Экономикалық өсудің мәні және көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат

Краткое описание

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplomka.docx

— 456.39 Кб (Скачать документ)

 

Мұның бәрі отандық экономиканы тұрақтандыру мақсатында шұғыл шаралар қабылдау қажет екендігін көрсетеді.

Өткен жылдарда алтын-валюта қорының айтарлықтай өсуі банк жүйесіне қолдау көрсетуге, ипотекалық несиенің пайыздық өсімақысын азайтуға, тұрғындар арасындағы депозитке байланысты үрейді басуға және коммерциялық банктердің ссудалық портфельдеріндегі проблемалы несиелер санын азайтуға ықпал етті.

Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін мемлекет тарпынан бөлінетін қаржының жалпы көлемі келесі шараларды іске асыруға жұмылдыруы тиіс: банктердегі капитализациялауғда дамыту; тұрғын үй инвесторларының алдындағы құрылыс компанияларының міндеттерінің орындалатынына мемлекет тарапынан кепілдік бер; шағын және ірі бизнесті дамыту; сондай-ақ аграрлық өндірісті өркендету; Батыс Қытай – батыс Европа автомагистралі құрылысының Қазақстанға тиесілі аумақтарындағы шараларды қамтамсыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру; еліміздегі қлалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын модернизациялау. Сонымен қатар, мектептер, балабақшалар, кәсіби оқу орындары ғимараттарын салу жоспарланып отыр.

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс нәтижесінде туындап отырған қиындықтарды жеңілдетуге бағытталған осындай кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы біз күрделі экономикалық жағдайдан шыға аламыз және болашақта экономиканың сапалы дамуына қолайлы жағдай туғызамыз.

Экономиканы тұрақтандыру ҚР Президенті; үкіметі алдарына қойып отырған бірінші кезектегі міндет болып табылады. Макроэкономикалық саясатты талдау Экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, ҚР Парламентінің және басқа мемлекеттік органдардың күнделікті міндеттеріне кіреді. [21]

 Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктердің бірі қаржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдердің маңызы мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану зерттелді және де оқулықтарда қарастырылған.

Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады:

- бюджеттік қаржымен қаржыландыру  арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық  шаруашылығының басымдылықтарын  және білімді көп қажет ететін  салаларды дамыту мәселелері  шешіледі;

- құрылымдық-инвестициялық  жүзеге асыру үшін салық салу  механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қызығушылығын  арттыруға болады, өйткені олар  өндіріс және өнеркәсіп салаларының  тең дамуына әкеледі. Ол деген  импортты ауыстыратын және бәсекеге  түсе алатын түрлі тауарларды  шығару. Дағдарыстан шығу үшін  фискалдық саясат арқылы ынталандыру  қажет. Бұл саясаттың негізінде: 

а) мемлекеттік шығындардың өсуі; 

ә) салық ставкасының және салықтың азаюының;

б) мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың азаюын үйлестіруді пайдалану жатыр.

- мемлекет әлеуметтік  және ғылыми салаларына шығындарын  азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болады.

Біздің елде салық - экономика мен әлеуметтік хал-ахуалды тұрақты дамытудағы реттеуші көзі болып табылатын бюджеттік қатынастарды тікелей басқарудың әдісі ретінде қолданылады. Салықтық жәрдемімен  мемлекет қоғамдық қажеттілік пен ресурстар арасындағы салыстырмалы теп-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтың нәтижесінде экологияға зиян келтіретін өндірістерге айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықтың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

        Бюджеттің  мұнайдан түсетін кірістерге  деген тәуелділігінің сақталуы, салықтық базаның ұлғаймауы жыл  сайын қайталануда. Кәсіпкерлерге  берілетін жеңілдіктер мен төлеу  мерзімі, ұзартылған төлемдер көлемі  ұлғаю үстінде.

Салық төлеу үшін кәсіпкерлікті ынталандыратын сипатының күшейтілуі, тауар өңдірушілерді мадақтау, аймақтық экономикалық саясатты жүргізумен салық заңдылығындағы қарама-қайшылықтарды жою негізгі мақсат болып қала береді. Салық саясатындағы аса маңызды бағыт–салық заңдылығын тұрақтандыру болып табылады. Оған әрбір екі-үш ай сайын өзгерістер енгізуге болмайды.

 Салық және бюджет саясаттарының негізгі мазмұны салықтық әкімшілік етуді жақсарту және бюджеттік бағдарлаудың әдістерін енгізу, ақша–несие фискалдық саясаттарды мейлінше тығыз үйлестіру, мемлекеттік қаржылар басқарудың жүйелерін жетілдіру және қаржы шығындарын ұтымды пайдалану болып табылады.

        Үкіметтің  әрекеті. Салық-кеден саясаты субъектілерге  ұтымды салық салу барысында  салықтар мен баж салоықтарын  жинауға бағытталады. Республикадағы  салық және кеден заңнамасын  жетіілдірудегі алдағы жұмыс  салық және кеден заңнамаларына  кірген негізгі принциптердің  тұрақтылығын қамтамсыз етуді  көздейді. Сонымен қатар, салықтарды  есептеу мен жинауды оңайлату  үшін салықтарды есептеу рәсімдерін  жеңілдету және тепе-теңдік принциптерін  қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктерді  болдырмау жөнінен шаралар қабылданатын  болады.

         Компьютерлендіру арқылы салық  және кеден қызметтерін өзгертуді  аяқтаумен қатар салықтық әкімшілік  етудің соған бара-бар әдістері, анық және айқын нұсқаулы материалдар  жасалынатын болады. Жер қойнауын  пайдалануға, мемлекеттік кәсіпорындарды  жекешелендіру мен басқару жөнінде  салықтық сараптық шарттардың  кешенді жүйесі жасалынып, ендіріледі. Салық қызметтері жұмыстарының  формаларын жақсарту, салық және  кеден алымдарын төлеуден қашқақтаушыларды  батыл түрде анықтау істері  көзделінуде. Мемлекет алдында қаржылық  міндеттемелерін орындауға байланысты  шаруашылық етуші субъектілерде  кешенді салықтық тексеру жүргізу  механизмін жетілдіру мәселесі  тұр.

         Кедендік саясат халықаралық  еңбек бөлісуді тереңдету жағдайында  отандық өндірістердің белгілі  бір түрлерін қорғайтын, олардың  бәсекелесу қабілеттерін қолдайтын  болады, сонымен қатар контрабандамен  күрестің әдістері мен формаларын  жетілдіруді қарастыру.

         Мемлекеттік қаражаттарды орта  мерзімдік кезеңге жұмсаудың  негізгі артықшылықтары: ішкі және  сыртқы қарыздар бойынша мемлекеттік  міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуы, жаңа қарыздардың жиналып қалуын  болдырмау, әлеуметтік сипаттағы  шығындардың оңтайлы қамтамсыз  ету, зейнетақымен қамтамасыз ету  реформаларын және инвестициялық  қызметтерді күшейтуге қолдау  көрсету болып саналады.

Бюджеттік процесті бюджет қаражатын ашық бөлуге мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес қаражатты барынша тиімді басқаруға бағдарлай отырып, қысқа мерзімді бюджеттік жоспарлаудан орта мерзімдік бюджеттік жоспарлауға көшуді қамтамасыз ету салықтық әкімшілік жүргізудің  тиімділігін жақсартуды қажет етеді.

2011 жылғы қорытындылар бойынша республикалық бюджеттің кірісі 2010 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға өсті. Қаржылық активтерді сатып алуға жұмсалған шығындар мен шығыстардың өсуі есебінен бюджеттік кредиттердің көлемі, яғни, өтеусіз қаржыландыру қысқарды. Нәтижесінде республикалық бюджеттің эконмикадағы ақша ағыстарын қайта бөлу процесіне әсер етуі күшейе түсті. Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. [30]

Кесте 4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістері, 2011ж.

                                                           

Атауы

Кассалық атқарылуы

I. КІРІСТЕР

718 526,7

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

649 696,7

Салықтық түсімдер

649 696,7

САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР

34 231,9

Салықтық емес түсiмдер

34 231,9

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

4 598,1

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

4 598,1

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

30 000,0

Трансферттердің түсімдері

30 000,0


 

          Дискрециялық саясат – үкіметтің  арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын  және мемлекеттік шығындардың  көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының  жағдайын, инфляция қарқынын, өнім  көлемін, жұмысбастылық деңгейін  өзгертуге бағытталған.

Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.

Бюджет тапшылығын жою үшін қаржыландыру тәсілдері қолданылады.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

- ақша-несие эмиссиясы (тиын  шығару);

- займ шығару;

- мемлекетке түсетін салық  мөлшерін көбейту.

         Жоспарлаудағы кемшіліктер, инвестициялық  жобаларды (мақсатты трансферттерді) іске асыру үшін қаржыландыру  мен мониторинг жүргізудің тиімді схемалардың болмауы оларды іске асыру түпкілікті нәтижелерге жетуге келенсіз әсер етеді. Бұл ретте жекелеген жағдайларда тиісті инвестициялық жобалар бойынша енгізілген объектілерді пайдалануға беру және одан әрі сүйемелдеу мәселері пысықталмаған, бұл жұмсалған бюджет қаражатының тиімділігін төмендетеді.

        Мемлекеттік  борышты басқарудың қолданыстағы  жүйесі ұлттық компаниялар, мемлекеттің  қатысуымен құрылған акционерлік  қоғамдар және даму институттары  алтын қарыздардың күрт ұлғаюымен  байланысты қатерлерді есепке  алу бойынша тиімді құралдар  мен тетіктер толық қолданылмай  отыр.

          Мемлекеттік органдарға бюджеттік  процестерді жетілдіру және анықталған  бұрмалаушылықтарды жою жөнінде  мынадай ұсынымдар беруге болады:

           - республикалық бюджет кірістері  орындалуының шикізат секторынан  түсетін түсімдерге тәуелділігін  азайту жөнінде толыққанды шаралар  қолдану;

          - салықтардың, алымдардың санын  қысқарту және салықтарға әкімшілік  жүргізуді, оның ішінде ақпараттық  жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін  арттыру есебінен жеңілдету;

           - бюджетке түсетін салықтық және  салықтық емес түсімдердің жоспарлау  сапасын қазіргі заманғы болжау  және факторлық талдау әдістерін  қолдану арқылы арттыру; 

          - републикалық бюджет шығыстарының  тиімді құрылымын қалыптастыру  жөнінде орта мерзімді саясат  әзірлеу және әртүлі ерекшеліктерді  қысқарту мақсатында бюджет шығыстарының  экономикалық жіктелімін қайта  құру;

          - қаржылық жыл ішінде бюджетке  енгізілетін түзетулерді барынша  азайту және Үкімет резервінің  пайдалану негізділігін арттыру;

          - республикалық бюджетесебінен  әлеуметтік маңызды объектілерге  техникалық-экономикалық сараптама  жүргізудің орындылығын қарау 

          - республиканың индустриалдық-инновациялық  даму стратегиясын іске асыруға  бағытталған мемлекеттік даму  институттары қызметінің тиімділігін  арттыру мақсатында олардың уақытша  бос қаражатын орналастырудың  өлшемдері мен тәртібін әзірлеу;

         - мемлекеттік органдардағы ақпараттық  жүйелерді  әзірлеу, дамыту, сүйемелдеу  және пайдалану процестерін реттейтін  нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру  жөнінде шаралар қабылдау;

          - кепілгерлікті қоса алғанда, қаржылық  жыл ішінде борыштық міндеттемелердің  жаңа нысандарын және басқа  да құралдарды бюджеттік заңнамада  көрсетілмеген мемлекеттің қаржы  ресурстарының пайдалануына жол  бермеу;

        - бюджеттік  бағдарламалар әкімшіліктердің  бюджет қаражаттарын тиімсіз  және негізсіз жұмсағаны үшін  жауапкершілікті күшейту жөнінде  тиісті нормативті–құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы шаралар қабылдау.

         Аталған ұсыныстар өз кезегінде  бюджет қаражаттарын тиімді басқаруға, мақсатты қолдануға және тайдаланудағы  нәтижелілігін арттыруға жағдай  жасайды.

         Мемлекеттік қаражаттар бөлу  мен пайдалану тиімділігін көтеру  мақсатында бюджеттік процесті  жетілдіру жөнінен бірқатар шаралар  жүргізілетін болады. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттің  бірлігі жасалынады, бюджеттен қаржыландырылатын  ұымдар саны қысқартылады, республикалық  және жергілікті бюджеттер арасындағы  өзара қатынастар түзетілді. [48]

 

Кесте 5

2011-2013 жылдарға арналған  республикалық бюджеттің 

Информация о работе Экономикалық өсудің мәні және көздері