Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.
КІРІСПЕ .............................................................................................................
1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................
2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................
3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
Сыр-Дария облысындағы қайраткерлердің билігіне деген талпыныстары белгілі бір шешімдерін алып келді.
Мүмкін ол аймақта мектептер де, оқитындардың саны да бұдан көп болар еді, егер билік басындағылар мұсылман халықтарының ұсыныстары мен талаптарына құлақ салса. 1911 ж 7 мамырдағы Мемлекеттік Дума депутаты Г.Х. Еникеевтің алғы сөзінен кейін халық білім ұйымдарына шағымдар түсе бастады: «Біз білімнен бөлектеніп жатырмыз, біз жанкүйерміз. Бірақ бұның барлығы жала жабылған айып дейміз.Біз өзіміздің балаларымызды қуана-қуана мектепке жібереміз, егер сабақтар мемлекеттік тілде жүргізілсе, егер де бұл мектептерде біздің діни, этнографиялық және тұрмысымыздағы ерекшеліктерімізге қол сұғылмаса». Бұл мектеп қабырғаларында тілімізге, дінімізге, салтымызға және т.б. зияны келетін күдік болғандықтан ғана бұл мемлекеттік оқу мекемелерінде балаларымызды оқытуға тиым салдық.
Отарлық әкімшлік өзгелерге орат білім беруге өз алдарына мақсат қоймаған еді. Шенеуніктердің арасында қазақ ағарту саласын тек бастауыш біліммен қалдыру туралы айтылғандығын атаған. Білімді жастардың, халық зиялыларының, ұлттық пікірдің пайда болуынан қорыққан жергілікті билік жастарға білім алуға кедергі жасаған. ХХ ғасырдың басында ұлттық орташа біліми мекемелердің болмауы қазақтардың өз балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүрлеген еді. 1913 жыл 7 шілдедегі Жетісу облысының қазақтардың білім алуына қатысты құпия жазбада былай делінген: «...қырғыздарды орыс мектептерінде оқытуға тарту ықыластарының бар екендігін және оларға орысша білім беру арқылы орыс мәдениетімен таныстыра отырып, оны қырғыздардың өз арасында тарату көзделгендігін айтқан».
Орыстандыру саясатын тездетіп жүргізу мақсатында әр түрлі айла әрекеттер жасалып, барлық мүмкіндіктер қолданылған. Баланың кішкентай кезінен бастап мектепке дейінгі кезеңге дейін оның басына, отбасындағы тәрбиесіне көңіл бөлінген. Көшпелі қоғамда өмір сүргендіктен үйде балаға әкесіне қарағанда анасы көп мән берілетіндігін де қарастыра отырып, бұны өзгелерді орыстандыру мақсатына қолдануға негізге алынған [87,78-85]. «Қырғыз қыздарына арналған қыздар мектебін ашу, оның себебі қырғыздың әйелі, анасы болған да сол кезде қырғыз сауаттылығына әсер етеді деп түсіндірген».
Қазақстандағы
православие шіркеулерінің
Әр халықтың рухани мәдениетінде дін ерекше орынды алады. Ол адамның қоғамдық өмірде қалыптасуында ерекше орын алады. Және әр адам өз қалауымен қандай да бір дінді қабылдай алады және керісінше қабылдамайды.
Православие ол христиан дініндегі үш бағыттың біреуі болып табылады, яғни протестандық және католиктікпен қатар. Б.Қаратаевтың атап өткеніндей, 1914 жылғы дін мәселесі талқыланған жиналыста, қазақтарды «мұсылмандық» емес, «шамандық» халық ретінде көрсетіп – ол дегеніміз діні жоқ халық деп атап өткен. Осы себептерден олардың христиандық саясатты бағыттағаны түсінікті болды.
Қазақстан территориясында орыс әскерлерінің офицерлері мен сарбаздарына арналған көптеген орыс шіркеулерін салған. Осыған байланысты Благочиннің есебі бойынша Сыр-Дария облысында 1882 жылы 9 шіркеу салынған еді: Спасо-Преображен Ташкенттегі шіркеуі, Ташкент әскери госпитальді Пантелеймоновтық шіркеуі, Александр-Невский атындағы 1-ші Түркістандық мергендер бригадасының шіркеуі, Шымкент әскери Сергиев шіркеуі, Түркістан әскери Николаев шіркеу, Әулиеаталық әскери Николаев атындағы шіркеуі, Перовтық әскери Қазан-Богород шіркеуі, Кармакчиндік (форт №2) әскери Покров шіркеуі,Қазалы әскери Қазан-Богород шіркеуі. Шіркеулердің саны үнемі өсіп отырды.
Түркістан діни
консисториясына 1872 жылы кафедральды
соборында екі адамның ішіп алып,
құдайға құлшыну барысында
Сонымен қатар
Қазақстан территорясында ашылған
көптеген шіркеулерді тексеру барысында
көптеген ауытқушылықтар табылды. Бірақ
оларға қатысты Түркістан Діни Консисториясы
шарапқа қарсы тұжырымдама
1. Орыс ауылдарында
шіркеу мектептерінде, олардың
жобасына исламның қысқа
2. Түркістан
өлкесінің әр аймағынан
3. Түркістан
өлкесіндегі мұсылмандыққа
4. Верный қаласында
мекемесінің үлкендерге
5. Түркістан
өлкесіндегі мекемесінің
6. Верный қаласында
Түркістан епархиясының орташа
діни-біліми мекемесінің
Қазақстан аймағында өзге дінді насихаттаушылар санын арттырды. ХХ ғасырдың басында олардың жалпы саны 331 өзге дінді насихаттаушылар орталығы саналған [87,178-186].
Олардың өзіндік
ерекшеліктері болуы тиіс еді, олар:
тәрбиесіндегі өзгешелік,
Кесте 2 -
Түркістан генерал-
Білім деңгейі |
Жоғары |
Орта |
Төмен |
Үйдегі |
Білімсіздер |
1870 жыл |
8 |
12 |
10 |
4 |
- |
1902 жыл |
7 |
8 |
14 |
4 |
1 |
1916 жыл |
12 |
30 |
8 |
6 |
- |
Кестеге қарап, олардың
Сергиополь уезіндегі 1882 жылғы оқу орындарының және онда оқитындардың саны [89]
Оқу орындарының атауы |
Оқу орындарының саны |
Оқитындар саны |
Училищедегі заттардың бағасы |
Ескертпе | ||
Ер |
әйел | |||||
Сом |
тиын | |||||
Лепсі қаласында |
||||||
Ерлер училищесі |
1 |
65 |
- |
1000 |
Лепсі казактарына тиесілі ғимарат, ағаштан жасалған | |
Әйелдер училищесі |
1 |
15 |
960 |
|||
Сергиополь станица Ерлердің 2-ші сыныпты училищелері |
||||||
1 |
34 |
1000 |
Қазақтардың қоғамына арналған училище, ағаштан жасалған | |||
Әйелдер училищесі |
1 |
27 |
840 |
|||
Саркан станицасы. Екі жақты оқытылатын училище |
1 |
100 |
32 |
2720 |
- |
Тастан жасалған училище |
Ұржар станицасы Ерлер училищесі |
||||||
1 |
42 |
- |
750 |
- |
Ағаштан жасалған | |
Тополевский Ерлер училищесі |
||||||
1 |
33 |
- |
920 |
- |
Тастан жасалған училище | |
Герасимовск ауылында Ерлер училищесі |
||||||
1 |
78 |
- |
1380 |
- |
Тастан жасалған училище | |
Константиновск ауылында Ерлер училищесі |
||||||
1 |
26 |
- |
920 |
- |
Бұл кестеде көрсетілгендей
Түркістан өлкесінің
Сонымен, қорыта келгенде қазақ халқында ағартушылық саланың дамуына өз үлесін әрине де Ресей билігі қолсты. Ол да жүргізіліп отырған саясаттың бір бөлігі еді. Олар қазақ халқына білімді орыс тілінде берді. Ал ол дегеніміз жергілікті қазақ халқының тілге бейімделіп, соның негізінде Түркістан өлкесінде орыстандыру саясатын жүргізу болды.
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс
Дін мәселесі әр халықтың өзінде маңызды орынды алады. Ол адамның қоғамдық ойының бір бөлігі болып табылады. Әр адамның өзінің ішкі сезімі, санасы, жан дүниесі арқылы қай дінді ұстанса да өз еркі болып табылады.
Мұсылман мәдениеті сайын даламызға келген кезден бастап үнемі даму үстінде болды. Алайда исламдандыру қарқыны біршама бәсеңдеген кездер де бастан өткен. Оған халқымыздың тәуелсіздігінен айырылуы себеп болды, еліміз бодандық қамытын киді. Рухани дағдарысқа ұшырады. Өз тағдырын өзі шеше алмай, толығымен патшалық әкімшілікке тәуелді күй кешті. Қазақтың өз салт-дәстүрлері мен діні кемсітушілікке ұшырап, шеттетілді. Рухани құндылықтарымыз бодандықтың бүкіл тауқыметін тартты.
