Экономикалық өсудің мәні және көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 15:54, реферат

Краткое описание

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсу – өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алуы және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алу қабілетін айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplomka.docx

— 456.39 Кб (Скачать документ)

            Әлемде инновациялық инфрақұрылымға жағымды экономикалық орта қалыптастырудың тәжірибесі қаншалықты көп болғанымен де, олардың ішінен қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын, тиімдісін елдің ұлттық, экономикалық, ғылыми-техникалық ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн. Бұл шетелдік тәжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше олардың инновацияны қолдау тетіктерін зерттеп, соның негізінде Қазақстандық моделін қалыптастыру үшін қажет.

            - инновациялық бастамаларды мемлекеттік  қолдаудың нақты тетіктерін инновациялау;

         - инновациялық инфрақұрылымның  айналасына инновацияларға бейімді  шағын және орта бизнесті топтау;

         - инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі  кәсірорындарға жеделдетілген амортизация  әдісін қолдану. М: Жапонияда 10-50%-ға  дейін, Ұлыбритания, Германияда 40%.

Бұл орайда кейбір мамандар біздің елімізде де жеделдетілген амортизация әдісін негізгі құралдардың бастапқы құны 20% деңгейіне жеткенге дейін қолдануға рұқсат берудің керектігін айтады.

        Экономикалық дамудың жүйелік проблемаларын шешу және халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдау үшін ауқымды құрылыс жүргізу және инфрақұрылымды жаңғырту қамтамасыз етілетін болады.Экономикалық өсуді қолдау мақсатында «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

        Инфрақұрылымға, әсіресе электр энергетикасы секторына инвестициялар ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін зор маңызға ие. Инвестицияларды, ең алдымен, экономиканың шикізаттық емес секторына одан әрі тарту,инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге байланысты болады.

        Үздік әлемдік тәжірибе инфрақұрылымды дамыту экономикалық белсенділікті қолдау және дағдарыс кезінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.

Инновациялық, индустриялдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға «Самұрық-Қазына» қоры 1 млрд АҚШ долларын бөледі және 2011 жылы 3 млрд АҚШ долларына жуық мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болады.

Электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Үкімет келесі жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өңдіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға электр энергетикасындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жаңартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады.

Электржелілік активтерді дамыту үшін тарифтерге инвестициялық үлесті енгізу көзделуде. Осыған байланысты Үкімет электр желісіне қосылғаны үшін төлемді толығымен алып тастайтын болады.

        Үкімет энергияны үнемдеу және  энергияның қайта жаңғыртылатын  көздерін пайдалану жөніндегі  шаралар кешенін қосымша әзірлейтін  болады.

        Үкімет халықтың нақты табыстарының  сақталуы жөніндегі барлық шараларды  қабылдайды және мемлекет басшысының 2010-2019 жылдары әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыны және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

        Кәсіпорындарда өндіріс көлемі  төмендеген жағдайда Үкімет ірі  корпорациялармен қызметкерлердің  жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету бойынша жұмыс жүргізілетін  болады.

        Қажет болған кезде Үкімет  облыстардың, Астана және Алматы  қалаларының әкімдерімен бірлесіп  қоғамдық жұмыстардың белсенді  түрлерін қолданып және өңірлерде  жаңа жұмыс орындарын ашып, оның  ішінде инфрақұрылымдық және  әлеуметтік объектілердің ауқымды  құрылысы арқылы, оның ішінде  «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы шеңберінде  халықтың жұмыспен өнімді қамтылуын  арттыру жөнінде қосымша іс-шаралар  қабылдайды. [46]

         Ішкі рынокта тауарлардың тапшылығына  және бағалардың өсуіне жол  бермеу мақсатында Үкімет бірінші  кезекте қажетті тауарлардың- ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант  және күріштің тұрақтандыру қорларын  қалыптастыру жөніндегі жұмысты  жалғастырады.

         Тұтастай алғанда, тұрақтандыру  шаралырн іске асырудан Қазақстан  экономикасы 2172 млрд теңге көлемінде  қолдау алады, олардың ішінде, мыналардың  есебінен:

         Ұлттық қор қаражаты - 1200 млрд  теңге 

         Ұлттық Банк шаралары - 350 млрд  теңге 

         Жаңа Салық кодексін қолдану  шеңберінде салықтық жүктемені  төмендету - 500 млрд теңге 

         Стресті активтер қорын құру - 122 млрд теңге 

 

3.3 ҚР-ның ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегиялары

 

Үкімет Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған көлеңкелі экономика көлемін қысқарту жөніндегі ұйымдастыру шаралары және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бағдарламаның жобасы қаралды.

Бүгінгі күннің негізгі талабы - «көлеңкелі экономикамен сыбайлас жемқорлыққа» қарсы күрес жүргізу барысында қоғамның даму заңдылықтарын орындау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын шешуіміз тиіс. Онымен күрес нәтижелі болмаса экономикалық даму туралы айтудың өзі миға қонымсыз. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіне тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолданып, оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі жағдайларда республикамыздағы салық төлеушілер үшін салықтың ауыртпалығы әліде жоғары, олардың ішінде көбісінің тиімділігі  де төмен.

Көлеңкелі экономика проблемасын шешудің тиімді әрі жүйелі шараларын дүниежүзінде бірде-бір ел ойлап таба алмағанын атап өтті. Алайда әкімшілік процедураларды жеңілдету, арнаулы қаржылық құрылымдар құру, салық ауыртпалығын төмендету саласындағы кейбір жекелеген шаралар кей мемлекеттерде көлеңкелі экономика көлемін төмендетуге көмектеседі.

Себептер арасында кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының төмендігі, контрафактылы өнімдерге деген сұраныс артқан кезде өнімдердің бәсекелестік қабілетінің төмендеуі, шағын және орта бизнес үшін кредит алудың қиындығы, есеп пен статистика проблемасы, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі және олардың қызмет бабын асыра пайдалануы, олардың теріс әрекеттерін мойындата алмаушылық, көлеңкелі экспорттың артуы т.б бар. [44]

  Салық ауыртпалығын төмендету әрдайым көлеңкелі экономика көлемін төмендетуге әсер етпейді. Мысалы, Қазақстанда ТМД аясындағы өзге елдерге қарағанда, салық деңгейі айтарлықтай төмен, бірақ көлеңкелі экономика көлемі өзгеріссіз қалуда. "Бұл өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне байланысты"

Көлеңкелі экономиканы қысқарту проблемасы кең көлемді, әрі тыңғылықты қадамды талап етеді. Сонымен бірге, жобада кәсіпкерлердің экономикалық және қаржылық "көлеңкеден" шығуын қарастыратын заңнамалық, әкімшілік және заңдылық сипаттағы шаралар жазылып жатыр.

Алдағы уақытқа арналған орта мерзімді жоспар мен фискалдық саясатта қамтылу шаралары қарастырылып жатыр.

Сарапшылардың болжамынша, жалпы ішкі өнімнің 30 пайызы көлеңкелі экономикада деп есептелінеді. Жыл сайын осы сала бойынша мемлекет 6-8 млрд. долларын жоғалтып, зиян шегеді. Осыған қарағанда бұл мәселе бойынша мемлекеттік саясат жүзеге аспай жатыр.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, статистикалық агенттіктің ресми мәліметтеріне қарағанда, 2003 жылы «көлеңкелі экономика» ЖІӨ-ге 22,6 пайызды құрағанын жеткізді. Ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен болатын. Бүгінгі күні алдағы жылдарға арналған экономиканың орта мерзімді саясаты бойынша, онда қамтылатын 67 салалық бағдарламалар кешенді түрде «көлеңкелі экономиканың» қарқындап кетпеуіне қарсы жұмыс істейтін болады.  Сонымен қатар, Үкіметте бизнес ортаның ашықтығы жөнінде нақты шаралар қолға алынбақ.

Үкімет қоржынындағы бірқатар заң жобаларында осы салаға бағытталған шаралар қамтылатын болады. Мәселен, кәсіпкерлердің салық төлеуіне тиімді жағдайлар жасау үшін, әкімшілік кедергілерді жою, лицензиялау жайлары тиімді шешімін таппақ.

Тұрақты даму жолының ең басты құжаттарының бірі 2003-2015 жылдарға арналған Инновация-индустриялық даму стратегиясы. Аталмыш бағдарламаның көздеген екі мақсаты бар.

