Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................

1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................

2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................

3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жана жоспар.doc

— 740.50 Кб (Скачать документ)

 Орыс православие  шіркеулерінің қызметкерлерін әр  түрлі мекемелерде кездестіруге болатын: мектептен бастап түрмелерге дейін. Соның бірі Вернен түрмесінің ішінде орыс шіркеулері орналастырылып, онда «құдайдың» аты аталған. Сонымен қатар олар өзге тумаларды да шынайы жолға итермелеу арқылы, солардың ішінен орыс правослаыие шіркеулеріне барушылардың саны артты. Сонымен қатар олардың көбісі христиан дінін қабылдап жатқан болатын. Осындай мәліметтерге дәлел ретінде Вернен түрмесінде Торғай болыстығының қырғызы Алпысбай Мергенбаев Александр Мергенбаев аталып, 1890 жылы осы атымен туу туралы куәлігін алды [87,146-153].

Шіркеу қызметкерлері  өз уағыздарын тек түрмелерде емес, сонымен қатар ауруханаларда  да таратқан болатын. Шіркеулерді сала отырып, орыс патшалығы және орыс шіркеу қызметкерлері тек бір ғана мақсатты көздеген болатын – ол қазақ халқын орыстандыру, оларды шіркеулерге тарту, православие дінін қабылдату болды.

1872 жылы Түркістан  діни консисториясына шіркеу  қызметкерінің мас болып, қызметін  атқарып балағат сөздер сөйлеген  деген арыздар түседі. Енді осы  мәселелердің қаншалықты шынайы  екенін көру үшін бұл өңірлерге барлаушыларды жібереді. Арыздардың шын екеніне  олардың көздері жетеді, сонымен қоса басқа да шынайылықтарды көреді. 1875 жылғы 11 наурыздағы Сыр-Дария облысына барған кездерінде Түркістан және Ташкент Епископы: «бұл жерлердегі дін қызметкерлерінің өздерінің жарғысынан шығып кеткендігіне көз жеткізеді. Шіркеу қызметкерлерінің көбісі өздерінің негізгі атқаратын қызметтерін білмеді, күнде мас,өздерінің лауазымдарына сәйкес емес екендіктерін көреді».  Ол сонымен қатар бірнеше жерлерді аралап, мектептерге жолығып соның ішінде Аулие-Атадағы бүкіл 5000 орыстың 300-нен ғана қол жинап шыға алады.

1872 жылы Түркістап  епархиясы өзі жеке бөлініп  шықты, Ал бұған дейін ол  Томск епархиясының мүшесінде  қарастырылып, олар өздерінің есебін  сол жақа тапсыратын.

Ислам, мұсылмандық – әлемдік діндердің бірі болып табылады. Ресейдегі исламға сыйынатын мұсылмандардың саны ХХ ғасырдың басында 25 млн. жуық болды, оның ішінде бірінші орында қазақтар тұрды  – 3236394, екінші орынды өзбектер алды – 2037240, үшінші орын тәжіктерге тиесілі болды – 1428000 [87,65-74].

Ислам дінінің  ең бір дамыған жерлері ол Орта Азия және Татарстан болды. Бұқара, Самарқан, Казань ислам дінінің негізгі  ошақтары болып табылады, сонымен  қоса осы қалаларда өте көп  дамыған болып табылады. Қазақ  даласындағы мектептерде мұсылмандық сенімге жол бермеу мақсатында орыстар тарапынан түрлі айлалар ойластырыла басталды. Олар қазақ халықының мұсылмандық мерекелерінен тек рамазан айы мен құрбан айтты тойлатқызды. Көбіне өздерінің христиан діндеріне тән мерекелер қазаұтар арасында тойланды. Тіпті кей кездері қазақ балалары оқитын мектептерде қазақтардың мұсылмандық мерекелерін алып тастап, өздерінің мерекелерін тойлатқызды.

ХХ ғасыр  басында құрамында Қазақстан да бар Ресей империясындағы жағдай елеулі өзгеріске ұшырады. Көптеген халықтардың, соның ішінде орыстардың да “түрмесіне” айналған, іріп-шіріген патша билігі өзінің қабілетсіздігін танытты. Ұлан-байтақ аймақты алып жатқан алып империя алақандай ғана ел – Жапониядан ойсырай жеңілді. Бұл әскери күйреу Ресей халқының жаппай наразылығын туғызды.

Наразылық империя  орталығы һәм оның шеткі аймақтарын да қамтыды. 1905 жылғы көтеріліс монархиялы тәртіпке елеулі қатер туғызды. Төңкерісшіл көңіл-күйдің өрши түсуінен қаймыққан патша үкіметі оларды алдарқату үшін бірқатар жеңілдік жасауға қадам жасады. Соның нәтижесінде орыс халқымен қатар империяның шеткі аймақтарының аз санды ұлттары мен ұлыстары біршама бостандыққа қол жеткізді.

Қазақстандағы шенеунікшіл аппарат та жұмсарды. Сол жасалған жеңілдіктің бірі дінге  де қатысты еді. Патшаға қарсы толқудың күш алуынан қаймыққан шенеуніктер Исламға қарсы іс-әрекеттерден уақытша тартынуға мәжбүр болды.

Отаршылдар  қазақтар арасында мұсылман мәдениетінің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын  түсінді. Осы себептен де (ізгі ниеттен  емес) ақылдаса келіп, губерниялық құрылым аясында Қазақстандағы Исламның маңызын мойындауға еріксіз көнді. Соның нәтижесінде Алматы (сол кездегі Верный) қаласында Жетісу мұсылмандарының тұңғыш құрылтайын өткізуге рұқсат етті.

Құрылтайдың өткізілуін губерния шенеуніктері барынша қадағалады. Қазақстан Республикасының Орталық мұрағат қорында осы аталған іс-шараны өткізуге қатысты материалдар сақталған. Жаркент уезі бастығының міндетін уақытша атқарушының Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған рапортында: “Жоғары мәртебелім! Теміршиев 23 наурыздағы Жетісу облысы мұсылмандарының құрылтайына қатысу үшін Верный қаласына жүріп кетті”, — деп атап көрсетілген (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты. Қор №44, тізбе №2, іс №2495).

Түркістан генерал-губернаторы  кеңсесінің құжаттары да көңіл аударарлық. Бұл дерек көздерінде аймақ мұсылмандарының қызметі мұқият реттелген. Жетісу шенеуніктерінің нұсқаулары құрылтай өткізу барысында ескерілгендігі даусыз. Соның ішінде император Николайдың ІІ министрлер комитетінің Журналын бекіту жөніндегі 1904 жылғы 17 сәуірдегі жарлығы мен өзге ұлттар мен өзге діндегілердің мәселелері жөніндегі 1904 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығына да назар аудармау мүмкін емес.

Жоғарыда аталғандай, министрлер комитеті 1904 жылғы 12 желтоқсандағы император жарлығының 6-бабының орындалу тәртібі туралы 1905 жылғы 22 ақпан мен 1 наурыздағы ерекше Журналында былайша қаулы етті: 

“Мемлекеттік  кеңеске құрмет ретінде ведомствоның алдын-ала келісімінсіз діни төзімділік туралы Министрлер Комитеті жобалаған төтенше мәжіліске осы журналдағы түсініктер негізінде төмендегідей мәселелер мен алдын ала түзілген заң жобалары дайындалып берілсін:

1) өзге діндегілердің  құлшылық үйлерінің ғимараттары туралы;

2) мұсылман дінбасыларын  сайлау және тағайындау тәртібі туралы;

3) исламның кейбір басшыларын запастан әскерге шақырудан босату туралы”.

Жетісу мұсылмандарының  алғашқы құрылтайының материалдарынан  белгілі болғанындай, бірінші және екінші мәселелер мәжілістің барысына тікелей қатысты болды. Бұл екеуінен өзге баптары басқа да жағдайларға әсер етті. Мысалы, №4 бап. Бұл бап діни мектептер мен медреселер ашу тәртібін қарастыратын еді. №5 бапта Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары қазақтарына ерекше діни басқарма құру туралы айтылды.

Келтірілген №5 бапта ХХ ғасыр басындағы патша әкімшілігінің мұсылмандыққа қатысты саясаты айқын көрініс тапқан. Аталған баптарды алдын-ала қарап шешу Түркістан генерал-губернаторлығындағы жергілікті мұсылмандардың мүддесіне белгілі бір дәрежеде қатысты еді. Патша үкіметі Түркістан өлкесін бағындырғаннан кейін оны басқаруды басқа аймақтардағыдай жалпы қағидалар бойынша жүргізді. Тек қажеттілік туғанда ғана жергілікті жағдайға орай қосымша ережелер қосты.

Иә, 1867 жылы патша  мақұлдаған “Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы ереже” жобасында дін мәселесі туралы бір ауыз да сөз айтылмайды. Жетісу облысы тараған 1893 жылғы қазанда ғана “Далалық облыстарды басқару жөніндегі 1891 жылғы 25 наурыздағы “Ережеде” жергілікті халықтың дін жағын ептеп қозғау әрекеті байқалды. “Дала Ережесінің” 97-99-баптарына сай жергілікті бір болыста бір молда ұстауға рұқсат етілді. Онда генерал-губернаторлықтың өзіне бағынышты аумақта мешіт тұрғызуға да қарсы еместігі атап көрсетілген.

Ал “Өзге  діндегілердің құлшылық үйлерінің  ғимараттары туралы” мәселе мұқият талдауды қажет етеді. Бұл мешіт құрылысы туралы ережені айқындай түсуге мүмкіндік береді. Рас, мешіт салуда әуелгіде анау айтқан кедергі байқалған жоқ. Құрылыс жарғысының 155-бабында салынатын мешітті ұстаудың шарттары айтылмаған, ал құлшылық үйлері жеке адамдар немесе бүтін қауымның қайыр-садақасына ғана тұрғызылды.

Мұсылман дінбасыларын сайлау мен тағайындау тәртібі мәселесіне де назар аудармауға болмайды. Мұрағаттардағы тарихи материалдардан белгілі болғанындай, шенеуніктер Ислам ісіне тереңдей араласуға оншалық тырыспады. Бұл жәйт олардың үлкенді-кішілі дінбасыларын сайлау ісіне көңіл қоймауларынан көрінеді. Далалық генерал-губернаторлықтағы, сондай-ақ Орынбор өлкесіндегі сайлауда да жағдай осындай болды. Жергілікті имамдарды жамағат өзі сайлап алды. Шенеуніктер тарапынан діндарларды ауыстыруға да, қызмет мерзіміне араласу да байқалмады. Православие дінбасылары сияқты молдаларға қазынадан қаражат бөлінбеді.

“Далалық Ереженің” 97 және 98-баптарында молдаларды әр болыстың жергілікті халқы өз арасынан сайлаған соң, оны әскери губернатордың бекітетіндігі көрсетілген. Қазақ халқының әлеуметтік ерекшелігі мұны қатаң сақтауға мүмкіндік бермеді. Қазақ ауылдарының шашырай орналасуы, әрі көшіп-қонып жүруі бір молданың бір болысты ұстау мүмкіндігін шектеді. Сондықтан әрбір жеке ауыл, тіпті бірнеше көшіп-қонып жүрген үй бірігіп, бір имамнан ұстады.  Осындай жағдайда барлық молдалар мен имамдар өзінің қоғамдық және қызмет бабына орай бірдей мәртебе иемденді. Дәрежесі жағынан да жоғары-төмен  деп бөлінбей, құқықтары да бірдей болды. Әл-ауқаты да қайыр-садақа түсіміне байланысты еді. Жалпы Ислам діні қызметкерлері қай заманда да жергілікті халықтың көмек-қолдауына мұқтаж болған. Қазір де солай.

Патша шенеуніктері ислам діндарларының құқықтарын заңдастыруды қаламады. Губерниялық әкімдер мұсылмандық рәсімдік міндеттерді орындайтын адамдардан тұратын топтың қалыптасуына кедергі жасады. Отаршыл билеп-төстеушілер ислам діндарларының ықпалы артып, бедел алуынан қорқып, оларға қолынан келгенінше кедергі жасап бақты.  

Шенеуніктердің осындай  түрлі тежеулеріне қарамастан, Исламның Қазақстандағы, соның ішінде Түркістан өлкесіндегі дамуын тоқтату мүмкін болмады. Патша үкіметі бірінші орыс төңкерісі мен орыс-жапон соғысындағы жеңілісінен кейін жоғарыда айтылғандай кейбір шегіністерге барды. Мысалы Верныйда Жетісу мұсылмандарының съезін өткізуге рұқсат беруге келісті. 1906 жылы 28 сәуірде “Жетісу облыстық ведомостары” газеті мұсылман съезі туралы ақпарат берді.Құрылтайдың жүру барысын қысқаша шолып, верныйлық газетшілер съезден кейінгі жәйттерді қанағаттанарлықтай анық баяндады. Ақпараттық себеп ретінде делегаттардың жазған жеделхаты берілді.Шынайы зерттеу тұрғысынан, сонымен қатар моральдық баға беруге асықпай, жоғарыда айтылған бұл жолдаудың мәтініне назар аударайық.

Құрылтай делегаттарының жеделхатында мынадай сөздер жазылған: “Петербор, Жоғары мәртебелі граф Виттеге, Қасиетті Пасха мейрамына байланысты басшылық рұқсатымен ашылған Жетісу мұсылмандары жиналысы бізге Сізді жетісулық мұсылмандардың Ұлы императорлық мәртебелі сүйікті монархымызға адалдық сезімдерімізді жеткізіп, Олардың ұлы императорлық мәртебесін, император тақсырды, император-ханшайымдарды құттықтауға өкілеттілік берді. Жиналыстың ашылып, жабылуы Император тақсырға, патша шаңырағына ұзақ ғұмыр тілеп, ішкі және сыртқы жауларымыздың үрейленіп, қымбатты Отанымыздың асқақтауына бағышталған дұғалармен өткізілді. Жиын төрағасы мударрис (оқытушы — Ә.Д.) Вагапов, көмекші Ақбар Юлдашев, хатшы Ахметбек Қойбағаров, таратушы Зайнетдин Тазетдинов”.

Бірнеше күн  өткеннен кейін съезд төрағасы Вагаповтың атына Санкт-Петербургтан жеделхат келді. Онда: “Мударрис Вагаповқа. Император тақсыр Жетісу облысының мұсылмандарына олардың дұғалары мен білдірген ниеттері үшін рахмет айтуға рұқсат берді. Граф Витте”.

1906 жылы 4 сәуірде,  яғни құрылтайдан соң М.З.Вагапов бастаған Ислам дінінің өкілдері: А.Қойбағаров, З.Тазетдинов, Р.Зейнуллиндер Жетісу облысының әскери губернаторының қабылдауында болды. Өкілдер атынан А.Қойбағаров сөйледі. Әскери губернатор Жетісу мұсылмандары құрылтайының тілегін қабыл алды. Сондай-ақ жоғары мәртебелі патша шенеунігі Түркістан мұсылмандарының “Діни жиынын” ашу қажеттігін мойындады. Әскери губернатор жиналғандарға: “Жиналыңдар, өз мұқтаждықтарыңды талқылаңдар, керектеріңді сұраңдар және тілек жасаңдар, тек қана билікке қарсы тұрып, көтерілмеңдер”, — деп мәлімдеді.

Губернатордың сөзіне А.Қойбағаров: “Құдайға шүкір, Ресей мұсылмандары бұл төңкерісшіл  ойдан ада, әрі өз кезегінде бұл індетті жұқтырмайды”, — деп сендірді. Жетісу облыстық әскери губернаторының мұсылмандардың бірінші съезінің делегаттарымен кездесуі 20 минөтке созылып, талаптарын қанағаттандыруымен аяқталды.

1906 жылдың 31 наурызы  мен 1 сәуірінде Жетісу мұсылмандар басшыларының съезі өтті. Оның жұмысына Пішпек (қазіргі Бішкек), Пржевальск (Қарақол), Жаркент, Қапал, Лепсі, Тоқмақ және Құлжадан делегаттар қатысты.

Олардың саны жүзден астам болды. Осылайша өткен мұсылмандар  съезі ресми әрі маңызды сипат  алды деуге болады. Съезд барысында делегаттар өз өкілдерін сайлады. Жетісу мұсылмандары құрылтайының төрағасы болып ислам орта оқу орнында ұстаздық ететін Мұхаммед Заһир Вагапов сайланды. Құрылтай Жаркент көпесі Ақбар Юлдашевті төраға көмекшісі етіп тағайындады. Хатшылыққа Ахметбек Қойбағаров ұсынылды.

Құрылтайдағы  жарыссөзде мұсылман қауымдастығының  көптеген мәселелері талқыланып, М.Вагапов, З. Тазетдинов, А.Қойбағаров, К.Вагапов, А.Юлдашев, М.Мақсұтов, И.Садыбеков,  Д.Жәлелов және басқалар сөз сөйледі. Съезд арнайы комиссия құрды. Оған съездің қарарын жасап, қол қою тапсырылды. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша төмендегідей қаулылар қабылданды:

1. Түркістан  өлкесінде мұсылмандардың бір “Діни жиналысын” ашу және оған Ресей империясының орталық губернияларындағыдай құқықтар беру;

2. Аты аталған  “Діни жиналыс” қызметіне Түркістан өлкесі мұсылмандарының барлық ұлттары қатыстырылады. Белгілі бір ұлттың талабына сай жиналыс барысында туындаған мәселелер шешіліп отырылады;

3. Ресейдің орталық  губернияларында жалпы Ресей мұсылмандар қауымының діни істерін басқаратын мұсылмандардың Діни басқармасы ашылған жағдайда Түркістан “Діни жиыны” осы басқармаға бағынуы тиіс;

Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы