Экономикалық өсудің мәні және көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат

Краткое описание

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplomka.docx

— 456.39 Кб (Скачать документ)

 

Әлемдік экономиканың бірнеше жылдар серпінді дамып отырғаннан кейін бірден төмендейді.           Қазіргі ғаламдық экономиканың екі негізгі тенденциялары белгілі. Олардың біріншісі – мемлекеттердің сандық өсіміб яғни экономиканың үдемелі жаһандануына себепші болатын түрлі халықаралық экономикалық одақтарға біріккен немесе басқа да мемлекеттердің не ұйымдардың келісімшарттық міндеттемелерінің одағы.           Келесі тенденция – әлемдік экономикалық интеграцияның үздіксіз өрістеу әдістерін жүзеге асыруы және осы процесстердегі сапалы өзгерістердің болуымен айқындалады.          ХХ ғасырдың соңына таман дамыған мемлекеттердің жартысынан көбі, яғни олар тәуелсіз мемлекеттер, БҰҰ-мен мойындалған мемлекеттер, түрлі Халақаралық экономикалық ұйымдардың мүшесі болды. 1998 жылдары 183 мемлекет Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мүшесі болды. Халықаралық банктің құрамында 180 мемлекеттей болды, 130-дан астамы ДСҰ-ға мүше болды. [37]            Осы аталған экономикалық ұйымдардан басқа да әлемнің әр бұрышында мемлекетаралық экономикалық мекемелер өте көп. Оларға: Европалық Одақ (ЕО), Орталық-америкалық жалпы ұйым, Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, Азия - Тынық мұхит мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастық ұйымы және т.б.     Егер де халықаралық экономикалық интеграция тек халықаралық сауда арқылы ғана жүзеге асырылса, қазір жаһандану кезеңінде жұмыс күшінің орналасуы, капиталдың, ғылыми-техникалық ақпараттың етек алуымен сипатталады.           Жаһандану – күрделі жйне ілгермелі дамушы үрдіс.    Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т.б. еске алудың өзі жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын алдық деп тұжырым жасай алмаймыз. Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр. Алғашқысы – бір өрістіліктің белгіленуі, екіншісі – әлемдік экономиканың жаһандануы, үшіншісі – ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі, төртіншісі – өркениеттік сәйкестілікті іздестіру, бесіншісі – әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі. Яғни, біздер мұнда әлемнің бес басты түрткісі – күш-қуатттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Ресейдің танымал ғаламы А.Уткиннің пікірі бойынша, осы түрткілердің әсерінен « әлемдік тәртіп қайта түзеледі, жаңа геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем бейнесі қалыптасатын болады». [39]  «Әлемде жаңа тәртіптің орнауы» нәтижесінде ұлттық ұдайы өнідруші тетіктерінің шоғырлануы мен олардың бір кеңістікке жұмылдырылуы негізінде қазіргі әлемдік шаруашылық құрылыстың бүкіл сипаты түбірімен өзгеріске ұшырап, маңызды алғышарттар пайда болады. Негізінде, әлемдік өндірісті қайта ұйымдастыруға деген көлемді қозғалыстар шаруашылық өкілеттіліктерді қайта бөліске салуда, басымдықтарды қайта қарауға, әлемдік шаруашылық байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің кәдуілгі көріністерін өзгертуге қабілетті прерогативтерді құрастыруға алып келуі мүмкін. Басқаша айтқанда, жаһандану барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіретін әлемдік байланыстардың жаңа түрі пайда болады. Жаһандану осындай әрекеттері арқылы «халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық өрісті, өзіндік бір аймақаралық ақпараттық алмасу инфрақұрылымын құруды қарастырады. Жаһандану әлемдік қауымдастыққа жаңа қасиет береді, ал осы үдерістің пайымына бару біздер үшін әлем туралы ұғымның алмасу кезеңінде дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді». [36]       Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық прогресті қамтамасыз ететін өндірістік күштердің (көлік, байланыс құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т.б.) даму деңгейіне қатысты болып келеді. Осы орасан ғылыми-техникалық прогресс әлемнің бейнесін түбірімен өзгертіп, жаһандануға алып келді, алуан түрлі халықтарды бір-біріне жақындата түсті. Солай дей тұрғанымызбен, қазіргі жаһандану бір жақта сипатқа ие емес. Өте ауқымды болып келетін өндірістік-қаржы ресурстарының трансұлттық корпорациялардың қолына шоғырлануы оларды, шындығында, әлемнің нағыз қожасына айналдырады, нәтижеде трансұлттық мемлекеттер өз егемендігінен айрылып, өз елдерінің нарықтарындағы қаржы-экономикалық жағдайды бақылау тізгінін босатып алады.       Жаһандану мәселесін талқылай отырып, бірқатар маңызды теориялық және әдснамалық мәселелерді алға қойған, оның шешімін табу жолдарын іздестірген пайдалы. Ең алдымен, жаһандану дегеніміз – бұл, шындығында, адамзат тарихында теңдесі жоқ жаңа бір құбылыс па, әлде ол кейбір тұрақты үрдістерді біршама сипаттай ма деген сұрақтар төңірегінде ой өрбіту керек болады. Расында, егер ілгеріде мұндай үрдістер орын алған болса, онда оның кейбір салдарлары бүгінде біздерге сабақ болуға тиіс емес пе? Француз тарихшысы Фернан Бродель өзінің «Әлем дәуірі», «XV-XVIII ғасырлардағы материалдық өркениет, экономика және капитализм» атты еңбектерінде (1979) адамзат тарихындағы бірнеше жаһандану кезеңдерін сипаттайды: Ежелгі Финикия, Карфаген, Христиандық Еуропа, Ислам, Московия, Қытай және Үндістан. Жаһанданудың бұл түрі империя пішінінде келеді.    Жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. [36]        Экономикалық жаһандану Tкі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар: 
-үлкен компаниялардың жетекші рөлі; 
-жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; 
- жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; 
- жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; 
-  барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; 
- бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы.          Тым ұзақ мрезімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекшеліктері болады:  
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияныңкезінде дайындалған өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес, экономикадағы глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен заңдылықтарына аударылады.  
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштермен қатар, экономикалық, салалық және индустриалдық негіздері, кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың қалыптасуы зерттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасының  жүргізіп отырған экономикалық саясаты

 

Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Соның негізгі жетістігі республиканың жүргізіп отырған экономикалық саясаты  блып табылады. Экономикалық саясат мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық,ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Жалпы алғанда экономиканы мемлекеттік реттеу бюджет-салық және ақша-несие саясаттары арқылы жүргізіледі.

        Қазақстанның  экономикалық саясатында екі  құралды да пайдалану практикасы  жүргізіліп келеді. Реформалау процесінде  ақша-несиелік шаралардың, яғни монетарлық  саясаттың ролі сөзсіз артып  кетті.

       Қазақстандағы  ақша-несие саясатының негізгі  мақсаттарының бірі – жуық  кезеңде ұлттық валютаны одан  ары тұрақтандыру болады. Үкімет  пен Ұлттық банктің бірлесе  күш салуымен айырбас бағамының  күрт ауытқуын болдырмау және  ішкі баға тұрақтылығын қамтамсыз  ету жөнінде жұмыс жүргізілетін  болады.

         Біздің елімізде бағаны тікелей мемлекеттік реттеу жоғары монополияландырылған салаларда ғана қолданылады. Электр энергиясына, бірқатар коммуналдық қызметтерге тарифтер белгіленеді.

 Бағаны жанама реттеу:

- несие-ақша саясаты;

- банктердің есептік мөлшерін  реттеу;

- мемлекеттік бюджет тапшылығын  қысқарту;

- тауарлар мен қызметтерді  сатып алушылар;

- салық саясаты.[46]

          Мемлекет бидайдың, ет және сүт  өнімдерінің бағасын, теміржол тарифтеріне, электр энергиясымен газдың, білім  беру мен медициналық қызметтерін  бағаларын реттейді. Реттелетін  бағалардың үлесі 10-20%-ды құрайды.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуды қолдаудың баға құру механизмін жеке кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін байланыстыруда қолданады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.

          Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  реформаторлық бастамаларының нәтижесінде  жаһандық қаржы дағдарысынан  қиналыссыз шыққан Қазақстан экономикасы қарқынды даму баспалдақтарына қадам басты. Халықаралық беделді рейтингтік агенттіктердің және дуалы ауыз сарапшылардың айтуынша, Қазақстан экономикасы ұтымды да шебер жасалынған бағдарламалардың нәтижесінде дағдарыстан табыспен шығып, экономикалық дамудың жаңа үлгілерін өмірге әкеле бастады.[49] 

   Жалпы айтқанда, 2011 жылы еліміздің экономикасының барлық саласында өсу деңгейі тұрақты түрде сақталған. Бүгінгі күнге дейінгі деректер бойынша 2011 жылғы мемлекетіміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-ақпанда 2011 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 104,6%  құрды.  Қысқа   мерзімді  экономикалық     индикаторды    есептеу   жеделділікті  қамтамасыз    ету  мақсатында    жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

 

      

 

    Сурет 5. 2011 қаңтар-ақпан және 2012 қаңтар-ақпан айларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі. 

  

        2011 жылдың желтоқсандағы  қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15,5 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 19,3 пайызды құрап, алғаш рет кен өндіру саласының өсу қарқынынан (13,2 пайыз) 2 есе асып түсті. Осының нәтижесінде, 2010 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 18,4 пайызды құрап, 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,9 пайызға өсті. 2012 жылғы деректерге сүйенсек машина жасау саласы қарқынды дамып, оның өндіріс өнімінің көлемі 17,0 пайызды, сусындар өндірісі 0,3 пайызға, азық-түлік өнімдерінің өндірісі 0,9 пайызға өсті. Химия өнеркәсібі саласында өндіріс өсімі 11,6 пайызды құрады. Кен өндіру саласында темір рудасын шығару 64,9 пайызға, шикі мұнай өндіру 9,3 пайызға, табиғи газ өндіру 7,7 пайызға артты.

       2012 жылғы қаңтар-ақпандағы өнеркәсіп өнімі 2625,1 млрд. теңгеге, соның ішінде кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында - тиісінше 1702,7 және 697,1 млрд. теңгеге, электрмен  жабдықтау,  газ,  бу  беру, ауа баптауда – 202,1 млрд. теңгеге, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінде – 23,2 млрд. теңгеге өндірілді.

      2012  жылғы  қаңтарда  халықтың  орташа  жан  басына  шаққандағы  атаулы  ақшалай  табыстары  бағалау  бойынша 46780 теңгені  құрады. Өсім 2011 жылғы қаңтармен  салыстырғанда атаулы ақшалай  табыстар үшін 18,1%, нақты ақшалай  табыстар үшін – 11,5% құрады.

                                                                                                       өткен айға %-бен

                 Сурет 6. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индекстері

      Еліміздің өңірлері бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемін саралайтын болсақ, өндіріс көлемінің қарқынды өсуі Ақмола облысында (102,3 пайыз), Қостанай облысында (104,9 пайыз), Павлодар (104,7 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (110,9 пайыз), Жамбыл (110,5 пайыз), Атырау облыстарында (99,3 пайыз) және Алматы қаласында (117,0 пайыз) байқалды. Өңірлердегі ең қарқынды дамыған өндіріс салаларына нақты тоқталар болсақ, Атырау облысында шикі мұнай өндіру 13,1 пайызға ұлғайды. Ақтөбе облысында темір рудасын өндіру 4,3 пайызға артты. Ет өнімдерін қайта өңдеу Ақмола облысында 25,4 пайызға, Қостанай облысында 25,2 пайызға және Алматы қаласында 30,7 пайызға ұлғайды. Павлодар облысында тас көмір және кокс өндірісі 7,4 пайызда құрап, ал ферроқорытпалар шығару 14,1 пайызға артты.[1]

     Өнеркәсіп өндірісі саласының тұрақты дамуына негізінен 2009 жылы басталған 2015 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ерекше игі ықпалын тигізді. Жалпы, бұл бағдарлама шеңберінде құны 801,8 миллиард теңгеден астам болатын 152 индустриялық жоба іске асырылды. Нақты есептеулер көрсетіп отырғанындай, осы ғасырлық жобалардың іске қосылуы ішкі жалпы өнімнің өсуіне 14,2 пайыз көлемінде үлес қосқан.

өткен жылғы тиісті кезеңге %-бен

Сурет 7.  Өңірлер бойынша өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өзгеруі

        Елбасы алға қойған экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы бастама негізінде жүзеге асырыла бастаған 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы тарих толқынындағы ерекше құбылыс болғандығы даусыз. Осы бағдарлама шеңберіндегі жобаларды іс жүзіне асыруға 2009 жылы республикалық бюджеттен 921,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.

       Және сол жылдары осы бағдарлама шеңберінде еліміз үшін инфрақұрылымдық және стратегиялық зор маңызы бар Балқаш ЖЭС, «Шар-Өскемен», «Қорғас-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» темір жол тораптары, «Бейнеу-Шымкент» газ тарату құбыры және басқа ірі жобалар жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде еліміздің шикізат қорын толықтыру мақсатында бірқатар геологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде, еліміздің алтын, қорғасын, цинк, көмір, уран, мұнай және газ кеніштерінің жаңа орындары анықталды.

       Индустрияландыру картасы шеңберінде 2011 жылы елімізде 43 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бағдарламалар шеңберінде озық технологияларды өндіріске енгізу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылды. Тәжірибелік-конструкторлық шешімдерді, шет елдерде отандық ғылыми жобаларды патенттеу бойынша 1,697 миллиард теңге сомасындағы 38 жоба қолдау тапты. Машина жасау, тау-кен металлургия, мұнай-газ жабдықтарының жобаларын жасау жөніндегі конструкторлық бюролар құрылды. Жүк вагондарының хопперлерін, перфораторларын шығаратын алғашқы өндірістер іске қосылды. Салааралық ғылыми-техникалық жобалар қабылданып, онда жаңа өндірістерді, технологияларды игеру, отандық ғылымға нақты бағыт-бағдар беретін зерттеу орталықтарын құру жөніндегі технологиялық бағдарламалар айқындалды.

       2012 жылғы  қаңтар-ақпанда тұрғын үй құрылысына 49,0 млрд. теңге салынды, бұл бұл өткен жылғы қаңтар-ақпаннан 12,3%-ға көп. Тұрғын үйлердің жалпы санынан     4138 жеке үйлер, 149 көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді. 2012 жылғы қаңтар-ақпанда көппәтерлі тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 160,8 мың теңге және халықпен салынған тұрғын үйдің шаршы метрі 57,3 мың теңгені құрады.

          2012 жылғы қаңтар-ақпанда 69,8 мың шаршы  метр жалға берілетін және 60,2 мың шаршы метр кредитке берілетін  тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

                   

 


      Сурет 8.  Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының нақты көлем индексі [1]

 

       Құрылыс индустриясында және құрылыс материалдары өндірісінде 2010 жылдың қорытындысы бойынша резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару өндірісінің көлемі өсіп, жыл ішінде 70,8 миллиард теңгенің жаңа өнімдері өндірілді.

       Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттігі жайында тапсырма берген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр. 
         Осыған орай, тұрғын үй мәселесін шешу Қазақстанның мемлекеттік саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тұрғын үй саласының дамуына ерекше назар аударып, басты бағыттары ретінде жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, тұрғын үйді жалға беруді дамытуды атап көрсеткен .

Информация о работе Экономикалық өсудің мәні және көздері