Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 21:56, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері....................................................19
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99
Қазiр инвестициялық жобаларды iске асыру жұмысы бiр жолға қойылды. Әрине, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының тиiмдi жұмыс ырғағының арқасында. Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тағы бiр тиiмдi жағы — жаңа жұмыс орындары ашылатынын ескеруiмiз қажет. Мәселен, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының бастамасымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезiнде 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Дағдарыс бүкiл әлем экономикасын екi бүйiрден қысқан шақта, жаппай жұмыссыздық белең алған кезеңде 50 мың адамды жұмыспен қамту үшiн қаншама күш-қайрат қажет екенiн бағамдай берiңiз.
Егер сала бойынша жобаларды жекелеп қарастыратын болсақ, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеуден өткiзу, модернизациялауды айтуға болады. Бұған қоса мұнайды тереңдете өңдеу жүйесiнiң құрылысы бар. Бұл жобаның құны 1,1 миллиард доллар. Құрылысы 2011-14 жылдарға жоспарланған. Егер жоба еш кедергiсiз iске асатын болса, онда 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Тағы бiр iрi жобалардың бiрi — Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеу және модернизациялау. Бұл жобаның да жалпы құны 1 миллиард долларға жуықтайды. Құрылысы 2011-13 жылдарға жоспарланған. Халықаралық стандарттарға сай мұнай өнiмдерiн шығаратын зауыт құрылысына 3100 адам жұмылдырылады. Бұдан басқа да Атыраудағы газхимия зауытының құрылысын айтуға болады. Жалпы құны 6,3 миллиард доллар болатын бұл жобаны iске асыруға 12 мың адам тер төгедi. Әрине, бұл — мұнай мен газ саласына қатысты жобалар. Ал ендi энергетика, транспорт, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика салалары бойынша оншақты iрi жоба жоспарланған.
Балқаш жылу электр стансасы. 2014 жылға дейiн құрылысы бiтуге тиiс жоба iске асса, Алматы облысы аймағындағы электр мәселесi шешiлер едi. Транспорт саласы бойынша Жетiген — Қорғас темiржолын айтуға болар. Фармацевтика фабрикасы, күкiрт қышқылын шығаратын зауыт, фосфорлы тыңайтқыш зауыты — бәрi-бәрi ел игiлiгi үшiн iске асырылып жатқан жобалар.
Соңғы бес жылда шикiзат өңдеу өнеркәсiбiне (шикiзат өндiру емес!) 3 миллиард доллардан астам инвестиция салынды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларының қоржыны 50-ден астам жобаны қамтиды, олардың 38-і іске асырылу сатысында. Оларды іске асыру бізге барынша елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай мұнай және газ өндіру 1,5 есеге ұлғаяды, қайта өңдеу ағымдағы 13,7 миллионнан 19 миллион тоннаға дейін, мұнайды тасымалдау көлемі – ағымдағы 65,8 миллионнан 85 миллион тоннаға дейін, газды тасымалдау көлемі – ағымдағы 98,8 миллиардтан 132 миллиард текше метрге дейін ұлғаяды, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу тереңдігі 68%-тан 90%-ға дейін ұлғаяды, мотор отындарының сапасы Еуро-4 және 5 стандарттарына дейін жеткізілетін болады.
Мұнай-газ секторынан басқа, біздің тағы бір маңызды басымдығымыз – бұл энергетика. Мұнда іске асыру сатысында жалпы құны 8,6 миллиард доллар болатын «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 19 жобасы тұр. Компанияның іске асыратын барынша ірі жобаларының арасында «Қуаты 1 320 МВт Балқаш жылу электр станциясын салу» жобасын атауға болады. Бүгінгі күні Samsung Engineering Company Limited компаниясымен БЖЭС бірінші модулін жобалауға, жеткізуге және толық салуға келісімшартқа қол қойылды. Қазақстанның және Кореяның басшылары 2012 жылғы қыркүйектің ортасында құрылыстың ашылу рәсімін өткізді.
Компаниялардың жобаларын іске асыру Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясына тапшылық проблемасын шешуге мүмкіндік береді, Орталық Қазақстанды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады және Ұлттық электр желісінің барлық аймақтарын біріктіреді.
Жаңа шешімдерді 17 қазандағы мемлекеттік комиссия отырысының қорытындыларында атап өтемін. Біз полипропилен өндіру бойынша газ-химия кешенін қаржыландырудың түпкілікті схемасын бекіткеніміз, Жамбыл облысында химия паркінің жобасын мақұлдағанымыз маңызды. Жақын арада осы парктің инфрақұрылымын салуды бастаймыз және оған қоса осы жерде 4 жоба іске асырылатын болады: көкшіл қышқыл және натрий цианидын, каустикалық сода және хлорды, үш хлорлы фосфор және глифосат өндіру. Іс жүзінде біз екі қуатты химиялық кластер үшін негіз қалаудамыз, олардың жанынан болашақта жүздеген орта және шағын өндірістер пайда болуы мүмкін [21].
2014 жылға дейін қор компанияларыны
Қор сатып алу үдерісінің ашық болуын қамтамасыз ету жөнінде де үлкен жұмыс жүргізуде. Осы бағыттағы шаралардың бірі сатып алу үдерісінде адам факторын азайту болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сатып алу саласындағы транспаренттік жүйе құрудағы біршама тиімді инструмент оларды автоматтандыру болып табылады.
Мемлекеттегі ең маңызды мәселелердің бірі экономикалық өсудің экспорттық-шикізаттық үлгіден инновациялық үлгіге көшудің қажеттілігі, ал бұл жағдайды өзгерту адекваттық шараларды жедел түрде қабылдауды талап етеді. Мәселені шешу инновацияға бағдарланған экономикалық жүйелерді қалыптастыру шеңберінде ғана мүмкін. Сол үшін «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің негізгі екпіні экономиканың әр түрлі салаларына инновацияларды енгізуге бағытталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобын қойылған мақсаттарға жету үшін белсенді жұмысты басталды.
«Самұрық-Қазына» АҚ инновациялық қызметке негізделген Қор компанияларының инновациялық дамудың басты басымдықтары белгіленді:
Бұл құндылықтар Қордың тұтынушылар, жабдықтаушылар мен серіктестермен қатынасының негізі болып табылады.
Ағымдағы жылда «Самұрық-Қазына
Келесі жылдан «Самұрық-Қазына» АҚ бір топ компаниялардың инновациялық қызметтерін бақылау жүйесі жөнделеді. Инновациялық дамудың бақылау жүйесі Қор мен оның еншілес компанияларына бірыңғай болады, және олардың инновациялық дамытуды бақылау барлық кезеңдерде жүзеге асады: жоспарлау, қаржыландыру, орындау және бақылау.
Соның ішінде компаниялардың инновациялық қызметтерін бақылау мақсатында оларды Даму жоспарына қосу үшін келесі KPI инновациялық қызметтер белгіленді:
Осы бағдарлама шеңберінде Қор компанияларының инновациялық ПӘК тізіміне біз ұйымдардан алынған патенттер саны мен ресми тіркелген халықаралық ғылыми жорналдарда жарияланған қызметкерлердің мақалалары енеді. Демек, Қор өз компаниялары шығаратын өнім сапасына және қызметкерлердің дүниежүзілік стандарттарға сай дәрежелеуіне зор назар аударуда.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығымен келесі жылдан бастап таза табыстан 10% инновацияға бөлінеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ бақылауында қазір ірі компаниялардың 19 жобасы бар.
«Самұрық-Қазына» АҚ 3 жобасы құны 28 млрд. теңгені құрайтын «Алатау» Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймақты дамытудың флагманы болып келеді:
Алматыда синтетикалық кір жуу жабдықтарын өндіретін, қолмен жуу мен автоматты және активаторлы жуғыш машиналармен жууға арналған «RA» және қолмен жуу мен активаторлы кіржуғыш машиналармен жууға арналған «Айна» отандық маркалы кіржуғыш ұнтақтарын өндіруші «Алматинский завод СМС» ЖШС зауыты бар. Аталған зауыттың өнім өндірісін жаңалау қажеттігі әлдеқашан туындаған, өйткені Қазақстанда аталған зауыттан басқа, әлі күнге дейін тұрмыстық және техникалық кіржуғыш ұнтақтар сегментінде тұрмыстық химия өнімдерін өндіретін отандық өндіруші жоқ. Аталған зауытта өнім «Ballestra» технологиясы бойынша өндіріледі.
Ballestra технологиясы синтетикалық кіржуғыш жабдықтар саласымен байланысты жандарға жақсы мәлім, осыдан 30 жыл бұрын ең алғаш Ballestra нарыққа S03 (Sulphurex) зауыты мен жалпы қуаты жылына 6 000 0000 тоннадан асатын (Sabiz) тозаңдатқышымен кептіру зауыттарын шығарды , сонымен кіржуғыш ұнтақтар өнімінің әлемдік мөлшерінің анағұрлым бөлігін жапты [22].
Сіңбірік арқылы жоғары қысыммен тозаңдатылған және алдын ала сумен араластырылған ұнтақ пасталы қарсыағынды ыстық ауамен( 250оС ден 450оС қа дейін) кептіру жолымен алынатын әдеттегі тозаңдатқышпен кептіру үдерісі алғашқы инвестиция мен пайдалану құнын есепке алғанда, аз көлемде өндірістер үшін кейде келе бермейді.
Ұнтақ өнімдердің кейбір түрлері үшін, төменгі қаржықұю және төмендетілген шығындарға қатысты жаңа өндірушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін, Ballestra арнайы мұнарасыз типтес зауыт жасап, шығарды ( арнайы жасалған KETTEMIX реактор грануляторына негізделген мұнарасыз өндіру). Ballestraның үлкен өндіріс агрегаттарын ( әлем бойынша 500 ден астамы сатылды) және жоғарысапалы өнімді өндіру технологиясын жасаудағы ерекше тәжірибесі қаржықұю мен пайдалану шығындарын төмендетумен халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін қорытынды өнім шығаратын сенімді, жеңілбасқарылатын зауытты ұсынуға бірікті.
Аталған технологияның негізгі басымдылығы төмендегілер:
Мұнарасыз типтес зауыт жағыдайында, алғашқы қаржықұюды қате бағалау тәуекелділігі онша маңызды емес, өйткені зауыт үдерістің өте қарапайым жолы мен үдерісті шектеуден тыс жақсы белгіленген талаптар негізінде жасалған. Осыған орай компанияның алғашқы жіберілімі келесі кесте 6-да көрсетілген.
Зауыттың өнім шығару жобасы – жылына 24 мың тонна ұнтақ. Маман маркетологтардың бағалауына сүйенсек, осындай мөлшердегі кіржуғыш ұнтақтар Қазақстанның қажеттілігін жобамен 18-20 % қамтамасыз етуге қабылетті [23].
Өндіріс режимі |
1 жыл |
2 жыл |
3 жыл |
4 жыл |
өндіріс, тонн/сағ |
3,0 |
3,6 |
3,6 |
3,6 |
жұмысшылар ауысым саны |
2 |
2 |
2 |
2 |
1ауысымдағы сағат саны |
8 |
8 |
9 |
9 |
ай ішіндегі жұмыс күні саны |
25 |
25 |
28 |
28 |
жыл ішіндегі жұмыс айы саны |
8 |
12 |
12 |
12 |
жыл ішіндегі жұмыс күні саны |
200 |
300 |
340 |
340 |
Жылдық өндіріс, тонн |
9 600 |
17 280 |
22 032 |
22 032 |
Айлық өндіріс, тонн |
1 200 |
1 440 |
1 836 |
1 836 |
ҚҚС ставкасы |
12% |
12% |
12% |
12% |
ЗЖ ставкасы |
20% |
17,5% |
15% |
15% |
АЕК |
1273 |
1300 |
1300 |
1300 |
Жыл ішіндегі инфляция көлемі |
1,10 |
1,10 |
1,09 |
1,08 |
KZT/USD бағамы |
150 |
|||
Ескерту 6 - «Алматинский завод СМС» бизнес – жоспар негізінде |
Информация о работе Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау