Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 16:23, курсовая работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазiргi қоғамның алдында тұрған мәселелердiң бiрi экономикалық өсудi жеделдетуде, халықтың өмір сапасының жоғарытуы үшiн қажеттi және қолайлы жағдай жасауда тұрады. Қойылған мәселені шешу экономиканың нақты секторына инвестицияларды тарту арқылы мүмкiн болады. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялардың өсу көлемі және қарқыны аймақтың инвестициялық тартымдылығының көрсеткiштерi болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты жоғарылату капиталдың қосымша түсуіне, экономикалық өсуіне мүмкiндiк туғызады. Инвестор, кәсiпорынды қаражаттарын салу үшiн таңдағанда, белгіленген сипаттамаларын негiзге алады: инвестициялық әлеует және инвестициялық тәуекелдiктiң деңгейi, олардың өзара байланысы осы кәсiпорын орналасқан аймақтың инвестициялық тартымдылығын анықтайды.
Кіріспе
4
1
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының теориялық және әдістемелік негіздері
6
1.1
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының ұғымы және мәні
6
1.2
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын талдаудың шетелдік тәжірибесі
16
2
«Ер-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын талдау
28
2.1
«Ер-ССК» ЖШС жалпы сипаттамасы және қаржы жағдайы
28
2.3
«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығына әсер ететін көрсеткіштерді талдау
36
3
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары
47
3.1
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату факторлары
47
3.2
«ЕР-ССК» ЖШС инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдарын кешендi бағалау
53
Қорытынды
60
Пайдаланған әдебиет тізімі
Инвестициялық тартымдылықты кіріс пен тәуекел тарапынан бағалағанда, ол – тәуекелдің минималды деңгейіндегі қаражат салудан кірістің (экономикалық эффектін) бар болуы екенін сендіруге болады.
Сөйтіп, сарапшылар мен талдаушылар қолданылатын анықтау тәсілдеріне қарамастан «инвестициялық тартымдылық» термині көбінесе кез келген нысандарға салымдардың, баламалы нұсқаларды таңдаудың және ресурстарды орналастыру тиімділігін белгілеудің мақсаттылығын бағалау үшін қолданылады.
Инвестициялық тартымдылықтың ұғымы инвестициялық шешім қабылдау үшін объективтті мақсатталған ақпаратты қалыптастыруға бағытталатынын атап өту керек. Сол себептен оны бағалауға келгенде «экономикалық даму деңгейі» және «инвестициялық тартымдылық» терминдерін ажырату қажет. Біріншісі нысанның даму деңгейін белгілесе, инвестициялық тартымдылық нысанның, оның әрі қарай дамуының, табыстылығы мен өсу болашағының жағдайымен сипатталады.
Кәсіпорынды сыртқы көздерден қаржыландырудың келесі негізгі түрлері бар: акционерлік капиталға инвестиция салу және қарыз қаражаттар беру [9, 176 б.].
Инвестицияларды акционерлік капиталға тартудың негізгі түрлері болып табылатын:
Қаржы инвесторлардың инвестициялары сыртқы кәсіби инвесторлармен (инвесторлар тобымен), әдеттегідей компания акцияларының блокадалайтын, бірақ бақыламайтын, пакетін инвестицияларға ауыстырып, осы пакетті 3-5 жылдан кейін сатуымен (негізінен ол венчурлік және үлеспұлдық қорлар) алу немесе компания акцияларын құнды қағаздар нарығында инвесторлардың кеңейген тобына (осы жағдайда әр саладағы компаниялар немесе жеке тұлғалар бола алады) ұсынып орналастыру болып келеді.
Осы жағдайда инвестор негізгі табысын өз акциялар пакетін сату арқылы (яғни бизнестен шығу арқылы) алады.
Осыған байланысты қаржы инвесторларының инвестицияларын тарту кәсіпорынды дамыту, яғни өндірісті жаңғырту немесе кеңейту, сату көлемдерінің өсуі, қызметінің тиімділігін жоғарытуы үшін орынды, соның нәтижесінде компанияның құны және инвестор салған капитал да өседі.
Стратегиялық инвестициялау деп инвестормен компанияның ірі (бақылайтынға дейін) акция пакетін сатып алуды айтамыз. Әдетте, стратегиялық инвестициялау инвестордың компания иелерінің ішінде ұзақ немесе тұрақты бар болуын көздейді. Көбінесе стратегиялық инвестициялаудың түпкі кезеңі компанияны сатып алу немесе оны инвестор компаниясымен қосылу көбінесе болып табылады.
Стратегиялық инвесторлар ретінде әдетте саладағы озат кәсіпорындар және кәсіпорындардың ірі бірлестіктері шығады. Стратегиялық инвестордың негізгі мақсаты болып меншікті бизнестің тиімділігін жоғарыту және жаңа ресурстар мен технологияларға қол жеткізу табылады.
Инвестициялау қарыз қаражаттарды беру түрінде келесі құралдарды қолданады – несиелер (банктық, саудалық), облигациялық қарыздар, лизинг тәсімдері. Осы қаржыландыру түрі бойынша инвестордың негізгі мақсаты салынған капиталдан берілген тәуекел деңгейінде проценттік табысты алу болады. Сол себептен осы инвесторлар тобын кәсіпорынның оның пайызды төлеу мен қарыздың негізгі сомасын қайтару бойынша міндеттемелерін орындау мүмкіндігі жағынан әрі қарай дамуы
Сонымен, барлық инвесторды екі топқа бөлуге болады: процент түрінде ағымдағы табысты алуды қызықтырған несие берушілер, және компания құны өсуінен табыс алуды қызықтырған бизнес қатысушылары (бизнесте үлес иелері) [10, 344 б.].
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы инвесторлар топтарының әрқайсысы үшін инвестор салған қаражаттардан алатын табыс деңгейімен анықталады. Табыс деңгейі, өз кезегінде, капиталды қайтармау және капиталдан табыс алмау тәуекелінің деңгейімен себептеледі. Осы өлшемдерге сәйкес инвесторлар кәсіпорындарға инвестициялау жағдайында қойылатын талаптарды белгілейді. Несие беруші инвесторларға қойылатын негізгі талап болып кәсіпорынның капиталды қайтару және проценттерді төлеу бойынша міндеттемелерін орындау қабілеттілігін дәлелдеу екені, ал бизнеске қатысатын инвесторлар үшін – инвестицияларды игеру және инвестордың акциялар пакетінің құнын жоғарыту қабілеттілігін дәлелдеу екені мәлім. Инвестор инвестициялау туралы шешім қабылдау жағдайда кәсіпорынға кейбір талаптар қояды. Осында тәжірибе кәсіпорындардың инвестордың атап өткен талаптарына айтарлықтай жиі сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалағанда келесi аспектiлер қарастырылады: кәсiпорын өнiмiнің тартымдылығы, кадрлық, инновациялық, қаржылық, аймақтық, әлеуметтiк тартымдылығы [11, 41 б.].
Өнiмнің бәсекеге қабiлеттiлiгі мен оның инвестициялық тартымдылығын талдаудың жалпылайтын көрсеткiшi баға болып табылады. Ол сұраным мен ұсынымның әсерінен қалыптасып, оларды салыстыруы арқылы бәсекеге қабiлеттiлiгін жанама бiлдiре алады.
Кәсiпорынының кадрлық тартымдылығын талдау үш қосылатын бөлігімен сипатталады:
Кәсiпорынның инновациялық тартымдылығын талдау - бұл кәсiпорындағы жаңа енгiзiмдерге салынатын орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi инвестициялардан әсер. Кәсiпорынның инновациялық тартымдылығын талдауда келесі есептеледі:
Әдетте келесi көрсеткiштер қолданылады: негiзгi қаражаттар құрылымы және оларды пайдалану тиiмдiлiгi, өндiрiстi техникалық жаңарту көздерi, кәсiпорынды техникалық қайта жабдықтауға баратын пайда үлесі.
Кәсiпорынның аймақтық тартымдылығын талдау инвесторлар үшiн келесi факторлармен анықталады:
Кәсіпорынның әлеуметтік тартымдылығы осы кәсіпорынның қызметкерлерінің әлеуметтік қорғануымен анықталады. Кәсiпорынның әлеуметтiк тартымдылығының көрсеткiші ретінде бiр қызметкердің орта еңбекақысы аймақтағы рационалды тұтынушы қоржынының құнына қатынасы болып есептелетін әлеуметтiк тартымдылықтың коэффициентін санауға болады.
Кәсiпорынның қаржы тартымдылығын талдау шығындарды барынша азайту және пайданы барынша көбейтуінде тұрады. Бұл кәсiпорынның есеп беру құжаттарын негiзінде есептелетiн көптеген көрсеткiштерден құрылатын көп компоненттi ұғым.
Кәсiпорынның қаржы жағдайы көрсеткiштері инвесторлар үшiн өте маңызды болып табылады.
Кәсiпорынның қаржы тартымдылығын бағалау келесi кезеңдерден тұрады:
Қорыта келгенде, кәсiпорынның қаржы тартымдылығын бағалағанда кәсiпорын тиiмдiлiгi, активтер өтiмдiлігi, қаржы орнықтылығы сияқты көрсеткiштер қолданылады.
Ағымдағы жағдайды бағалау активтер құрамы мен жағдайымен сипатталанатын кәсiпорынның мүлiктiк жағдайдың талдауынан басталуы керек. Мүлiктiк жағдайдың талдауы туралы айтқанда, пәндiк-заттық сипаттаманы ғана емес, қаржы нәтижелерiн кәсiпорын активтерiне салу оңтайлығы, мүмкiндiгі және мақсатқа лайықтылығы туралы пікір алысуға мүмкiндiк беретiн ақшалай бағаны да ойға алу керек. Кәсiпорынның мүлiктiк және қаржы жағдайы өзара тығыз байланысты экономикалық әлеуеттiң екі жағы болып табылады.
Мүлiк құрылымын талдау сатылас талдаудан да, деңгейлес талдаудан да тұратын салыстырмалы талдамалы теңгерiмнің негiзінде жүргізіледі. Мүлiк құнының құрылымы кәсiпорынның қаржы жағдайы туралы жалпы түсiнiк бередi. Ол активтердегi әр элементтiң үлесін және оларды пассивтерде өтейтін қарыз және меншiктi қаражаттардың ара салмағын көрсетедi. Актив пен пассивтегі құрылымдық өзгерiстерді салыстыра отырып, жаңа қаражаттар негiзiнде қандай көз арқылы түскені және осы жаңа қаражаттар қай активтерге салынғаны туралы қорытынды шығаруымызға мүмкiндік бар [7, 210 б.].
Теңгерім өтiмдiлiгiн талдау. Кәсiпорынның қаржы жағдайының маңызды көрсеткiші ретінде оның төлем қабілеттілігін бағалау болып табылады, ол - кәсiпорынның контрагенттердiң алдында қысқа мерзiмдi мiндеттемелер бойынша есептерді уақытында және толық көлемде жасау қабілеттілігі.
Кәсiпорынның бiрқалыпты қаржы-шаруашылық қызметі және оның ағымдағы (қысқа мерзiмдi) мiндеттемелерiн өтеуге қажеттi ақшалай қаражаттарды шаруашылық айналымынан жедел босатып алу қабiлеттiлiгi өтiмдiлiк деп аталады. Өтiмдiлiкті дәл осы кезде де, келешекте де қарауға болатынын еске сала кетейік.
Оның қабiлеттiлiгi қандай да бір активтің өтiмдiлiгі деп оның ақшалай қаражаттарға айналу қабілеттілігін түсінеміз, ал өтiмдiлiктiң деңгейі осы айналыс жасалатын мерзiмінiң ұзақтығымен анықталады. Мерзiм қысқарған сайын активтердiң осы түрінiң өтiмдiлiгi көтеріне береді.
Кәсiпорынның өтiмдiлiгi туралы айтқанда, онда айналым қаражаттары өз мiндеттемелерiнiң өтеуi үшiн теориялық тұрғыдан жеткiлiкті көлемде болуды көздейдi.
Өтiмдiлiктiң негiзгi белгiсi болып айналым активтерiнiң қысқа мерзiмдi пассивтердiң үстiнен (құндық бағалауда) формалдық асып кетуi қызмет атқарады. Бұл асып түскені көбейген сайын кәсiпорынның қаржы жағдайы өтiмдiлiк тарапынан қолайлырақ болады. Егер айналым активтерiнiң көлемi қысқа мерзiмдi пассивтермен салыстырғанда кем болса, кәсiпорынның ағымдағы жағдайы тұрақсыз болады, және ода өз мiндеттемелері бойынша есептесу үшiн ақшалай қаражатының жеткiлiктi көлемі болмаған жағдай пайда болуы мүмкін [9, с.211].
Кәсiпорынның өтiмдiлiгi әрбір өтiмдiлiк деңгейiндегі активтердi әрбір өтiмдiлiк мiндеттемелерiмен салыстыру арқылы айтарлықтай толық сипатталанады.
Барлық кәсiпорын активтерiн өтiмдiлiк деңгейі, яғни ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына байланыстырып топтайды, олар өтiмдiлiктін азаюы тәртібінде орналасқан, ал пассивтер - өтеу жеделдiгі деңгейі бойынша топтанады – мерзiмдері өсу тәртібінде орналасқан.
А 1. Ең өтiмдi активтер - оларға кәсiпорынның ақшалай қаражаттарының барлық баптары және қысқа мерзiмдi қаржы салымдар (құнды қағаздар) жатады.
А 1 = 250 тармақ + 260 тармақ.
А 2. Тез өтетiн активтер - төлеуі есеп беру күнінен кейін 12 ай ішінде күтетін дебиторлық берешек: А 2 = 240 тармақ.
А3. Ұзақ өтетiн активтер – қорлар, ҚҚС, дебиторлық қарыз (… 12 айдан кейiнгі) кіретін баланс активінің 2 тарауының тармақтары және басқа айналым активтері.
А3 = 210 жол + 220 жол + 230 жол + 270 жол
Ұзақ өтетiн активтер – баланс активінің 1 тарауының тармақтары – айналымнан тыс активтер.
А 4. Айналымнан тыс активтер = 190 жол.
Баланс пассивтері оларды төлеу мерзімділігі деңгейі бойынша топталады.
П1. Аса мерзімді мiндеттемелер - оларға несиелiк қарыз жатады: П1 = 620 жол.
П2. Қысқа мерзiмдi пассивтер - бұл қысқа мерзiмдi қарыз қаражаттары, қатысушыларға кiрiстердi төлеу бойынша қарыз, басқа қысқа мерзiмдi пассивтер: П2 = 610 жол + 630 жол + 660 жол.
П3. Ұзақ мерзiмдi пассивтер – бұл 4 және 5 тарауларына жататын теңгерiм тармақтары, яғни ұзақ мерзiмдi несиелер мен қарыз қаражаттары, сонымен бiрге болашақ кезеңдер кірістері, алдағы шығындар мен төлемдер сақтық қорлары: П3 = 590 жол + 640 жол + 650 жол.
П4. Тұрақты, немесе орнықты, пассивтер – бұл теңгерімнің Капиталдар және сақтық қорлар 3 тарауының тармақтары. Ұйымда шығындар пайда болса, олар азайтылады: П4 = 490 жол.
Мiндеттемелердiң әр тобы бойынша тиiстi активтер арқылы өтеу бар болған жағдайда жабулауы баланс абсолюттi өтiмдi болады, яғни, фирма өз мiндеттемелерiн елеулi қиындықтарсыз өтеуге қабiлеттi. Өтiмдiлiктің әр деңгейiндегі активтердiң жетіспеушілігі өз мiндеттемелерiнiң орындауындағы ықтимал қиындықтар туралы куәландырады. Өтiмдiлiк талаптары келесi түрде көрсетiледі:
Информация о работе Кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары