Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.
Экономиканың сыртқы қатаң қысым әсеріне ұшыраған секторларының қалпына келуінің ұзақ тежелуін болдырмау үшін, ағымдағы жағдайда мемлекет тарапынан басқарушылық түзетулер қажет етіледі. Сонымен қатар, ортамерзімді кезеңде экономика өсімінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге қарағанда, инфляцияны тежеу мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау маңыздырақ болып табылады. Экономикалық саясатты циклдық ауытқуларды түзету есебімен, экономикалық өсімнің стратегиялық тапсырмаларды орындау үшін қажет деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, жеделдетілген өсімнен дамудың қалыпты қарқынына ауысу жолымен экономиканың сапалы, теңдестірілген өсімін қамтамасыз етуге бағдарлау қажет. Құрылымдық саясат капитал ағымын әртараптандыру және экономика салаларын құрылымдық реттеу есебінен негізгі капиталдың жалпы жинақталған жоғары үлесін ұстау және экономиканың «саудамен айналысатын» шикізаттық емес салаларының үлесін арттыруды көздейтін, алға жылжушы құрылымдық қозғалыстарды жүзеге асыру арқылы сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталады. [42]
Құрылымдық саясатты жүзеге асыру экономиканың шикізаттық емес салаларының үлесін арттыруға және өңдеу секторларының тоқырау қауіпін төмендетуге септігін тигізетін жаңа Салық кодексін қабылдау жағдайында жүргізіледі. Құрылымдық саясат аясында төмендегілер көзделеді:
инвестициялық қызметті, ең алдымен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда кеңейту;
Құрылымдық саясат мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік органдарды дамытудың стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру аясында экономикалық саясаттың басқа да шараларымен қолдау табатын болады.
Инвестициялық саясат 2010-2014 жылдары экономика мен халықты жұмыспен қамту деңгейін қалыпта ұстауға айтарлықтай мультипликативті әсер тигізетін, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы жобалардың анағұрлым маңыздырағына қайта бағдарлану есебімен жүзеге асырылатын болады. Ивестициялық жобалардың теңдестірілімділігін, қаланың инфрақұрылымын дамытумен және ресурстық әлеуетімен жеке сектордың жобаларын жүзеге асыруды өзара байланыстыруды қамтамасыз ету жүйелік және жедел шараларды қабылдау тәсілімен жүргізіледі. Ресурстарды орынсыз пайдалануды төмендетуге, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға және жеке сектордың бизнес бастамалары үшін бағдар беруге мүмкіндік тудыратын Өндіріс күштерін оңтайлы орналастыру сызбасы әзірленеді.
Инвестициялық саясаттың алдында тұрған міндеттерді жедел шешу салалық ерекшеліктерін ескере отырып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың оңтайлы орындары анықталатын, Алматы облысының индустрияландыру картасын әзірлеу негізінде жүргізілетін болады. [34]
3 ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚР-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
3.1 ҚР-дағы тұрақты экономикалық өсу жолындағы мәселелері
«Тұрақты даму» деп қазіргі кездің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейтін экономикалық серпіннің ерекше түрі түсіну керек. Бұл елдің дамуының қажеттіліктеріне баламалы, жаңа түрдегі экономиканың макрореттеуін қайта жаңғырту қажеттілігі туралы маңызды қорытынды жасауға мүкіндік береді.
Өсу теориясы «даму экономикасы» тұжырымдамасын әзірлеген шын мәнінде отандық экономистермен қабылданған және шетелдік теорияшылдары жариялайтын «тұрақты өсу» мен «тұрақты даму» тұжырымдамаларына сынмен қарау керек. Бұл ұғымдар біраз нақтылауды қажет етеді. Экономика әрқашанда даму экономикасы болып табылады – не ілгерінді, не регрессивті. Көптеген ғалымдар әлеуметтік-экономикалық дамудың үшінші жолының тұжырымдамасы ретінде келесі ұрапқтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу доктринасы болуы мүмкін деп санайды.
Экологиялау мен қоршаған ортаға қатысты талаптарды жеткілікті есепке алу ұстанымдар негізіндегі әлемдік экономикасының қайта ұйымдастырылыуына келетін болсақ, мағынасы тұрақтылық ұғымына қарама-қайшы келетін қайшылықтар қайтсе де қалады. [40]
Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс.
Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды, мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр.
Қазақстанда ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құрумен қатар, оның серпінді қарқынмен өсуіне кепілдік беретін факторлар жүйесі әлі күнге дейін қалыптастырылған жоқ. Жаһандану жағдайында Қазақстан үшін экономикалық өсудің сапасын өзгерту қажет, дамудың инновациялық және демократиялық сипаты арқылы көрініс беретін, республиканың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетін қамтамасыз ете алатын, өндірістің инновациялық типіне негізделген экономикалық өсу экономиканы өндіргіш күштердің жаңа деңгейіне көтеруге, ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруға және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін «серпінді» (ғылымды көп қажет ететін) салаларды дамытуға ықпал етеді. Қазақстандағы тұрақты қарқынмен экономикалық өсу табиғи ресурстарды пайдаланумен ғана шектелмеуге тиіс, ең алдымен, ол азаматтық қоғамды дамытумен, интеллектуалдық капиталды және инновацияларды шоғырландырумен байланыстырылуға тиіс.
Демократияландыру шенеуніктердің қызметіне қатаң бақылау жасауға, жемқорлықты төмендетуге, үкімет қызметінің тиімділігін жоғарылатуға және табыстардың барынша біркелкі бөлінуіне ықпал етеді. Бұл орайда, құқық тәртібін орнату, жеке тұлғаның басқа да құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету демократияландырудың басты шарты болып табылады. Құқық тәртібі әлсіз сақталатын елдерде демократияландыру жемқорлықтың күшеюіне, мемлекеттік институттар тиімділігінің төмендеуіне, көлеңкелі экономиканың ұлғаюына, макроэкономикалық саясаттың сапасының нашарлауына (бюджет тапшылығы мен инфляцияның жоғарылауына) және, түптеп келгенде, қылмыстың және әлеуметтік теңсіздіктің артуы мен өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне алып келеді. Саяси бостандық қамтамасыз етілген елдерде экономикалық өсу деңгейі жоғары болады. Дүниежүзілік тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, экономикалық өсу тұрғын үй алу, денсаулықты қорғау, білім алу, әлеуметтік қорғалу, халықтың белсенді бөлігінің еңбекпен қамтылу құқығын жүзеге асыруға, яғни адамның лайықты өмір сүруі мен дамуына негіз қалайды. [46]
Қазақстанда билік институттарын жетілдіру, мемлекеттік меншікті басқарудың жаңа нысандарын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту түрінде түебегейлі институционалдық қайта құрулар жүзеге асырылды. Біздің үкіметіміздің стратегиялық міндеттерінің бірі – нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидалары негізінде толыққанды қызмет ететін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Осыған Қазақстан Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары бағытталған. Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет ахуалды белсенді түрде басқара білуге тиіс. Ол үшін қажетті ресурстардың бәрі де бар. Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту қажеттілігі, мемлекеттік басқару тиімділігін жоғарылату туралы айтады.
Жаһандану үрдістері әрбір мемлекетте оның келешектегі даму жолын және дүниежүзілік шаруашылықта алатын орнын белгілейтін сыртқы және ішкі факторлардың үйлесімін қалыптастыру арқылы өзара байланысуда. Мұндай үйлесім – шеткі елдердің толық тәуелділігінен ұлттық деңгейден жоғарғы, гипербәсекелі экономикалық жүйелерге дейін қамтиды. Сондықтан көптеген мемлекеттер үшін экономикалық даму және экономикалық өсу мәселелері ғаламдық экономикада өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатында басымдық болып табылады.
Республика дамуының геосаяси, әлеуметтік-экономикалық және институционалдық жағдайларының өзгеруін ескере отырып, жаңа әдіснамалық негіздерді пайдалану тұрақты экономикалық өсу тетіктерін зерттеуді қажет етеді. Экономикалық өсуді тиімді басқару үшін онымен тығыз байланысы бар тетіктерді анықтау қажет. Олардың қазақстандық эконономикалық даму моделінің түпкі нәтижелеріне әсерін анықтау экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу процестерін талдауға және оған қол жеткізудің стратегиялық бағыттарын және ғаламдану жағдайындағы келешегі мен болжамдарын анықтауға мүмкіндік береді. [39]
Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейін жақсарту мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер мен жер қойнауының байлығын халқының мүддесін қорғайтын деңгейде пайдаланып, шет елдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың экспансиясына жол бермеу керек.
Бұл мақсатта:
«ҚР-да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері» атты төртінші бөлімде ғаламдық қаржы дағдарысы жағдайында тұрақты қарқынмен өсуді қамтамасыз ететін іс-қимылдарды басқару және оларды реттеу құралдары ретінде инвестициялық-инновациялық, қаржы және институционалдық тетіктер қарастырылады.
Институционалдық теория нарықтық өзгерістерді сапалық тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді. Ол экономика дамуының әлеуметтік параметрлерінің ролі туралы мәселені жаңаша тұрғыдан қояды. Экономикалық өзгерістер халықтың кірісін реформалауға негізделуі керек. Экономикалық өзгерістердің бүкіл дүниежүзілік тәжірибесі реформалар бұқара халықтың мүддесіне жауап бергенде ғана жемісті болатынын көрсетеді. Қазақстандық қоғамның қазіргі құрылымына толық қалыптасқан тұрақты белгілер тән емес. Әлеуметтік-экономикалық жүйені реформалау барысында туындайтын қайшылықтар мен белгісіздіктерді еңсеру жолымен институционалдық өзгерістерді жандандырудың маңызы зор. Экономиканы басқару жүйесінің басты қарама-қайшылығы микроэкономика және макроэкономика мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Институционалдық қайта құру кезінде алдыңғы орынға ұлттық мүдделерді қоюдың маңызы зор, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде өндіріс тиімділігін жоғарылату керектігін көрсетеді. Институционалдық қайта құру ұлттық мүдделерді жеке мүдделермен үйлестірудің әдіснамалық үлгісіне негізделуі керек.
Қаржы бөліп таратылатын категория ретінде экономикамен тығыз байланысты. Бір жағынан, қаржы арқылы қоғамда өндірілген ЖІӨ бөлінеді. Қанша өндірілсе, сол мөлшерді ғана бөлуге болады. Екінші жағынан, айырбастау-бөлу қарым-қатынастары экономикалық мүдделердің белгілі бір жүйесін қалыптастырады, ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру немесе, керісінше, тежеу арқылы өндіру көлеміне әсер етеді.
Қаржы саясатын қалыптастыру мен іске асырудың негізіне алынатын экономикалық дамуға және экономикалық өсуге қаржының әсері өздігінен автоматты түрде емес, қоғамдағы қаржының қызмет ету бағытын, сипаты мен мәнін көрсететін қаржы тетіктері арқылы жүзеге асады. Жалпылама анықтама бойынша қаржы тетігін экономикалық дамуды және азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың арнайы жасалған және заңмен бекітілген нысандары мен әдістерінің кешені ретінде сипаттауға болады. Қаржы тетігі дегеніміз – мемлекет экономикасында қаржы-қаражаттың қызмет етуін, тиісті бағдарламаларда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін практикалық пайдалануды анықтайтын әдістемелік, ұйымдық және құқықтық ережелер мен іс-шаралар. [42]