Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері....................................................19
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом инвест.doc

— 2.52 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

2011 жылғы «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясаты  жобаны  қарастыратын  өзгерістердің сипатына және жоба нәтижелерінің  қолданылу  саласына байланысты Қор тобының инвестициялық жобаларын жіктеуді  шамалады.

    Жобалардың негізгі типтері:

•  ірі стратегиялық жобалар (S типті жобалар);

•  кеңейту, жаңғырту және дамыту бойынша(D типті жобалар);

•  негізгі  қаражаттарды  тең  мәндеске  байта құрылымдау  және  жаңарту  бойынша жобалар (R типтес жобалар) [20].

Осы инвестициялық жобалардың портфельдік құрылымын сурет 2.2-де көре аламыз.

      Одан басқа,  Қор  портфельді  компаниялардың инновациялық  қызметін  үйлестіру  және  басқару орталығы  рөлін ойнайды,  соған  байланысты Қормен  инновацияларды  тиімді енгізу және жоғары  технологиялық  өндірістерді  дамыту  бойынша  жұмыс  жүргізіліп  отыр. Сонымен қатар, Қор тобының  инновациялық  дамуындағы  негізгі басымдылықтардың  бірі  жергілікті  қамтуды  дамыту  болып  табылады.  Осы  екі  бағыт  бойынша Қордың тобымен сондай-ақ  инвестициялық  жобаларды жүзеге асыру атқарылады.

       ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының аясында Қормен экономиканың барлық секторларында дерлік танытылған және индустрияландыру мақсаттарына жетуде стратегиялық мәнге ие жалпы құны 17 млрд АҚШ доллары болатын 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылып отыр.

 

      Сурет 2.2 - 2012ж. соңындағы жағдай бойынша Қор тобының инвестициялық жобалары портфелінің құрылымы

 

Сурет 2.3 - Іске асырылатын жобалардың өңірлік құрылымы

      Осы жобаларды жүзеге асыру құрылыс кезеңінде 28 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, ал пайдалану кезеңінде 10 мың тұрақты жұмыс орнын құруға рұқсат береді. Жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар:

• Алматы облысында бірінші қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталды және Жетіген – Қорғас жаңа теміржол желісі бойынша жұмыс қозғалысы басталды;

• Маңғыстау облысында бірінші қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталды және Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа теміржол желісі бойынша жұмыс қозғалысы басталды;

• Павлодар облысында (Екібастұз қ.) жылына 3000 бірлікке дейінгі қуаттылықпен жүк вагондарының өндірісі басталды;

• Астана қаласында жылына 150 жолаушы вагондарына дейінгі қуаттылықпен «Talgo» жолаушы вагондарының өндірісі іске қосылды.

Соңғы екі жобаны жүзеге асыру жылжымалы құрам паркін жаңартуда қазақстандық көлік кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Жоспарланып отырған инвестициялық жобалар 2012 жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Индустрияландыру картасының аясында жалпы құны

523,6 млн АҚШ долл. Болатын тағы да 4 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын аяқтауды жоспарлап отыр:

• Алматы облысында «Мойнақ СЭС қуаттылығын беру сызбасы»;

• Астана қаласында «Электровоздар өндірісін ұйымдастыру»;

• Атырау облысында «Солтүстік Каспий мұнай төгілімдеріне әрекет ететін экологиялық базасы»;

• Алматы облысында, Өскемен қаласында және Астана қаласында «KAZ PV қазақстандық кремнийнегізінде фотоэлектрлік модульдер өндірісін құру». Сонымен іске асырылатын жобалардың өңірлік құрылымы сурет 2.3-те көрсетілген.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Қор жалпы алғанда Қазақстан экономикасын жаңғырту және әртараптандыру міндеттерін шешуге рұқсат беретін инфрақұрылымды дамыту, электр энергиясын өндіру және тарату бойынша басқа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жүргізіп отыр. Мойнақ СЭС-ның ұлттық электр желілеріне қосылуын қамтамасыз ету үшін 2011 жылы «KEGOC» АҚ жалпы тарату құрылғысын салуға, жоғары вольтты желілерді салуға кірісті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жылына 10 млрд текше м. Өткізу қуаттылығымен Қазақстанның батысынан оңтүстігінеқарай «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруда.

Екібастұз МАЭС-1 жаңғырту белсенді қарқынмен жүзеге асырылып отыр. 5-энергия блогында 99%-дан асазиянды заттарды тұтып қалатын заманауи электр сүзгісі орнатылған. № 8 энергия блогында құрылыс-монтаж жұмыстары жүзеге асырылуда. Станцияның жалпы өндіру қуаттылығы жаңғыртудан кейін 4 000 МВт құрайды. Электр энергиясын өндіру және тарату саласында сонымен қатар Екібастұз МАЭС-2 және Шардара СЭС

жаңғырту, ұлттық электр желісін жаңғырту – ІІ кезең бойынша жобаларды, елдің жекелеген аймақтарыныңэлектр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге рұқсат беретін Алматықаласындағы және Алматы облысындағы трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылысын атап өту керек. Қормен сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін жоғарылатуға, өндірістердің әлдеқайда жоғары шектерге өтуіне,

сонымен қатар импортталатын өнімнің жекелеген түрлеріне тәуелділікті төмендетуге бағытталған жобаларжүзеге асырылып отыр.

Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешені құрылысының жобасы полиэтиленді және полипропилендішығару үшін газды қайта өңдеу бойынша кешенді қарастырады. Бұл өнім негізінен таяу және алыс шетелөлдеріне экспортталатын болады.Степногорск қ. Қуаттылығы 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта құрылымдау жобасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіру кәсіпорындарының күкірт қышқылына деген қажеттіліктерінқамтамасыз етуге бағытталған. Атырау МӨЗ-да хош иістендіргіш көмірсутектерді өндіру бойынша кешеннің құрылысы шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған. Телекоммуникация саласын дамытудағы жаңа айналым «Қазақтелеком» АҚ жобасы – «FTTH желілерін салу»(Fiber to the Home) болып табылады. Жобамен көп пәтерлі үйлерді, ұтқыр байланыс операторларын, білім беру мекемелерін, әкімдіктерді, министрліктерді және ведомстволарды, Астана және Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау нысандарын, облыс орталықтарын қосқанда корпоративтік клиенттерді 100% қамтумен FTTH абоненттік қатынаудың әмбебап талшықты-оптикалық желісінің құрылысы қарастырылады. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде интернетке кең жолақты қатынаудың орташа жылдамдығы 2012 жылы Астана және Алматы қалаларында, 2016 жылға қарай облыс орталықтарында 16 Мбит/с құрайды. Сонымен сурет 2.4-те көрсетілгендей «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компаниялар тобы инвестициялар құрылымына тоқталсақ (сурет 2.4)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат Қоры» акционерлік қоғамының осы уақытқа дейінгі жүзеге асырылған инвестициялық жобаларына келетін болсақ.

1. «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу. Жобаның мақсаты - Ресей электр энергиясының импортына Ақтөбе облысының тәуелділігін болдырмау және Ақтөбе облысының электр желісін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне қосу арқылы Қазақстанның ұлттық электр желісінің сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жобаның бастамашысы - «Батыс-транзит» АҚ. Іске асыру кезеңі - 2006 жыл – 2008 жылғы IV-тоқсан. Жобаның өлшемдері - 500 кВ ЖЖ «Жетіқара» КС - «Үлкі» КС жалпы ұзындығы – 486 км. Жобаның құрауыштары - талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) қоса алғанда, ұзындығы 486 км 500 кВ ЖЖ салу және қолданыстағы 500/220/10 кВ «Үлкі» КС және  500/110/35/6 кВ «Жетіқара» КС кеңейту және жаңғырту.

2. Көлемі ірі тантал ұнтақтары өндірісін ұйымдастыру. Жобаның мақсаты - жетілген әрі жарқыншақты бөлшек нысанды көлемі ірі өндірісті ұйымдастыру және нанотехнологиялар саласын дамыту үшін негіз болып табылатын инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу және қосылған құны жоғары және өнімділігі жоғары деңгейдегі өнімді өндіру.

Қазақстанның электрондық өнеркәсібін қалыптастыруға салым және  «ҮМЗ» АҚ-ның экспорт мүмкіндіктерін кеңейту, конденсатор салушы компаниялар үшін ірі өнім берушілер арасына компанияның кіруі (нарық үлесі – 5-7%).

Қатысушылар -  «Үлбі металлургия зауыты» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны).

3. Дайын тоқыма бұйымдар өндірісі. Жобаның мақсаты - жергілікті мақта-мата шикізатын пайдалана отырып, мақта-мата трикотаж матасын және дайын тігін бұйымдарын шығаруды ұйымдастыру. Жобаның орындаушысы - «Ютекс» АҚ. Іске асыру кезеңі - 2005 – 2008 жылдар. Орналасқан орны - Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ. Жоба қуаттылығы -  жылына 720 000 төсек жабдығының жиынтығы. Объект 2008 жылғы 18 сәуірде пайдалануға енгізілді.

4. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі  транзитінің екінші 500 кВ ЖЖ салу. Жобаның мақсаты - Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясын берудің өткізу қабілетін 4,5 млрд.кВт/с-тан 7,5 млрд.кВт/с (1350 МВт) дейін ұлғайту есебінен Қазақстанның оңтүстік облыстарында электр энергиясына тапшылықты болдырмау және Қазақстанның ҰЭЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстанның ҰЭЖ-нің транзит әлеуетін ұлғайту және Қазақстан, Ресей және Орталық Азия энергия жүйесінің паралельді жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жобаның қатысушылары - «KEGOC» АҚ. Іске асыру кезеңі -  2004 – 2009 жылдар. Жобаның өлшемдері - Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі транзитінің екінші 500 кВ ЖЖ жалпы ұзындығы – 1096,94км.

Жобада үш учаскеде салу көзделді:

1-учаске. 500 кВ ЖЖ (№514) Алматы –  Фрунзе 500 кВ «Шу» КС кіріп жатқан 500 кВ «ЮКГРЭС» – «Шу» ЖЖ салу, нажағайдан қорғаушы тросқа кіріктірілген талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) ұйымдастыру, 500 кВ «Шу» КС салу.  500 кВ «ЮКГРЭС» КС кеңейту және жаңғырту. 500 кВ «Алматы» КС жаңғырту. Учаскенің ұзындығы -  248,11 км.

2-учаске. ТОБЖ ұйымдастырылған 500 кВ «Екібастұз – Ағадыр» ЖЖ салу. 500 кВ КС 1150 кВ «Екібастұз» және 500 кВ «Ағадыр» ЖЖ кеңейту және жаңғырту. Учаскенің ұзындығы -  462,6 км.

3-учаске. ТОБЖ ұйымдастырылған 500 кВ «Ағадыр – ЮКГРЭС» ЖЖ салу. 500 кВ «Ағадыр – ЮКГРЭС» ЖЖ-ін  500 кВ «Ағадыр» және «ЮКГРЭС» КС біріктіру. Учаскенің ұзындығы – 386,22 км.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды; тиісті объектілерді Мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдады.

 

 

Сурет 2.4 - «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компаниялар тобы инвестициялар құрылымы,%

 

5. Астана қ. локомотив  жинау зауытын салу. Жобаның мақсаты -Қазақстан Республикасының және Таяу шетелдердің теміржол саласындағы қазіргі заманғы магистральдық локомотивтерге мұқтаждығын қанағаттандыру және General Electric компаниясының технологиясы негізінде отандық локомотив жасаудағы жаңа бағытты құру – «Evolution»сериялы тепловоздар өндірісін ұйымдастыру. Қатысушылар - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, General Eleсtric (АҚШ). Іске асыру кезеңі - 2008-2010 жылдар. Жоба объектілерінің орналасқан орны: Астана қ., индустриалдық парк, арнайы экономикалық аймақта (АЭА).

Зауыттың өндіріс қуаты - жылына 150 локомотив. (кесте 5)

Осы инвестициялық жобаларды ескере отырып төмендегідей инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ.

1. Балқаш ЖЭС салу. Жобаның мақсаты: Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету және ҚР энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жобаның орындаушысы: «Балқаш ЖЭС» АҚ, оның акционерлері мыналар болып табылады: «Самұрық-Энерго» АҚ мен «KEPCO» және «SAMSUNG» оңтүстік корей компанияларының консорциумы және KAZAKMYS PLC. Жобаны іске асыру кезеңі: 2010 – 2015 жылдар. Орналасқан жері: Үлкен кентінен 2,5 км, Алматы облысы Жамбыл ауданы және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы. Өндірістік қуаты: жылына 7722 ГВт/сағ. Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже: Алматы өңірін сенімді электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету және Жұмыс орындары: құрылыс сатысында – 3550, пайдалану кезеңінде  – 800. Жобаны әзірлеу сатысы:

Жобаның ТЭН, сондай-ақ дайындық кезеңінің бірінші кезектегі объектілері бойынша ЖСҚ әзірленді. 2010 жылғы қаңтарда алғашқы объектілерді салу басталды. 

2. Мойнақ су электр станциясын  салу. Бұл жоба Шарын өзеніне (Алматы  облысы) бекітілген қуаты 300 МВт су  электр станциясын салуды көздейді. Жобаның мақсаты: ҚР оңтүстік өңірлерінің  тапшы энергия жүйесіне электр қуаты мен энергияны  жеткізуді ұйымдастыру үшін маневрлі көз жасау және оңтүстік өңірлердің қарбалас жүктемелерін жабу (электр энергиясының құрылатын теңгермелі нарығындағы жұмыс). Қатысушылар:

«Мойнақ СЭС-і» АҚ (51% - мемлекеттің 100% қатысуымен «ҚазҚуат» АҚ; 49% - «Бірлік» АҚ жеке меншік компаниясы) және Қытай су шаруашылығы мен энергетика халықаралық корпорациясы (China International Water & Electric Corporation) Мойнақ СЭС-інің негізгі  объектілерін  жобалау,  толық  салу  және

пайдалануға енгізу үшін мердігер ретінде тартылады. Жобаның іске асырылу кезеңі: 2006-2011 жылдар. Өндірістік қуаты: 300 МВт.

 

 

      Кесте 5.Қазақстанның инвестициялау картасының 2010-2014ж. арналған жобалары, млн.тг

 

 

3. Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы темір жол желісін салу. Жобаның мақсаты: Қорғас станциясында 4 аралық станциялары, 10 айналым жолдары жәен жүк тиеу терминалдары бар ұзындығы 298,4 км Жетіген – Қорғас бір жолды темір жолды салу. Жобаның бастамашысы:   «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ. Іске асыру кезеңі: 2009-2012 жылдар. Іске асыру орны: Алматы облысы. Жобаның параметрлері: Желінің өткізу қабілеті – жыл сайын жүктерді 30 миллион тоннаға дейін және тағы басқа инвестициялық жобалар бар.

Еншiлестерiн айтпағанда, қарамағына аса iрi 400-ге жуық компанияның өзi салық қоржынының бiр бүйiрiн толтырары анық. Салық қоржыны — халықтың әл-ауқатының барометрi iспеттес. Екiншiден, ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттегi аса iрi инвестициялық жобаларды iске асырумен айналысуда. Батыстың қаржы институттары мен халықаралық қаржы нарықтары Қазақстанды дағдарыстан күйзелiссiз шықты деп есептейдi. Дағдарыстан бiздiң алған сабағымыз — мұнай мен газға деген тәуелдiлiктен құтылу, экономиканы әртараптандыру, жаңадан жұмыс орындарын ашу қажеттiгi. Құны 46 миллиард долларға бағаланып отырған бұл жобалар бас-аяғы 5-7 жылдың iшiнде iске асырылуы қажет.

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келiмбетовтiң пiкiрiнше, ол қаржының мұртын бұзу қажет емес. Өйткенi, қаржы дағдарысы кезiнде онсыз да қордағы 10 миллиард долларды жұмсалды.

Екiншi қаржы көзi — бюджет. Алайда, бiздiң бюджеттiң негiзгi мақсаты — халықтың әлеуметтiк ахуалына оң ықпал ету. Сондықтан бюджеттен жырымдап қаржы алу дұрыс болмас едi.

Үшiншi және ең негiзгi қаржы көзi — тiкелей шетел инвесторларын тарту және IРО механизмi арқылы қаржы тарту. Әрине, дәл қазiр бiздiң жағдайымызда тiкелей инвестиция арқылы жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiгi молырақ.

Информация о работе Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау