Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 16:23, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазiргi қоғамның алдында тұрған мәселелердiң бiрi экономикалық өсудi жеделдетуде, халықтың өмір сапасының жоғарытуы үшiн қажеттi және қолайлы жағдай жасауда тұрады. Қойылған мәселені шешу экономиканың нақты секторына инвестицияларды тарту арқылы мүмкiн болады. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялардың өсу көлемі және қарқыны аймақтың инвестициялық тартымдылығының көрсеткiштерi болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты жоғарылату капиталдың қосымша түсуіне, экономикалық өсуіне мүмкiндiк туғызады. Инвестор, кәсiпорынды қаражаттарын салу үшiн таңдағанда, белгіленген сипаттамаларын негiзге алады: инвестициялық әлеует және инвестициялық тәуекелдiктiң деңгейi, олардың өзара байланысы осы кәсiпорын орналасқан аймақтың инвестициялық тартымдылығын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
4
1
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының теориялық және әдістемелік негіздері
6
1.1
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының ұғымы және мәні
6
1.2
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын талдаудың шетелдік тәжірибесі
16
2
«Ер-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын талдау
28
2.1
«Ер-ССК» ЖШС жалпы сипаттамасы және қаржы жағдайы
28
2.3
«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығына әсер ететін көрсеткіштерді талдау
36
3
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары
47
3.1
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату факторлары
47
3.2
«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдарын кешендi бағалау
53

Қорытынды
60

Пайдаланған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

анализ инвестиционной привлекательности предприятия.docx

— 364.53 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

                                                                                                                  

 

Кіріспе

4

1

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының теориялық және әдістемелік негіздері

6

1.1

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының ұғымы және мәні

6

1.2

Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын талдаудың шетелдік тәжірибесі

16

2

«Ер-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын талдау

28

2.1

«Ер-ССК» ЖШС жалпы сипаттамасы және қаржы жағдайы

28

2.3

«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығына әсер ететін көрсеткіштерді талдау

36

3

Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары

47

3.1

Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату факторлары

47

3.2

«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдарын кешендi бағалау

53

 

Қорытынды

60

 

Пайдаланған әдебиет тізімі

62

 

Қосымша

64


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазiргi қоғамның алдында тұрған мәселелердiң бiрi экономикалық өсудi жеделдетуде, халықтың өмір сапасының жоғарытуы үшiн қажеттi және қолайлы жағдай жасауда тұрады. Қойылған мәселені шешу экономиканың нақты секторына инвестицияларды тарту арқылы мүмкiн болады. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялардың өсу көлемі және қарқыны аймақтың инвестициялық тартымдылығының көрсеткiштерi болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты жоғарылату капиталдың қосымша түсуіне, экономикалық өсуіне мүмкiндiк туғызады. Инвестор, кәсiпорынды қаражаттарын салу үшiн таңдағанда, белгіленген сипаттамаларын негiзге алады: инвестициялық әлеует және инвестициялық тәуекелдiктiң деңгейi, олардың өзара байланысы осы кәсiпорын орналасқан аймақтың инвестициялық тартымдылығын анықтайды.

Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығы - инвестициялаудың нысанының (компанияның, жобаның) дамудың перспективалылығы, инвестициялардың пайдалылығы және инвестициялық тәуекелдердiң деңгейі позицияларынан интегралдық сипаттамасы.

Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығы кез келген ұйымдастыру-құқықтық түріндегі кәсiпорындарының табысты қызмет етуiнің мiндеттi талапы болып табылады. Жоғары инвестициялық тартымдылық өз бәсекелестерiн алдында анық және жасырын артықшылықтарын құрады немесе нығайтады. Инновациялық жобалардың жүзеге асыру, қызмет ауқымдарын кеңейту, жаңа өндiрiстердi қолжетімді шикiзат мүмкiндiктерi мен түпкi өнiм тұтынушылары жақын болған жерде ұйымдастыру, қолданыстағы өндiрiсті жабдықтың қор сақтаушы және шығынды емес түрлерімен жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау есебінен кәсiпорынның қызмет ету тиiмдiлiгін едәуiр жоғарылатуға болады.

Инвестициялар туралы шешiм қабылдау болашақта күтiлетiн капиталдық салымдарға шығындары бар әлеуеттi пайдаларды салыстыруын талап етедi. Сондықтан, кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын анықтауға қатысты мәселелердiң практикалық маңыздылығы күмән келтiрмейдi, өйткенi шаруашылық буындарына инвестициялық құюсыз экономиканың тұрақтану және өсуi мүмкiн емес. Осы мәселенiң шешуімен кәсiпорынның өмiршеңдiгi де байланысты. Инвестициялық тартымдылықты анықтау әдiстемесiнде басты қосылғыш қаржылық талдауды кәсiпорынның қаржы орнықтылығын қамтамасыз ету және оның әлеуеттi инвесторлар үшiн тартымдылығын бағалаудың негiзгi тетiгi ретінде пайдалану болып отыр. Инвестициялық тартымдылықты талдаудың түпкi мақсаты әлеуеттi инвестор үшiн кәсiпорынның қаржы тартымдылығын бағалауға қатысты мәселелердi зерттеу болып табылады. Осыған байланысты кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау, оның қаржы орнықтылығын деңгейін бағалау және несиенi өтеу қабiлеттiлiгi мәселелерi қарастырылады.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелерiне байланысты нақты кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату негiзгi бағыттары анықталады.

Экономиканың даму үшiн инвестициялық тартымдылықтың маңыздылығын негізге алып, осы жұмысты жазу мақсаты кәсiпорынның қаржы жағдайын несие алу мақсатында талдау және бағалау екенін атап кетуге болады.

Осы мақсатқа жету үшiн бірқатар мәселелердi шешу керек:

  • кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын сипаттау;
  • кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалауға методикалық әдiстерді жүйелеу;
  • «Ер-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығының қазiргi деңгейiн бағалап талдау;
  • «Ер-ССК» ЖШС кәсiпорынының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату бағыттарын дәлелдеу;
  • ұсынған шараларына салынған инвестициялардың экономикалық тиiмдiлiгін анықтау.

Зерттеу нысаны ретінде «Ер-ССК» ЖШС кәсіпорны инвестициялау нысанындай болып табылады.

Зерттеу пәні ретінде «Ер-ССК» ЖШС инвестицияларды тартуын жоғарыту қажеттілігі туралы мәселе болып отыр.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып отандық және шетел экономист ғалымдарының ғылыми еңбектері болып табылады. Олардың ішінде Утибаев Б.С., Жуйриков К.К., Мельников В.Д., Нурумов А. және басқалары, ҚР заң шығарушы актілері, Интернет желісі.

Ғылыми жаңалығы кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалауда қолданылатын негізгі көрсеткіштерді анықтауда тұрады.

Практикалық маңыздылығы инвестициялық тартымдылықты талдау мәселелері бойынша зерттеу нәтижелерін практикалық ұсынымдар деңгейіне жеткізуде тұрады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорынның инвестициялық  тартымдылығының теориялық және  әдістемелік негіздері 

 

 

1.1 Кәсіпорынның инвестициялық  тартымдылығының ұғымы және мәні 

 

 

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының ұғымы мен мәнің талдау жүргізені алдында кәсіпорынның оның өндірістік әлеуетін кеңейту және жаңартудың ең тиімді жолдарын іске асырудың таңдауы мен әдісін анықтайтын жалпы қаржы стратегиясының құрамдық бөлігі болып табылатын «инвестициялық саясат» ұғымына бет бұру керек. Кәсіпорынның шаруашылықты жүргізу нарық жағдайында тіршілігі мен тиімді қызмет етуі оның капиталын, яғни материалдық және ақшалай қаражаттары, қаржы құралдардың әр түрлері қалыбындағы негізгі қаржы құралдарын (инвестициялық ресурстарын), жақсылап жөнге салынған басқарусыз мүмкін емес. Кәсіпорынның капиталы, бір жағынан, кәсіпорынның қызмет етуінің көзі болып, екіншіден, нәтижесі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары ағымдағы шығындарды қаржыландыруға және қаржы ресурстарын активтер көбейту және кірістер алу мақсатында капиталдың ұзақ мерзімді салудар түрінде пайдалануы болып саналатын инвестицияларға бағытталады. 

Инвестициялар ұғымы «қаржы салу» мағынасын білдіретін «invest» латын сөзінен шығып отыр. Инвестиция дегеніміз - активтер және кірістер көбейту мақсатында қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың ұзақ мерзімді шығындарының жиынтығын білдіреді. Осы ұғымға нақты инвестициялар (капиталдық салымдар) да, қаржылық (портфелдік) инвестициялар да кіреді [1, 33 б.].

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 қаңтардағы № 373-II Заңында келесі анықтама беріледі: «…инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері» [2].

Инвестициялар кәсіпорынның белсенді дамуын қамтамасыз етіп келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • өз кәсіпкерлік қызметін қаржылық және материалдық ресурстар есебінен кеңейту;
  • жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
  • бизнестің жаңа салаларын игеру салдарынан әртараптандыру.

Өз кәсіпкерлік қызметтің кеңейтуі кәсіпорынның нарықтағы берік жайғасымы, шығарылатын өнімдері, жасалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтеріне сұранымы бар болуы туралы куәландырады.

Инвестициялар ретінде төмендегілер бола алады:

  • ақшалай қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, үлеспұлдар, акциялар, облигациялар және басқа құнды қағаздар;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар және т.б.);
  • авторлық құқық нысандары, лицензиялар, патенттер, ноу-хау, бағдарламалық өнімдер, технологиялар және басқа зияткерлік құндылықтар;
  • жер, табиғаттық ресурстар, сонымен қатар әрбір басқа мүлікті пайдалану құқықтары.

Әр капитал салымдарының ең тиімді түрлерін дәлелдеп жүзеге асыру инвестициялар кәсіпорынның экономикалық әлеуетін кеңейтуге бағытталған капитал салымдарының ең тиімді түрлерін дәлелдеп жүзеге асыру үдерісі болып саналатын кәсіпорынның инвестициялық қызметіне байланысты.

Инвестициялық қызметті атқару үшін кәсіпорындар инвестициялық саясатты шығарады. Бұл саясат кәсіпорынның даму стартегиясы мен кірістерді басқару жалпы саясаттың бөлігі болып табылады. Оның мағынасы капитал салымдарының ең тиімді түрлерін операциялық қызметтің көлемін кеңейту және инвестициялық пайдасын қалыптастыру мақсаттарында таңдап жүзеге асыруда.

Экономикалық әдебиетте инвестициялар мәселесіне, сонымен қатар, инвестициялық саясаттың мәнін ашуға айтарлықтай көп назар аударылады. Дегенмен, ғылыми жұмыстардың көбісінде «кәсіпорынның инвестициялық саясат» ұғымының нақты анықтамалары жоқ болып отыр. Ал сол кезде осы ұғымның нақты анықтамасы теориялық және практикалық ұстанымдарынан айтарлықтай маңызды, себебі ол ғылыми зерттеулерді мақсатты жүргізуге және инвестициялық үдерісті нақты басқаруын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Сөйтіп, Г.В. Савицкаяның пікірі бойынша, инвестициялық саясат – өндірістік әлеуетті кеңейту және жаңарту ең қолайлы жолдарын таңдап жүзеге асыратын кәсіпорынның қаржы стратегиясынның құрамдас бөлігі [3, 54 бет].

П.Л. Виленский инвестициялық саясатты өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа негізгі нәтижелерге қол жету мақсаттарында инвестициялардың көлемі, құрылымы мен бағыттарын шаруашылық жүргізуші объекттің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның және т.б.), аумақтың, мемлекеттің іші мен сыртында белгілейтін шаруашылық шешімдер жүйесі оетінде дәлелдейді [4, 91 б.].

Б.А. Райзбергтің қазіргі экономикалық сөздігінде кәсіпорынның инвестициялық саясатының келесі анықтамасы келтіріп отыр: «Инвестициялық саясат – инвестициялардың құрылымы мен ауқымын, оларды пайдалану бағыттарын, алу көздерін негізгі өндірістік қаражаттарды жаңартуы және олардың техникалық деңгейін көтеру қажеттігін есепке алып дәлелдеу түрінде жүргізілетін экономикалық саясаттың өқрамдас бөлігі» [5, 347 б.].

Н.Н. Селезнева  «….қазіргі кәсіпорынның инвестициялық саясаты – инвестициялық қызмет саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттар кешенін қалыптастыру және оларға жету әрекеттер жиынтығы» екеніне сендіріп отыр [6, 67 б.].

Сірә, инвестициялық саясаттың ең толық анықтамасын тек И. А. Бланк беріп отыр: «инвестициялық саясат кәсіпорынның нақты және қаржы инвестицияларының ең тиімді түрлерін кәсіпорынның дамуының және шаруашылық қызметінің экономикалық әлеуетін кеңейтуін қамтамасыз ету мақсатында таңдап жүзеге асыруды көздейтін кәсіпорынның жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып саналады» [7, 239 б.].

Инвестициялық шешiмнiң максималдық тиiмдiлiгiн анықтау үшiн кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығы ұғымы енгiзілген. Бұл ұғым айтарлықтай жаңа болып отыр, ол экономикалық жарияланымдарда біркелкі жақында пайда болды және көбiнесе инвестиция салу объектiлерiн сипаттамаға және бағалауға, рейтинг салыстыруларында, үдерiстерді салыстырмалы талдауда қолданылады. Осыны түсiндiретін түрлі пiкiрлердi зерттеу қазiргi түсiнiктерде бұл экономикалық ұғымының мәніне бiрыңғай тәсiлi жоқ екенін белгiлеуге мүмкiндiк бердi.

Ең көп таралған пікірлердің біріне инвестициялық тартымдылықты субъекттің қызметін сипаттайтын бір қатар факторларына байланысты инвесторды қызықтырған кәсіпорынға қаражат салу мақсаттылығымен сәйкестендіру жатады. Бұл анықтама дұрыс болғанымен, айтарлықтай айқын емес, және бағалау туралы ойлауға себеп туғызбайды.

Инвестициялық тартымдылықтың экономикалық мәні Л. Валинурова мен О. Казакованың анықтамасында нақтылау берілген. Олар осы терминмен инвестицияларға әлеуетті, төлем қабілеті бар сұранымды себептеген объективтті белгілер, ерекшеліктер, құралдар мен мімкіншіліктердің жиынтығын айтады. Мұндай анықтама кеңдеу бола келіп, инвестициялық үдерісінің әрбір қатысушысының мүдделерін есептеуге мүмкіндік туғызады [8, 46 б.].

Басқа да көзқарастар бар (олардың ішінде Л. Гиляровская, В. Власова, Э. Крылова және басқалардықы). Мұнда инвестициялық тартымдылық деп меншікті және қарыз капиталды пайдалану тиімділігін бағалау, төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау (ұқсас анықтама – меншікті және қарыз капиталдың құрылымы мен оны мүліктің әр түрлері арасына орналастыру, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігі) түсініледі.

Информация о работе Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары