Экономикалық өсудің мәні және көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат

Краткое описание

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplomka.docx

— 456.39 Кб (Скачать документ)

 

 

Сурет 17. Металлургия және машина жасау кешендерінің өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

 

Машина жасау өнеркәсібі. Бұл шарушылық саласы екіге бөлінеді: металл өңдеу және машина жасау. Қазақстанда мұндай бөлшектердің белгілі бір маңызы бар.

Қазақстанда машина жасау өнеркәсібінің жетекші салалары болып ауыл шаруашылық, ауыр және электро техникалы құрылымдар саналады. Машина жасау өнеркәсібінің басқа салаларынан құралдар жасайтын, құрылыс, жол салатын және үй-жай шаруашылығына қажетті жабдықтар шығаратын салаларды айтып кетуге болады.

Электр энергиясын өндірудің қосу қарқынын өсіру өнркәсіптің энергияны көп қажет ететін салаларын дамытуға, ауылшаруашылығын және транспортты электрлендіруге жағдай туғызады. Электр энергиясын ең көп пайдаланатын өнеркәсіптің химия, түсті және қара металлургия салалары.

Негізгі электр энергиясын тұтынушылар өнеркәсіп және құрылыс салалары (57-64 %). Қазіргі кезде Қазақстан өзін-өзі электр энергиясымен толық қамтамсыз ете алмайды. [35]

 

 

Сурет 18. Электр энергиясын өндірудің өткен жылғы тиісті айға пайызбен

 

Аграрлық өнеркәсіп кешені. Агроөнеркәсіп кешені құрамына 2 млн-нан астам жұмысшылары бар.

Республикада агроөнеркәсіп кешені бір-бірімен тығыз байланысты болатын мына бөлімдерден тұрады:

- өндірістік құрал-жабдықтарды  өндіретін өнеркәсіп салалары  және материал-техникалық құралдармен  жабдықтайтын кәсіпорындар мен  мекемелерді қамтиды;

- ауыл шаруашылығы;

- ауыл шаруашылық өнімдерінің  дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін және  өткізетін салаларды қамтиды.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені астық, ет, жүн, қаракөл терісін, минералды тынайтқыш, қуатты тракторлар, эррозияға ұшыратпайтын және басқа ауыл шаруашылық техникаларын өндіретін экономика секторы. Бұл кешенде жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдері өндіріледі.

Өсімдік шаруашылығы. Қазақстанның аграрлық бөлімінің ірі саласы, мұнда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 3/2 өндіріледі.

Егіндіктің құрылымына қарасақ, Қазақстанда өсімдік шаруашылығының негізгі салалары – астық және малға азық дайындайтын өндірістер. [41]

Ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде егістік көлемі бойынша дәнді-дақылдар (астық) бірінші орын алады. Қазақстанда қоңыржай ауа райына төзімді дәнді-дақылдардың барлық түрлері өседі десек болады, бірақ та негізгі дақыл қатты және күшті сортты жаздық бидай. Мұның үлесіне бүткіл дәнді дақыл егістіктің жартысынан астамы келеді.

Қазақстанның оңтүстігінде және солтүстік-шығысында техникалық дақылдар өндіріледі, олардың ішінде үлкен маңыздысы мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, зығыр. Республиканың оңтүстігінде жүзім және бақ шаруашылықтарының айтарлықтай маңызы бар.

Республиканың мал шаруашылығының маңызды салалары: қой және ірі қара мал шаруашылықтары, бұлармен қатар шошқа, құс, жылқы және түйе шаруашылықтары да дамыған.

Негізгі өндірістік қорлар әбден тозған, өлшеп жабдықтардың жоқтығы және әдістің тапшылығы ауыл шаруашылық өнімдерінің төмен дәрежеде тауарлық дайындығына себеп болып отыр. Ауыл шаруашылығында өте көп инвестицияны қажет ететін аяқталмаған өндірістердің көлемі көп. Өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға және техникалық қаруландыруға өз қаржылары жоққа тән.

 

Сурет 19. Ауыл шаруашылық өндірісінің өсу қарқыны [50]

 

Қазақстанның ауыл шаруашылық кәсіпорындары ірі көлемділігімен, өнім және мал шаруашылықтары салаларының  түрлі-түрлілігімен, олардың аймақ бойынша бытыраңқылығымен және ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өңдейтін кәсіпорындардан және транспорт магистралдарынан аулақ орналасуымен, жол тораптарының әлсіз дамуымен сипатталады. Мұндай жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдері айтарлықтай ысырап болуынан, шикізаттарды және дайын өнімдерді тасымалдағанда шығындардың өсуіне себеп болады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі 2000 жылмен салыстырғанда 23,4%-ға өсті, соңғы бес жыл ішінде Қазақстан 5 млн тоннадан астам астық сата отырып, оның экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кірді (кесте 7).           

 

Кесте 7

 Ауылшаруашылық кәсіпорындары  қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

Жылдары

2007

2008

2009

2010

2011

Мал саны, мың бас:

         

Ірі қара мал

346

345

331

323

319

Шошқа

187

159

166

189

196

Қой мен ешкі

866

910

865

857

870

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, мың тонна:

         

Қант қызылшасы

127

97

83

86

77

Дәнді және дәнді бұршақ

14,8

12,4

13,8

16,5

20,1

Шитті мақта

29

27

22

22

25

Картоп

75

75

70

67

81

Көкеніс

68

74

69

72

106

Бақша дақылдары

24

16

13

20

20

Жемістер мен жидектер

2,4

6,1

1,4

3,1

3,0

Ет

44

50

54

76

81

Сүт

188

176

177

183

177

Жүн

1,9

2

1,9

1,8

1,9

Жұмыртқа, млн дана

1221

1153

1282

1210

1341


 

Көлік саласы. Қазақстанның орасан зор қорларын пайдалану үшін көліктердің орны өте зор, оның халық шаруашылық маңызы мынадай себептерге байланысты:

- республика территориясының  орасан зорлығы, ол батыстан шығысқа  3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке 1700 км созылып жатыр;

- Қазақстанда жүктерді  алысқа тасмалдау қажеттілігі;

- Қазақстанның географиялық  – жол торауда орналасуы.

Темір жол көлігі. Қазақстан көліктерінің негізгі түрі. Ол жалпы пайдаланатын транспорттардың барлық түрлерінің жүк айналымының 80-90%-ына дейін қамтамсыз етеді.

Құбыр транспорты ол қара алтын және көгілдір от транспорты. Көліктің бұл түрі мұнай және газ өнеркәсіптерінің дамуына зор әсер етеді, темір жолмен су транспорттарын көптеген жүк тасымалдаудан құтқарып, шығындарды төмендетеді. Бір километр құбыр салуға кететін шығын 1 км темір жол салуға кететін шығыннан екі еседей аз және пайдалануға жұмсалатын шығыннан төмендігінен өзін-өзі тез арада ақтайды.

Су көлігі теңіз және өзен көліктері болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде теңіз көлігі тек Каспий теңізі бойынша  Атырау, Баутино, Ақтау порттары арқылы Қазақстанды Азербайжан, Төменгі Тюмень, Түркмения, Дагестан және Иранмен байланыстырады.

Каспий теңізі арқылы негізінен мұнай және мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, барлық машиналар және құрал-жабдықтар тасымалданады.                    Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің тұтас жалпы өнімінің 31%-ы, негізгі өндіріс қорының 11%-дан астамы шоғырланған. Бұлар экономикалық саясаттың басты мақсатын орындауда және халықтың материалдық, мәдени тұрмысын көтеруде үлкен роль атқарады. Республикада жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің ірі кәсіпорындары Алматы мақта-мата, Қостанайдың таралған жүннен мата және шұға шығаратын, Семей ет консервісін шығаратын комбинаттар, қарағанды тәтті тағам бұйымдарын шығаратын яарика, тағы көптеген басқалар. [46]

          «Даму» кәсіпкерлікті дамыту  қоры шағын және орта кәсіпке  бөлінген қаржының төрттен бір  бөлігінен астамын кәсіпкерлердің  қолына тиді деп отыр. «дамудың»  мәліметіне сенсек, қаржының басым  бөлігі ауыл шаруашылығы мен  өндіріске емес, сауда-саттық саласына  кеткен көрінеді. Осы тұста айта  айта кетері, Нұрсұлтан Назарбаев  несие беруде өндіріс саласындағы  кәсіпкерлікке басымдық беру  керек деген еді. Ал шағын және  орта кәсіпкер өкілдерінің өзі  несиенің қандай кәсіпкерлердің  алып жатқандығынан бейхабар. Мәселен, ақпан айынан бастап әне-міне  бөлінеді деген қаржы шын мәнінде  банктерге наурыз айының ортасында  келіп түскен. Ал кәсіпкерлер  көмекке қол жеткіздік деп  несие алмақ болғанда, тым қатал  талаптар мен түрлі кедергілір  бөгет болып шыққан. Мәселен, 12,5 пайызбен  несие алу былтырғы жылы тиімді  болса, биыл ол керісінше жүктеме  болмақ. Соның өзінде түрлі бөгеттер  кесірінен несие алам деуші  кәсіпкерлердің өзі оған қол  жеткізе алмайтын көрінеді. Және  несиесін уақтылы төлемеген кәсіпкерлерге  де жол жабық «Былтыр несие  алған кәсіпкер қайта қаржыландыруға  іліну үшін құжаттарын қайта  құнттап, даярлауы керек. Кепілдігін  де қайта есептетуі тиіс. Ал  кепілдікке қойған жылжымайтын  мүліктің құны түсіп кеткені  белгілі. Сондықтан кепілдік құнына  қарай берілетін несие сомасы  да аз болмақ. Қарапайым ғана  мысал: бір миллион теңге несие  алу үшін кепілдік 5-6 миллион теңгеге  бағалануы тиіс. Жақында ғана Маңғыстау өңіріндегі 125 кәсіпкерлердің 20-сы несиені қайта қаржыландыруға өтініш тапсырғанын, осылардың ішінен тек біреуіне ғана қайта қаржыландыру бұйырғанын айтты. Талаптар тым қатаң болғандықтан біздің қауымдастық несиенің пайыздық мөлшерлемесін бес пайызға дейін азайтуды сұрап отыр. Өйткені он екі пайыз кәсіпкерлер үшін мүлде тиімсіз, тым көп. Және ай сайын төленіп жатқан негізгі қарызды екі жылға дейін тоқтата тұруды сұрап, банктерге хат жібердік. Әрине, бұған банктер қарсы. Дегенмен оларда жағдайды түсініп, уақытша болса да қарызымызды шегеріп отыр. Бүгінде кәсіпкерлердің отыз пайызы қарызын өтей алмайтын күйге жеткен. Сондықтан қалайда да банкпен келісімге қол жеткізу керек.

Алматы кәсіпкерлері шағын және орта кәсіпкердің проблемалары үкімет ойлағаннан тереңде жатыр. Және бұл мәселелер ақша бөле салғаннан шешіле салмайды. «Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікке берілер басты көмек – ақша бөлу деп есептейді. Іс жүзінде бар мәселе ақшаға ғана тіреліп тұрған жоқ. Қазір бөлінген қаржының толықтай игерілмегенін және оны алғысы келетін кәсіпкерлердің тым аз екендігін көріп отырмыз. Әсіресе девальвациядан кейін онсыз да несие алуға ниет білдірмеген кәсіпкерлердің қатары тіптен азая түсті. Несиеге қол жеткізудің талаптары тым қатал. Несие үздіктерге ғана беріледі. Беделі жоғары, әжептәуір табысы бар, кепілдігі құнды дегендей талаптарға сай болуын керек. Ал қарызды үздіктер емес, жағдайы мәз еместер сұрайтыны белгілі. Осы халі мүшкіл кәсіпкерлердің несие алуға мүмкіндігі жоқ болып шықты. Нақты секторда қаржы теңгеге тәуелді, ал банктегі несие долларға байланып қалған Сондықтан әрең дегенде 12,5 пайызға түсірілген несиелер девальвация нәтижесінде болған нақты секторды 25 пайызға тонады. Кәсіпкерлерге бөлінген қаржыдан кім пайда тауып отыр. Әрине, ең алдымен сол ақшаны бөлгендер. Біздіңше, «Даму» мен «Самұрық-қазына» тер төгіп еңбектенбей-ақ, еш негізсіз пайыздық сыйақы алып отыр. Банктерде есесін жібермей, бес пайызын қосып жіберді. Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры қараптан-қарап отырып бір жарым пайыз қосты. Нәтижесінде кәспкер осы көп сатылы иерархияға қызмет көрсетуі керек болды»,-дейді қауымдастықтың ашынған президенті.

Расында да, үкімет шаш етектен проблемасы бар, шағын және орта кәсіптің проблемасын шешімін шешуге асығар емес. Көмекке шын мәнінде мұқтаж кәсіпкерлерге қол ұшын берудің орнына қайта қаржыландыру мен несиені қол жетімсіз қылып, мәселені одан сайын ушықтырып жіберді. Бар жауапкершілікті банктерге ысырған үкімет қаржыны уақтылы игере алмай, жоспарды орындамай отырғандарға айыппұл салмақ. Үкіметке әр тиын үшін банктер «біз мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырушы оператормыз, бұдан көретін пайдамыз шамалы» дейді. Ал қаржыны банктерге аударудың өзінен бақандай жеті жарым пайыз пайда табатын «Самұрық-Қазына» мен «Даму» қорлары ешқандай тәуекелділікті арқалап отырған жоқ. Кәсіпкерлердің несие алғандардың тізімін талап ететіндей жөні бар. Өйткені банк талаптарын орындай алатындар баяғыда-ақ қажетқаржысын алып үлгерген.

Кәсіпке ақша емес, нақты жұмыс қажет. Былық-шылыққа толы әкімшілік кедергілер әлі күнге дейін жойылған жоқ. Кәсіпті бақылайтын елуден астам (57) қадағалау органдары бар. Іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлікті үшінші рет мораторий жарияланғанымен, қадағалауды шектегісі келетін шенеуніктер жоқ. «Біздегі қадағалау органдары – салық комитеті, қаржы полициясы, санэпидемстанса, тіпті өрт сөндірушілердің жұмысы заң бұзушылықпен өлшенеді. Яғни, неғұрлым заң бұзушылық тапса, жұмысын соғұрлымжақсы атқарып отыр деген сөз. Осындай саны шектен көп бақылаушылар керекпе. Қадағалаушы органдар санын баяғы да-ақ азайту керек еді.

Үкіметтің 21 сәуір күніндегі отырысында премьер-министр банктерге бөлінген қаржының игерілуіне көңілі толмайтынын жеткізді. Өйткені, 110 миллиардқа жуық теңге әлі де банктердің есепшоттарында кептеліп тұрған көрінеді. Вице-премьерде банктердің қаржыны игеруге асықпай отырғанына қынжылыс білдірді. Мәселен, «Халық банкіне» 24 млрд теңге бөлінсе де, бар-жоғы 48 адам ғана несие алыпты. «Альянс», «Каспий», «Темірбанктер» де осындай салғырттық танытып отыр.   

 

2.3 Алматы қаласының экономикасының өсу қарқыны

 

         Алматы - Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шянь тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 912 757 адам тұрады (01.02.2012ж.). Алматының ЖІӨ 2012 жылы 47.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 49 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді. Қалада жалпы жұмыспен қамтылғандар 941 860 (2011ж. IV тоқсан). Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады (2011ж. І тоқсан). Орташа жалақы  72 264 теңге (2012ж. қаңтар).                       

     2011 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі 694,8 млрд. теңгені құраған. Облыстың 2004-2011 жылдардағы жалпы өңірлік өнімнің өзгеруі төмендегі мәліметтермен сипатталды:                                                                                                      

            

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  20.  Жалпы өңірлік өнім, млрд., теңге

2003-2011 жылдары Алматы қаланың  жалпы өңірлік өнімінің тұрақты  өсімі байқалған, ол жылына орташа  есеппен 15 пайызды құрады.

Қаланың Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2011 жылы 21,1 пайызды құраған. [51]

2003-2011 жылдары қаланың  жалпы өңірлік өнімінің құрылымы  ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік  және байланыс көлемі үлесінің  қысқаруына және сауда мен  құрылыс үлесінің өсуіне қарай  өзгерген.

Алматы қаласы экономикасының өсу қарқынына салалардың қосқан үлесін бағалау нәтижесі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының көшбасшы екенін көрсетеді.

Қала экономикасы республикадағы алдыңғы қатардағы дамыған өңірлердің бірі.

          Ағымдағы жылдың 6 айы iшiнде Кедендiк одақ шеңберiндегi қалалардың тауар айналымы 3,7 млрд. доллардан асып жығылды. Оның iшiнде, 354,8 млн. доллардың өнiмi Алматыдан экспортталған болса, қалаға 3,4 млрд. долларды құрайтын өнiм импортталған. Осы ретте, отандық компанияларға өнiмдер сапасын үштiк одақ шеңберiнде ғана емес, халықаралық сапа стандарттарына да сәйкестеуi қажет деген ой келедi. Бүгiнгi таңда Алматы қаласының 598 кәсiпорны мен ұйымы ИСО 9001, 14001, 18000, НААСР Халықаралық сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын иеленген. Одан бөлек, жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң сапа жөнiндегi жетiстiктерiн дәрiптейтiн «Алтын сапа» жүлдесiне байқау өткiзiлiп тұрады. Сонымен бiрге, алматылық кәсiпкерлер үшiн жыл сайын «Қазақстанның үздiк тауары» байқауының дипломанты мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығының лауреаты атағы берiлiп келедi. Бір жанға шаққандағы ЖӨӨ мөлшері бір адамға арналған кірістер мен шығыстардың орташа есебін сипаттайды және халықтың әл-аухатын өлшеу құралы болып табылады. 2011 жылы қалада бір жанға 395,6 мың теңге есебінен жүргізілген, ал Республика бойынша орташа есеппен – 1016,7 мың теңге немесе 2,5 есе көп. Бір жанға шаққандағы ЖӨӨ көлемі Алматы облысынан тек Оңтүстік-Қазақстан (320,2 мың теңге) және Жамбыл (308,0 мың теңге) облыстарында ғана төмен болған. ЖӨӨ өсіміне экономика секторларының қосқан үлесі айтарлықтай өзгерген.  Республикада жүргізілген экономикалық реформалар қала экономикасының нақты секторын үдемелі дамытуға септігін тигізді.

Информация о работе Экономикалық өсудің мәні және көздері