Ресей империясының дәстүрлі саясатына айналып, ғаысрларға созылып келген шоқындыру, қай жағынан алып қарасақ та, империяның үстем табы дворян помещиктері мен кулактарының мүддесіне орай жүргізіліп келді(Сафаров Г. Түркістан қалай отарланды? // “Социалистік Қазақстан”, 1991. 24-сәуір)
Осы орайда айта кететін бір жайт мемлекет билігінің рухани санасына ықпал етіп отырған дін идеологтары, яғни миссионер ғалымдар, өз мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті қаражатты керегінше мемлекеттен алып отырған.
Патша үкіметі Ислам дінінің дамып, нығаюына мүдделілік танытпады. Керісінше, отаршыл шенеуніктер ислам дінінің ықпалын барынша шектеуге тырысты. Мұның шектен шыққан мысалының бірі – жергілікті халықты шоқындыру бағытындағы ашық іс-әрекеті еді. Түрлі тарихи еңбектерден Қазақстандағы көптеген шоқындыруға қатысты деректерді оңай табуға болады. Патша үкіметі ішкі Ресейден өзге дінді ұлт өкілдерін елімізге көптеп қоныс аударуы арқылы да қазақтар арасына өз ықпалын арттыруға күш салды. Бұған жер-жерде миссионерлік жүйеге қызмет ететін жексенбілік-діни мектептер ашылып, Ислам дінінің тамырына балта шабу мақсатын көздеген үгіт-насихат жүргізілді. Әйтсе де осындай қитұрқы іс-әрекеттерге қарамастан, ата-бабаларымыз өз сенімдері — діндерінен бас тартпады. Отандастарымыздың көпшілігі өзінің ұлттық салт-дәстүрлері мен Ислам мұраттарына деген сенімін сақтап қалды.
Патшалық Ресейді мекендеген бүкіл мұсылман түрік халықтарының ұлт азаттық қозғалысы тұрғысынан аса маңызды құбылыс болып табылатын жәдид қозғалысы, ең әуелі отаршылдық саясатқа қарсы халықты қорғау жолында қалыптасқан еді. Өйткені, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркістан аймағына түгелдей бағындырған Ресей империясы, отар елдерге өз ықпалын түбегейлі орнықтыру мақсатында рухани тұрғыдан отарлау саясатын бастады. Н. Ильминский, Е. Малов, А.Алекторов, Н. Остроумов секілді миссионерлердің ұсыныстары негізінде қалыптасқан Ресейдің ресми саясаты, мұсылман түркі халықтарының дінін, тілін және дәстүрлі әдет – ғұрпын толық жойып, жергілікті халықты шоқындыруды көздеген болатын.
Губерниялық мекемелердің қысым көрсетуіне қарамастан, ислам діні мүмкіндігінше өз ықпалынан айырылмауға тырысты. Мұсылмандық қазақ халқына рухани бағыт-бағдар беруші боп қала берді. Отаршылардың жат сенімді күшпен де, неше түрлі айла-шарғымен де тықпалауы нәтиже бермеді. Санкт-Петербургтен осы мақсатпен жіберілген шенеуніктерінің қаншама күш салуы да бос әурешілік боп қалды.
Православие орыс христиан дінің негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Онымен қоса, католицизм және протестанизм дамиды. Орыс православие шіркеуі Қазақстанда патшалық өкіметінің отарлау саясатын жүргізу барысында маңызды орында болды. Егер патшалық күшпен жүргізсе, ал шіркеу сол жердегі жергілікті халықтың санасын улау арқылы жүргізген болатын. Қазақтардың дін мәселесіне қатысты біршама адасуы сол кездегі мұрағат құжаттарын көптеп кездестіруге болады [66,25-38].
Көптеген жағдайларда мұрағат құжаттарында қазақ халқының патша өкіметіне жазған арыздары келтірілген: ол құжаттарда қазақ даласында қазақ мекттептерін ашу, мұсылмандық мекемелердің ашылуы, мұсылман дініне тағзым ететін орындарының ашылуы туралы сұраныстары келтірілген.
Орыстардың сол кезеңде христиан дінінің дамыту тек Қазақстан территориясында емес, сонымен қатар Ресей империясының территориясының барлық аймақтары туралы айтылмаған. Православие шіркеуі патшалық отарлаудың бір бағыты болып табылады. Мемлекетпен бірге православие шіркеуі де өңірдің мәдени және әкімшілік-территориялық отарлауға ат салысқан болатын. Сонымен қатар Қазақстанға мемлекеттік-шіркеу ретінде орнықтыру көзделді.
Орыс патшалығының шіркеу саясаты «барлық өзге тумалар мен өзге сенімдегі азаматтарды» «орыс халқына» біріктіруге негізделген болатын. Орыс патшалығының реформасында қазақ жерлерін басқару шоқынған қазақтарға ғана бұйыратын. Осы арқылы, яғни христиандық бағытқа қою арқылы орыстандыру саясатын қазақ даласында жүргізу болып табылады.
Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы