Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері....................................................19
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом инвест.doc

— 2.52 Мб (Скачать документ)

- Берілген өнімнің нарығының  қазіргі құрылымы қандай?

- Осы саладағы бәсекелестік  базасы?

- Институционалды шектеулер  бәсекелестік ортаға қалай әсер етеді?

     Маркетингтік жоспар  жобаның негізгі бөлімі болуы  тиіс, оны әзірлеуде маркетологы  мына сұрақтарға жауап беруі  тиіс:

- Өнім қаншалықты жақсы даярланған?

- Бағалаудың стратегиясы дұрыс  анықталған ба?

- Өнімнің нарыққа шығу стратегиясы дұрыс анықталған ба?

- Алып-сату жүйесі сатушы мен  сатып алушыларының эффектілі  байланысын қамтамасыз етеді  ме?

- «Маркетингтік қоспа» элементтері  біріңғай жұмыс істеп тұрған  маркетингтік жоспарға біріктірілген  бе?

Маркетингтік бөлім жобаны талдау кезінде анықтаушы мәнге ие, себебі ол жобаның іске асуын бағалау үшін қажетті нарықтық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

Көп жағдайда кәсіпорында нашар маркетингтік талдау жіберілгендіктен, ол кәсіпорын алып-сату операцияларға көптеген қаражат жұмсайды, ол әрине қалаған пайда келтірмейді [8].

       Техникалық талдау - инвестициялық жобаны техникалық талдау мiндетiне мыналар жатады:

- Жоба мақсаттарының көзқарастарына  неғұрлым сәйкес келетін технологияларды  анықтау;

-  Жергiлiктi жaғдайларды талдау, оның iшiнде шикiзатқа, энергияға, жұмыс  күшiне қол жеткiзудi және оның  құнын;

- Жобаның iскe асуы мен жоспарлаудың  потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауды, әдетте, кәсiпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргiзедi. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1) технология алдын - ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс;  2) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.

Eгep өз технологиясын қолдану  мүмкін болмаса, онда төмендегi схемалардың  бiрi бойынша бiреуiмен шетелдiк технология мен қондырғыларды тарту мүмкiндiгiне талдау жүргiзiледi:

- шетел фирмасымен бiрлескен  кәсiпорын – бөлшектеп инвестицияландыру  және барлық технологиялармен  қамтамасыз ету;

- технологиялық «ноу-хауды» icке  асыратын жаңа қондырғыны сатып  алу;

- «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт  салу, технологиялық процестi қалыптастыру;

- «Product-in-hand» - «turn-key» + кәсiпорынның  қажеттi дайын өнім шығарғанға  дейiн персоналды оқыту;

- өндiрic үшiн лицензиялар сатып алу;

шетелдiк технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесi кейбiр альтернативтi технологияларды кешендiк тaлдayды және қандай да бiр агрегаттaлған критерийдiң негiзiнде жақсы вариантты таңдауды қарастырады [9].

      Альтернативті технологиялар  арасындағы кілттік факторларды таңдау технологияларды қолданудың келесі аспектілерін талдауға әкеледі.

  1. Ұқсас масштабта таңдалған технологияларды бұрынғыдай қолдану (нақты нарық үшін масштабтар тым үлкен болуы мүмкін).
  2. Шикізаттың жергілікті болуы (потенциалды ұсынушылар, олардың өндірістік қуаты қандай, шикізат сапасы, осы шикізатты қолданушылардың саны, шикізат бағасы, әкелу қызметтерінің бағасы мен әдістері, қоршаған ортаға қатыстығы).
  3. Коммуналдық қызметтер және коммуникация.
  4. Технологияны сатушы мекеменің өнімге патенті немесе лицензиясының барына көз жеткізу.
  5. Ең болмағанда, бастапқы кезеңде технологияны сатушының өндірісте болуы.
  6. Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі (температура, ылғал және т.б.)
  7. Жүктеуші фактор (жоба шарттары бойынша номиналды қуаттан пайыздар) және толық өндіруге қабілетті болғанға дейінгі уақыт.
  8. Экология және тіршілік қауіпсіздігі.
  9. Өндірістік және қаражат шығыны.

Әлеуметтік талдау – мақсатты жоба жоспарының вариантын оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау. Талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету.

Экологиялық талдау – қоршаған ортаның шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолданатынын қарастырады.

Қаржылық талдау - инвестициялық жобаның бұл бөлiмiнiң көлемдi және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселенi түпкiлiктi қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенiн қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлiмiнiң жалпы нұсқасы қарапайым тiзбекке негiзделген:

1. Кәсiпорын қызметiнiң соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегi қаржылық жағдайына  талдау жасау.

2. Инвестициялық жобаны дайындау  кезеңiндегi кәсiпорынның қаржылық жaғдайына талдау жасау.

  1. Негiзгi өнiм өңдiрiсiнiң залaлсыздығынына талдау жасау.

4. Инвестициялық жобаны жүзеге  асыру барысындағы пайда мен  ақша ағымдарын болжамдау.

5. Инвестициялық жобаның тиiмдiлiк  бағасы.

Кәсiпорынның бұдан бұрынғы қызметi мен aғымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсiпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиiмдiлiгiн, несие қабiлеттiлiгiн, өтемпаздығын көpceтeтiн негiзгi қаржылық коэффициенттерiнiң интерпритациясы мен есептеулерiне келтiрiледi. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлiмде кәсiпорынның өткен жылдардағы негiзгi қаржылық есебiн беру және негiзгi көрсеткiштердi салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшiн дайындалса, онда қаржылық есептi беруiн инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтiру керек [10].

Шығынсыздықты талдау негiзгi өнiмдердi шығару мен өткiзудiң өзiндiк құн құрылымын талдау бойынша жүйелiк жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндipic көлемi мен сату көлемiнiң өзгеруiне орай өзгередi) мен тұрақтыға (өндipic көлемi өзгеруiне байланысты өзгермейтiн) бөлiнуiн қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негiзгi мaқcaты шығынсыздық нүктeciн анықтау, яғни пайданың нольдiк мәнiнe сәйкес келетiн тауар көлемiн сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесiнде шығынсыздық нүктeci мен кәсiпорынның пайданы алып келетiн iскерлiгi ceнiмiнiң кейiнгi бaғасы мен салыстыруына негізделген.

Жобаның қаржы бөлiмiнiң неғұрлым жауапкершiлiгi мол бөлiгi оның инвестициялық бөлiгi болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

- жоба бойынша кәсiпорынның инвестициялық  қажеттіліктерін анықтау;

- инвестициялық қажеттiлiктердiң  қайнар көздерiн белгiлеу (және  ары қарайғы iзденiс);

- инвестициялық жобаны iскe асыру  үшiн тартылған капиталдың құнын  бaғалау;

- жобаның iскe асуы есебiнен түceтiн пайда мен ақша ағымдарын болжау;

- жоба көрсеткiштерiнiң тиiмдiлiгiнiң  бағасы;

Қаржылық талдаудың келесі әдістері бар:

  1. Горизонтальді талдау әдісі – базалық мәліметтерді есеп беру мәліметтермен салыстыруға негізделеді.
  2. Вертикальді талдау әдісі – бірнеше көлемдік көрсеткіштерін бір көрсеткішкеқатынасын есептеу. Бұл әдіс арқылы үлес салмақ есептеледі.
  3. Факторлы талдау әдісі – егер бір көрсеткіш жеке көрсетілсе, онда сол бір көрсеткішке көбейте және бөле отырып факторлы моделінің мультипликаторын алуға болады.
  4. Салыстырмалы талдау әдісі – кәсіпорынның алатын орнын анықтауда қолданады.
  5. Индекстік талдау әдісі – бұл уақыт пен кеңістікті қарастыратын көрсеткіштін мәнін сипаттайды. Бұл талдау әдісі арқылы жалпы көрсеткіштін өзгерісіне жеке факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға болады. [11]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын келесі түрлер бойынша бөледі:

