Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.
Кіріспе
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.
Тұрақты
экономикалық өсуді қамтамасыздандыру
– макроэкономикалық реттеудің маңызды
мақсаттарының бірі болып табылады. Атап
айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне
осы елдің экономикалық дамуы, халықтың
өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік
қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны,
сайып келгенде елдің болашақта дамуы
толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.
Экономикалық өсу экономиканың бірқалыпты оң қозғалысын және әлеуметтік экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай жалпы критериі өндіріс күштерінің даму деңгейі болып табылады. Экономикалыққ прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады. Сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық оның қоғам түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеудің экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономикалық мемендерды және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі шарт. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатындығында мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады.
Қазақстан Республикасында экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отандық жекеменшік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделеді.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
Экономикалық өсім болмайынша, біздің мемлекетіміздің кірістері көбеймейді, шығындар өсіп бюджеттің тапшылығына соқтырады. Табиғатта да, экономика заңында да бірқалыпты жағдай болмайды. Онда тек екі таңдау болады: прогресс немесе регресс. Республикамызда экономикалық өсімді жеделдетпейінше қорғаныс саласы тиісті жұмыстарын атқара алмайды, ал демографиялық мәселелер ушыға береді. Бұл құбылыстар біздің еліміз үшін өте қауіпті. Себебі, үлкен аумақты алып жатқан азғантай халыққа көз алартар мемлекеттер жетерлік.
Экономикалық өсім еліміздегі қала және ауыл халқындағы жұмыссыздық мәселелерін шешер еді. Себебі, ауыл аймағынан қалаға көшу үдерісі күшейе түсті. Бұл қалада жаңа жұмыс орындарын талап етеді. Ал ауыл шаруашылығының төмендеуі агроөнеркәсіп саласына теріс әсер етеді. Нәтижесінде, жұмыссыздық өсіп, әлеуметтік проблемалар ушығуы мүмкін.
Экономикалық дамудың жоғарғы қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді.
Экономикалық өсімді жеделдетуде реформаның маңызы зор. Мұнда қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Әп-сәттік экономикалық міндеттерді, жыртықты жамау әдісімен шешуден бас тартатын мезгіл жетті, тактикалық міндеттерді әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырустратегиясына сәйкестендіре шындап қолға алу мақсатымен жүйелі жұмыс бастайтын уақыт келді. Қазақстан Республикасын өз еркшеліктеріне, ұлттық менталитетіне сай, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып әлеуметтік-экономикалық дамыту моделін жасайтын және іске асыратын мезгіл жетті.
Экономиканы басқару мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттік басқару жүйесінің рөлі маңызды және сан алуан. Біздің экономиканы басқару жүйесі осы тұрғыдан алғанда функциялар мен жауапкершіліктің ара жігін ажыратуға, қайталаушылық пен бірізділікті жою, атқарушылық тәртіпті жолға қою талаптарына сай келуге тиіс.
Дипломдық жұмысымды 3 бөлімге бөліп қарастырдым.
Бірінші бөлімінде, экономикалық өсу мәнін, теориялық сипаттамасы және көздерін жеке-жеке бөліп жаздым. Ұлттық есеп жүйесіндегі экономикалық өсуді сипаттайтын көрсеткіштерді тізбектедім. Сонымен қатар, макроэкономикалық тұрақсыздық түрлерін және оның шығу себептерін кіргізіп, экономикалық өсудің ғаламдық тенденцияларын қарастырдым.
Екінші бөлімінде, біріншіден, Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған экономикалық саясаты, оның жүргізілу ерекшеліктері және жіктелуін талдауға көңіл бөлдім. Екіншіден, Қазақстан Республикасы салаларының экономикалық жағдайын жазуды жөн көрдім. Сонымен қатар, экспорттық және импорттық процестердің жағдайын талдауға тоқталып өттім.
Үшінші бөлімінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру және дамыту жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалық экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайтын мәселелерді қарастырдым. Осы бөлімнің соңына, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегияларын кіргіздім.
Дипломдық жұмысымның мақсаты, алдымен экономикалық өсуді жалпылай тұрғыда ашып көрсету. Яғни, экономикалық өсудің теориялық ілімін, экономикалық өсуді сипаттайтын көрсеткіштерді және макроэкономикалық тұрақсыздық себептерімен оқырмандарды хабардар ету. Ең бастысы, Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясаттарын, Қазақстан Республикасы салаларының жағдаятын және экспорттық, импорттық мәселелерін кең көлемде таныстырып өту. Сонымен қатар, заманауи жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық өсу жолындағы мәселелері және шешу жолдарын, келешектегі жағдайы және Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегияларымен таныстыру.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Экономикалық өсудің мәні және көздері
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру болып табылады. Өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар, ірі әлеуметтік экономикалық мәселерді шешуге бағытталады. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өндірістің сандық әрі сапалық артуы жәре олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскерлер саны және өндіріс қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өңдірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндіріс қорларды дұрыс қолдеану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің белгілі арақатынаста немесе бірін бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарық тетігінің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзi жеткіліксіз.
Сұранымның қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады.
Өндipic қарқынын жеделдетуге
қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің
әртүрлі мектеп өкілдері
Өсу формуласының негізінде "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқынды көзқарасын” дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Экономикалық өсу экономиканың бірқалыпты оң қозғалысын және әлеуметтік экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай жалпы критериі өндіріс күштерінің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады. Сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық оның қоғам түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеудің экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономикалық мемендерды және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі шарт. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатындығында мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады.[42]
Экономикалық өсімнің қайнар көзі экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынтымақтастық жатады. Олар атқаратын қызметерінің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт ішінде барынше мүмкіндік жасайды. Нарық экономикасының негізін меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер қайраты арқылы дамып, олардың жеке экомикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсімнің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі экономикалық сала және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды дөп көрсетеді. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі қаржы) болады.
Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегеніміз – тауар өңдіріп және қызмет көрсетуге пайдаланатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өңдірілген ресурстар. Оған ғимарат және құрылыс, жабдықтардың барлық түрлері, машиналар құрал саймандар, берілу құрылғылары, коммуникациялар, еңбек түрлері, жер және әртүрлі кен байлықтар жатады. Барлық экономикалық ресурстар (өндіріс факторлары) былай бөлінеді: