физика, география, табиғаттану, тарих, туған тілі, араб және орыс тіліне үйретті. Сонымен қатар Құран кітабында оқытқан. Сол кездегі танымал «Қазақ» газеті және «Айқап» журналына жыл сайын атақты «Мамания» мектебіне ұстаздарды қабылдау туралы шақыру қағазын жазып, шығарып отырған. Осы шақыруға құлақ салып жұмыс жасауға келіскен: «Т.Мұсағалиев – Каир университетін тамамдаған, құқықтанушы, 8 тілді меңгерген, танымал демократ ағартушы , М.Мелдыбаев – танымал жазушы, публицист, демократ-ағартушы, ғалым және сол кездегі білімді басқа да азаматтар келген».

«Мамания» мектебінде оқушылар мен ұстаздардың саны жыл  арта өсіп отырды. 1899 жылдары 1920 жылдардағы дейінгі аралықта қаншалықты өскендігін жүйелеу қиынға түсті. Бірақ ьбізге жеткен мәліметтерден қарасақ, мұнда 60 адамға арналған интернат болған. Ал 1913 жылы бұл оқу орнында 102 оқушы оқыған.Бұл сандарға қарасақ Жетісу өлкесіндегі шынымен де бұл мектеп білім ошағы болған дегенге келеді. «Мамания» мектебінің ең үздік оқушылары Уфа, Орынбор, Троицк жерлеріне оқуға кеткен, осының негізінде «Мамания» және т.б. жергілікті мектепке ұстаздарды дайындау қарастырылды. «Маманияның үлгісі бойынша,ол мектепті тамамдаған оқушылар 4 жыл ішінде алыс ресей қалаларынан Маманиялардың қаржыларына оқып келіп, Жетісу жерінде мектеп ашқан. Солардың бірі – ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстан және Қарақалпақстан жерлерінде Жоғары оқу орындарының ұйымдастырушы және басшысы – Біләл Сүлеев. Бірнеше педагогикалық техникумдарды ашқан және соңында басқарған – Сұлтанбек Берсұғаров болды. Ол мына қалаларда: Қапал, Түрген және т.б. Олар бұл жерлерде басқа да ағартушылық салада өз үлестерін қосты.

Ағартушылық саласындағы  маманялықтардың қызметі жайлы  А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінде  былай деген: «дарынды балалардың ішінен олар Орынбор-қырғыз мектебіне бір немесе екі баланы оқуға жіберген. Олардың әр қайсысына 150 руб. Шәкіртақы тағайындаған. Оқушылардың жоғары білім алатын оқу орындарының ішіне медреселерде жатқызылған. Медреселердің мектептерден айырмашылығы, олар халық тығыз орналасқан жақта, қалаларда және мешіттердің ішінде жұмысын атқарған. Медреседе мұсылман мәденитеіне қызмет етушілер дайындалған. Медреседегі жұмысқа қатаң тексеріс ұйымдастырған, ол жерде оқу 20-30 жасқа дейін созылған. Осы кезеңде оқушылар төменгі, ортаңғы және жоғарғы курстарды тамамдауы қарастырылған. Бұл жерде оқытылатын пәндер: араб тілі, риторика, құдайтану, құқықтану және каллиграфия» [88].  

Оны өнер ғылымының  дәрежесіне көтерген. Ең үлкен мәнді  шығыс әдебиеттерінен және негізгі  шығармашылығы оқуға бұрған. Ал араб медреселерінде мына пәндер жүргізілген: мұсылмандық сенім, араб тілі ильми-тибие (медицина), ильми-икмет (физика), ильми-кимья (химия), ильми-жабадат (ботаника), ильми-куджум (астрономия), ильми-эндесе (геометрия) және алгебра.

Қазақ мектептерін тексеру барысында сол жерде сол кезде оқитындардың жағымды жақтары көрінді: түсіністік, жан-жақтылық, сөзге құлақ салу, мойынсыну, орындаушылық және жақсылыққа деген бұрмалаушылық.

Қазақ мектебіндегі оқытушыларға сол жердегі оқушыларды Ресейге деген оқыту керек деген бұйрықтары болған. Оқу барысында олар Императорға сүйіспеншіліктерін білдіргендерін атап өтеді. Не үшін деген сұраққа ол кісі сендердің ата-аналарының тыныштығын қадағалап, сендерге білім алуға мүмкіндік беріп отыр деген.

Қазақстан бойынша мектептермен медреселердің санын әр аймақ бойынша санау мүмкін емес еді, себебі нақты мәліметтер болмады. Сол кезеңде бұндай құжаттар жүргізілмейтін. Шенеуніктердің рұқсаттарынсыз ашылған қазақ мектептері саналмайтын. Жоғарыдан қазақ меткептері туралы сұраныс түссе олар «рұқсат» етілмеген деп сол мектепті де тізімге енгізетін. Сондай, 1910 ж Арасан облысы, Қапал уезі Жетісу облысында бір медресе рұқсатсыз жұмыс жасаған. Төрт мұғалімнің ішінен, Орынбор Діни жиналысында тек біреуінікі ғана жараған – Мұсағалиев Абдулғарпар. Облыстағы сегіз мектептен: рұқсатсыз ашылған, ал қалған үш мектепте оқытуға құқығы жоқ ұстаздар болған. Жоғарыда аталған мектептердің бірден-біреуінде орыс тілі оқытылмаған. Бұл да қазақ мектептерінің саналмауының бір себебі шығар. 1885 жылы бір ғана Түркістан өлкесінде 107 мектеп және 2 мелдресе саналды, онда 1058 оқушы саналды.

ХХ ғасырдың басында Жетісу және Сыр-Дария облысында 1913 мектеп болған, онда 22422 оқушы оқыған және 56 медреседе 13330 оқушы болған [87, 95-112].

 

Облыс

Сауатты ерлердің саны 1000-ға шаққанда

Сауатты әйелдердің саны 1000-ға шаққанда

Ортақ сауатты  адамдардың саны 1000-ға шаққанда

100 сауатты

ерлер саны

100 сауатты әйелдер  саны

Жетісу облысы, уездер

         

Вернен

50-ден 100-ге  дейін

25-тен 50-ге  дейін

50-ден 75-ке  дейін

80

20

Қапал

50-ден 100-ге  дейін

10-нан төмен

25-тен 50-ге  дейін

89

11

Лепсі

50-ден 100-ге  дейін

10-нан 25-ке  дейін

25-тен 50-ге  дейін

82

18


 

 «Сыр-Дария облысындағы өзгелердің білімі туралы жарғыдағы тарихи очеркте» 1894 жылы былай деп айтылған: «Жалпы білім берілетін орындардағы білім қаншалықты әлсіз болса да, олар өз нәтижелерін беріп отырған». Халық арасында қазақ мектептерінің өзіндік танымалдығы болды.

Оқушыларға  алғашқы білімді беру барысында  мектептерде өз қисынсыз жақтары  да болды. Мектептегі сияқты медреселерде де білім алу жалпы жүргізілді. Мұсылмандар арасында білім алудың жаңа жүйесі орнатылған.

Мұсылман мектептеріндегі  шыныменде атақты реформатор ағартушы жазушы, танымал түркітілдік газетінің  «Турджулан» (аудармашы), кырым-татарларынан шыққан Исламбек Гаспринский болды. И.Гаспринскийдің жүйесін орыс қоғамында талқыға салды. И.Госпринскийдің жүйесі туралы танымал орыстандырушы Н.И. Ильминский былай деген: «Бахшысарайда Гаспринский бір ғана мақсатты көздеуші: 1-ден – мұсылмандар, Ресей империясына бағынушылар, мұсылман негізіндегі европалық ағартушылықты тарату; 2-ден барлық миллиондағанәр түрлі және әр тілдегі мұсылман халқын бір орталыққа бас қостыру». Бұл жүйе әрине де, орыстандыру саясатына қарсы жүргізілген. И.Гаспринский өзінің жақтастарымен молдаларды көндірді.

И.Гаспринский өз жүйесінде  негізгі үш мәселені алды:

1) Мұсылман қауымын ағартушылық  реформалардың жүргізу арқылы  модернизациялау; 

2) Мұсылман түркі халқының діни және саяси бірігуі;

3) Түркі халықтарының  Ресеймен қарым-қатынас жүргізу формасы.

1884 жылы ол европалық  дыбыс жүйесі арқылы кітапша  ойлап шығарды. Жаңа әдістерді  И.Гаспринский терең қарастыра  отырып, ол 40 күнде оқушыларды –  жазуға, оқуға, сонымен қатар Құранның  сүрелерін, арифметика, география  және ислам тарихын оқыту мүмкін екендігін дәлелдеді.

И.Гаспринскийдің жеңілдетіп оқыту жүйесі, ХІХ ғасырдың аяғымен  ХХ ғасырдың басында Ресейдегі түркі  халықтары арасында кең танылды. Ол Қазалы, Перовск, Верный, Ташкент, Семей, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Орал, және Қазақстанның басқа қалаларында жүргізілді [87,115-123].

Ағартушылық сипатта  жүргізілген жәдидтік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға  алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік  патша үкіметіне қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы сақталып келген оқу тәрбие жұмыстарының жүйесін қайта құруды ұсынып, ілгершіл бағы ұстанды. «Жаңа әдістегі» мектеп медреселердің дамуына татарлар ұлттық буржуазиясы ықпал жасады. Олар мешіт шіркеулерге қызметкерлер дайындауға емес, керісінше капиталистік қатынастардың енді енді дамып келе жатқан шағын өнеркісіп және сауда жұмысшыларының пайда болуына, дамуына қызығулық білдірді. Мәселен татар көпестерінің бірі Ахмед-бей Хусаин осындай мақсатпен өз қаржысына Орынборда «жаңа әдістегі медресе» салғызды. «Жаңа әдістегі» мектептердің пайда болуымен, әрине хадими (ескіше) мектептер бірден жабылған жоқ, олар «жаңа әдістегі» мектептермен қатар жұмыс істеді. Осындай жағдай 1917 жылы қазан айына дейін сақаталып, кейін барлық мектеп медреселер кеңестік жүйеге көшірілді [Сабитов Н. Мектебы и медресе у казахов.- Алматы., 1950. 26-30].

Қазақ даласын  да Исмаил бейдің жаңашылдық бастамасын жүзеге асырған «Азия тынысын, түркі  әлемін терең білетін» Ахмет Байтұрсынов сынды ғұлама еді. Ол өзі жазған «Төте жазу әліпппесі» арқылы жәдидтік идеяларды насихаттаған «Қазақ» газетін дүниеге әкелді. И. Гаспралы мен А. Байтұрсынның бастамасын Ә. Бөкейхан, М.Шоқай, М. Дулат, Ғ. Қараш, М. Сердалин, М. Жұмабай, М. Әубекір, М. Кәшімов сияқты қазақ ұлтшылдары қолдау көрсетті [Абуев К.К. Науан Хазірет. Көкше Арыстары. Көкшетау 2001., 13].

1874 жылы үкіметтің  шешімімен оқу – тәрбие ісі  мұсылман діни мекемелер құзырынан  алынып, отарлық әкімшілік қарауына  берілді. Патша үкіметінің арнайы  шешімімен жергілікті әкімшіліктің  рұқсатынсыз ауылдық мұсылман  мектептері мен қалалық мектеп-интернаттарды ашуға қатаң тиым салынды. Қазақ мектептерінің көпшілігі жасырын жұмыс істеді.

Жәдидшілдікте ең басты орынды ескі мұсылман мектептеріне реформа жасау мәселесі алды. Жәдидтік реформасы – бұл Ислам аясындағы  мұсылман мектептерінің қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша реформасы болып табылады. Жәдидтердің бағдарламасы мектептер мен медреселерді толықтай жаңартуға емес, керісінше ислам өркениеті мен әлемдік даму тенденцияларынан шыға отырып, мектептер мен медреселердің эволюциялық, кезең – кезеңімен ғылыми реформалауға негізделді.

Жәдидтік мектепті толықтай светтік мектеп ретінде  тануға болмайды. Ол негізінен болашақ  адамзатқа қатысты өзекті светтік  және рухани білімнің синтезінің нақты  көрінісі болып табылады. Шариғатты ұстану мен зерттеу мәселесі, араб тілін меңгеру аңызды орынды иеленіп, араб алфавиті қатаң сақталынды.

Мектеп және медреселерде өте ертеде және И.Гаспринскийдің жаңа әдісінің енгізілуімен, оқушыларды жазуға және оқытуға үйретті. Қарапайым  тәрбие нормаларын сақтауға шақырды. Өте талантты және дарынды балалар ары қарай Бұқар, Самарқанд, Уфа медреселерінде білімдерін тереңдетіп, тіпті алыс араб елдерінде оқып, ірі жазушылар, ғалымдар және ақындар болып танылған. Олардың қатарына мынадай танымал адамдардың есімдерін жатқызамыз: Әбу Насыр әл Фараби, Ахмед Яссауи, ал-Мұхаммед Хайдар, Жүсіп Баласағұн және т.б.

Отарлаушы билікке  ең үлкен үрей туғызған мәселе, ол ХІХ  ғасырдың басындағы Түркістан өлкесінің  Сыр-Дария облысындағы Уфадағы  жас татарлар, жаңа жүйемін қамтамасыз етілген. Олар өздерінің жазғы демалыс уақыттарында келіп қазақ үйлерінде мектептер ашып отырған. Жергілікті биліктің рұқсатынсыз оқытушылар жүргізілді, олардың атап өткендей орыс мемлекеттерінің мүддесінде жасалмағандықтан тиым салынған болатын. Оқудығ ақшасының қымбаттығына қарамастан көптеген қазақ балалары сол мектептерге барған.

Кейін жүрген ұстаздарының беделінің жоғары болғандығы соншалық олармен бірге Уфаға, қазақ балалары «Ғалия» медресесінде білім алып, білімдерін жетіктіріп келген.

1891 жылы Ахмет және Ғани Хусаиновтар Орынборда «Хусейния» медресесін агты.

Қожа Т.Мамановтың аталған мектептермен шектелмеді. Ағартушылық  саласында олардың жалғасы бай  Маман Есенқұловтың басшыларымен «Мамания» медресесі ашылды. 1903-1094 жылдары оның ашылуына байланысты той жасалды.

Түркістан өлкесінде 1870 жылы заң негізіне байланысты халық  училищелерінің инспекторларының жобаларымен  жосалған. Бұл шараларға халық  ешқандай қарсылықсыз қабылдады. Жаңа орта мектептерінде тек орыс тіліндегі  сабақ жүргізілді.

Сыр-Дария облысының халық училищелерінің директоры С.Граменицкий, өзінің өзгелерге білім беру комиссиясының баяндамасында 1907 жылы 1 қазанда, онда ол өзге-мұсылмандар мектептері үшін жасалған Н.И.Ильминскийдің жүйесін қолдану туралы сұрақты көтереді. Бұл жүйенің негізгі «өзге-христиан балаларының өз тілінде білім алуы, орыс транскрипциясының қосылуымен,өзгелердің балалары араб тілін білмеуі қажет және араб тілінде оқылмауы қажет». Сөз соңында С.Граменицкий былай деді: «Ильминскийді өзге-мұсылмандарға ешбір сәйкес келмейтіндігін атап өтті. Керісінше ол қазақтарды еш қорқынышсыз, әртүрлі айламен өз орыс тілдеріне шақыртуға жұмыс жасалмақ болды». Сондықтан ол былай дейді: «Түркістан өлкесінде біз өзге білімді енгізуді ақырын және жан-жақты талқыланған түрінде енгізуге тырысудамыз, халық діни және тұрмыстық заттарға қарсылықсыз қарауға көндіріп, орыс-түзем училищелерінен осының  шығу жолын іздеудеміз»-делінген [3,112-118].

Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы