Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................

1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................

2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................

3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жана жоспар.doc

— 740.50 Кб (Скачать документ)

Алайда осындай  жер алқабының өзі де барлық қоныс  аударуға тілек білдірушілерді орналастыра  алмады. Бұған бүкіл қоныс аудару қозғалысындағы жер учаскелерін бөлуге байланысты ілесе жүретін түсініспестік себепші болды. 1906 жылдан 1915 жылға дейін дала өлкесінің қоныс аудару аудандарына 580 587 адам келді (еркек адамдар ғана есепке алынған). Олардың 47 пайызы – Ақмола қоныс аудару ауданына, 38 %-ы Торғай-Орал, 15%-ы Семей қоныс аудару ауданына жіберілді. Егер қоныс аударушылар санының серпінділігін жылдар бойынша қарастыратын болсақ, 1906 жылға жарлық шыққаннан кейінгі алғашқы жылы қоныс аударушылар толқыны көбейе түсті. 1906 жылы Дала өлкесіне ерлерден 25 100 жан, ал 1907 жылы 80 360 жан қоныстанды. Қоныс аудару деңгейі аздаған ауытқулармен 1908 жылмен 1909 жылы осы деңгейде тұрды, содан соң толқын тәрізді төмендейді және көтеріледі, ал 1914 жылға қарай 53 360 жанға дейін төмендеген [88]. Реформаны жүргізудің алғашқы жылдарында Ресейдің еуропалық бөлігі шаруаларының бірқатары өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуға деген үміттерін Қазақстанға көшумен байланыстырғаны көрінеді. Қоныс аударушылар санының қысқаруы реформаның сөзсіз қорытындысын көрсетеді. Қоныс аударушылардың едәуір кері қайтуы да нақ осыны білдіреді. Мәселен, 1906-1915 жылдарда жыл сайын қоныс аударушылардың 20%-ынан 34%-ына дейін кері қайтып кеткен.

П.А.Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар  құру туралы идеялардың бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.

Қазақ  халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның салдары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті қорытындысы болды. Қарсылықтың стихиялық көріністері қожайындарды, өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар төлеуден бас тартудан, малды айдап әкелуден, егістіктерді таптаудан және басқаларынан көрінді. Ежелгі жерінен айырылған байырғы тұрғындар өз құқытарын заңды өтініштер беру арқылы қорғауға тырысты, оларды көп мөлшерде мұрағат қорларында кездестіруге болады. 1913 жылдың қаңтарында Есімболат Досбаев пен Ғали Оспанов өз аулының атынан Торғай-Орал ауданы қоныс аудару ісінің меңгерушісіне «Шыңғырлау болысының №4 ауылы қырғыздарының ең жақсы шұрайлы жерлері қоныс аудару қорына тартып, алынды, ал бізге жарамсыз жерлер ғана қалдырылды» деп шағым жасап, учаскелер кесіп беруді сұрады. Іс жүзінде қалған өтініштер сияқты, бұл өтінішке де бас тартылған жауап қайтарылды[62,16].

Сонымен бірге  қоныс аударушылардың едәуір көпшілігі  де өздерінің жерге орналастырылуына  риза болмады. Торғай облысы Ақтөбе уезінің  Полтава болысы Қарашай поселкісінің шаруалары қоныс аудару бөлімінің меңгерушісіне белгіленген жерге орналасқаннан кейін өздеріне бөлінген учаскелер «бізге бөлінген жерде астық өсіру үшін қолайлы жер мөлшері мүлдем аз болып шықты» және әр адамға жазылған 12 десятинаның егістікке 4 десятинаға жетер-жетпесі ғана жарамды деп жазды. Қорыта келгенде, жер пайдалу үшін қоныс аударушылар мен қазақтар арасында да, жергілікті халық арасында да даулар мен қақтығыстар пайда болды. Мәселен, Белоярск және Каменск поселклерінің шаруалары Қостанай уезінің Кеңара болысы қазақтарының жерлеріне өз бетімен қоныстанып алып, бастапқыда олардан жерді жалға алды, ал сонан соң 1905-1907 жылдар кезеңінде Ресейде шаруалардың жерді басып алуы жөнінде естіп, жергілікті тұрғындардан өздері ұнатқан учаскелерді күштеп басып алуға тырысты. Олар Лучанск поселкесі қазақтарының жерлеріне де осындай ниетте болды. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру үшін олар Ресейден әлі де бір «өте батыл адамдардың» келуін күтті [36,256-265].

Жерін тартып алып қысым көрсету және дәстүрлі көшу жолдарына айыру көшпелі халық арасында да толып жатқан жанжалдар туғызды. Олар көбінесе қайғылы аяқталып отырды, мысалы 1907 жылы Торғай облысының Ырғыз уезінде солай болды, онда күзеу ретінде пайдаланылатын Қаракөл алқабы үшін даудың салдарынан екі адам қаза тапты.

Ал қоныс  аудару аудандары шенеуніктерінің  қиянат жасауында шек болмады. Жетісу облысының Жаркент уезі Аралтөбе селосының шаруалары шаруашылық жүргізуге арналған ақшалай қарыздың төленуін екі жыл күтті, әбден  қайыршыланған олар Жаркент ауданының қоныс аударушыларды жерге орналастыру бөлімінің меңгерушісі Тепловқа барады. Олар оны күтіп қабылдауына кіріп «екі әйел бір шаруа оның алдында құдай ананың алдындағы сияқты тізерлеп тұрып, жәрдемақы беруді сұрағанда, оған жас балалары аш-жалаңаш деревняда қалғанын айтып жалынғанда бастық мырза шаруаларды балағаттап қуып шыққан».

Қоныстандыру  саясатының проблемаларын жұртшылықтың кең талқылағанын айтып өткен  жөн, бұл әртүрлі түсініктегі  толып жатқан жарияланымдардан көрінді. Үкіметтің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі ретінде бұл мәселе Мемлекеттік Думада өте қызу айтыс туғызды. Аграрлық мәселені шешу Ресей империясының шет аймақтарын мекендеген халықтардың саяси құқықтарын қарастырумен ұштасты. Бұған Үкіметтің Ресейдегі шаруалардың жерге деген мұқтаждығын кедейлерді шығысқа жаппай қоныс аудару жолымен қанағаттандыруға тырысуы себеп болды. Жергілікті тұрғындардың мүдделері мүлде ескерілмеді. І мемлекеттік Думаның отырыстарында (1906) Орынбор губерниясына сайланған депутат Т.И.Седельников қазақ халқының да, орыс қоныс аударушыларының да мүдделерін қорғау туралы мәлімдеді, ол «жүз мыңдаған қазақтар сөздің тура мағынасында жерсіз болып табылады. Ал егер жері аз қазақтарды алсақ, олар миллионнан кем болмайды» деп мәлімдеп жұртшылықтың назарын жер пайдалану мәселелерін аударады. Оңшыл депутаттардың бір бөлігі, мысалы, кінәсіз Голицын сияқтылар бұрынғысынша «қоныс аудару ісін мүмкін болған барлық әдістермен күшейтеді» талап етеді. Т.И.Седельников бұл жағдайға ашық қарсы шығып, қоныс аудару көшіп бармақшы тұрғындарды да күйзелтеді деп ашығын айтты. Сондықтан ІІ Мемлекеттік Думада да (1907) аграрлық мәселе талқылаудың өзегі болады. Оңшыл депутаттардың бір бөлігі 1906 жылғы 9 қарашадағы столыпиндік заңды қорғап шықты. Алайда Қазақстаннан сайланған депутаттар бұл көзқарастарға өз қарсылықтарын білдірді [63,85-93]. Орал облысының сайланған депутат И.И.Космодаминский Столыпинді «бүкіл заң шығарушы жиналыстың, бүкіл елдің және оған шаруаларды кеңінен қоныс аударуды ұсынып отыр». Аграрлық комиссиясының мүшесі Б.Қаратаев қоныс аудару әдістерін сынап сөз сөйледі, ол бұл үрдісті «күштінің әлсізге зорығы» деп атайды. ІІІ мемлекеттік Думада (1908) қазақ халқы тіпті Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан да айырылады. Дегенмен, қазақтардың жерге құқықтарының бұзылуы туралы өткен думалық айтыстардың қызу өткені соншалық. Думаның бюджет және қоныс аудару комиссиясы үкіметке қазақтардың жерге орналастырылуы туралы заң жобасын өте тез арада әзірлеп, қабылдау жөнінде ұсыеыс енгізді. Мұндай заңды қолданысқа енгізгенге дейін (ол жарыққа шықпаған күйінде қалды) ІІІ Думаның мұсылман фракциясы Закавказьеден сайланған депутат Хас-Мамедов арқылы Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аудару «Қазақ халқының өз пайдаланудағы жерге ғасырлар бойындағы құқықтары әділетін және ізгілікті шешілуі үшін» барлық байырғы тұрғындар жайғастырылғаша тоқтатылуға тиіс деп мәлімдеді. Басқа депутаттар қоныс аударушылардың ауыр жағдайын еске салып, үкіметтен қоныстандыру саясатын өзгертуді тікелей талап етті [37,212-225].

Сөйтсе де, депутаттардың  бір бөлігі билеуші топтардың мүдделерін қорғап, жағдайды түрде бейнелеуге тырысты. 1909 жылы депутата А.Трегубов Жетісуға арнайы келді, ол бүкіл облыста атап айтқанда, «Верный кіші ауданында бүкіл қоныс аудару ісінің дұрыс жолға қойылғаны туралы ризашылық пікір білдірді» және бұл Жетісу облысындағы қоныс аудару ісінің меңгерушісі Велецкий қоныс аудару ісінің мүлде тәртіпке келтірілмеген жай-күйі туғызған қоныс аударушылар арасындағы аштықтың нақты оқиғалары туралы хабарлаған кезге шамалас болатын.

Реформаның  қарсыластық нәтижелерін атамас бұрын, жағымды және жағымсыз жақтарын атап өту керек.

Жағымды жақтары, ол қауымнан бөлінген шаруалардың есебінен хуторлардың  саны көбейді. Еуропалық Ресейден аз қамтылған аймақтың өзіне 3 млн. шаруалардың  қоныстанудың 4 млн. десятина қауым жерлері нарықтық айналымға түскен. Бір ауылға  ауыл шаруашылық құралдары 59-дан 89-рубльге дейін қымбаттады. Әр түрлі тыңайтқыштардың ақысы 8-ден 20 млн.пудқа дейін өсті.

Реформаның салдарынан 1890-1913 жылдары аралығында адам басына деген  кіріс мөлшері 22-ден 33 рубльге дейін өсті.

Бәрібір қауымнан шыққан 70%-тен 90%-ке дейінгі шаруалар қауыммен ары қарай қатынасын  үзген жоқ. Шаруалардың негізін қауымдастықтың еңбек шаруалары құраған. Жарты миллионға жуық қоныс аударушылар Еуропалық Ресей аймағына қайтып келді. Шаруалар ауласына 2-4 десятина, 7-8десятинаның орнына берілді. Негізгі ауыл шаруашылық құралы ретінде соқа қолданды. Шаруалардың 58 % -да соқа болмады. Минералды тыңайтқыштар егістік жерлерінің 2% қолданылды. Осының салдарынан, 1911-1912 жылдар мемлекетте аштық болып, халықтың 30 млн.-на залалын тигізді [35,25-33 ].

1911 жылы 27 тамызда  П.А.Столыпин Киевке келіп генерал-губернаторлықтың  үйінде орналасады. Ол әр түрлі  депутацияларды (шаруалардікінде штаттық  адамдардын да ) қабылдаған. 29 тамызда  мерекелер басталды. Столыпиннің орнынан босатылуы жайлы оның достары Дефолин және генерал Курнов айтқан. Сол кезде Столыпин шаршап, денсаулығы сыр беріп жүрген кезінде былай деп жауап берген еді: «Мен Петербургке Министрлер Кеңеінің төрағасы және ІІМ болып қайтуым екі талай». 1911 жылы 11 қыркүйекте Киевтегі қалалық театрда «Сказ о царе Салтане» атты қойылым болатын болды. Операның екінші үзілісінде Министрлер Кеңесінің төрағасы  Столыпинге екі рет оқ атылды. Жүрегі және қолынан жарақат алған Столыпин орындыққа құлады. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін ол патша үшін өмірін қиюға дайын екенін айтып, әйелін жұбатуды және дін қызметкерін шақыруды сұрады. Бірақ кейін біраз сауығып келе жатқан П.А.Столыпиннің жағдайы қайта нашарлап кетті. Бірақ дәрігерлер оны 4 қыркүйекке дейін әлі үмітін үзбеген еді. Оның әйелі келеді, артынан Киевке өзінің қызметкерімен патшада жетеді. Бірақ одан кейін ыстығы көтеріліп, 5-қыркүйекке қараған түн өте ауыр өтеді. Қайта-қайта есінен танып, соңғы үгіттемелрін айтып, сол күннің кешінде Столыпин көз жұмады. Столыпиннің медициналық сараптамасы оның оқтан қайтыс болғанын көрсетті. 1911 жылы 9 қыркүйекте Столыпин Киевск-Печерск атақты адамдарды жерлейтін жерде жерленеді.

Столыпинді өлтірген Киев үй иемінің ұлы – Дмитрий Богов. Жүргізілген тергеу нәтижелерінен кейін өлтірген адамның шын есімі - Марко Гернович Богров иудей дініндегі азамат екені анықталды. П.А.Столыпинге байланысты әлі күнге дейін көптеген заттар белгісіз.

Өкінішке орай Столыпин Ресей мемлекетінде фермерлік  даму жолын жасай алмады. Көптеген шаруалар қауымда өмір сүрді, Столыпин былай деген еді: «20 жыл тыныштық беріңіздер, сосын Ресейді тани алмайсыздар»[64,167-175].   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Өндіріс орындары және сауда

 

Қазақ халқын орыс отарларының жаулап алған салдарының бірі ол тек ауыл шаруашылығы, мал  шаруашылығының дамуына шектеу қою  емес, сонымен қатар қазақ даласында, соның ішінде, Түркістан өлкесінде кен орындарын, қазба байлықтарын тауып, өз елдерінде өндіру көзделген еді. Сол арқылы қазақ даласын ХІХ ғасырдың еікнші жартысында жаулай бастаған болатын.

Қазақ даласының  мақта өнеркәсібінен бұрын кен  өндірісіне қызығушылықпен дамыған  болатын. Бұл жерде де орыс билігі сауда қатынасы жағынан қазақ даласына қараған болатын. Осы кезде, яғни ХІХ ғасырдың 50-жылдарында тас көмірі сұранысқа ие болып, оны қазақ даласынан қарастырған болатын. Сонымен қоса көмірді Арал өңіріндегі мұнай кемелерімен жақындасу мақсатында жасалған болатын. Іздестіру жұмыстарымен тау инженері штабс-капитан Антипов айналысқан болатын, ал одан кейін – штабс-капитан Окладный болды. 1850 жылы жоғарыдан келген нұсқаумен Антипов Арал теңізінің сол жағалауы зерттелген болатын; 1851 жылы ол Маңғышлақ аралынан көмір іздеген еді. Осыдан кейін оның іздестіру жұмыстары Тобыл өзенінің жоғары жағы мен Орынбор бекіністері маңында жалғастырылды.

Бірақ көмірді  Арал теңізінің жақын маңынан  табу Ресей билігінің негізгі  мақсаты болды. 1859 және 1860 жылдары штабс-капитан Окладный Сыр-Дария жағалауларында іздестіру жұмыстарын жүргізді. 1863 жылы полковник Черняев Қаратау таулы-қырат жоталарының солтүстік аймағынан көмір кендерін тапты. Ал 1865 жылы Қаратау жотасының оңтүстік аймақтарынан солтүстікке қарағанда бай көмір қыртыстарынан тапты.

1859 жылдардың  аяғымен, 1866 жыл және 1867 жылдың басында  кен орындарының бай аймақтарын  қарастыру жылдары болды.

1866 жылдары табылған  кен орындары бай шикізат бере  алмады, бірақ 1866 жылға дейін ғана  солай болды. 1867 жылдың 24 мамырына дейін Орынбор генерал-губернаторлығының кеңсесіне 57 арыз түсіп, онда алтын өнеркәсіптері мен басқа да кен орындарын қарастыру жөнінде айтылған болатын.  Бірақ бұл кен орындарында іздестіру жұмыстарын жүргізу жылдарының ең жақсы қарастырылған уақыты болатын. Ары қарай арыздар өте аз көлемде түсе бастады. Мысалы үшін, 1876-85 жж. түскен он жылдықтағы арыздың саны тек біреу, 1877 жылы екеу. Одан кейінгі төрт жылда ешқандай арыз түсірілмеген. Ал кейінгі төрт жылдағы арыздар былай жіктелген: 1882-13; 1883-4; 1884-11 және 1885-8 [66].

Келтірілген мәліметтерден  көретініміз өңірде кен орындары қарқынды дамыды, ал 1866 жылдан көтерілгенне кейін тек төменге қарай даму ғана қарастырылған болатын. Қарастырылып отырған кезеңдегі кен орындарының  дамуы туралы келесі мәліметтерден көре аламыз:

ХІХ ғасырдың 90 жылдарының басында Ресейде өндірістік саланың көтерілуі байқалды. Ол бірнеше  жылға созылып және интенсивті түрде  дамыды. Үлкен үдеріспен ауыр өнеркәсіп  дамыды, ол ғасырдың соңында бүкіл  өнеркәсіптің жарты үлесін берді. Ауыр өнеркәсіптің ортақ көлемі бойынша Ресей бірінші орын алды. ХІХ ғасырда өнеркәсіптің дамуының негізгі себебі, ол биліктің экономикалық саясатының жүргізілгені еді.

1903 жылы өңірдің  төрт облысы бойынша (Жетісу, Сыр-Дария,  Ферғана және Самарқан) пұтта санағанда табылды:

Тас көмір кені.......................................................1.027.546

Мұнай кәсібі.........................................................24.135

Алтын кен орындары...........................................-

Мыс кеніші...........................................................70.000

Асфальт сынықтары............................................9.548

Озекеритовый......................................................1.282

Шикізат кеніші....................................................2.500

Тұз қайнар көздері..............................................1.244.005

Гипс сынықтары..................................................269.195

Әк (известь)..........................................................553.660

Мүсәтір (нашатырь).............................................25

Ашудас (квасцы)..................................................710

Бұл жерде кен  өндірісі мен мұнайдың ғажап көрінісмен қатар алтының сол кезеңде  өндірілмегендігін көре аламыз. Сол 1866 жылдары нені қуып, ненің артынан ұзақ жүрген кездегі жұмыстарының іске аспауы тек босқа кеткен уақыт болып қаралған болатын. Бізде бар мәліметтерге қарасақ алтын тек 1906 жылы ғана кездесе бастады. 1906 жылы – 1 ф. 56 алтын және 1907 жылы – 1 ф. 75 алтын. Ал 1908 жылы қайтадан жоғалып кетеді. Сол кезеңде табылған алтын кен орындары ол жерге қызу жұмысты тартатындай бай өңір болмады.

Тек Каспийдің  арғы жағындағы өңірден Шелекен  аралынан мұнай орынының ашылуы іске оң нәтиже берді. Бұл облыстан 1906 жылы 368.943 пұт өндірген болатын. Мұнайдан 800 пұт. Озерекита 4.000 кир пұтты, сонымен қоса бұл жерден осы жылы 963.434 пұт алып кетілген болатын. Тұз, құрылыс материалдарын санамағанда, гипс және порфирит өндірілді [66,25-38].

Түркістан генерал-губернаторстваларындағы түземдердің кен зауыттарының өнімдерінің алынуы, өңірге орыс өнеркәсіпшілерінің келуімен жоғала басталды. Орыс кәсіпкерлері өңірдегі түземдерді өндіріспен айналуы үшін заң алдында қорқытып, олардың жасап жатқан жұмыстарын тоқтатты. Осының салдарынанАлатау өңірінің солтүстік аймағында табылған алтынды өндіру ісі тоқтатылды. Ол Алакөл өзеніне құятын аймақты қамтыған болатын. Ол жерде 1000 адамға жуық қытай жұмыс жасады. Сонымен қоса 1868 және 1869 жылдары көпес Кузнецов 3 фун. Алтынға дейін өндірді. Сондықтанда Түркістан өңірінің жанындағы қорғасын өндірісінің жұмысы баяулап, оның орнына көпес Первушин зауыт салып, онда ең бай және ең тез еритін кеннен металл ала алмай қырғыздардың көмегіне сүйенген болатын. Себебі қырғыздар бұл салада бұрыннан қызметтерін атқарған болатын. Осылайша Ходжентке жақын маңдағы Моғалы тау қорғасын зауыты, Бүріш-Молла жанындағы күміс балқыту, сонымен қатар алтын табудығ Шыршық, Талас, Терсу өзендері мен Тянь-Шаньде және Жоңғар алатуының жақын маңындағы өзендері бойында жұмыстар тоқтатылған болатын.

Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы