Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 16:23, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазiргi қоғамның алдында тұрған мәселелердiң бiрi экономикалық өсудi жеделдетуде, халықтың өмір сапасының жоғарытуы үшiн қажеттi және қолайлы жағдай жасауда тұрады. Қойылған мәселені шешу экономиканың нақты секторына инвестицияларды тарту арқылы мүмкiн болады. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялардың өсу көлемі және қарқыны аймақтың инвестициялық тартымдылығының көрсеткiштерi болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты жоғарылату капиталдың қосымша түсуіне, экономикалық өсуіне мүмкiндiк туғызады. Инвестор, кәсiпорынды қаражаттарын салу үшiн таңдағанда, белгіленген сипаттамаларын негiзге алады: инвестициялық әлеует және инвестициялық тәуекелдiктiң деңгейi, олардың өзара байланысы осы кәсiпорын орналасқан аймақтың инвестициялық тартымдылығын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
4
1
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының теориялық және әдістемелік негіздері
6
1.1
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының ұғымы және мәні
6
1.2
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын талдаудың шетелдік тәжірибесі
16
2
«Ер-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын талдау
28
2.1
«Ер-ССК» ЖШС жалпы сипаттамасы және қаржы жағдайы
28
2.3
«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығына әсер ететін көрсеткіштерді талдау
36
3
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары
47
3.1
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату факторлары
47
3.2
«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдарын кешендi бағалау
53

Қорытынды
60

Пайдаланған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

анализ инвестиционной привлекательности предприятия.docx

— 364.53 Кб (Скачать документ)

А1

П1, А2
П2, А3
П3, А4
П4.

 

Төртiншi теңсiздiктi орындау алғашқы үшеуін орындағанда мiндеттi болып отыр, себебі А1+А2+А3+А4=П1+П2+П3+П4.

Теория жағынан алғанда, бұл кәсiпорында қаржы орнықтылығының ең төменгi деңгейiн сақталғанын, яғни меншiктi айналым қаражаттары болғанын бiлдiредi (П4-А4)>0.

Жүйенiң бiр немесе бiрнеше теңсiздiктерiнде оңтайлы нұсқасында бекітілгеннен қарама-қарсы белгi болған жағдайда баланс өтiмдiлiгi әрбір деңгейде абсолюттiсінен ерекшеленеді. Әдеттегiдей, тез өтiмдi қаражаттардың жетiспеушiлiгі аздау өтiмдiлiгімен түгелденеді.

Бұл өтемде тек есептiк сипаты бар, себебі шын төлеу жағдайында төмен өтiмдi активтер жоғары өтiмдi активтерін алмастыра алмайды.

Абсолюттiк өтiмдiлiкке қарама-қарсы ара қатынас орын алған жағдайда баланс абсолюттi өтімсіз, ал кәсiпорын төлеуге қабілетсіз болып саналады:

 

А1

П1, А2
П2, А3
П3, А4
П4.

 

Осы жағдай кәсіпорында меншікті айналым қаражаттары жоқтығымен және ағымдағы міндеттемелерін айналымнан тыс активтерді сатусыз өтеу мүмкіндігі жоқтығымен сипатталады [12, 266 б.].

Берілген тәсім бойынша жүргізілетін баланс өтімділігін талдау жақындатылған болып табылады. Төлеу қабілеттілігін қаржы коэффициенттері арқылы талдау толығырақ болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі оның төлеу қабілеттілігін бағалау болып табылады, кәсіпорынның контрагенттер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша уақытында және толық көлемінде есеп айырысу қабілеттілігі.

Төлеу қабілеттілігі кәсіпорында тез арада өтеуді талап ететін несиелік қарыз бойынша есептесуге жеткілікті ақшалай қаражаттардың мен оның баламаларының бар болуын білдіреді. Сөйтіп, төлеу қабілеттілігінің негізгі белгілері:

  • есеп айыру шотында қаражаттардың жеткілікті көлемінде бар болуы;
  • мерзімі өткен несиелік қарыздың жоқтығы.

Кәсіпорынның өтімділігін және төлеу қабілеттілігін жалпыланған бағалау үшін арнайы талдау коэффициентерін қолданады. Өтімділік коэффициенттері кәсіпорынның кассалық ұстанымын көрсетіп оның айналым қаражаттарын басқару қабілеттілігін белгілейді, яғни керек уақытында активтерді ағымдағы міндеттемелерді өтеу мақсатында активтерді қолдағы ақшаға тез айнала алады. Шетел және отандық әдебиетте активтердiң жеке түрлерiн iске асырудың жылдамдығына байланысты мiндеттемелердiң үш маңызды коэффициенттерi пайдаланады: абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентi, шапшаң өтiмдiлiк коэффициентi және ағымдағы өтiмдiлiк коэффициенті (немесе өтеу коэффициентi). Осы үш көрсеткiштердің барлығы кәсiпорынның айналым активтерiнiң оның қысқа мерзiмдi берешегiне қатынасын өлшейдi. Бiрiншi коэффициентте есепке ең өтiмдi айналым активтерi - ақша қаражаттар және қысқа мерзiмдi қаржы салымдар қабылданады; екiншiсінде – оларға дебиторлық берешек, ал үшiншiсінде – қорлар қосылады, яғни ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiн есептеу - бұл iс жүзiнде айналым активтерiнiң барлық сомасын қысқа мерзiмдi берешектiң бір теңгесіне есептеу. Бұл көрсеткiш кәсiпорынның төлем қабiлетсiздiгiннің ресми критерий ретінде қабылданған [13, 156 бет].

Талдау кәсiпорынның төлеу қабiлеттiлiгi анықтауға мүмкiндiк бередi, бұл инвестициялық тартымдылықтың есептiк өлшеуiштерiнiң бiрi болып табылады. Кәсiпорынның төлеу қабiлеттiлiгiн сипаттау үшiн бір қатар коэффициенттер қабылданған.

Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi кәсiпорында өз қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жыл бойы өтеу үшiн жұмсала алатын қаражаттарды жеткіліктігін көрсетедi. Бұл кәсiпорынның төлеу қабiлеттiлiгiнің негiзгi көрсеткiші. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi формула бойынша анықталады (1):

 

Каө = (А1 + А2 + А3) / (П1 + П2)                                (1)

 

Әлем тәжiрибесiнде бұл коэффициенттiң мағынасы 1-2 аралықта болу керек. Әрине, бұл көрсеткiштiң мағынасы көбірек болатын жағдайлар бар, алайда, ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi 2-3-тен көп болса, бұл әдеттегідей, кәсiпорын қаражаттарын тиімсіз қолдану туралы айтады. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнің мағынасы бірден аз болғандығы кәсiпорынның төлем қабiлетсiздiгi туралы айтады.

Шапшаң өтiмдiлiк коэффициентi, немесе «дағдарысты бағалау» коэффициенті, кәсiпорынның өтiмдi қаражаттары оның қысқа мерзiмдi берешегiн қаншалықты басатынын көрсетедi. Шапшаң өтiмдiлiктiң коэффициентi (2) формула бойынша анықталады:

 

Кшө = (А1 + А2) / (П1 + П2)        (2)

 

Кәсiпорынның өтiмдi активтеріне кәсiпорынның барлық айналым активтерi қосылады, тауарлық-заттық қорларын есептемей. Осы көрсеткiш несиелiк берешектiң қай үлесi ең өтiмдi активтер есебiнен өтей алғанын анықтайды, яғни кәсiпорынның қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiнiң қай бөлiгi түрлі есеп шоттарындағы қаражаттар, қысқа мерзiмдi бағалы қағаздардың, қысқа мерзімді құнды қағаздар, және есеп айырысу бойынша түсімдер есебінен дереу өте алатынын көрсетедi. Осы көрсеткiштiң ұсынатын мағынасы 0,7-0,8-ден 1,5-ке дейін.

Абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентi кәсiпорын несиелiк берешектің қай бөлiгiн дереу өтей алатынын көрсетедi. Абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентi формула бойынша есептеледi (3):

 

Каө = А1 / (П1 + П2)                     (3)

Осы көрсеткiштiң мағынасы 0,2-тен төмен түспеу керек.

Қорыта келгенде, кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығы оның теңгерiм өтiмдiлiгiне тiкелей байланысы бар, және инвестициялық тартымдылық жоғарылату үшiн кәсiпорын абсолюттiк өтiмдiлiкке және төлеу қабiлеттiлiгiне ұмтылуы керек.

Кәсiпорынның қаржы орнықтылығы кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi (өтiмдiлiктен басқа) тұрақтылығын белгілейді. Ол несие берушiлер мен инвесторлардан тәуелдiлiгімен, яғни «меншiктi капитал - қарыз қаражаттары» ара қатынасымен байланысты. Меншiктi өтiмдi капиталмен толық өтелмеген маңызды мiндеттемелердiң бар болуы, iрi несие берушiлер өз қаражаттарын қайтаруын талап еткенде, банкроттық себеп туғызады. Бiрақ сонымен бірге қарыз қаражаттарды салу меншiктi капиталдың пайдалылығын жоғарылатуға айтарлықтай мүмкiндiк бередi. Сондықтан қаржы орнықтылығын талдауда келешекте кәсiпорынның тәуекелін және пайдалылығын белгілейтін көрсеткiштер жүйесін қарау керек.

 

 

1.2 Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын  талдаудың шетелдік тәжірибесі

 

Қаржы орнықты деп меншiктi құрал есебiнен активтерге (негiзгi қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) салымдарын өтейтін, керексiз дебиторлық және несиелiк берешектi болдырмайтын және өз мiндеттемелері бойынша қарызынан уақытында құтылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiн айтамыз.

Қаржы орнықтылығын талдау міндеті активтер мен пассивтер құрылымының бағалау болып келеді. Бұл келесі сұрақтарға жауап беру үшін керек: қаржы жағынан кәсiпорын қаншалықты тәуелсiз болады, сол тәуелсіздігінің деңгейi өсе ме әлде төмендей ме, оның активтерi мен пассивтерiнiң жағдайы қаржы-шаруашылық қызметтiң талаптарына сай келе ме? Активтердiң әр элементi бойынша және жалпы алғанда мүлiк бойынша тәуелсiздiктi мiнездейтiн көрсеткiштер талданатын кәсiпорынның орнықтылығының жеткіліктігін өлшеуге мүмкiндiк бередi.

Кәсiпорынның қаржы орнықтылығын бағалау критерийлерінiң бiрi - қаражаттар көздерінің көлемі мен қорлар және шығындар көлемі айырмасы түрінде анықталатын және қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражаттар көздерінің артығы немесе жетiспеушiлiгі.Бұл ретте қалыптастыру көздерінің (меншiктi, несие және басқа қарыз) белгіленген түрлерiмен қамтамасыздығын ескереміз, себебі барлық ықтимал көздерінің (қысқа мерзiмдi несиелiк берешек пен басқа пассивтердi қоса) сомасының жеткiлiктiлiгi теңгерiмнiң активі және пассивінiң қорытындыларының тепе-теңдiгiмен кепілденеді. Қорлар және шығындардың жағдайын бағалау үшiн теңгерiм активiнiң ІІ бөлiмiнің «Қорлар» баптар тобындағы мәлiметтердi пайдаланады.

Қаржы орнықтылығын абсолюттiк көрсеткiштерден басқа екі топта бөлінетін салыстырмалы көрсеткiштер де мiнездейдi. Бiрiншi топ айналым қаражаттарының жағдайын анықтайтын көрсеткiштерді біріктіреді:

  • меншiктi қаражаттармен қамтамасыздық коэффициентi;
  • материалдық қорлардың меншiктi айналым қаражаттарымен қамтамасыздығы коэффициентi;
  • меншiктi қаражаттар және басқаларының ептiлiгі коэффициенті.

Екiншi топ негiзгi қаражаттар жағдайын және қаржы тәуелсiздiгiнің деңгейiн анықтайтын көрсеткiштерін бiріктіреді:

  • дербестік коэффициентi;
  • қаржы тәуелдiлiгi коэффициентi;
  • кәсiпорын мүлігiндегі нақты активтер коэффициенті;
  • меншiктi және қарыз қаражаттар және басқалар ара қатынасы коэффициентi.

Дербестік (қаржы тәуелсiздiгi) коэффициентi теңгерiм валютасындағы меншiктi капитал үлес салмағын көрсетедi. Осы коэффициенттiң мағынасы жоғары болған сайын сол кәсiпорын қаржы жағынан орнықты болады. Осы көрсеткiшке қосымша ретінде қаржы тәуелдiлiгi коэффициентi болып табылады - олардың сомасы 1 немесе 100% тең.

Қарыз және меншiктi қаражаттарының сәйкестiгі коэффициентi (капиталға айналдыру коэффициентi) кәсiпорынның қаржы орнықтылығына жалпы баға бередi. Ол қарыз қаражаттардың капиталдың жалпы құрылымында қай үлес болғанын көрсетедi.

Меншiктi капитал ептiлiгі коэффициенті арқылы кәсiпорынның ағымдағы қызметiн қаржыландыру үшiн меншiктi айналым қаражаттарының қай бөлiгi қолданатын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынатын, ал қай бөлiгi капиталға айналдырылатын білуге болады.

Меншiктi айналым қаражатымен қамтамасыздығы коэффициентi меншiктi және қарыз қаражаттарының ара қатынас мiнездейдi және кәсiпорынның қаржы орнықтылығына қажеттi меншiктi айналым қаражаттары қамтамасыздығының деңгейiн анықтайды.

Кәсiпорын мүлкiндегі нақты активтер коэффициенті (өндiрiстiк мақсатындағы мүлiк коэффициентi) кәсiпорын мүлкiнде өндiрiстiк мақсатындағы мүлiк үлестiң көрсетедi.

Қаржы орнықтылығы коэффициентi қызметімізде ұзақ уақыт пайдаланатын қаражаттар үлесін көрсетедi. Қаржыландыру коэффициентi кәсiпорынға несиелер мен займдар беру мүмкіндігін және оның оларды кезең басында төлеу қабілеттілігін көрсетедi. Қорларды меншiктi айналым қаражаттарымен қамтамасыздығы коэффициентi  кәсiпорынның қорларын меншiктi айналым қаражаттары арқылы қаржыландыру қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Жиынтық ұзақ мерзiмдi капитал құрылымының коэффициентi ұзақ мерзiмдi қарыз қаражаттар есебiнен қаржыландыратын негізгі қаражаттар мен капиталдық салымдарының бөлігін көрсетедi.

Қысқа мерзiмдi берешек коэффициентi мiндеттемелердiң төлеудің қысқа мерзiмдi берешегінің кәсiпорын қаражатындағы үлесін көрсетедi. Кезең бойы өз-өзiң біркелкі тұрақты ұстайды.

Айналымнан тыс активтердi өтеу коэффициентi кәсiпорынның айналымнан тыс активтерге қаржыландыратын меншiктi қаражаттар бөлiгін  көрсетедi.

Есептелген нақты коэффициенттер нормативтiк мөлшерлермен, алдағы кезең көрсеткiштерiмен, ұқсас кәсiпорынмен, сол арқылы кәсiпорынның шын қаржы жағдайы, күштi және нашар жақтары анықталады [11, с.230].

Кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгі өз даму динамикалығымен және бірқатар натуралды мен құндық көрсеткiштер арқылы белгіленетін мақсаттарға жетуімен, сонымен бiрге кәсiпорынның экономикалық әлуеттiн тиiмдi пайдалануымен және өз өнiмiн өткiзу нарығын кеңейтуiмен сипатталанады.

Кез келген кәсiпорынның қызметiн әр жақтан сипаттайды, сонымен бiрге iскерлiк белсендiлiктi бағалау сапа деңгейінде осы кәсiпорынның қызметi және капиталды пайдалану салалары бойынша тумалас кәсiпорындарды  салыстыру нәтижесiнде алынуы мүмкін. Мұндай сапалы, яғни формалданылмайтын критерийлер келесі болып табылады:

  • өткiзу нарықтарының кеңдiгi;
  • экспортқа шығарылатын өнiмнің бар болуы;
  • жеке алғанда, кәсiпорын көрсететін қызметтер тұтынатын клиенттердiң даңқтылығында тұратын кәсiпорынның беделі.

Кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгін талдауын сандық бағалауды атап кетсек, мұнда келесі қарастырылады:

  • негiзгi көрсеткiштер бойынша жоспарды орындау деңгейі, олардың берілген өсу қарқындарын қамтамасыз ету;
  • кәсiпорын ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiнің деңгейі.

Негiзгi бағалау көрсеткiші сату көлемi және пайда болып табылады. Осымен ең тиiмдi болып баланстық пайда өзгеру қарқыны сатудан түсетін кіріс өзгеру қарқынынан жоғары болған, ал соңғысы негiзгi капиталдың өзгеру қарқындарынан жоғары болған ара қатынас табылады, яғни

 

ТР(ПБ) > ТР(V) > ТР(НК) > 100%;

 

Бұл тәуелдiлiк:

  • кәсiпорынның экономикалық әлеуеттің өсетінің;
  • сату көлемi аса жоғары қарқынмен өсетінің;
  • пайда озатын қарқынмен өсетінің білдіреді.

Екiншi бағытты жүзеге асыру үшiн келесілер есептелiнуі мүмкін: өндіру, қор қайтарымы, өндiрiстiк қорлардың айналымдылығы, операциялық айналымдықтың ұзақтығы, авансыланған капиталдың айналымдылығы [13, 139 б.]

Жалпылайтын көрсеткiштерге қор қайтарымының көрсеткiшi және экономикалық өсу орнықтылығы коэффициентi жатады.

Қор қайтарымы (негiзгi капитал айналымдылық коэффициенті) кәсiпорынның қызметiне салынған қаражаттарының бір теңгесіне өткiзiлген өнiмнiң көлемiн мiнездейдi. Осы көрсеткiштiң серпiндегі өсуі қолайлы үрдiс болып қаралады.

Экономикалық өсу орнықтылығы коэффициентi кәсiпорын, орта есеппен қай қарқынмен дами алатынын көрсетеді (бұл көрсеткiш  - акционерлiк компанияларды сипаттау үшiн) [14, 330 б.].

Рентабельдік дегеніміз бұл бизнес пайдалылығының деңгейін анықтайтын салыстырмалы көрсеткiш. Рентабельдiк көрсеткiштерi негiзiнен кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгін, қызметтiң түрлі бағыттарының (өндiрiстiк, коммерциялық, инвестициялық және тағы басқалардың) пайдалылығын мiнездейдi. Олар пайдаға қарағанда шаруашылықтың қорытынды нәтижелерiн толығырақ мiнездейді, өйткенi олардың мөлшерi әсердiң қолма-қол немесе тұтынылған ресурстармен ара қатынасының көрсетедi. Бұл көрсеткiштер кәсiпорын қызметiн бағалауы үшiн және инвестициялық саясат құралы ретінде пайдаланады.

Рентабельдiк көрсеткiштерi кәсiпорын қызметiнiң пайдалылығының негiзгi сипаттамасы болып инвесторлар үшiн ең маңызды болып табылады, өйткенi олар компания қызметiнiң тиiмдiлiгін, сөйтіп, iске асырылған инвестициялардың пайдалылығын жанама мiнездейдi. Инвестор үшiн рентабельдiктің салыстырмалы көрсеткiштерi басты мағына болатындығымен, кәсiпорынында пайда бар болу айғағы әлдеқашан маңызды.

Рентабельдiк көрсеткiштерiн келесі топтарға бірлестіруге болады:

Информация о работе Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары