Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.
КІРІСПЕ .............................................................................................................
1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................
2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................
3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ..............................
1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму
деңгейі.......................
1.2 Өндіріс орындары және сауда
..............................
2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру
саясаты ..............................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық
қозғалыс......................
3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы....................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік
құрамы........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс, Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын (ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басы) зерттеуге арналған.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан территориясының Түркістан өлкесінде болған орыс шенеуніктері, әскері, осы өлкенің генерал-губернаторларының патшалыққа жазған хаттары, күнделіктері, жалпы еңбектерінен көре аламыз. Қазіргі таңда осы мәселені шешу жолында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша көптеген деректер зерттеліп, талдану үстінде. Ендігі таңда сол орыс зерттеушілерінің еңбектерін, олардың өлкедегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға берген сипаттамасын саралай отырып қарастыру біздің негізгі міндетіміз болып табылады.
Еуразияның сайын даласында дүниеге келген дәстүрлі қоғамдардың өзіне тән құрылымы мен әлеуметтік ұйымының ерекшеліктері этнографтармен жалпы қоғамтанушылардың негізгі зерттеу объектісіне айналғаны мәлім. Далалық өркениеттің заңды мұрагері болып табылатын қазақ қоғамына тән билік жүйесі мен әлеуметтік ұйымы еуразия ауқымында өмір сүрген көшпелілердің саяси қоғамдық құндылықтарын зерттеуге жол ашатын бірден-бір кілт.
Жоғарыда атап өткеніміздей қазақ елінің тарихы, басынан өткен оқиғаларын бір ғана сөзбен тек атап кету немесе оны жазып қалдыру әрине аздық етеді. Сондықтан да өлкеде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен – ХХ ғасырдың бас кезіндегі болып жатқан жағдайға аса назар аудартуының бірден-бір себебі ол Түркістан өлкесінің әлеуметтік, аграрлық, демографиялық, экономикалық және т.б. жағдайын саралап, ой-елегінен өткізу арқылы өзіндік тұжырымдарға алып келу. Сол арқылы осы кезеңге дейін әр түрлі бұрмалаушылық арқылы жазылып келген отан тарихымыздың кейбір тұстарын мұрағат құжаттары негізінде аша отырып, оларға сыни тұрғыдан баға беру арқылы жұмысты қарастыру.
Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы орыс деректемелерінде әр түрлі сипатта берілген. ХІХ - ХХ ғасырларда қазақ халқы туралы жазылған көптеген еңбектер, жазбалар, естеліктер, күнделіктер бір сарында жазылды десе де болады. Жазбалардың қаншалықты шынайы екендігіне көзімізді жеткізуіміз үшін оларды жан-жақты зерттеп, талдауымыз керек. Бұл жерде айта кететін бір жайт ол сол кезде келген генералдар, саяхатшылар, тарихшылар болсын орыс үкіметінің басшылығымен қазақ даласын зерттеу үшін келгендер еді.
Өлкеде патшалық тарапынан жүргізілген қандай да бір әлеуметтік-экономикалық реформалары, аграрлық жұмыстары, кен өндіру саласындағы көтерген мәселелрі тек сол кездегі қазақ халқының жағдайын сипаттау арқылы отарлау мәселесін негізге алып отырып жоспарланған болатын деуге келеді. Ал олардың қазақ даласына келуінің бірден-бір мақсаты ол қазақ жеріне бекіністер салу арқылы отарлау, сол негізде әр түрлі экспедициялар жүргізіліп, қазақ еліне бақылау орнатылған еді. Сондықтан да бұл жазбалардың бірдей болуының себебі осында. Ал қазақ даласына және қазақ халқына өз еркімен ешқандай алдына мақсат ұстанбай келген басқа да дәрігерлер, саяхатшылардың жазбаларында қарастыратын болсақ, олар қазақ халқы туралы жақсы пікірлерін жазып, олардың қонақжайлығына тоқталған болатын. Осыған дәлел мәліметтерді біз сол кездегі жазылып қалдырылған мәліметтерден көре аламыз.
Тақырыпты жан-жақты қарастыра отырып, сол кезде жазылып қалдырылған деректерге, мәліметтерге сүйене отырып, оның барлығын шынайы қабылдамай сыни тұрғыдан қарастыру. Әлі де болса тарих ғылымында империялық саясатқа қатысты айтылған ой пікірлердің жаңаша түрде саралануы аталмыш жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Түркістан өлкесінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі экономикалық, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті және сонымен қатар демографиялық қырын анықтау. Ал оларға тоқталмастан бұрын жалпы диссертациялық жұмысымыздың тарихнамасын үш кезеңге бөліп қарастырсақ: 1. Революцияға дейінгі кезең; 2. Кеңестік кезең; 3. Тәуелсіздік кезең.
Жоғарыда келтірілген тарихнамамыздың алғашқысы революцияға дейінгі кезеңге тоқталатын болсақ, Түркістан өлкесіндегі саяси ахуалды, демографиялық жағдайды жазып қалдырғандырдың алғашқысы ретінде осы кезеңдегі генерал-губерноторлар, шенеуніктерді атап өте аламыз Солардың алғашқысы ретінде Г.А.Колпаковский [1], Крафт [2], граф Кауфманның [3] жазбаларынан кездестіре аламыз. Себебі олар Түркістан өлкесінде генерал-губернатор қызметін атқара отырып, жалпы статистикалық мәліметтерді көрсеткен зерттеушілер болып табылады.
Жоғарыда аталып өтілген зерттеушілер өлкедегі қазақтардың жағдайын, олардың білімі, мәдени өмірі, демографиялық ахуалы туралы сол қазақтарды хаттарынан, өздерінің қол астындағы қызметкерлерінің патшалыққа жіберіліп отырған арыздары, өтініштері арқылы көрсетеді.
Ендігі тұста қазақ өлкесі туралы, оның этнографиялық, саяси өмірі туралы, оның ішінде қазақ халқын орыстандыру саясатына байланысты жазылған біршама еңбектерге тоқталсақ, сол зерттеушілердің алғашқысы П.А.Столыпиннің [4] қазақ жерінде жүргізген аграрлық реформасы арқылы оның Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына келтірген зияны туралы атап өту қажет.
Сонымен қатар, қазақ даласындағы болып жатқан, Түркістан өлкесінің басынан өткен жағдайларға қатысты біршама талдау еңбектерінің бар екендігін атап өтуіміз қажет. Ендігі таңда осы қосымша дерек ретінде Н.И. Гродековтың Сырдария облысы қазақтарының құрамын, этнографиялық жағдайын, соттық жүйесін зерттеген еңбегін атап өтуге болады [5]. Себебі бұл еңбек біз қарастырып отырған диссертациялық жұмыстың кейбір құжаттарына негіздеме бола алады.
Жоғарыда атап
өткен еңбектердің барлығы
Аталмыш зерттеулер бізге революцияға дейінгі кезеңде көптеген мәліметтер қалдырып кеткенін білеміз. Бірақ ол деректер тек Ресей империялық саясат тара ғана қолдайтын негізде жазылғандығына назар аударғанымыз жөн. Дегенмен аталған кезеңде де, отаршылдық жүйе әкелген ауыр зардаптарды, жергілікті халықтың қайғы-қасіретін түсіне білген орыс өкілдерінен шыққан зерттеушілер де болды. Олар кезінде орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру мәселесінің шынайы себептерін ашып көрсетуге тырысқан болатын. Солардың бірі Т. Седельников жер үшін күрестің негізгі себебін сенімділікпен айқындады[7, 97 б.]. Бұл дегеніміз, қазақ елінің демографиялық жағдайы, көші-қон мәселесі, орыстандыру саясатының жүргізілуінің өлке үшін үлкен зардабын атап өтуіміз қажет.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінен мол мәлімет беретін Түркістан өлкесінде сенаторлық тексеру жұмыстарын жүргізген К.К. Паленнің еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Себебі К.К. Паленнің өңірдегі жағдайға қатысты бізге қажет статистикалық мәліметтерді жазып қалдырған. Ол 1904 жылдан кейінгі уақыттардағы қоныс аудару мекемелерінің іс-шараларын қарастыра келе, “бүгінгі заң ережелері” халықтың шаруашылық-тұрмыстық тәртібі қажеттіліктеріне жеткілікті түрде жауап бере алмайды деген қорытынды жасайды. Бұл жерде негізгі мәселемізді көші-қон қырымен көрсетеміз. Қазақ қоғамындағы саяси өмір жайлы орыс әкімшілігінің өкілі, экономист П.П. Румянцев: “Енді қазақ халқының тарихы жоқ, оның орнына ауылдық мекендеушілер – бұратаналардың өмірінің тарихы бар” [8, 347 б.], - деп ХХ ғасыр басындағы отарға айналған өлкенің ауыр халін сипаттап көрсетіп береді. Өйткені қазақ даласына тек қана Столыпиндік аграрлық реформада қоныс аударғандардың саны қаншама, ал сол жерде қоныс тепкен қазақтардың өз жерлерін тастап, тіпті көрші мемлекеттерге қоныс аударған құжаттарды да кездестіреміз. К.К. Пален ХХ ғасыр басында өлкенің дамып келе жатқан экономикасының одан әрі тез дамуына құқықтық базаның артта қалушылығы өзіндік кедергі жасауда деп көрсетеді. Олай деп атауының себебі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы хал-ахуалдың күрделі болып, соның салдарынан құқықтық нормалардың дамуына кедергі жасалғандығын атап өтуге болады [9].
Келесі
жерде Түркістан өлкесінде
Келесі кезекте қазақ ұлты үшін барын аянбаған, өз алдына қазақ елім деп жүрген зиялыларымыздың бірі А. Байтұрсыновтың [11] «Қазақ» газетінде патша өкіметінің билігіне қарсы жазған біршама құжаттардан кездестіруімізге болады.
М. Шоқайдың Мәдени мұра бағдарламасы бойынша жарық көрген «Түркістанның қилы тағдыры» атты еңбекте өлкедегі жағдайға қатысты саяси оқиғаларға біршама наразылығын көрсеткен [12].
Келесі кезекте әрине біршама еңбектерді қарастыра отырып, осы жоғарыда аталып кеткен зиялыларымыздың қатарына М. Тынышбаевтың да есімін атап өтпеуге болмайды [13]. Ал бұл тұста тоқталып кететін бір жайт, тек қана орыс зерттеушілерінің еңбектері ғана емес, сонымен қатар ол еңбектерді сыни тұрғыда мүмкіндік туындататын зиялы қауымымыздың да еңбектеріне қарастырып өтуіміз.
Сондықтан да жоғарыда өзіміз тоқталып кеткендей, қазақ зиялы қауымының Түркістан өлкесінде, тіпті болмаса бүкіл Қазақстанды жайлаған мәселелерді көтеріп, соларды алға тарта отырып, М. Дулатовтың қоныстандыру мәселесіне қатысты былай деген: “Қазақ даласының патша билігінің тигізген зардаптарын атап өтіп, өзінің туған өлкесінің болашағының алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі деп түсіндірген болатын” - [15, 23 б.] деп айтады. Осыдан көретініміз өз халқының жанашырлары газет беттерінде, жоғары билікке өз өтініштері, арыздарын жазу арқылы ішкі қарсылықтарын ашық түрде жазып, айтып отырған.
Отарлау сасаяының тізгінінде болған әрбір ел, әрбір халық өзінің бостандықтары жолында күрескендігін атап өткен жөн. Сондай жанашыр, өз ұлты үшін әрдайым алда тұратын қазақ азаматтары, алаш партиясы Мұсылман фракциясының өкілі М. Шоқайдың «Таңдамалыларынан» біз қарастырып отырған өңірге қатысты біршама тың деректер кездестіреміз. Оның бірден-бір себебі тұтас түркі идеясын алға тартқан азаматтарымыздың бірі еді. Сонымен қатар жергілікті аппараттың, патшалық биліктің қазақ еліне, даласына жасаған қиыншылықтарының барлығын өз еңбектерінде жазып қалдырған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ елін отарлау, орыстандыру саясатының жүргізгендігі туралы да қазақ зиялалылары атап өткен еді. Сондай қазақ азаматтарымыздың бірі, Түрксіб темір жолын салуындағы негізгі үлесін қосқан азаматтарымыздың бірі, алаш азаматы М.Тынышбаевтың өлкедегі орыс өктемдігінің шектен шыққан әрекеттеріне тоқталған сөзін келтірсек, онда былай делінген: “православия дінін қабылдамағаны үшін, қазақ әйелінің басына қылбұрау салып қинау, қазақ тілінде өтініш пен арыз беруге тыйым салынуы және сол сияқты көптеген адамдардың жеке тұлғасы мен ар-ожданын арсыздықпен аяққа таптау- бұның бәрі, мырзалар, Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалып және әлі де құдай мен адамдардың жадынан шыққан алыс аймақта жалғасуда. Бұны қалай надан, теократиялық және бюрократиялық ұлы державалық Ресей өкіметінің басқа халықтар мен басқа діндегілерге қарсы жүргізген крест жорығы деп атамасқа” [13, 16 б.]. Ал бұлай атаудың себептерін жоғарыда тоқталып, тіпті дерек ретінде келтірген. Себебі патшалық билік Түркістан өлкесінде орыс тілін, дінін заңды түрде, тіпті күшпен де қабылдатуға ұмтылған еді.Оған нақты дәлел ретінде осы кезеңге байланысты құжаттарымыздан көре аламыз.
Сонымен қоса, қазақ жеріне байланысты да біршама даулар туындалып, өз ұлтымыздың, еліміздің жерінде орыстандыру процесінің жүргізілгендігі туралы көптеген авторлардың еңбектерінен көре аламыз. Қазақ даласын патшалық биліктің отаршылдарының түпкі пиғылы қазақтарды ұлт есебінде жойып жіберіп, орыстандыру екендігі Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдары Т. Рысқұловтың үш томдық жинағының екінші томында Жетісу облысындағы қоныстанушылар пайдасына жергілікті тұрғындардың жерін тартып алып берудің сандық көрсеткіші келтірілген [16]. Автор қазақ жерін қоныстандыру арқылы отарлау үрдісінің ащы шындығын алға тартады.
Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы