1. материалдық
немесе табиғи ресурстар - жер, капитал;
2. адамдар
ресурстары - еңбек пен кәсіпкерлік
қабілет. Жүйе ішінде әрбір фактордың
өз орны және нақтылы функциясы
бар.[2]
Табиғи ресурстар - бұл тауарлар
мен игі қызметтерді жасар кездегі
пайдалынатын табиғи игілік. Оған жанды
табиғат, минералды және орман ресурстары,
сондай-ақ өзіміз тыныстайтын ауада кіреді.
Экономистер өндіріс факторы ретінде
табиғат ресурстарын сөз еткенде жер деген
терминді қолданылады.
Капитал - капитал немесе
инвестициялық ресурстарға тауар өңдіріп
және игі қызмет көрсетіп, оларды түпкілікті
тұтынушыға жеткізу кезінде пайдалынатын:
фабрикалар, зауыттар, машиналар, саймандардың
барлық түрлері, жабдықтар, көлік және
беру құралдары, өткізу жүйесі кіреді.
Адамдар ресурстары немесе
еңбек - бұл өндіріс процесі барысында
адам жұмсайтын дене және ақыл-ой күші.
Еңбекке төленетін бағаны еңбекақы деп
атайды.
Кәсіпкерлік қабілет – бұл
іскерлік деп аталатын адам бойындағы
айрықша ресурс, мұны тауарлар өңдіру
мен игі қызмет көрсетуде барлық фирмаларға
қажетті – басқара білу мен ұйымдастырғыштық
дағды деп түсіну жөн. Кәсіпкер үш факторды
ұштастыратын-ды. Табыс бола қалған жағдайда
кәсіпкер таза пайда табады, ал кері жағдайда
шығынға ұшырайды.
Кәсіпкер – тәуекелге бел байлаған
жаңашыл адам. Кәсіпкердің бизнеске салған
тәуекелден, жаңа идея мен күш салудан
табары табыста, ол, әрине, жер, еңбек және
капитал иелері өз үлестерін бөлісіп алғаннан
кейінгі таза табыс.
Әрбір қоғам өзінің сирек ресурстарын
тиімді пайдалануға тиіс. Яғни ол жұмыспен
толық қамтылған жағдайда және өндіріс
толық қуатына жеткен кезінде экономиканың
берік орнығуын қамтамасыз етуі тиіс.
Соңғы жүз жылдықта дүние жүзінің
көптеген елдерінде адам басына шаққандағы
ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде.
Экономиканың өсуі кенінен тараған құбылыс
болып отыр. Экономикада болып отыратын
құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді
экономиканың өсуі тренді ұлғаймалы. Сондықтан
экономиканың тұрақты өсуі, адам басына
шаққандағы табыстың өсуі – бұл экономикадағы
жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің
көп мемлекеттерінде соңғы жүз жылдықта
байқалып отыр.
Экономиканың
өсуінің қайнар көзі неде. Кез-келген
мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан
тұрады және оларға тәуелді. Олар:
- табиғи
ресурстардың сапасы мен көлемі;
- еңбек
ресурстарының сапасы мен саны;
- негізгі
капитал қорының көлемі;
- технология.
Экономиканың өсуіне әсер ететін
осы төрт факторды ұсыныс факторлары
деп айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне
мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар
және технологиялық әлеует бірігіп
нақты өнім көлемін өңдіруді
ұлғайтады. Экономиканың өсуіне
әсер ететін соңғы екі факторды
қарастырсақ, олар:
- сұраныс
факторы;
- бөлу,
тарату факторы.[7]
Өндіріс әлеуетін дұрыс пайдалану
үшін өңдірумен қатар өңдірген
өңімді дер кезінде сату да
маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін
сұраныс және ұсыныс факторлары
бір-бірімен тығыз байланысты.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық
сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі.
Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді
кезеңде қарастырылады. Сұраныс
пен ұсыныс талдырмасы (шок) және
циклдық тербелістерге байланысты
экономиканың тепе-теңдік жағдайынан
ауытқуын экономикалық саясат
тұрақтандыруға тырысады. Бірақ
өнім көлемінің қысқа мерзімді
ауытқуы жұмысбастылық деңгейі
экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен
берілген, оның өсуінің көлемін
ұлғайту экономикалық өсумен
байланысты. Экономикалық өсуді
жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді
динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде
немесе өнім көлемінің өсуі
ретінде қарастыруға болады. Оның
факторларының және заңдылықтарының
біреуі болып табылады.
Экономикада
нақты пайданың өсуі «экономикалық
өсу деп түсіндіріледі» және
әрбір адам басына шаққандағы
нақты өнімнің өсу есебі болып
табылады. Сондықтан экономиканың
өсуін өлшеу үшін абсолюттік
арттыру немесе нақты өнім
көлемінің өсуінің екпініне немесе
адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылады.
Егер
экономикалық өсу сырттан әкелінген
қосымша ресурстардан жасалынса
және қоғамдағы еңбектің орта
өнімділігін өзгертпесе, онда ол
экстенсивті болады. Интенсивті
өсу технологиямен және өндіріс
факторларының жетілген түрлерімен
байланысты, яғни өнімді өңдіріс
көлемімен көбеюі нәтижесінде
ұлғайту емес, олардың қайтымының
тиімділігінің нәтижесінде өнім
өңдіру. Интенсивті өсу халықтың
әлеуметтік өсуінің экстенсивті
немесе интенсивті типтеріне
байланысты, сыбағалы салмағының
салыстырмалылығына немесе экономиканың
өсуіне әсер ететін басқа факторларға
байланысты болады.
Экономика
өсуінің факторларын көбінесе
экономика өсуінің типімен топтайды.
Экстенсивті факторларға капитал
көлемінің, еңбек көлемінің ал
интенсивтіге – технологиялық
прогрес, масштаб арқылы үнемдеу,
білімді және маман жұмысшылар
деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді
жақсарту және оның қолдану
үрдісін сапалы ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдістің басты катализаторы
ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер
ретінде мыналарды айтуға болды:
экологиялық және ресурстық шектеулер,
әлеуметтік шығындардың ауқымды
спектрі және де үкіметтің
тиімсіз экономикалық саясаты.
Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі
абстрактылы, экономика үрдісінің
нақты турі график немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау
барысында пайдаланылатын болжамдар
нақты үрдістің нәтижесін жоққа
шығарады, экономиканың өсуі сияқты
күрделі құбылыстың заңдылықтарын
және кейбір мәселелерін талдауға
мүмкіндік береді.
Өсу
үлгісінің көбі өнімнің нақты
көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен, яғни
еңбек пен капиталдың әсерінен
пайда болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның
нақты көлемінің көбеюі, негізгі
өндіріс факторларының өсім ықпалымен,
яғни еңбек капитал ықпалына
Қарсы тұра алады, ал капитал
көлемін, керісінше, инвестициялық
саясат арқылы тез өзгертуге
болды. Уақыт өте келе капиталдың
экономикада амортизация есебінен
қысқаратыны және таза инвестиция
есебінен көбейетіні белгілі. Біз
экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы
–халықтың жағдайын көтеруге
негіз болғанында. Сондықтан экономиканың
сапалы өсуіне баға беру үшін,
тұтыну бағасының динамикасын
қарастыру керек.
Өткен
ғасырдың 70 жылдарының басында реоконсерватизмнің
жаңа ағымы – монетаризм пайда
болды. Монетаризмнің негізін салушы
Мильтон Фридман болды. Оның монетаристік
консепция алғаш рет президент
Р.Никсонның тұсында АҚШ-тың республикалық
мақұлдауынан өтті.
Жалпылама
алғанда монетаризм – бұл экономикалық
таодауда ақшаның рөліне ерекше
мән берілетін теория. Ақша экономикалық
талдаудың негізгі элементі, экономикалық
болжалдың ірге тасы және мемлекеттің
экономикалық саясатының негізгі
құралы ретінде қарастырылады.
Монетаристер
еркін рыноктық шаруашылықты
жақтаушылар. Олар мемлекеттің кейнстік
үлгідегі экономикаға араласуы
қысқа мерзімдік қана нәтиже
береді, ал олар ұзақ мерзімде
нәтижесіз, керісінше зиян келтіріп
рынок реттеушілерін тежеуге
әкеледі.
Монетаристердің
талдауындағы алғашқы тұжырымдама
бойынша ақшға деген сұраныс
тұрақты, несиелік институттарының
субьективті шешімдеріне байланысты
ақша ұсынысы тұрақсыз болады.
Сондықтан ақша ұсынысының оған
деген сұраныстан артуы инфляцияны
тудырады.[39]
Ақша саласындағы жылжымалылықта
шаруашылықтың қалыпты жағдайда
дамуын бұзуға себеп болады. Ұзақ
мерзімдегі ақша тұрақсыздығы
экономикалық өсудің тұрақсыздығын
туғызады. Осыған байланысты монетаристер
экономикалық белсенділік деңгейі
көп жағдайда ақша-несие саясатына
байланысты болады деп есептейді.
Өндіріс, жұмысбастылық деңгейін
анықтаудың негізгі факторы тек
ақша ұсынысы болып табылады.
Монетарлық
концепцияның негізгі элементтеріне
экономикалық саясат арқылы жүзеге
асатын ақша айналымы, инфляция,
жұмыссыздық, салық салу мәселелері
жатады.
Ақша
теориясын монетаристер ақшаның
сандық теориясына негіздейді, яғни
айналымдағы ақша санының өзгерісі
баға өзгерісіне әкеледі.Бұл тұрғыда
Фридмен ақша сұранысы жайында
өзінің теориясын ұсынады: ақшаға
сұраныс салыстырмалы жағдайда
тұрақты, ақшаға деген сұраныс
функциясы баға деңгейінен, облигациямен
акция табысынан, процент мөлшерлемесіне
байланысты. Ақша айналымы жылдамдығынан
тәуелді. Егер баға өсімі күтілсе
(инфляция) ақшаның сатып алу қабілеті
төмендейді. Проценттік мөлшерлеменің
көтерілуі де ақшаға сұранысты
азайтады.
Ақшаның
сандық теориясын дамыта отырып
Фридмен ақша сұранысына тереңірек
түсінік берді. Олақшаның айналыс,
төлем, қор жинау құралымен шектеліп
қалмайды. Фридменнің пікірінше, ақша
байлықтың бір түрі, олай болса
ақша табыс көзі. Сондықтан ақшаға
деген сұраныстың екі жағы
бар: үй шаруашылығы үшін ақша-байлық,
қор жинау түрі, ал кәсіпкерлер
үшін –өндірістік қызмет көрсетудің
көзі.
Инфляциямен
күресудегі фридмендік концепцияның
мәнісі мынада: ЖҰӨ динамикасына
ақша арқылы әсер ету. Ол жыл
сайынғы қосымша ақша ұсынысының
төмендегідей формуласын жасады:
Дельта М= дельта Р + дельта У
Мұндағы дельта Р - инфляцияның
орташа жылдық қарқыны; дельта
У-ЖҰӨ-нің немесе ұлттық табыстың
орташа жылдық өсу қарқыны
Фридменнің пікірінше екінші
қосылғыштың маңызы зор. Ұзақ
есептеулермен талқылаудан соң
ол мынадай қорытындыға келді,
бірінші қосылғыш 1%-ке, екіншісі 3%-ке
тең болуы керек. Демек ақшаның
жыл сайынғы «бүрку» (яғни инфляция)
4%-ке тең болуы керек. Нәтижесінде,
өндірістің жыл сайынғы өсуі 3-4%-ке
тең болады.
60-шы жылдары М.Фридмен Филипс
қисығының тұжырымдамасын сынға
алған болатын. Ол тұжырымдамасының
ұзақ мерзімдік (10-15 жыл) уақытқа
іске жарамсыздығын көрсетті. Оның
пікірінше, үкімет шамадан тыс
өктемдік шараларын жүргізген
жағдайда, яғни бюджеттік шығындарды
шамадан тыс көбейткен жағдайда,
алғашқы уақытта жұмыссыздықтың
төмендеуіне әкеледі. Бірақ уақыт
өте келе жұмыссыздық қайтадан
қалпына келеді, әрі жоғары инфляцияны
тудырады.
Фридмен қысқа мерзімдік уақытта
«Филипс қисығының» жарамдылығын
мойындайды. Дж.М. Кейнстің пікірінше,
жұмыссыздық деңгейі 3%-тен жоғары
орналасқанда шарасыз жұмыссыздықты
білдірсе, Фридмен бұл шаманы 7%-ке
дейін көтерді. Фридменнің талқылауы
бойынша шарасыз жұмыссыздық (7%-тен
асқанның бәрі) еңбек нарығындағы
бәсекелестікті тудырады. Бұл жалақының
төмендеуіне әкеледі, ал жалақының
төмендігі кәсіпкерлер тарапынан
жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтады. Нәтижесінде
жұмыссыздықтың қалыпты деңгейін қалпына
келтіреді.
Ұсынымның экономикалық теориясы
өзінің мағыналылығы жағынан
екінші консерватизм мектебіне
жатады. Ол 20 ғасырдың 70 жылдары кейнстік
ілімнің дағдарысы кезінде қалыптасты.
Ұсынымның
экономикалық теориясы монетаризм
теориясымен салыстырғанда іргелі
теория, ол барлық неоклассикалық
теорияның идеялық, теориялық тәсілдерін
қамтиды.
Бұл теория экономикалық неоконсерватизм
мектебіне жататындықтан, мына ерекшеліктеріне
тоқталамыз:
- ол екі мектептің, неоавстриялық
және монетаризм иектебінің синтезі;
- рыноктың таза болуын білдіреді.
Оның ойынша мемлекет рынокты
бүлдіреді, сондықтан да ол
экономиканың мемлекеттік реттелуі
туралы кез-келген шешімге қарсы.
Хайек Маркс ілімінің жанды
қарсыласы;
- бюджеттің қайта бөліну саясатын
сынға алды. Бюджеттің қайта бөлінуі
экономика мен қоғамға зиянын
тигізеді, өйткені теңсіздік міндетті
түрде болады. Бұл рыноктың нәтижесі
ғана емес, оның қажетті алғы
шарты;
- кәсіподақтарды сынға алады. Кәсіподақтар,
Хайектің пікірінше, еңбкек нарығындағы
монополистер. Олар да рынокты
ластайды, сондықтан олар мен
де күресу қажет.
Ұсынымның экономикалық теориясы
бойынша мемлекет мына мәселелермен
айналысу керек:
- экономикалық
өсуді қамтамасыз етуді;
- инфляцияны
шектеуді. [42]
80 жылдардың
басында салық жүйесін реформалау
туралы ойды негіздеуші Артур
Лаффер болды. А. Лаффер ұсынымның
экономикалық теориясының белгілі
өкілдерінің бірі. Оның атын әлемге
әйгілі еткен «Лаффер қисығы»
болды. Бұл қисық сызық салық
мөлшерлемесі жоғарылаған кезде
мемлекеттің табысының салық
түсімдерінің есебінен әуелде
артатынын көрсетеді. Бірақ салық
мөлшерлемесі белгілі шекарадан
асқанда, салық салудан түсетін
табыс кемиді. Мұның себебі, тым
жоғары салық мөлшері адамдардың
болашақ экономикаға қызмет жасау
ынтасын жоғалтады.