Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................

1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................

2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................

3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жана жоспар.doc

— 740.50 Кб (Скачать документ)

4. Мүфтилер, қазилар,  ислам шейхтары, муаззиндер (азаншылар — Ә.Д.) мен басқа лауазым иелерін халық сайлап, оларды әкімшілік емес, “Діни жиын” бекітеді. Діни білімі жоқ адамдар бұл лауазымдарға қызметтері сәйкес келген жағдайда сайлана алады;

5. Құлшылық үйлерін  — мешіттерді салу мен жөндеуден  өткізу тек “Діни жиынның”  шешімімен атқарылады. Сондай-ақ ол шешім Ресей империясының орталық губерниялары мұсылмандары үшін қабылданған ережеге сәйкес болуы қажет;

6. Ресейдің “Мұсылмандық  ағарту қоғамы” қабылдаған бағдарламалар  мен жобалар Түркістан өлкесінде  де қабылдануы тиіс;

7. Ислам дін  кадрларын даярлау ислами орта оқу орындарында — медреселерде жүргізілген реформаларды ескере отырып жүргізілуі керек. Қажет жағдайда жаңа медреселер салынуы да мүмкін;

8. Мектептерді  реформалау үшін қаржы көздерін табу. Осыған орай Түркістан “Діни жиыны” жанынан қаржы істерін басқаратын бөлімдер ашу қажеттілігі туындайды;

9. Қаржыландыруды  талап ететін мектептер мен медреселердің тізімін жасау;

10. Жетісу мұсылмандарының  бес ұлттан тұратынын ескеру  керек. Мемлекеттік Думаға Жетісу өлкесі мұсылмандарынан бес депутатты: қарақырғыз, тараншылар, сарттар және татарлардан жіберу қарастырылсын. Егер үкімет үш депутаттан артық жібермесе, онда бұл құқық қарақырғыз, тараншы және қырғыз-қайсақтарға беріледі (патша әкімшілігі қазақ ұлтын қырғыз-қайсақтар деп атаған);

11. Аталған он  бап сенімді өкілдермен бекітілсін: Мударрис Мұхаммед Заһир Вагапов, Зайнетдин Тазетдинов, Ахметбек Қойбағаров, Мірқасым Міртанов, Әкпар Юлдашев. Сонымен қатар “Діни жиын” қалалар мен облыстық сауда орындарында кітапханалар ашуға, сондай-ақ Пішпек пен Тоқмақ қалаларында мұсылман ұстаз-мұғалімдердің съезін ашуға кепілдік берсін.

Осылайша Жетісу өлкесіндегі төрт миллион мұсылманның мұқтаж мәселелері Верныйда өткен мұсылмандардың бірінші съезі шеңберінде қаралды.

Бір байқағанымыз — съездің Жетісу өлкесі мұсылмандарының діни басқармасын құруға батылы бармаған немесе оны олар жоспарламаған, яки оған патшалық үкімет рұқсат етпеген. Сол себепті де олар өз ұйымдарын “Діни жиын” деп атаумен шектелген сияқты. Туындайтын барлық мәселені олар осы “Діни жиын” аясында қарастыратын болған. Әйтсе де мұрағат көздерінде Жетісу мұсылмандарының бұл “Діни жиын” ұйым ғұмырының қаншалықты ұзақ болғаны жайлы деректерді кездестіре алмадық.

“Діни құрылтай”, “діни жиын” дегеннен шығады, осы орайда Ресейде құрылып, біраз жыл ғұмыр кешкен, Жетісу өлкесі болмаса да, Қазақстанның өзге өңірлері мұсылмандарына тікелей қатысы болған “Орынбор мүфтилігі” жайлы да айта кеткен жөн сияқты.

“Орынбор мүфтилігі  — Ресей империясындағы мұсылмандық діни  басқарма еді. 1788 жылы 22 қыркүйекте Екатерина ІІ-нің жарлығына сәйкес Уфа қаласында ашылды. Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен Орынбор мүфтилігінің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қаласында құрылған діни басқарма 1797 жылдан Орынбор мүфтилігі деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орталығы Орынбор қаласы болғандықтан, 1798 жылы діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қаласына қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның Орынбор мүфтилігі деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қарату шаралары 1789 жылы жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қаласына келіп, сол жердегі жергілікті халық ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін Орынбор мүфтилігіне қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қаратудың алғашқы қадамы еді. Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына Орынбор мүфтилігінің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 жылы Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар Мұхамеджан Қазиев, 1802 жылы Бөкей Ордасына Жүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 жылы Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. Орынбор мүфтилігі қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. ХІХ ғасырдың екінші ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. Орынбор мүфтилігінің қарамағында ХVІІІ ғасырдың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 жылы 3600 дана, 1806 жылы 1500 дана, 1853 жылы 82 мың дана Құранды баспадан шығарды.

1807 жылы Орынбор  мүфтилігі билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губерниялық әкімшілікке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда өтініштері аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. 1867-1868 жылдары өткен саяси әкімшілік реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орталық билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері Орынбор мүфтилігі құрамынан шығып қалды. Орынбор мүфтилігінен өздерінің діни істерін шығарылып тасталуы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды Орынбор мүфтилігіне қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 жылы Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 жылы Қызылжарда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімшілік қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 жылы жолдаған Қарқаралы құзырхатында қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері Орынбор мүфтилігіне қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 жылы өлкеде Кеңес үкіметінің орнауымен Орынбор мүфтилігінің қызметі тоқтатылды”. (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы, 2006, 7-том, 205-бет).

Сонымен Верныйда өткен Жетісу өлкесі мұсылмандарының І съезінің шешімдері мен қарарларының қалай орындалғаны туралы, өкінішке орай, қолымызда деректер жоқ. Әйтсе де патшалық Ресейге бодан болған кездің өзінде ел қамын ойлаған абзал азаматтарымыздың ынтымақ, бірлікпен діннің де қамын ойлап, осыншалық қызмет атқаруы сүйсінерлік іс, қалай мақтаса да, қандай құрметке де лайық деп ойлаймыз.

Енді Жетісу өлкесі Верный уезіндегі Алла үйлерінің  сол кездегі жағдайы жайлы  да сөз ете кетейік. 

Верный уезі мешіттеріне  қатысты құжаттар да Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған. Жекелеген мұрағат материалдары мұсылмандардың құлшылық орындарының қызметін бағалауда сандық және басқа да көрсеткіштердің барлығын көрсетеді.

Мұрағат дерек  көздеріне сәйкес Верныйда жеті мешітте  жеті имам қызмет еткен. “Бір мешіт жылына жалға берілген үш сауда орындарынан түскен үш жүз елу соммен, қалғандары келушілердің берген қайыр-садақаларынан кіріс тауып отырған” (Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қор №44, Тізбе 2, іс №258/8). Верный уезінде жамағаттың қайыр-садақасына қаржыланған екі күмбезді мешіт пен жүз төрт намазхана келушілер түсімінен, ал Жаркент уезінде бір күмбезді мешіт пен елу үш намазхана осындай әдіспен қаржыландырылған. Лепсіде бір күмбезді мешіт болған. 1907 жылы Верный уезінің мына өңірлерінде: Зайцевта (елді мекен, кент, мешіт аттары әрі қарай сол кездегі атымен беріліп отыр — Ә.Д.) — 3; Толыбай болысында — 26; Қазалыда — 48; Талғарда — 3; Қаскелең станицасында — 1 намазхана бар-ды.

Жамағаттың  қайыр-садақасына күн көрген Верныйдағы Татар слободкасындағы мешітте бір имам; Лепсі мен Торговая көшелерінің бұрышындағы Татар тас мешітінде 1 имам болды. Ол да бір жағынан жамағат садақасымен, енді бір жағынан мешіт жанындағы сауда орындарын жалға беруден түсетін 350 соммен қаржыландырылды. Старокладбищенская мен Гостинодворская көшелері қиылысындағы Сарт тас мешітінде 1 имам болды, ол да басқа мешіттердей күн кешті. Ұзынағаш және Балқаш көшелері түйіскен жеріндегі Тараншы мешіті, Дұнған мен Торговая көшелері бұрышындағы құлжалықтар баратын Дұнған мешіті, тоқмақтықтар намаз оқитын Дұнған мешіттері де 1 имамнан ұстады. 

ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы жер үшін талас қазақ қоғамы арасында христиан дінін таратушылар үшін біршама  қолайлы жағдай туғызып берді.

      Жерге орналастыру және егіншілік  бас  басқармасы бұл ұсынысты  қолдап, мұндай шаралар қазақтардың  христиан дініне өтуін қамтамасыз  ету үшін ғана емес, сонымен  бірге оларды орыс мемлекеттік   идеясы мен орыс мәдениетіне  тарту үшін, түбінде орыстарға  сіңіріп жіберу үшін керек деп тапқан еді [88,  77 б.].

      Үкімет орындары қазақ  облыстарында  христиан дінінің жағдайын нығайта  түсу мақсатында Шіркеу, монастырь,  приходтар салу үшін жер және  қаржы бөліп отырды.

      Біз әңгімелеп отырған кезеңде  қазақ жерінде христиан дінін насихаттаушы  миссионерлік  жұмыс та кең өріс алды. Қазан, Ташкент, Орынбор, Омбы сияқты  қалалар бұл мазмұндағы істің бағыт беруші  орталықтары   болды. 1901 жылы 11 қарашада Верный қаласында ресми түрде миссионерлік епархиалдық комитет құрылып, оған қаланың бас көтерер шенеуніктері мен әскери адамдары, көпестер кірді. Протерей А.И. Мокаровтың сөзімен айтқанда: “Біз ұстазбыз, олар (қазақтар-шәкірттер)” деп түсінген миссионерлер 1860-1917 жылдар аралығында қазақ тілінде “православие” дінінің 72 кітабын аударып  бастырып таратқан  [88, 78 б.].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшаның бекітуімен Ресейде  православиелік шіркеу бауырластықтары (братство) қызмет ете бастады. Олар православие шіркеулерін керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін қажет болды. Осындай бауырластықтар қазақтардың арасында да ашыла басталды. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстанда 1869 жылы Түркістандық Епархиялық Қазан-Богородич бауырластығы, кейін Жетісулық деп өзгертілген бауырластық ашылған болатын. Түркістан епархиясында, облыстарды қосқанда: Жетісу, Сыр-Дария, Самарқанд және Әму-Дария бөлімдерінде 150000 православие халқы және 3,5 млн. артық түзем халқы саналды. Ал негізгі бауырластықтың мүшелері: бауырлас ерлер және әйелдер саны – 400 адам деп есептелді.

Жетісулық бауырластық өзінің басты мақсатынан басқа да Түркістан өлкесінде мқсылмандыққа қарсы бауырластықтардың ашылып, оның ары қарайғы дамуын көздеген еді. Бауырластықтарда өзгелердің тілінде жазылған кітаптарда баысылып шығарылды. Түркістан бауырластықтарында қазақ тіліндегі кітаптар да болған.

1899 жылы мамырда  Православие Дінін насихаттаушы  қоғамының төрағасы, Мәскеу Митрополиті  Жоғары ағартушы Владимир Түркістан  Епископы Аркадийға Жетісу облысындағы  өзге дінді насихаттау жұмысның  өз дәрежесінде болмай жатқандығы  туралы айтып, өзінің көңілінің толмайтынын жеткізген. Түркістан Епископы Жетісу облысының әскери губернаторына хат жібереді, онда: «Өзге дінді насихаттаушы қоғамының басшылығын өзіңіз қолына алыңыз деген мәлімдемесін жібереді».

Ислам дінінің  таралуымен жазу, мәдениет, ғылым дамиды. Бұл жағдайды православие дінін жақтаушылар жоққа шығарғысы келді. Түркістан өлкесінің әкімшілік басқармасының бір шенеунігі Н.Дингельштедт «мұсылман әлемі» туралы жазбасында өзінің ислам дінін бақылағандағы шешімдерімен бөліседі. Қорытындысында ол былай деп жазған: «Мен жарықтың шығыстан келетініне мүлдем сенбеймін, әсіресе біздің орыс шығысынан келетінінен және менің ойымша жарық ол жерден емес, ол жерге келу керек және ол батыстан келеді дегім келеді».

Мұсылман діні өзге де әлем діндері сияқты өзінің қасиетті кітабын атап өтеді. Ол Құран кітабы. Ол қасиетті мұсылман кітабымен танысу үшін оны араб-мұсылман тілінен аудару керек болды. Оны 1716 жылы І Петр бұйрығымен танымал еңбегі сіңген қайраткер П.Постников аударған. Бұл аударма толық емес еді, себебі оны француздың Дю Рие (1647 ж.) аудармасынан аударған еді. Ал 1792 жылы А.В.Колмаков (СПб. 1792) ағылшын ғалымы Дж.Сэлдің аудармасынан аударған болатын.ХІХ ғасырдың екінші жартысында К.Николаевтың француз ориенталистң А.Б.Биберстайн-Казимирскиден аударған аудармасы танымал болады. Ол ХХ ғасырдың басына дейін қолданылған болатын.

1911 жылы Түркістан  өлкесінің генерал-губернаторының  атына иудей дініндегі Зумердің  мұсылмандыққа өтуге рұқсаты  туралы өтініші жазылған. Басқа  құжатта Сыр-Дария басшылығына шаруа Никифор Слободиннің православиеден мұсылмандыққа жалпы отбасысының саны – 7 адамның өтуін сұраған.

1905 жылы 17 сәуірде  «дін бостандығы» аталатын патша  жарлығы шығады. Осы жарлықтан  кейін басқа дінге өтушілердің  саны артып кетті. Түркістан Ташкент Епископының рапорты бойынша 1907 жылы Түркістанда «500-ге жуық орыс қыздары исламға бет бұрды». Бәрінен негізгі мәселе ол қарапайым халықтан басқа, шіркеу қызметкерлерінің де өз қызметтерін тастап, ислам дініне бет бұруы болды.

Түркістан генерал-губернаторы С.Духовскийдің «Түркістандағы Ислам» баяндамасында шеенуніктердің исламда қауіптің бар екендерін көргендері туралы айтылған.

1899 жылы 7 қаңтардағы  Түркістан өлкесіне қатысты шыққан  бұйрық бойынша, генрал-губернатордың  көмекшісі генерал-лейтенант Ивановтың көмегімен өлкеде мұсылман дінін басқару мекемесінің ашылуына өз үлесін тигізді. 1906 жылы жалпы мұсылман съезді өтті. Оған Түркістан өлкесінен мұсылман дінін жақтаушылар өкілі қатысты.

Патша билігі қазақтарды, қырғыздарды, өзбектерді, түркмендерді бір орталықтанған Түркістан өлкесіне біріктіру арқылы олардың өзара бірігіп, күштерінің өсуіне түрткі жасады. Тұрғылықты халық патша өкіметінің жасап отырған қиындықтарын өз көздерімен көре отырып ондай азғындыққа шыдамыды. Олардың отаршылық билікке деген бірдей мақсаттары, міндеттері, жолдары қалыптасты. Қазақтардағы сияқты ТҮркістан өлкесін мекендеген өзге ұлт өкілдерінің өз іштерінен де орыс империясына қарсы шығу жолдары қарастырылып жатты.

Қазақстанда  даласында орыс православие шіркеулерінің  қызметтері қазақтардың этникалық ерекшеліктерінің жоғалуына алып келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы