Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................

1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................

2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................

3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жана жоспар.doc

— 740.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ зиялы  қауымының біршама тың пікірлерімен қатар, өзіндік ойын ашық жеткізіп, жазып қалдырған алаш азаматтарымыздың бірі Т. Шонанұлының «Ел тағдыры – жер тағдыры» еңбегінде [17] қазақ даласында орыс билігі тарпынан жүргізіліп отырған саясатқа өзіндік пікірін жазып, осындай өлкеде орыстандыру үрдісінің жүргізілуіне қарсы екендігін ашық білдірген.

   Ұлт зиялыларымыздың бойында қазақ елім, ұлтым деп жүрегі соғып тұрған азамат патшалық биліктің өңірде жүргізіп отырған саясатына сыни тұрғыдан қарастырған ғалымдарымыздың бірі М. Есболұлы [18] секілді халқымыздың аяулы азаматтары зерттеулеріне  арқау болған еді. Қазіргі таңда осы зерттеулерді қарастыра отырып, сол кезеңдегі Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен сипатын көріп, сонымен қатар отарлау процесінің зардаптарынан хабардар боламыз.

      ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Түркістан  өлкесіндегі патша өкіметінің отаршыл жүйесі туралы мәселеге алғаш рет ғылыми тұрғыдан көңіл бөлген Петр Григорьевич Галузо  болды. “Түркістан – колония” деген зерттеу жұмысында П.Г. Галузо [19] отаршыл өкімет әкімшілігін екіге - “Бұратаналық билік әкімшілігі және орыс әскери-шенеуніктік әкімшілігі” деп бөліп қарастырады. П.Г.Галузоның «Туркестан колония: Очерк истории Туркестана от завоевания русскими дореволюции 1917 года» [20] атты еңбегінде қазақ даласында, соның ішінде Түркістан өлкесіндегі патшалық биліктің саяси жүйеде, мәдени өмірінде, демографиялық жағдайына өзіндік сыни талдау жасайды. Сонымен бірге кен өндіру жұмыстарының жасалуы туралы тоқталып, аймақтағы алтын және т.б. пайдалы қазбаларды өндірудің жолдары, қолданылған заңдылықтары туралы атап көрсеткен. Келесі «Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг.» [21] атты еңбегінде автор өлкедегі аграрлық қатынастар, қоныс аудару саясаты, патшалық билікке қарсы тұрған қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі туралы жазып қалдырған. Түркістан өлкесінде болған сенаторлар Ф.Г. Гирс пен К.К. Паленнің тексеру жұмыстары есебі мәліметтеріне сүйене отырып, зерттеуші мынадай пікірін білдіреді: “төменгі буындағы түземдік аппарат пен жоғарғы шенеуніктік орыс аппараты бір-бірімен үйлесе жұмыс істеп, бүтін бір биліктің бірыңғай буындары ретінде болды” . Еңбегінің соңғы бөлімінде П.Г. Галузо “қозғалыссыз дамымай қалған билік аппаратын революциялық жолмен қирату арқылы шаруашылық дамуына жол ашуды” [22] ұсынады. Петр Григорьевич Галузоның аталмыш өлкеде қоныстандыру саясатының түпкі мақсатын негіздейтін “Вооружение русских переселенцев в Средней Азии” атты еңбегі [23] отаршылдықтың ашық бейнесін әшкерелеуге арналған құнды шығармаларының  бірі болып табылады. Сөзімізді қорытындылай келе, П.Г.Галузоның еңбектерінің барлығы дерлік Түркістан өлкесіндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, қазақ даласында патшалық өкіметтің жүргізген орыстандыру саясатының қазақ халқын күштеу арқылы жүргізгендігін жазып қалдырған. 

      Ендігі жерде жоғарыда аталып өткен еңбектерден өзге патшалық кезеңнен басталып, кеңестік кезеңде жазылып, біршама тың деректерді көтерген Георги Сафаровтың «Колониалная революция (Опыт Туркестана) » атты еңбегін атауға болады [24].Бірақ аталмыш еңбек жарыққа шығысымен үлкен сынға ұшырап, оқытыуға тыйым салынды.

     ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлі де болса, патшалық өкімет тарапынан Түркістан өлкесіне жүргізілген саясаттың қырларының ашылмағандығын көреміз. Дегенмен Б.С. Сүлейменовтың «Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ – начала ХХ вв. (1867-1907)»[25] атты еңбегі және сонымен бірге Г.С. Сапаргалиевтің «Карательная политика царского правительства в Казахстане (1905-1917)»[26] еңбегін атаумызға болады. Бұл келтірілген еңбектерден зерттеу жұмысымызға қатысты тың мәліметтерді алуға болады.

 Бірақ, еңбектердің жазылуына ой еркіндігі әлі де болса көрініс таппады. Себебі сол кездегі еңбектерге тән ортақ кемшілік – оларда патша өкіметінің отаршылдық саясатының халқымыздың саяси-әлеуметтік өміріне және шаруашылығына тигізген зардаптарының толық ашылмауы еді. Енді жоғарыда қарастырылған мәселелерді жүйелей келе, аталмыш өлкеге байланысты ХХ ғасырдың екінші жартысында жазылып қалдырылған еңбектер де жоқтың қасы емес. Ресейде де мемлекеттілік және бюрократия мәселесі қазіргі заманғы орыс тарихнамасының басты зерттеу саласына айналды деуге болады. Ресей мен оның шеткері аймақтарындағы мемлекеттік билік механизмін терең талдауға  П.А. Зайончковский [27], сонымен қатар Г.Борандовтың «Столыпиндік реакция» атты еңбегі [28], М.И. Троицкий [29] еңбегінің де өзіндік қосқан үлестері айтарлықтай. Бірақ, бұл зерттеулерде, Түркістан генерал-губернаторлығындағы әкімшілік құрылым туралы қысқа ғана айтылған. Ал Түркістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәліметтер жоқтың қасы десе де болады.

      Біз өз зерттеу жұмысызда тек орыс деректерімен шектелмей, сонымен қатар сырттан, яғни шетелдің авторларының теориялық мәселедегі көзқарастарын, ойларын да білу маңызды болып табылады. Жұмыстың шетелдік тарихнамасы жөнінде орыс тілінде жарық көрген Д.Ж. Тойнби [30] еңбегінде жалпы өркениетке тоқтала отырып, Ресей билігінің қазақ жерінде жүргізіп отырған экономикалық-әлеуметтік өміріне қатысты құжаттарды атап өткен.

Келесі шетел  ғалымдарымыздың бірі, осы өлкедегі мәселеге қатысты өз ойларын жазып қалдырғандарының қатарына С. Коэннің еңбегінде атап өту маңызды болып табылады [31]. Осы кезеңге қатысты тағы тың шетел деректемелерінің бірі Р.Дж. Коллингвуд [32] еңбектерінен көреміз.

Сонымен қатар қазақ тілінде жарық көрген зерттеуші К. Есмағанбетовтің “Қазақтар шетел әдебиетінде” [33] атты кітабынан және тағы басқа еңбектерінен оқып білуімізге болады. Бұл шетел еңбектеріне тоқталып отырған себебіміз, тек орыстардың емес, сонымен қатар сыртттан бақылап отырған империялардан қазақ даласына қатысты зерттеушілерінің бағалары да маңызды болып табылады. «Сырткөз-сыншы» демекші, өзге елдің ғалымдарының Қазақстан территориясында болып жатқан саяси, тіпті экономикалық мәселелеріне қатысты орыс патшалығының жүргізіп отырған саясатын талдап, өз ойларын жазып қалдырғандығын көреміз. Бұл еңбектерде Түркістандағы орыс әкімшілігі ортаазиялық аймақты және Оңтүстік Қазақстанды сыртқы әлемнен бөліп алғысы келетіндігі және оны экономикалық, әлеуметтік саяси тоқырауда ұстады деген көзқарасты ұстанады. Бұдан көретініміз шетел еңбектерінің біршама шынайылығы, болған оқиғаларға объективті түрде баға берілуінде.

      Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, Қазақстан Республикасының өзінің төл тарихына деген қызығушылығы артып, өз басынан өткерген оқиғаларды саралап, оларды еңбек ретінде шығару алға қойылған мақсаттарының бірі еді. Солардың ішінде Қазақстандық зерттеушілеріміздің ішінде М. Қойгелдиев өз зерттеуінде патша өкіметінің отарлау саясатына тоқтала келе, оның ХІХ ғасырдың екінші жартысының - 60 жылдарындағы реформасынан кейін, Ресей әкімшілігінің барлық сақтықтан аттап өтіп, Қазақстанды ашық отарлауға кіріскенін айтады [34]. Сонымен қоса, отарлау барысында жүргізген саясатының қаншалықты қазақ халқына өзіндік зардабын тигізгенін де айтуға болады.

Түркістан өлкесінің қоғамдық – саяси өміріне, дәстүрлі шаруашылығына Столыпиндік аграрлық реформасының тигізген зардаптарына қатысты біршама еңбектер қарастырылды. Солардың бірі «Аграрная реформа Столыпина» [35] атты еңбекте жүргізілген аграрлық реформалардың барысы сипатталып, аяқталуын атап өтілген. Сонымен қатар А.Я.Аврех «Столыпин и судьбы реформы в России» [36] және «Столыпин и третья дума» [37] атты еңбектерде аграрлық реформаны қабылдамас бұрын оның жобасын думада талқылаудан өткізілгендігі туралы айтылады. Енді қазақ тарихын зерттеп, алаш азаматтырының, зиялы қауымның тағдырын зерттеп, жүрген тарихшыларымыздың бірі М.Қ. Қойгелдиевтің  “Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ – 1917 ж.)” атты монографиялық зерттеуі біздің зерттеу жұмысымызбен тығыз байланысып  ұштасып жатыр. Еңбекте Жетісу өңірінің Ресей тарапынан жаулап алынуы оның зардаптары, жаулап алынғаннан кейінгі Патша өкіметінің әкімшілік территориялық өзгерістер жан-жақты ашылып талданған [38]. Бұл еңбекте сонымен қатар, тағы бір атап өтетін жайт, сол кездегі қазақ жерін басқарып отырған генерал-губернаторлардың Жетісу облысындағы тарихы туралы да қарастырған.

Сол сияқты, Столыпин аграрлық реформасына қатысты қазіргі  кезеңде орыс ерттеушісі А.А.Зеньковскийдің «Правда о Столыпине» [39], Кара-Мурза «Столыпин отец русской революции» [40] және де В.В.Бочеровтың «Столыпинская аграрная реформа в Екатеринославской и Харьковской губерниях (1906-1916)» атты ғылыми зерттеу  жұмысын атап өтуге болады [41].

Сонымен қатар  Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты Ө. Қожақов өзінің зерттеу еңбегінде Сырдария облысының әлеуметтік экономикалық дамуын қарастырды [42]. Түркістан өлкесін атай отырып, Сырдария облысына қатысты құжаттарды қарастыру қажеттілігін айқындайды.

Ал, Ғ. Меңлібаев  болса Сырдария облысында қоныс  аударушылардың селолары мен қазақ  ауылдары арасындағы қарым-қатынасты қарастырды [43]. Бұл еңбекте казактардың жергілікті қазақ халқына деген қатынасы жайлы қарастырылып, сол кезеңдегі көптеген қиын жағдайлардың туғанын көреміз.

Қазақ жеріне ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоныс аударғандарға қатысты мәліметтерді келесі Л.С. Динашева өзінің зерттеу еңбегінде көре аламыз. Зерттеуші Оңтүстік Қазақстандағы қоныс аударушылардың тарихы мәселелерін жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттейді [44]. 

Қазіргі таңда  қазақ халқының жағдайы, ұлттық интеллигенцияның тарихы, сонымен қатар қазақ жерінде  жүргізілген аграрлық мәселелерді  зерттеп жүрген жас ғалымдарымыздың  бірі С.О. Смағұлова ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенциямен   Қазақстандағы аграрлық мәселенің қарым - қатынасын қарастырған [45]. Бұл жерде Түркістан өлкесіне қатысты маңызды мәліметтер беріліп, көптеген еңбектердің жазылып қалдырылғанын көре аламыз.

Ал тақырыбымызға тікелей қатысты қазіргі таңда тәуелсіздігімізден кейінгі жылдары қорғалған Қазақстандағы патшалық Ресейдің білім беру және дін мәселесіне қатысты өзінің көзқарасын білдіруші зерттеушілердің бірі З.Т.Садвакасованың «Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и религии (ІІ половина ХІХ – начало ХХ века)» [46] атты ғылыми зерттеу еңбегін, сонымен қатар Г. Шуланбекова «Оңтүстік Қазақстандағы патша өкіметінің саяси-әкімшілік реформасы және оның зардаптары (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы)» [47] атты ғылыми зерттеулерін айтуға болады. Аталмыш зерттеулерде Түркістан өлкесіндегі білім, дін, мәдени қоғамдар, қоныс аудару саясаты туралы тың идеялар көрсетілгендігі назардан тыс қалмады.                            

    Осы  тұрғыдан алғанда жоғарыда аталған кезеңдерге қатысты олардың арасында Қазақстанның Түркістан өңірінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейінгі әлеуметтік - экономикалық жағдайын қарастырған арнайы зерттеулер жоқтың қасы. Жоғарыда келтірілген ғылыми зерттеулерде қарастырылып отырған мәселенің кейбір тұстары талдауды қажет етіп отыр. Сондықтан, «Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы» (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі)” деген тақырыпты зерттеу алға қойылды.

Жұмыстың  мақсаты. Түркістан өлкесінде экономика саласында, аграрлық және өнеркәспті дамытудағы, білім беру ісі мен діни жағдайында, демографиялық үрдістері, көші-қон мәселесіне жүргізген отарлық биліктің саясатын тарих ғылымындағы жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу диссертациялық зерттеудің басты мақсаты болып табылады. Ендігі тұста осы патшалық өкімет тарапынан қазақ даласында жүргізген саясатына байланысты берілген мәліметтерді жинақтап, талдау мақсатына орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

      - Түркістан өлкесіндегі экономикалық, ауыл шаруашылығындағы  жағдайды  айқындау;

      - Столыпиндік аграрлық реформаның Түркістан өлкесі үшін тигізген зардаптарын атап өту;

      - Өлкедегі өндіріс орындарын  игеру мәселесін, олардың жүргізілу себептерін ашып көрсету;

      - Халық ағарту ісі, дін және мәдени өмір мәселелерін қарастыру;

      - Білім беру үрдісіндегі орыстандыру  саясатын жан-жақты объективті  түрде талдау жүргізу;

      - Түркістан өлкесіндегі мәдени  өмірдегі мұсылмандық қозғалыстарды қарастыра отырып, оларға баға беру;

      - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Түркістан өлкесіндегі әлеуметтік-демографиялық ахуалды көрсету;

          - Отаршыл билік саясатының өлкедегі  халық динамикасына тигізген әсерін және көші-қон мәселесі мен әлеуметтік құрамы туралы берілген деректерді саралау.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. ХІХ-ХХ ғасырларда жазылып қалдырылған мәліметтер болады. Деректерді екіге бөліп қарастырсақ:

1. Мұрағат құжаттары  отарлық әкімшіліктің іс қағаздары, олардың қатарына ­ мемлекеттік іс қағаздар, қазақ басшыларының хаттары мен өтініштері, сол сияқты қарапайым адамдардың мәліметтері мен қазақ даласында болған естеліктер деректері.

2. Аталмыш кезеңде  қазақ жерінде болған саяхатшы, ғалымдар естеліктері мен күнделіктеріндегі жазбалары.

      Түркістан өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат қорларынан алынды. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты, соның ішінде “Верный уездік басқармасы”, (№ 44-қор.). Алғашқы қорлардың бірі ретінде көрсетіп отырған себебіміз бұл өңірге қатысты деректердлің үлкен пайызын табуымызға болатындығында. Бұл қорда бірнеше мыңдаған іс қарастырылады. “Жетісу облыстық басқармасы”, (№ 64-қор.). Жоғарыда аталып отырған екі қорда да, яғни Верный және Жетісу өлкелері сол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркістан генерал-губернаторлығына кірген облыстар болатын. Сондықтанда бұл екі қор маңызды деректерді жинақтаушы десе де болады. Бұл қорларды арнайы жеке сараптап, алып отырған себебіміз, Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты беретін негізгі деректеріміз қарастырылатын осы қорлар. Сонымен қатар «Колпаковский Г.А. жеке қоры» (№ 825 қор). Бұл қорда осы ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басындағы өлкедегі жағдайға байланысты Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Колпаковский Герасим Алексеевичке жергілікті халықтың, сұлтандардың, старшындардың, сонымен қоса орыс шенеуніктерінің өлкедегі жағдайға қатысты беріп отырған мәліметтерін кездестіре аламыз. Бұл қорда көбіне орыс шенеуніктерінің қазақ халқының тұрмыс – тынысы туралы берілген көптеген деректерді кездестіре аламыз.

Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы