Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.
Серпінді экономикалық өсуге қол жеткізу үшін басқарудың ұйымдық-экономикалық тетіктерінің маңызы зор, олар: бәсекелес нарықтар мен монополияға қарсы реттеудің сенімді құралдарын қалыптастыру, отандық және шетелдік инвесторлардың белсенділігін жандандыру, индустриалдық-инновациялық даму үшін инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті, заңды тұлғалардың қаражаты, жеке инвесторлардың қаражаты, мемлекеттік және өзге меншік негізінде экономикалық базаны дамыту сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды.
Әлемдік экономиканың даму беталыстары мен сыртқы шарттары Қазақстан экономикасының дамуының үш мүмкін сценарийін әлемдік экономика серпініне, мұнайдың әлемдік бағалар деңгейіне мен әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайларна тәуелді дамытудың мүмкіндіктері анықталды.
«Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы өнеркәсіптік-инновациялық даму Стратегиясында» ЖІӨ-ң орташа жылдық өсімі 8,8% шамасында. Бұл сандармен келісуге болады, алайда әлемдік экономикалық дағдарыс экономикалық өсу серпініне түзетулер енгізді.
ЖІӨ өсу динамикасы әр түрлі болуы мүмкін және ол көптеген факторларға байланысты. Қазақстандағы және оның көршілес аймағындағы қаржылық жағдай инвестицияларды тартуға қолайлы болып отыр. Мемлекет алтын-валюта резервтерін қалыптастыруда. Егер мұнайдың әлемдік бағасы бірден және оқыстан бір баррель үшін 25-30 долларға дейін және одан да төмендеуі, сондай-ақ біздің басқа да экспорттық тауарларымыздың арзандауы мүмкін деп болжағанның өзінде, қолда бар резервтер экономиканы жаңғыртуға жетуі керек. Компаниялар мен банктер сыртқы қарыздарды азайтып, оларды әртараптандырады. Орта және шағын бизнесті несиелеу үрдісі бой алып келеді. 2008 – 2009 жылдарды стагнация кезеңінде көптеген кәсіпкерлер өз бизнесін сатып жіберуді қарастырды. Осыған қарамастан, жеке бизнес үшін оптимистік болжам жасалып отыр. Экономиканың жаппай дамуы ғана өсуге алып келеді, өйткені оған ресурстарды сапалық дамыту есебінен қол жеткізіледі.
Осы алғышарттар тұрғысынан алғанда, Қазақстандағы экономикалық өсудің барынша нақты үш нұсқасы әзірленді. Олардың барлығы да 2030 жылы шекті мақсатқа – халықтың жан басына шаққанда 40 мың АҚШ долларына қол жеткізуді көздейді. Халық санының тұрақты табиғи өсімі - 13%, туылған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,7 жас болғанда, Қазақстан халқының саны 20,856 мың адамды құрайды. Бұл бастапқы деректер "Адам дамуы туралы ұлттық есептен" алынған. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы табиғи өсім 13,1% құрады. Бұл ссуретте, бірінші оптимистік нұсқа бойынша – жоғарғы доға тәріздес қисық – инвестиция көлемі екінші нұсқадан әлдеқайда жоғары екені көрсетілген. Екінші, нақты нұсқада инвестициялар бүкіл кезеңде, 2010 және 2030 жылдар аралығында біркелі болып бөлінеді.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ
= 40 мың долл. Инвестициялар
асына шаққанд
2010 2015 2020 2025 2030, жылдар
- халықтың жан басына
- инвестициялар
Сурет 24. Қазақстандағы экономикалық өсудің болжамых [43]
Халықтың жан басына шаққанда 40 мың долларға тең келетін ЖІӨ жоспарланған деңгейіне бірінші нұсқа бойынша 2026 жылы қол жеткізуге болады, В1 нүктесі, яғни ірі инвестициялар төрт жылды үнемдейді. Екінші, нақты нұсқа бойынша – 2030 жылы қол жеткізіледі, В2 нүктесі. Үшінші пессимистік нұсқа дүниежүзілік дағдарыс және Қазақстандағы стагнация 2015 жылға дейін созылатын жағдай үшін әзірленген, бұл кезде біз мақсатымызға 2034-35 жылдары қол жеткіземіз, В3 нүктесі. Оқиғалар осылай өрбуі де мүмкін, бірақ оның ықтималдығы төмен. Іс жүзінде инвестициялық салымдардың осындай нұсқасы жиірек болатыны сөзсіз.
Қойылған міндетті шешу үшін негізгі капиталға салынатын жыл сайынғы инвестицияларды 10-12 млрд. теңгеге дейін жеткізу керек, бұл 2008 ж. қарағанда үш есе көп. ҚР үшін экономикалық өсудің шикізаттық бағыты жүзеге асуы да мүмкін. Бұл модельдің іске асырылуы ықпалды қаржы-өндірістік топтардың мүдделеріне жауап береді. Ол шетелдік капиталдың мүддесіне сәйкес келеді, өйткені оның салымдарының басым бөлігі отын-энергетикалық кешенге келеді. Бірақ дамудың шикізаттық бағытын біз келешегі жоқ деп санаймыз, себебі еліміз батыс мемлкеттерінің шикізат айлағына айналуы мүмкін. Табиғи ресурстарды экспортқа шығару және тұтыну тауарларының импорты мұнайды экспортаушылардың одан әрі баюына алып келеді.
Қазақстанның экономикалық өсудің озық моделін ұстанған мемлекеттерден айырмашылығы – біздің елімізде дамушы елдердің экономикалық көтерілуі кезеңінде олардың қарамағында болмаған факторлар бар. Бұл – халықтың жоғары білім деңгейі, ұлттық инновациялық жүйе, ғарышты игерудегі жетістіктер. Осымен бір мезгілде бізде өнеркәсіптің көптеген салаларында құрал-жабдықтар тозған және ескірген. ҚР дамыған елдерден 30-25 жылға артта қалып отыр. ЖІӨ үшінші технологиялық тізбекпен өндірілуде, оның үлесі 40– 50 % құрайды. Төртінші ТТ үлесі 40-45% дейін жетті. Бесінші тізбек енді ғана бой көтеріп келеді және оның қолданылуы жөнінде айту әлі ертерек. Ерекшеліктерді ескеретін болсақ, Қазақстан үшін өспелі даму моделі экономикалық өсудің келелі моделі болып табылады. Оның мәні мынадай. Қазақстанның салыстырмалы қысқа мерзімдерде әлемдегі қолда бар үлгілерді әкелу есебінен технологиялар мен негізгі құралдарды жаңартып алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар отандық ұлттық инновациялық жүйеге сүйене отырып, еліміз технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, дүниежүзілік нарыққа жаңа технологиямен шығуды қамтамасыз ете алады. Осындай даму үшін еліміздің барлық ресурстарын шоғырландыру, жалпы басым мемлекеттік мақсаттарды белгілеу қажет. [42]
3.2 ҚР-ның дағдарыс жағдайындағы экономиканы тұрақтандыру және дамыту іс-шаралары
Әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай әсер етті. Бүгінде әлемдік экономика ғаламдық қаржы дағдарысынан кейінгі қайта қалпына келу барысының алғашқы сатыларының бірінде тұр. ХВҚ экономикалық өсу биылғы жылы 4,5% мөлшерінде болады деп бағалап отыр. Соған қарамастан қалыпқа келу ауқымы әр елде әр басқа. Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық белсенділік қалыпты күйінде болса, ірі дамушы елдерде ЖІӨ аздап қана өсім берген. Экономикасы дамыған елдерде ЖІӨ-нің өсуі 2,5%, дамушы елдерде шамамен 6,5% болады деп күтілуде. [26]
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және
Қаржы нарығы мен қаржы
Жоспардың мақсаты мен бағыты
Шикізат
ресурстарына әлемдік бағаның
құлдырауы әсерінен және
Экономиканың ғаламдық
Мақсатқа
жету үшін Үкімет, Ұлттық банк
және Қаржылық қадағалау
1. Қаржы секторын тұрақтандыру - 4млрд АҚШ доллары
2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу - 3 млрд АҚШ доллары
3. Шағын және орта бизнесті қолдау - 1 млрд АҚШ доллары
4. Агроөнеркәсіптік кешенді
5. Инновациялық, индустриялық және
инфрақұрылымдық жобаларды
Жобаны қаржылық қамтамасыз
Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық
банк жүйесін қолдау
Отандық
банктерге қолдау жасай отырып,
мемлекет олардың ішкі
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
- ол қарапайым және ерекше
артықшылығы бар акцияларды
Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35,6%-ы айтарлықтай төмендеген жылжымайтын мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыған байланысты банк секторында шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда.Банк секторын сауықтандыру үшін Қаржы қадағалау агенттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ банктердің қосымша провизиялар құру үшін қосымша капитал қажет.
Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы 4 млрд АҚШ долларын құрайды, олардың ішінде:
1 млрд АҚШ доллары төрт жүйе құраушы банктердің (Халық банк, Казкоммерцбанк, Альянсбанк, БТА) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.
3 млрд АҚШ доллары реттелген
борыш түрінде және дауыс беру
құқығын бермейтін ерекше
Берілетін қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.
- Стресті активтер қоры құрылды;
Стресті активтер қорының
Банктерден мұндай қарыздарды
сатып алу банктердің балансын
өтімділігі аз активтерден
- банктердің міндеттемелеріне
уақтылы қызмет көрсетуді
Ресурстық
базаны тұрақтандыру
Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеңберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тұлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруға тиіс.
Таңдаулы халықаралық практика негізінде банктердің капиталандыру есебінің тәсілдері оңтайландырылатын болады. Банк активтерін жіктеудің қолданыстағы тәртібі оңтайландырылатын болады, бұл банк активтеріне жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшытау, айырбас бағамдарының күтіліп отырылған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді (провизияларды)қалыптастыруын көздейді.