Біріншіден, ел экономикасында қазір орын алып отырған сыңаржақтан шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші салаларды, жаңа технологиялар, техникамен жарақталған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс салаларын дамыту. Стратегия бойынша өндірістің өңдеуші салаларының әр жылғы өсуі 8,4 %-дан кем болмауы керек, нәтижесінде еңбек өнімділігі 2015 жылы 3 есе өсіп, жалпы ішкі өнімалудағы энегетикалық шығындар 2 есе төмендеу керек.

Екіншіден, тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен ғылым, инновациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы жасақтау.

Президент атап көрсеткендей, таяу жылдарда ғылым саласына мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 25 есе өсуі керек. 

Үкіметте Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беретін болады.

Экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекеге қабілетін арттыру жолымен  шикізаттық бағыттылықтан кетуге ықпал ететін елдің орнықты дамуына қол жеткізу.

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерін Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы және іскерлік заңнамасы туралы  ағылшын тіліндегі ақпаратпен қамтамасыз ету.

Экономиканың өңдеуші саласына шетел инвестицияларын тарту, экономиканың шикізаттық емес секторларына нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ірі жаһандық компанияларды іздеу және тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. [47]

Инвестициялық ұтқыр жобалар іске асырылатын  жер телімдерін өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына меншікке өтеусіз беру жөніндегі ұсыныстарды енгізу.  

Халықаралық  талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды 65% деңгейге дейін үйлестіруді қамтамасз ету .

Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты  Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді:

          - әр 5 жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық  жоспар;

- ұзақ мерзімді жоспарлардың  алғашқы кезеңдерін айқындау  мақсатпен 10жылдық даму жоспары;

- мемлекеттік органдарға  деректі және міндетті сипаты  бар 5 жылдың стратегиялық жоспарлар;

- 1998 жылдан бастап министрліктердің  мекемелерінің жұмыстарының жылдық  стратегиялық жоспарлар.

Даму стратегиясы төрт кезеңдер бойынша іске асырылатын -бағдарлама құжаты:

1. 1998-2000ж.ж. алғашқы (нөлдік  кезең). Бұл кезеңде аралық мақсаттарға  жету және тұрақты даму сатысына  көшу жүзеге асырылады.

2. 2001-2010ж.ж. бес жыл және  және он жылдық стратегиялық  жоспарларға негізделген бірінші  кезең. Бұл кезеңнің міндеттері;жедел  әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді  шешу; еңбек-қаржы сыйымды өндірістерді  дамыту;инфрақұрылымды дамыту, жабдықтарын  іске қосу, экономикалық өсуді  жеделдету, қолайсыз демографиялық  өзгерістерді жою,қоғамда орта  топты қалыптастыру ұсынылады.

3. 2011-2020ж.ж. екінші кезең  технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті  инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды  жетілдірумен байланысты.Осы шаралардың  арқасында келесі жетістіктер  көзделіп отыр:

- интенсивті экономикалық  өсу;

- қуатты жалпы ағарту  потенциалды құру;

- демографиялық саясатты  белсендіру;

- инфрақұрылымды жаңғырту;

- экологиялық проблемаларға  ерекше көңіл бөлу.

4. 2021-2030ж.ж.үшінші кезең  ғылым жетістіктерін кеңінен  пайдаланатын өндірістерге жалпылай  көшуді жәнеэкологиялық таза  жан-жақтыөндіріс кәсіпорындарына  бұрылу, Қазақстанның экспортқа  шығаратын өнімдердің түрлерін  көбейтуге көздейді.Бұл кезеңде  алдыңғы қатарлы әскери күш  қалыптасады.

Біздің еліміз алдағы перспективаларға қол жеткізу үшін мынадай ұзақ мерзімді басымдылықтарды іске асыру керек:

- ұлттық қауіпсіздік;

- ішкі саяси тұрақтылық  мен қоғамның топтасуы;

- экономикалық өсу;

- Қазақстан азаматтарының  денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;

- энергетика ресурстары;

- инфрақұрылым, әсіресе көлік  және байланыс;

- кәсіби мемлекет.

Экономикалық өсу - біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтварлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.

Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып,эконмикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.

Информация о работе Экономикалық өсудің мәні және көздері