Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.
Неоконсервативтік
теорияның басқаша тармағы ұтымды
(қолайлы) күту теориясы деп аталады.
Бұл теория 70-жылдары қолданыла
бастады. Жаңа классиктер
Жаңа
классиктердің негізгі
Уақыт
факторын енгізуші Р.Лукас пен
оның жақтастары қолайлы күту
теориясынан туындайтын
1.2 Экономикалық өсудің негізгі модельдері және сипаттайтын негізгі көрсеткіштері
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Ол бірқатар экономикалық құбылыстарға байланысты қолданылытын әр түрлі кезеңдерде құрылған көптеген тұжырымдар мен теорияларға негізделген, яғни келесідей бағыттардың негізінде қалыптасқан:
Неокейнсиандық бағыт тиімді сұраныс динамикасының мәселелерін, инвестициялардың қолданылуын, мультипликатор ұғымын зерттеді. Осы ағымның негізгі өкілдерінің бірі, американдық ғалым Е. Домардың экономикалық теориясында ұзақ мерзімдегі тұрақты экономикалық өсу процесі мен нарықтық экономикадағы бірқалыпты өсу қарқыны қарастырылған.
Е. Домардың экономикалық өсу моделі. Домар теориясында таза инвестицияларды, яғни негізгі және айнымалы капитал көлемінің өсімін қажет ететін ішкі және шетелдік жинақтарды мобилизациялау экономикалық әөсуді жеделдететін шарттардың бірі болып табылады [2, 24бет].
Инвестициялардың өсімі экономикадағы сұраныс пен ұсыныс көлемін арттыратын фактор болып табылады. Егер берілген кезеңде инвестициялар -ға өссе, онда мультипликатор әсеріне сәйкес жиынтық сұраныс төмендегідей шамаға өзгереді:
мұндағы m – шығын мультипликаторы,
b – тұтынуға шекті бейімділік,
s – жинақтауға шекті бейімділік.
Жиынтық ұсыныстың артуы (3) құрайды, мұндағы - капиталдың шекті өнімділігі (берілген шарт бойынша тұрақты).
капиталдың өсімі осыған сәйкес келетін I инвестиция көлемімен қамтамасыз етіледі, сондықтан жиынтық ұсыныс мынаған тең болады:
Экономикалық өсу тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуі жағдайында қалыптасады: немесе , яғни инвестиция өсімінің қарқыны капиталдың шекті өнімділігі мен жинақтауға шекті бейімділігіне тең болуы керек. шамасы өндіріс технологиясымен анықталады, сондықтан инвестициялардың өсу қарқынын s жинақ нормасының өсуі ғана арттыра алады.
Домар теориясында анықталған
экономикадағы таза табыстың
Жеке сектордағы жоспарлы инвестициялардың өсу қарқыны модельдегі деңгейден ауытқыған жағдайда, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.
Домар моделінде зерттелген
Сурет 1. Домар моделіндегі тепе-теңдік өсудің графикалық көрінісі
Ескерту. I квадрантта өндірістік функцияның графигі бейнеленген. II және IV квадранттарда координат осіне 45 бұрышта қосымша сызықтар жүргізілген. III квадрантта жинақ функцияларының графигі көрсетілген. Өндірістік функция ұсыныс көлемін, ал жинақ функциясы сұраныс көлемін анықтайды.
Домар теориясы бойынша, әрбір кезеңдегі өндірістік мүмкіндіктердің толық қолданылуын қамтамасыз ететін тепе-теңдік өсу қарқыны анықталды. Тепе-теңдік жинақ нормасы артқан сайын, ал өнімнің капитал сыйымдылығы азайған сайын тепе-теңдік өсу қарқыны арта түседі. Динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болғандықтан, экономикалық өсуді мемлекет тарапынан реттеу керек.
Неоклассикалық бағыт негізінде дамыған елдердегі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру мен экономикалық жиынтық ұсынысты ынталандыру қарастырылды. Осы бағытты жақтаушылар мемлекеттің экономикаға араласуына қарсылығын білдіре отырып, еркін нарықты қолдау, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, экспортқа қойылатын шектеулерді жою және шетелдік инвестицияларды тарту сынды шараларды жүзеге асырғанда өсу қарқыны байқалады деп есептеген .
Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі. Өсудің тұрақты тепе-теңдік шарттарын, яғни өндіріс факторларының жиынтық шамасы өндіріс көлемі қарқынымен бірдей болғанда олардың толық жұмсалуын айқындау Солоу теориясының басты мәселесіне айналды.
Р. Солоу өз теориясында кейнсиандық үлгідердегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығы өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығының нәтижесі ретінде көрсетті. Ол Леонтьевтің өндірістік функциясының орнына субституттар болып табылатын капитал мен еңбек арқылы өрнектелген Кобба-Дуглас өндірістік функциясын қолданды. Солоу моделінде талдау жасау үшін келесідей алғышарттар қойылды:
Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі экономикалық жүйенің тепе-теңдігінің қажетті шарты болып табылады. Ұсыныс масштабтың тұрақты әсерімен анықталатын Y=F(K,L) өндірістік функциясымен сипатталады. Kез келген оң z үшін келесідей теңдік орындалады:
F(K,L) =F(zK, zL)
Егер z = 1/L болса, онда Y/L=F(K/L,1) болады. (Y/L)=y, (K/L)= k арқылы делгілеп алып, бастапқы функцияны өнімділік пен қор жарақтандырылуының (капитал жарақтандырылуының) өзара тәуелділігі түрінде жазуға болады:
y=f(k)
2-суретте берілген өндірістік функцияның бұрышының тангенсі (k) қор сыйымдылығы өскен сайын кеміп отыратын (MPK) капиталдың шекті өсіміне сәйкес келеді.
Сурет 2 .[9,229-232]
Солоу моделінде жиынтық сұраныс инвестиция мен тұтыну арқылы анықталады: , мұндағы c және i - бір жұмысбасты адам басына шаққандағы тұтыну мен инвестиция. Табыс жинақ нормасына сәйкес, тұтыну мен жинақтың арасында бөлінеді. Енді тұтынуды келесідей өрнектеуге болады: , мұндағы s - жинақ нормасы.
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарты немесе функциясы түрінде өрнектелуі мүмкін. Өндірістік функция тауарлар нарығындағы ұсынысты, ал капиталдың жинақталуы өндірістік өнімге деген сұранысты анықтайды.
Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен ығысудың әсер етуінің нәтижесінде өзгереді, яғни инвестициялар капитал қорын өсіреді, ал ығысу азайтады. Инвестиция экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шартынан туындайтын, қордың жарақтандырылуы мен жинақ нормасына тәуелді:
Жинақ нормасы кез келген к мәнінде өнімнің тұтыну мен инвестицияға бөлінуін айқындайды:
, , (8)
Жинақ нормасы қор жарақтандырылуының тұрақты деңгейіне әсер етеді. Жинақ нормасының -ден -ге дейін өсуі инвестиция қисығын -ден -ге дейін жоғары қарай жылжытыды (5-сурет).
Сурет 3. Жинақ нормасы.[9,229-232]
Бастапқы жағдайда экономика инвестицияға тең болатындай тұрақты капитал қорын иемденетін. Жинақ нормасын өсіргеннен кейін инвесициялар мөлшеріне өсті, ал ( ) капитал қоры мен ығысу тұрақты болып қалды. Мұндай жағдайда инвестициялар ығысу көлемінен артады, сәйкесінше капитал қоры жаңа тепе-теңдік деңгейге дейін өседі.
Жинақ нормасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұрақты тепе-теңдік жағдайында өнім көлемі мен капитал қоры жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Жинақ нормасының жоғарлауы, экономикада жаңа тұрақты тепе-теңдік орнағанға дейін қысқа мерзімді кезеңде экономикалық өсуді жеделдетеді .
Посткейнсиандық бағыттың өзіндік ерекшелігі өнімді бөлу мен экономикалық өсу теориясын өңдеу барысында қалыптасты. Осының негізінде қоғамдық өнімнің өсу қарқыны капиталды жинақтау функциясы болып табылатын ұлттық табысты бөлуге тәуелді деп қарстыруға болады.
Посткейнсиандық бағыт бойынша, пайда бір мезгілде бастама ретінде де, нәтиже ретінде де қарастырылып, кәсіпкерлердің инвестициялық қызметінің себебі болып табылады. Тепе-теңдік кәсіпкерлік өсу моделінде пайда нормасы жинаққа бейімділік пен капитал салудың өсу қарқынымен анықталады. Егер кәсіпкер үміті ақталатын болса, онда экономика тепе-теңдік сипат алып, капитал мен жұмыс күшін толық жұмсайды. Дегенмен, кейбір жағдайда жоспарланған мақсаттар жүзеге аспайды, себебі оларды құру барысында қолданылған мәліметтер алдағы кезеңге сай келмеуі мүмкін [10, 21-22 бет].
Н. Калдордың экономикалық өсу моделі. Н. Калдор кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарының жинаққа шекті бейімділігінің теңсіздігін ескерді. Оның моделіндегі жинақ функциясы келесідей түрде өрнектелген:
+
,
мұндағы - ұлттық табыстағы кәсіпкерлер үлесі;
- үй шаруашылықтарының үлесі.
Теңдіктің екі жағын у бөлсек, онда ұлттық табыстағы кәсіпкерлер үлес салмағының функциясынан жинақтардың орташа нормасын табамыз:
Кәсіпкерлер үй шаруашылықтарына қарағанда жинаққа шекті бейімділікті көбірек иемденгендіктен, олардың ұлттық табыстағы үлесі өскен сайын жинақ нормасы да өседі.
Жинақ пен инвестицияның қиылысу нүктесі динамикалық тепе-теңдік шарты ретінде көрсетіледі, яғни ұлттық табыстағы кәсіпкерлердің үлесі тең болғанда, бағалар икемділігінде динамикалық тепе-теңдік тұрақты болады. Егер кәсіпкерлер үлесі тепе-теңдік мәнінен артатын болса, онда жинақ инвестициядан көп болып шығады. Игіліктер нарығында артықшылық пайда болып, бағалар төмендейді, сөйтіп ұлттық табыстағы кәсіпкерлер үлесі азаяды. Олардың үлесі азайған жағдайда, игіліктер нарығында дефицит туындайды, бағалар деңгейі көтеріліп, ұлттық табыстағы кәсіпкерлердің үлесі көбее түседі.
0
Сурет 4. Калдор моделіндегі тепе-теңдік өсуінің тұрақтылығы.
Жоғарыда баяндалған
теориялар мен экономикалық
өсу модельдерінің
әрқайсысының тәжірибеде қолдануға тұрарлықтай
өзіндік ерекшелігі бар. Мысал үшін, Домар
моделі ұзақ мерзімді
қарқынды өсудегі инвестициялар мен жинақтың
басты рөлін сипаттайды.Домар моделінде
жинақтың (инвестицияның) жалпы ұлттық
өнім деңгейінің қанша пайызын құрау керек
екендігіне назар аударылады.
Ұлттық есепшот жүйесі – бұл мемлекеттің
экномикасының жағдайын бағалауға мүмкіндік
беретін; жиынтық табыстың және жалпы
өнімнің шамасын көрсететін; статистикалық
макроэкономикалық көрсеткіштердің жиынтығы.
Жиынтық табыстың
және жалпы өнімнің негізгі көрсеткіштері:
жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім
(ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТІӨ), ұлттық табыс
(ҰТ), жеке табыс (ЖК), қолда бар табыс (ҚЖТ). Макроэкономикалық
көрсеткіштердің ішіндегі экономикалық
талдауларда жиі пайдаланылатын көрсеткіштер:
жалпы ұлттық өнім және жалпы ішкі өнім.
Жалпы ұлттық өнім және жалпы ішкі өнім
– бір жыл ішіндегі экономикада өңлірілген
соңғы өнімдер мен көрсетілген қызметтердің
жиынтық нарықтық құны. Жиынтық ЖҰӨ және
ЖІӨ – бұл агрегатталған (іріленген) көрсеткіш,
жалпы өңдірілген өнімді көрсетеді. ЖҰӨ
мен ЖІӨ – құрамына ресми түрде тіркелген
немесе ресми жасалған мәміле шарттар
кіреді. ЖҰӨ және ЖІӨ құрамына кірмейтіндер:
өз-өзіне жасалған еңбек, көлеңкелі экономикада
өңдірілген тауарлар мен көрсетілген
қызметтер.