Экономикалық өсудің мәні және көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат

Краткое описание

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplomka.docx

— 456.39 Кб (Скачать документ)

Мемлекет меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуиеттік қрорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.

Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауы тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күшті, конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық рыноктарды білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді жоспарлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге тиіс.

Салықтар мен баждарды толықтыра аламай, жалақы мен зейнетақыны уақытында төлемей отырып, заңдар мен жарлықтар көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба? Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай-ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындардың оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.

Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:

- Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға;

- жылжымайтын мүлікті, қалған  ұсақ және орта кәсіпорындар  мен агроөнеркәсіп кешенін қоса  алғанда, жекешелендіру процесін  аяқтауға;

- орталық Үкіметті және  жергілікті өкімет орындарын  парсатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкіәлеттілігі мен  жауапкершілігін байсалды ой  елегінен өткізуге;

- сот билігі мен құқық  қорғау органдарын реформалауды  жандандыра түсуге.

Заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек.

Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға сай келмесе, алөсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іскеасыра алмаймыз.

Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдыңдағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шарларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке ұшырады.

Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макрэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеенгізілуге тиіс. Ол - инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көзд ейді.

Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикаылқ, тіпті жалпымемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз.Бұл орайда,таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискалды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.

Ұзақ мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру туралы әңгіме болғанда біз осы салада пайда болатын қауіпті болдырмауға әзір болуға тиіспіз. Пайдалы қазбаларды игеруге және экономиканың жекелеген секторларындағы үміт артып отырған экспорттың ұлғаюы біздің валютамыздың бағамын едәір қиындыққа ұшыратып, оны көтерп жіберуі мүмкін. Ал мұның өзі басқа салаларды, ең алдымен экспорт және қайта өңдеуші салаларды «жоғалту» қаупін төндіреді.

Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір бөлігін импортты кең қолданбастан мгере білуіміз керек. Сондықтан дүниежүзілік тәжірибені және инвестициялар нарығындағы жұмыс істеп тұрған тетіктерді мұқият зерттеп алып,шетелдегі қаржы инвестицияларының стратегиясын алдын ала әзірлеу керек.

Өндірістік сектор бүтіндей дерлік меншік иелері алдында есеп бермейтін немесе есеп бергенситін олақ және жемқор басшылардың іс-әрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан зардап шегіп отыр.

Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономикамен еркін сауда құруды талап етеді.

Біздің ұлттық капиталымыз кішкентайынан бастап шынығып, өз рыноктарында күресуге даяр болуға тиіс. Бұл өте күрделі міндет, бірақ онсыз ол ертең сыртқы рыноктарда жеңіп шыға алмайды. Бірақ қазір ол жас әрі әлсіз болып тұрғанда, жаңадан тәй-тәй басып келе жатқанда қорғансыз жағдайда тұр, мемлекет оны қанатының астына алып, жылдам аяғына нық тұруына көмектеседі.

Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса береді. Оның мақсаты-экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу.

Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауда – экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіруіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай,жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамсыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуагерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесңнсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.

Біздің инвестицилық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.

Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру саласының, сондай-ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі айтарлықтай артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бұл өз құрылымдық саясатямызды құруда басшылыққа алуымызға тиіс бағдар болады. Бұл ретте біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды қозғамайды. Біз мемлекеттік саясат тетіктерін Қазақстанға қолайлы салаларды дамытуға жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.

Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін, біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газды өңдеуді, химия мен мұнай-химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.

Біздің міндетіміз Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.

2013 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.

Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, ағымдағы жылдары экономика мен қаржы жүйесін дамыту және тұрақтандыру үшін мемлекет тарпынан бөлінетін қаржының жалпы көлемі келесі шараларды іске асыруға жұмылдыруы тиіс: банктердегі капитализациялауды дамыту; тұрғын үй инвесторларының алдындағы құрылыс компанияларының міндеттерінің орындалатынына мемлекет тарапынан кепілдік бер; шағын және ірі бизнесті дамыту; сондай-ақ аграрлық өндірісті өркендету; Батыс Қытай – батыс Европа автомагистралі құрылысының Қазақстанға тиесілі аумақтарындағы шараларды қамтамсыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру; еліміздегі қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын модернизациялау. Сонымен қатар, мектептер, балабақшалар, кәсіби оқу орындары ғимараттарын салу жоспарланы отыр.

Шикізат секторында белгілі бір салаларында экспорт ауқымы барынша ұлғайып жатса, ал қалған салалар кенжелеп қалды. Осы олқылықты шешу үшін ең болмаса, сол салалардың төңірегіне өңдейтін салаларды жұмылдыруы тиіс.

Мемлекет жұмыссыздықты ауыздықтаймын десе ең әуелі халқымыздың тең жартысына жуық тұратын ауыл аймағын кешенді дамытып, транспорт проблемаларын шешуі керек. Ауыл шаруашылығында бидай өндірісін қарыштатып дамыту керек деп ойлаймын. Өйткені бидай халық тұтынуында алмастырылмайтын тауар болып табылады және ол халық санының өсуіне пропорционалды өсіп отырады. Алдағы он жылдықта дүние жүзінде халық саны 8 млрд шамасына жетеді деп болжануда.

Әртүрлі сауда, энергетикалық, қаржылық циклдік дағдарыстардан қатты зардап шекпес үшін мемлекет бірнеше салаларды дамытып, алға жылжытуы шарт. Мәселен, Қазақстанда қаржы дағдарысы кезінде банктер онбады, ал мұнай бағасының төмендеуі барысында бюджетке түсетін ақша қаражаты азайып кетті.

Қазақстандағы банк секторы жалпы ұлттық өнімнің қомақты үлесін алып жатыр. Сондықтан макроэкономикалық саясатында  банк секторыны көп көңіл бөлгені абзал.

Кәсіпкерлікті дамытамыз десек иерархиялы қатарларды жойып, пайыз мөлшерін төмендетуге болады. Мәселен, кәсіпкердің қолына түсетін кредит бірнеше ұйымдардан кейін келіп түседі. Сонымен қатар, жаңадан ашылған кәсіпкерге көптеген елуден астам бақылау органдарынан жүргізілетін талаптары орындау қиындыққа душар еткізеді,олардың санын мейлінше азайту.

Қазақстанның географиялық орналасуын ескеретін болсақ, темір жол, құбыр салу мәселелерін дамыту қажет. Ол қазіргі кездегі мұнай және газ экспортындағы шығындарды төмендетіп, сыртқы сауда айналымын жандандыра түседі және біздің елімізден өтетін шетелдік тауарлардан алынатын алым мөлшері өсетін болады.

Бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды дамыту мәселелері шешу.

Құрылымдық-инвестициялық жүзеге асыру үшін салық салу механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тең дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Дағдарыстан шығу үшін фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет.

Мемлекет әлеуметтік және ғылыми салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болады.

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс нәтижесінде туындап отырған қиындықтарды жеңілдетуге бағытталған осындай кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы біз күрделі экономикалық жағдайдан шыға аламыз және болашақта экономиканың сапалы дамуына қолайлы жағдай туғызамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2012 жылғы 27 қаңтар
  2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. макроэкономика. «Экономика», 2003.
  3. Султанова Б.Б. Налоговый учет, 2007.
  4. Яновская О.А., Никифорова Н.В. Корпоратиное управление, 2005.
  5. Закон РК «О валютном регулировании и валютном контроле» №57-1 от 13 июня 2005 г.
  6. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарықтары және делдалдар, 2008
  7. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері (қысқаша лекциялар курсы).
  8. Маркс К. Капитал. Алматы, 1968.
  9. Микро-макроэкономика. Практикум /Под общ. Ред. Ю.А. Огибина –СПб., 1994.
  10. Конституция РК – Алматы: Казахстанская правда, 08.09.1995 г.
  11. Основные направления денежно-кредитной политики Национального банка Республики Казахстан на 2009-2011 годы.
  12. Абдикадирова Г.Т. Валютное регулирование в Республике Казахстан. – алматы. Экономика, 2005.
  13. Годовой отчет Национального Банка Республики Казахстан за 2008 г.
  14. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «егемен Қазақстан» газеті., 2011 жыл.
  15. Ильясов А.А. Денежно-кредитная политика, 2007.
  16. Жаналинов Б.Н. Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат, 2007.
  17. Танкиева А.К. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері, 2007.
  18. Ташенова С.Д. Контроллинг, 2007
  19. Дугалова Г.Н. Управление в нефтегазовом секторе, 2007.
  20. Елемесова А.М. Сборник задач по социально-экономической статистике, 2007.
  21. Челекбай А.Д. Риск-менеджмент в денежно-кредитной и инвестицион. Деятельности: теория, мировой опыт и практика Казахстана, 2007.
  22. Дауренбекова А. Н. Өндірісті ұйымдастыру, 2007.
  23. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Ғ.Н., Есенжігітова Р.Ғ. Мемлекеттік басқару теориясы, 2007.
  24. Мұханбетова С.М., Нұрзақова А.Н. Ұлттық шоттар жүйесі, 2007.
  25. Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.Қ. Төлем жүйесі: теория және практикасы, 2007.
  26. Додабаев Ю.Т. Антикризисное управление, 2007.
  27. Кадерова Н.Н. Корпоративные финансы, 2008.
  28. Давлетова М.Т. Основы внешней торговли, 2008.
  29. Сейтқасымов Ғ., Бекболатұлы Ж., Кәрімжанов С. Қазақстанның банк жүйесі, 2008.
  30. Торегожина М.И. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Лекциялар курсы, 2007.
  31. Под научной редакцией д.э.н., проф. Абишева А.А. Финансова-экономический словарь, 2006.
  32. Ержанов М.С., Нурумов А.А. Финансовая отчетность казахстанских предприятий, 2007.
  33. Баймуратов У.Б. Финансы Казахстана, том 2, 2005.
  34. Баймуратов У.Б. Инвестиции и инновации: нелинейный синтез, том 3, 2005.
  35. Мергалиева Л.И. Экономическая безопасность Казахстана: энергетический сектор. 2007.
  36. Володин А.Г., Широков Г.К. Глобализация: истоки, тенденции, перспективы//Полис. – 1999. –  №5. – С.84.
  37. Долгов Б.В. Процесс глобализации и развивающиеся страны,с.30.
  38. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
  39. Ускеленова, А.Т.  Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономикалық өсу: теория, әдіснамалық тәсілдері, басқару тетіктері. 2010.- 41, [1] б.
  40. М. Б. Кенжеғозин : Экономика Алматы: Таймас, 2009.- 215бет
  41. I.Кенжеғозин, М. Б., II.Елемесов, Р. Е.,  Әлем экономикасы,  Экономика,  Экономикалық теория - Мемлекеттік бағдарлама, Экономикалық өсу және бәсеке теориясы.- 525, [3] б
  42. Кубаев, Е. Экономическая политика и экономический рост / Ержан Кубаев.- Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2000.- 59 с.
  43. Столерю, Л. Равновесие и экономический рост : (Принципы макроэкон. анализа): Статистика, 2007.- 472 с.
  44. Мельдаханова, М.К. Занятость населения и экономический рост: методология, стратегия и механизм регулирования / Марзия Калижаровна Мельдаханова; 2009.- 295 с.
  45. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, «Білім», 1998 ж.
  46. Экономический рост в Казахстане: источники, факторы, тенденции и прогноз на перспективу (58; 2010; Алматы).
  47. Материалы научно-теоретической конференции студентов и молодых ученых факультета экономики и бизнеса, проведенной в рамках 58-й научной конференции студентов и молодых ученых КазНУ им. аль-Фараби, 22-23 апреля 2009 г. / КазНУ им. аль-Фараби; [Под ред. Р. Е. Елемесова, С. К. Джумамбаева].- Алматы: Қазақ ун-ті, 2004
  48. «Қазақстан Республикасының 2009 – 2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы» 2009ж.
  49. Экономика республикалық апталық газеті 2011жыл 6 қазан
  50. Stat.kz
  51. Almaty.kz

Информация о работе Экономикалық өсудің мәні және көздері