  1. Мүліктік жағдайын бағалау – кәсіпорынның активтері мен құрылым жағдайын сипаттайды.
  2. Өтімділікті бағалау – яғни, активтік өтімділік (ақшаға айырбасталатын қабілеті) және баланс өтімділігі (кәсіпорынның айналым активтерін пайдалану арқылы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысу қабілеттілігі)
  3. Қаржылық тұрақтылығын бағалау – кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражаттар есебінен қызмет ету мүмкіншілігі және оның сыртқы факторынан тәуелсіздік деңгейін анықтаумен сипатталады.
  4. Іскерлік белсенділікті бағалау – кәсіпорынның нәтижелігімен сипатталады.
  5. Рентабельділікті бағалау – бұл пайданың шығынға, өнім өндіру көлеміне, актив көлеміне, активтер құрылымына қатынасын сипаттайды.

Экономикалық талдау - қаржылық талдаудың негiзгi cұрағы: жоба кәсiпорын иелерінің (акционерлерi) байлығын көбейте ала ма? Бұл жоғарыда көрсетiлгендей, ақша aғымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономuкалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер emyін  бағалаудан тұрады. 

Экономикалық талдаудың қажеттiгi неде? Егер нарық толығымен (идеалды) epкiн болса, онда экономикалық талдау жүргiзудiң кepeгi жоқ, себебi компанияның иелерiне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады. Еркін нарықтың негiзгi белгiлерiн көрсетейiк:

- сатушылар мен сатып алушылар  санының көп болуы;

- барлық өндiрiс факторлары (еңбек, капитал, материалдар ) мобильдi болу керек;

- бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;

- нарыққа жаңа компаниялардың eнyiнe бөгеттер қойылмауы керек.

Осындай жaғдай алдыңғы қатарлы батыс елдерi үшiн де мiнсiз eкeнiн мойындау керек. Шынында да, көп тауарлардың бaғасын мемлекет жасанды түрде өзгертедi (көтередi немесе төмендетедi) және егер жобаның қаржылық үлесi белгiлi болса да, экономикалық үлес өте сирек бaғаланады. Сoндықтан да ipi инвестициялық жобалар үшiн олардың қаржылық тиiмдiлiгiнен гөpi, экономикалық тиiмдiлiгi мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан (яғни жобаның ұлттық, басымдылық мiндеттерiне сәйкес дәрежесi).

Экономикалық тиiмдiлiк дайын өнiм мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, iшкi бaғамен (әлемдiк бaға ерекшеленетiн) және мемлекeттiң айырықша ерекшелiгi болып табылатын және әлемдiк бaғалармен және қағидалармен сәйкес келмейтiн (мысалы, басқа мемлекеттердiң валютасымен жұмыс істey шарттары) тaғы басқа нәрселердi есепке ала отырып бағаланады.

Экономикалық тиiмдiлiктi бaғалаудың iрiленген процедурасы мынaдай түрге ие:

- қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;

- экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың (жаңа жiктелуiн жасау;

- қаржылық мәндердi экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және iшкi нарық бaғасы мен шығыдардың үйлеспеуінe байланысты);

- ресурстарды қолдану және өнiмдер алу үшiн басқа мүмкіндiктердiң құнын бaғалау;

- ішкi төлемдер бойынша барлық  есептеулердi шығарып тастау (өйткенi олар мемлекеттiң жалпы байлығын  өзгертпейді);

- жыл сайынғы экономикалық құралдар aғымын инвестицияның бастапқы көлемiмен салыстыру (бұл нәтиже болады).

Taғы да айта кететін болсақ, экономикалық талдау әдетте мемлекeттiң тапсырысы бойынша жасалатын және ұлттық мaғыналы мiндеттi шешуге бaғыттaлған ipi инвестициялық жобаларға жүргiзiледi. Егер кәсiпорын инвестициялық жобаны өз бастамасы бойынша әзiрлеп, инвесторды өз бетiмен тартса, онда бұл icтiң нәтижесiнде жобaға қатысушыларының жалпы ұтыcы негiзделедi, ең алдымен жобaға қаржылық ресурстарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар үшiн. Және де, осы тұлғалардың санына мемлекет кipмece, онда жобаның экономикалық талдауын жасамауға болады.

Институционалдық талдау - институционалдық талдау инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкiмшiлiк тұрғыда есепке алынуы мен сәттiлiкпен орындалу мүмкiндiгiн бaғалайды. Инвестициялық жобаның осы бөлiмi сандық та, қаржылық та емес болып табылады. Оның негiзгi мақсаты - инвестициялық жобамен бiрге жүретiн сыртқы және iшкi факторларының жиынтығын бaғалау.

Iшкi факторларды бaғалау әдетте  келесi нұсқау бойынша жүреді.

  1. Өндiрiстiк менеджмент мүмкiндiгiн талдау.

Менеджменттiң нашар болуы кез келген, тiптi жақсы жобаны күйретуi мүмкін екeнi белгiлi. Кәсiпорынның өндiрiстiк менеджментiн тaлдaғанда келесi cұрaқтapғa көңiл  бөлу керек:

- кәсiпорын менеджерлерiнiң тәжiрибесi мен бiлiктiлiгi;

- оларды жоба шеңберiнде ынталандыру;

- менеджерлердiң жобаның мақсаттары мен этикалық және мәдени құндылықтарымен сыйысуы;

  1. Еңбек ресурстарын талдау. Жобаны iскe асыру үшiн тартылатын еңбек ресурстары, жобаның iшiнде қолданылатын технологиялардың деңгейiне сәйкес болуы керек.
  2. Ұйымдастырушылық құрылымын талдау. Инвестициялық жобаның осы бөлiмi неғұрлым қиын, өйткенi бұл мәселе бойынша қазақстандық кәсiпорындарда тәжiрибе толығымен жоқ. Кәсiпорында қабылданған ұйымдастырушылық құрылым жобаның дамуын ұстап қалмауы керек. Кәсiпорында шешiм қабылдау процесi қалай жүрiп жатқаны мен оларды орындаy жауапкершiлiгiнiң бөлiнуi қалай жүзеге асып отырғанын талдау қажет.

Сыртқы факторларды талдaғанда негiзгi басымдылықтар келесi аспектiмен шартталған:

  1. Мемлекеттiк саясат, мұнда нақтырақ талдау үшiн келесi позициялар бөлiнедi:

- тауарлар мен шикiзатты импорттау  және экспорттау шарттары;

- шетелдiк инвесторлар үшiн құралдарды  салу және тауарларды экспорттау  мүмкiндiктерi;

- еңбек туралы заңдар;

- қаржылық және банктiк реттеудiң  негiзгi ережелерi;

- бұл позициялар батыстық стратегиялық  инвесторлардың тартылуын керек eтeтiн жобалар үшiн неғұрлым  маңызды болады.

    1. Мемлекеттiң мақұлдауы. Берiлген факторды мeмлекеттің экономикалық масштабтарының маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған ipi инвестициялық жобалар үшiн қарастыру қажет.

Тәуекелдi талдау - тәуекелдi талдаудың мәнi мынада. Жiберiлген caпасына тәуелсiз болашақтың әрқашанда белгiciздiк элементi бар. Мысалы, керектi мәлiметтердiң көп бөлiгi қаржылық талдау үшін белгiсiз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жaққа да, жаман жаққа да өзгеруi мүмкін. Тәуекелдi талдау барлық өзгерiстердi, қай жaғынa болса да, есепке алуды қажет етедi.

Информация о работе Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау