Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 20:46, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып, осы уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктерімізді атай отырып, тәуелсіздігімізді алу барысындағы қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды саналы түрде қазіргі қоғамға жеткізу ол еліміздің әр тарихшысының міндеті болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан Республикасы өзінің ішкі мәселелерін шешумен қатар, сыртқы мәселелерге де үлкен зер салды. Соның қатарында әлемдік қауымдастықта өзін таныту, бейбіт және достық қарым-қатынастар орнату басымдықтары бар. Өзінің тәуелсіздігінің қарсы алып отырған еліміз өзінің арғы-бергі тарихын да саралап, оның құндыларын іріктеу үстінде.
КІРІСПЕ .............................................................................................................
1 Экономикалық жағдайдағы өзгерістер
1.1 Ауыл шаруашылығының даму деңгейі....................................................
1.2 Өндіріс орындары және сауда .................................................................
2 Халық ағарту ісі және мәдениет
2.1 Білім беру үрдісіндегі орыстандыру саясаты .........................................
2.2 Мәдени өмірдегі мұсылмандық қозғалыс................................................
3 Әлеуметтік – демографиялық ахуал
3.1 Халық санының динамикасы...................................................................
3.2 Көші – қон мәселесі және әлеуметтік құрамы.........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
Тарихтың пайымдауынша, Столыпиннің негізгі саясаты, оның негізгі жұмысы жер реформасы болды. Ол Ресейде ұсақ меншіктің сыныбын қалыптастырып, жаңа «мықты тәртіп» мемлекеттік тірегі деп көрсеткен. Столыпиннің айтуынша, «Біз халықты кедейшіліктен босатып, басқарусыздықты доғаруымыз қажет». Бұны шешу жолы ретінде алға қойған мақсатымыз, ең бірінші мемлекеттің қатаюы делінген [62].
Ірі жер иеленушілерінің пайымдауынша, жер-ол басқа да заттар сияқты жеке меншік бола алады деген.Олар оны алу және сатып алу ешқандай қылмыс емес деп түсіндірген. Ал шаруалардың көзқарасы басқаша болатын.Олар жер «ешкімдікі» емес, құдайдікі, ал оны қолдану тек еңбектің нәтижесінде жүзеге асады делінген. Әр үйдің отбасы санына байланысты жер бөлінген.
1906 жылы 9 шілдеде І Мемлекеттік Дума таратылды. Думаның таралуынан кейін Горемыкинның кабинеті таратылды. Министрлер кеңесінің төрағасы және ІІМ-і лауазымын сақтай отырып, Петр Аркадиұлы Столыпин тағайындалды.
Столыпиннің реформасының негізі ол шаруаларды тәуелділіктен босата отырып, оларға жер бөліп беру. Сонымен қатар иеленушілрге өз жерлерін сатқызу тек экономикалық әдістермен жүргізілуге болатындығын атап өткен. Ол солай болды да, көптеген жер иеленушілер өз жерлерін сатты, ал оны Шаруалар Банкі сатып алды.Бұл мәселені шешудің үш жолы тұрды: 1) жер иеленушілердің жерін тартып алу; 2) ештенке жасамау; 3) жер иеленушілер мен шаруаларды жеке меншіктеріне еш зардабын тигізбеу арқылы реформалауға итермелеу.
Осының ішінен үшінші нұсқаны П.А.Столыпин таңдап алды. Столыпин реформалаудың тек экономикалық жолын қарастырған болатын.
1906 жылы наурызда жер комиссиясы туралы жарғы шықты және Думада енгізілген болатын. Бірақ заң ретінде олар тек 1911 ж29 наурызда бекітілді. 1906 жылы 12 тамызда Шаруалардың жер Банкісіне жерлер берілген еді және содан кейін 1906 жылы 27 тамызда қазыналық жерлер берілді (бірақ олардың көбісі шаруаларға және жалпыға бірдей берілген болатын).
1906 жылы 9 қарашада
«Ерекше журнал» жобасы
1910 жылы 14 маусымда
шаруалардың жер иелену жарғысы
1908 жылы 1907 жылға
қарағанда күшейген
Шаруа Банктері шаруалардың сұраған ақысын толығымен қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да ең көп таралғаны несиелік кооперция болды, ол өз кезегінде екі даму кезеңін басынан өткізді.
Бірінші кезеңінде әкімшілік түрдегі несиелік қатынаста. Екінші кезеңде ауылдық несиелік серіктестік, өз қаражатын жинақтау арқылы жекеше даму. Соңында ұсақ шаруашылық несиелік институттары құрылған болатын. 1914 жылы 1 қаңтарды бұндай ұйымдардың саны 13 мыңға жуық болды. Несиелік қатынас шаруалардың ары қарай дамуына серпіліс берді.
Столыпиннің аграрлық реформасы сәтсіз аяқталды деп айтуға болады. Ол туралы көбісі естіді, бірақ оны ешкім түпкілікті түсінбеген еді. 1990 жылдың басында Ресейде ол туралы өте көп аталып өтілген еді, бірақ кейін оны ұмытып кетті. П.А.Столыпин өз реформаларының авторы емес деген пікірлер айтылды.
Біріншіден, реформалар одан да кейін жасалған болатын – 1861 жылы емес, тек 1906 жылы ғана. Сонымен қоса, экономикалық табиғи дамуынан - нарықтық дамуына ауысуы мемлекеттік қызметке байланысты болатын. Сонымен қатар, мемлекеттің қаржылық-несиелік қызметі аса маңызды рөлде болды. Оған мысал ретінде билікті алуға болады. Тағы да атап өтерлік жайт, «экономикалық-шаруашылық және жаңа экономикалық даму түрлері: Осылай қаржы министрлігі Шаруалар Банкі, егін министрлігі, басқа да мемлекеттік институттарды атауға болады. Егер қандай да бір жерлерде әкімшілік басқарудағы ұстанымды басшылық жасаса, онда нағыз бәсекелестік сол кезде болатын еді. Сондықтан да қоғамда әлеуметтік жағынан жақтаушыңды табу маңызды болды.
Столыпин реформаны жасау барысында өз кезегінде көптеген қиыншылықтарымен кездесті. Столыпинді жақтаушы патша, революцияның аяқталуынан кейін оның қарсыластарының жағына ауысып кетті. Столыпиннің жасаған көптеген ұсыныстарын Мемлекеттік Дума кері қайтарды. Агралы реформаның ойдағыдай шығуы үшін үш кезеңді басынан өткеру керек болды:
-консерваторлы жер иеленуші – бюрократтар жоғарыдағылардың қарсылықтары, оған 4 жыл өтті, 1907 жылдан бастап 1911 жылға дейін;
- шаруалар қауымының
консерватизмі. Жеке меншік
- Ресейдің «әлеуметтік»
зиялыларының және орыс
Бірақта нақтыланған кейбір өзгерістер жасалды. Реформаның сегізінші жылында қауымнан 26,1% шаруалар шықты. Бірақ олардың тек 15% ғана хуторға қоныстанды. Ол объективті себептерге байланысты болды. Хутор – автономды шаруашылық, ол дегеніміз ол жерде - жер, су, кең дала барлығы болу керек. Ол тым кішкентай болуы мүмкін емес, көп жағдайда 2-10 десятина жерде бір отбасында 10 адам тұратыны кездескен. Бұл ресей жерлерінің 20-30 десятинадағы шаруаларға қаншалықты маңызды болатындығына қараған. Хуторға ең керегі су жолы, бірақ ондай жерлер мүмкін емес еді. Шаруалар суды бүрмелеуді білмеді жіне оған қаражаттары да жетпеді. Бірақ шенеуніктердің жобасы бойынша жасалған хуторлар суы жоқ далада да кездескен. Соғыстың алғашқы жылдары 200 мың хутор және 1,3 млн. кебек берілген. Учаскелік шаруашылыққа, шаруалардың 10%-ы орналасқан, шаруашылық типіндегі шаруалардың Еуропалық Ресейдің арғы жақтарында 89,3% және шамамен 90% мал шаруашылығымен айналысқан. Бірақ хуторлары кішкентай және дұрыс емес жасалған көптеген халық әліде атпен қамтамасыз етілмеген немесе бір аттан ғана болған.
Қауымнан шыққан көпшілігі кедейлер болды: шыққан 26%-ң, тек 16%-ң ғана өз жерлері болған. Көбісі жерлерін сатып қалаға кетпекші болды, жерлерін сатып Сібірге кеткендері де болды. Бірінші дүние жүзілік соғысының алғышқы жылдарында жердің ¼ бөлігі сатылды. Сібірге 2,44 млн. шаруалар берік қоныстанған. Ол Сібір ауыл губернияларының өсуіне алып келді. Көбісі мықты шаруалар болды. Бірақ қоныстанушылар саны еш өзгеріс алып келмеді. Бір жылдың ішінде 18% шаруалар қоныстанған [63].
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еурорпалық аудандарынан қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстырандағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді. Бір ғажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенеді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салыстыру арқылы, - делінген түсініктемеде, - қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды».
Мемлекет үшін стратегиялық маңызды аудандарға қатысты бұрынғы қаулылардағы сияқты, Түркістан өлкесіне артықшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін етекшілік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едәуір – суармалы жердің үш десятинасына дейін шектелді, оның есесінемал өрісі мен жайылымдық жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар 8 жыл көші-қон еркіндігін күшейту үшін 1904 жылы 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен қоныс аударту туралы уақытша ережелердін» зор маңызы болды, оның заң күші бар еді. Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарын үкімет органдарының рұқсатынсыз еркін кетуіне рұқсат етілді, ол 1889 жылы Ережеде бекітілген болатын. 1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында – 61,5%-ы, Торғай облысында - 88,6%-ы, болды. Сондықтан ХХ ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зерттеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан заңдар мен өкімдерге саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келді. «Үкімет қоныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жоқ, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр», - деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға заңдық құқық беру жөніндегі үкімет органдарының ережелері туралы ашық айтылды [64].
Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болатын. «Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспедиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспедициясы анықтауы керек еді. Экспедицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Ф.А.Щербина экспедициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін аймаққа және басқа жағдайларға қарай жер пайдаланудың ең төмен нормасы 110-209 десятина, ал ең көбі 185-510 десятина болса, 1907-1908 жылдардағы қайта ұйымдастырылған экспедициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина және 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40%-дан 36-57% дейін төмендетілді. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы бес қоныс аудару округіне Ақмола, Семей, Торғай-Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді. Ауданды меңгеруші басқарды, ол ішінара генерал-губернатор арқылы жергілікті әкімшілкке, ал көп дәрежеде егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігінің жерге орналастыру және егіншілік басқармасына бағынды [41.112-115]. Аудан меңгерушісінің өз қарамағында дәстүрлі саладағы қызметкерлер штаты, сондай-ақ кіші аудандардағы жергілікті жерлерде шенеуліктері болды. Жан-жақты қарастырылған шешім сияқты болып көрінгеніне қарамастан қазақтардан жерді алып қою көпшілік жағдайларда ең дөрекі және заңсыз түрде жүргізілді. Жетісудың байырға тұрғындарынан бұрын алып қоюға тыйым салынған қатысулар мен егістіктерін иеліктен айыру қажеттігін негіздеуге тырысып, Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велецкий бұлар қазақтарға уақытша және шартты түрде пайдалануға ғана берілген мемлекеттік жерлер, егер «қоныстандыру учаскесін» жасау қажет болған жағдайда, «олардың (ауылдардың) бір бөлігін көшіріп, учаске үшін орындарды босату және қазақтардың басқа жерлердегі қыстауларын тығызырақ орналастыру қажет» деп дәлелдеп бақты. Нақ осы принциптерді негізге алып, генерал-губернатор Кондратович 1907 жылы жерге орналастыру партияларына Жетісуда «учаскелерді жобалаудың заңды тарапынан уақытша кейбір мүмкін шегіністер жасауға» тікелей нұсқау берді. Нақ сол қазақ ауылдары көшірілген жерлер, сенатор К.К.Паленнің Түркістан өлкесі бойынша тексерісінің қуландыруына қарағанда, тау-тасты, суландыруға жарамайтын қу дала болған. «Қазақтардың қолайлы жерінің белгілі бір мөлшерін, - деп жазды «Киргизская степная газета », - көптен бері-ақ селолар алып қойған және осыған қарамастан қалған жердің ең жақсы учаскелері Ресейден келген қоныстанушылардың пайдасына көше бастады. Бейшара қазақтар жер алаптарының шектеулі болуы салдарынан таяу болашақта азды-көпті көшуін еріксіз тоқтатады». Осы газеттің басқа бір нөмірінде «көшпелілер әл-ауқатының жыл сайын және үнемі құлдырап бара жатқаны байқалады» және «бұл құбылыстың себебі, сірә жер алаптарының жеткіліксіздігінде жатса керек: жаз бен күзде жайылған жайылымдарда малды қыста да жаюға тура келеді», - деп жазды [37,145-158].
Қазақстандағы
күрделі жер қатынастары
1906-1911 жылдарда
Министрлер Кеңесінің төрағасы
және Ішкі істер минитсрі
Информация о работе Кәсіпорын экономикасының негізгі звеносы