Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері....................................................19
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом инвест.doc

— 2.52 Мб (Скачать документ)

Зауыттың жобалық қуаты:  жылына 24 мың тонна синтетикалық кіржуғыш ұнтақтар шығару.

Зауытты іске қосқаннан соң кеңес уақыты кезеңінде шығарылған және мамандар қайтадан орнына келтірген «Айна» кіржуғыш ұнтағының өндірісі қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, итальяндық мамандармен біріге отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес ұнтақтың жаңа түрін жасау бойынша жұмыс қатарынан басталды. Соның нәтижесінде  «RA» атты жаңа заманауи түрі алынды.  «RA» жаңа отандық кіржуғыш ұнтақтың алғашқы  жаңа топтамасы  2003 жылдың сәуірінде  алынды. Зауытты пайдалануға берген сәттен 2003-2008 жылдар ішінде шамамен 3500 тонна отандық ұнтақ шығарылып, сатылды. 

Жоғарыда аталған материалдардан көріп отырғандай, ұсынылған жоба химия саласындағы өндірушілерге қойылатын заманауи талаптарға жауап береді, және толық көлемдегі клиенттерді қамтуға қабылетті болады (сызба 1). 

Жобаны жүзеге асырудағы экономикалық шығындар мен пайдаларды салыстырғандағы көретініміз, нарық жағыдайында жобаны жүзеге асыру тиімді және бұл жағыдайда, құйылған қаржыны оған қосымша мүдделерімен қоса қайырып алуға кепілдік береді ,сонымен қатар, қомақты пайданы қамтамасыз етеді. 

Осы жобаға өтініш білдіруші ТОО «Алматинский завод СМС» ЖШС болып табылады, ол 06.12.2004 жылы  «Atlas Ltd» ЖШС қайта құру нәтижесінде  жекешеленген  кәсіпорын болып бөлініп шықты, және ресми тұрде 24.06.2005  жылы Алматы қаласының Әділет Департаментінде № 71294-1910-ТОО тіркелді.

Зауыттың ұйымдастыру құрылмы өндірістік және тұрмыстық, сонымен қатар қаржылық бөлімшелерді қоса отырғанда, тікелей бағынуды қарастырған. Зауыт бойынша қызметкерлердің жалпы саны  125 адам. Мұндай құрылым өте тиімді болып табылады, бірақ та өндірістің ұлғаюына байланысты өнімді өткізу мен өндіріс бөлімдерінің қызметкерлерінің санын арттыру болжануда және осы компанияның ұйымдастыру құрылымы сурет 2.5 -те көрсетілген.

 

       

Бас  директор

       
                   
                   

Өндіріс бойынша директор

   

Коммерциялық директор

   

Қаржы директоры

                   

Өндіріс бөлімі

   

Коммерция 
бөлімі

   

Қаржы  
бөлімі

                   

Өнеркәсіп цехы

   

Өнімді өткізу қызметі

   

Бухгалтерия

                   

Лаборатория

   

Қамтамасыз ету және логистика қызметі

   

Кадрлар жөніндегі инспектор

                   

Энергетикалық цех

   

Қойма шаруашылығы

   

Техникалық қамтамасыз ету бойынша

                   

Механика цехы

           

Қосымша  персонал

                   

ТБ және ТҚ Инженері

               
                   
                   

Cурет 2.5 - Компанияның ұйымдастыру құрылымы

 

Бөлу балансына сәйкес 2005  жылдың басындағы  «Алматинский завод СМС» ЖШСнің  «Банк Центр Кредит» АҚның алдындағы қарызы 17%-18% жылдық сыйақымен   4 414 651 АҚШ долларын құрады. Несие желісі 2000-жылы Италыиядан құралдар сатып алуға, жер телімін сатып алуға, құрал жабдықтарды жеткізу мен құруға, шикізат, материалдар, көлік құралдарын, лабоарториялық құралдар мен басқада қажетті техниканы сатып алуға «Atlas LTD» ЖШСне ашылған болатын.

2005  жылдың қазанында айналым  құралдары үшін 8 160 000 теңгеге (несие шарты № Ю-1  14.01.2006 жыл.), 52 000 000 теңгеге (несие шарты № Ю-259  07.10.2005ж.) қосалқы бөлшектер сатып алуға және зауытты жөндеуден өткізуге  «Алматинский завод СМС» ЖШСне қосымша несие желілері ашылды. Осыған сәйкес, жылдық сыйақы пайызы 11% и 12% құрады.

Аталған несие желісі бойынша осы күнге дейінгі қарыз (мерзімі асып кеткен негізгі қарыз, мерзімі асып кеткен сыйақы, сыйақының айыппұлы, негізгі қарыздың айыппұлы)  барлығы төмендегідей:

№ Ю-1  шарты бойынша       5 592 524 теңге –  2011 жылға дейін жер телімін сатып алуға;

 № Ю-259  шарты бойынша   61 104 564 теңге – мерзімінен кешіктірілген;

Қорытынды: 66 697 088 теңге  немесе 444 647 АҚШ доллары, бір долларға шаққанда  150 тенге  курсымен.

Зауыттың жұмыс істеген мерзімінен бастағандағы  несие бойынша қарыз 4 859 298  АҚШ долларын   150 теңге курсымен құрайды.

         «Алматинский  завод СМС»  ЖШС кіржуғыш ұнтақтар  мен тұрмыстық химия жабдықтарын  өндірудегі Қазақстан Республикасы бойынша  басты компания бола алады және бізді халық тұтынатын сапалы тауарларды өндірушілер ретінде қабылдауларына тырысады.  «Алматинский завод СМС»  ЖШС жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды қоса есептегенде, біздің өнімдеріміз  барлық тұтынушыларды жоғары деңгейде қанағаттандыру үшін, ең заманауи технологиялар мен бизнестегі ақылға қонымды шешімдерді біріктіреді.  

Осыған жету үшін  бірінші жоспарға өндірудің алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибесін және күнделікті сұранысты қадағалай отырып, тұрмыстық химия жабдықтарын сату мен нарықтың қажеттілігін зерттеуге қойып, үнемі өзіміздің білімімізді көтеріп отыруға біз барлығын жасаймыз. Біз бәсекелестіктен қорықпаймыз, өйткені,  өзіміздің бәсекелестік басымдылығымызды, яғни олар  біздің компанияның мамандарының жақсы атақтары мен байланыстары, тәжірибесі мен білім  қосындысынан тұратынын айқын көреміз. 

Компания мақсаттары

  • Тұрмыстық химияның отандық  өнімдерін өндіру;
  • Тұтыну нарығында маңызды үлесті алу;
  • Сапалы өнім мен сервис үшін тұтынушылардың бағасын алу.

Компанияның міндеттері

    • Қазақстанның барлық дәрежедегі тұтынушыларын отандық өндірістің тұрмыстық химиясы өнімдерімен қамтамасыз ету;
    • Тұрмыстық химиның отандық өнімдерімен экспортты  қалыпқа келтіру;
    • Әр марканың ассортимент желісін кеңейту және ассортимент қатарына пластикалық эконом-пакеттерді енгізу;
    • Кіржуғыш ұнтақтардың соңғы тұтынушыларының санын арттыру – мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерге белсенді қатысу есебімен заңды тұлғаларды;
    • Қазақстанның аймақтарын жедел меңгеру есебінен кіржуғыш ұнтақтардың соңғы тұтынушыларының санын арттыру;
    • Өкілеттіліктер ашу есебінен Қазақстан Республикасының ірі қалалары бойынша өнімді өткізу желілерін құру.

Жобаның негізгі мақсаты болып табылады:

      1. Зауыттың жұмысын қайта  қозғау;
      2. «Банк Центр Кредит» АҚдағы несиені қайта қаржыландыру;
      3. Зауыттың синтетикалық кіржуғыш жабдықтарын өндіру бойынша қызметін кеңейту.

КЖЖ аталған зауытта қайта қозғау келесі алғышарттармен қамтамасыз етілген:

Үкіметтің шағын және орта бизнесті дамытудағы мүддесі  мемлекеттік экономикалық саясаттың бағыттарын белгіледі:

    • әртүрлі қаржы құюды тарта отырып, тез салалық даму үшін қолайлы жағыдайлар жасау;
  • Республиканың химиялық және қайтаөңдеу салаларындағы отандық компаниялардың қаржылық және экономикалық қатысуы Үкімет жағынан кең түрде қолдау тапты және заңнама актілерімен қорғалады [34].

     Қазақстан Республикасының «Мемлекетік сатып алулар туралы» Заңына өзгертілер енгізілді, онда отандық өндірушілерді және жұмыстар, тауарлар, көрсетілетін қызметтер жеткізушілерін қолдау шаралары мен механизмдері, өндірістерді оқшаулауға жәрдемдесу, Президенттің тапсырысына сәйкес мониторинг пен есеп беруді жүргізу нормалары енгізілген.

 Үкіметтің отырысында «Самұрықк-Қазына» ҰДҚ Меморандум бекітілді, онда отандық өндірушілерді қолдау үшін қазақстандық қамуды арттыру бойынша  барлық шаралар қарастырылған.

 Мемлекеттік қолдау көрсетудің басымдығы белгіленген, олармен отандық кәсіпкерлер анықталады, ал олардың арасында отандық тауарөндірушілерге және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге  көптеген мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

 Заңға отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша  мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеу принциптері енгізілген. Сонымен, заңда  бұл принципті жеткізушілерді таңдауды реттегіш тәртіпті қолданбай жүзеге асыратын жұмыстар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерде сақтау ұсынылады.

Отандық потенциалды жеткізушілерді таңдау басымдылығы үшін, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдер қатарына қазақстандық қамтудың  болу өлшемі  енгізілген. Өтінілген шартты бағалар тең болған кезде,  отандық өндірушілерді жеңімпаз деп анықтау міндетті шарт болып көрсетілген.

Қолда бар өндірісті дамыту мен жаңа өндірістерді оқшаулау мақсатымен жеткізушіні таңдау мен онымен  мемлекеттік сатып алу туралы  шарт жасауды реттейтін заң нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасында  сериялық өндіруді ұйымдастыратын және тәжірибелі өнеркәсіптік үлгідегі тауарларды өндіруді қарастыратын отандық тауарөндірушілерден мемлекеттік тауар сатып алуды бес жылдық шарттармен жүзеге асыру  ұсынылады.  Бұл  бұрын шетелден сатып алып отырған тауарлардың жаңа өндірістерін іске қосу үшін жағыдайлар жасайды [35].

Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша экономиканы тұрақтандырудың ағындағы шараларына  сәйкес  мыналар жатады « …ең алдымен сатып алуларды барлық деңгейдегі отандық өндірістерге орналастыруды қарастыратын ұлттық холдинг басқармалары, ұлттық холдингтер, ұлттық басқару компаниялары, ұлттық компанияар мен үлестес заңды тұлғалардың сатып алуды жүргізуінің  бірыңғай ретін анықтау» [36].

Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу бойынша қатысушылардың өнімдеріне қойылатын барлық талаптарға  тек қана КЖЖ Алматы зауыты ғана жауап бере алады.

26 қарашада 2005 жылы Астанада  Қазақстан республикасының химиялық саласының келешегі мен мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының  индустрия және сауда вице-министрінде кеңес өтті. Қазіргі таңда  зауыт жұмыс жасап тұрған бірден бір кәсіпорын болғандықтан, Мемлекет зауытқа қолдау көрсетуді шешті:

    1. Синтетикалық кіржуғыш жабдықтарын өндіруге арналған шикізатты импорттауға кедендік баж салығы  мөлшерін қайта қарау;
    2. Ресейден  жеткізілетін  кіржуғыш ұнтақтарға  біздің сегментте бір жылға баж салығын көтеру.
    3. КЖЖ Алматы зауытына қорғау, демпингкеқарсы немесе өтемақы шараларын енгізу мәселелерін қарау.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген шаралар 2010 жылдың  қаңтарынан бастап орындалады, ол синтетикалық жуғыш жабдықтарының қазақстандық өндірушісін жақсы қолдауды көрсетеді [37].

 Халықтың жоғарысапалы, арзан өнімге сұранысын қамтамасыз етуден басқа, жобаны жүзеге асыру жұмыссыздық өсіп тұрған жағыдайда  қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қызметі басталғаннан күннен бастап,  зауыт еңбекақысы  штаттық кестеге сәйкес, 125  жұмыс орнын береді. Жуғыш заттар желісін  кеңейткен кезде, штат жұмысшыларын да  кеңейту көзделуде. Одан да басқа, несие жұмыс жасап тұрған кезде ғана  3 жыл ішінде  жергілікті және жалпымемлекеттік бюджетке түсетін салық төлемдері  4 323 978 809 теңгені құрады, оның ішінде бюджетке түсетін салық келесі 10-шы кестеде    көрсетілген.

 

Кесте 10 - Бюджетке түсетін салық

 

   - Пайдаға салынатын салық

2 213 260 837

   - Қосымша құнға  салынатын салық 

1 930 959 210

   - Әлеуметтік салық

71 078 856

   - Көлік салығы

82 999 600

   - Жер салығы

21 213 981

   - Мүлік салығы

4 466 325

Ескерту 10 - «Алматинский завод СМС» бизнес – жоспар негізінде


 

Жұмыс жасап тұрған кезінде  «Алматинский Завод СМС»  ЖШС өнімді тұтынушылармен байланыс орнатты. Компания өндіретін өнім халықтың жоғары сұранысына ие. Дайын өнімнің бағасы   Қазақстан нарығында  қойылған осындай өнім түрлерімен бәсекелесе алады.

Алматинский Завод КЖЖның  тұрған жері  Алматы облысы төмендегі себептермен тиімді:

  • Ішкі көлік көздеріне жақындығына байланысты шикізат пен материалдардың  негізгі жеткізушілеріне тиімді;
  • қажетті көлемде қажетті барлық коммуникацияның болуы: суменқамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, жылуменқамтамасыз ету;
  • қажетті өндірістік алаңдардың барлығы.

МСТ 25644-96 мен ТЖ 7000ҚР 30423318 ЖШС-001-2002 талаптарымен мұнарасыз технология бойынша өндірілетін кіржуғыш ұнтақ. Жуғыш синтетикалық ұнтақ заттар.

Кіржуғыш ұнтақтардың сақтау мерзімі ТЖ 7000ҚР 30423318 талаптарына сай келеді, және   24 айды құрайды. Кіржуғыш ұнтақ табиғижабысқыш, физико-химиялық және  токсикологиялық көрсеткіштері бойынша  Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау Министрлігінің Тазалық-эпидемиологиялық қадағалау Мемлекеттік Комитетінің Қазақ Республикалық стансасының тексерісінен өткен [38].

Кіржуғыш ұнтақтың қауыпсіздігі № 41-2129-6029   26.12.02 жылғы сынау хаттамасымен  мақұлданған.

Кіржуғыш ұнтақтың № 30353644  20.06.03 жылғы «Национальный Центр Экспертизы и Стандартизации» ААҚ Алматы филиалы берген  сәйкестік сертификаты бар.

Ұқсас кіржуғыш ұнтақтардың күрделі қоспалары

  • Сурфактанттар – кіржуғыш ұнтақтң негізгі құрамдық бөлігі.  Бұл суда еритін үстіртін-белсенді заттар  (ҮБЗ).   Кір жуғанда олар кірді және кейбір майлы   дақтарды жоғалтады.
  • Фосфаттар – кір жуу барысында аз рөл атқармайды. Олар суды жұмсартады, суфрактанттың қызметін қиындататын магний мен кальцидың еркін иондарын бейтараптандырады, сонымен, соңғысының “жұмыс жасауына” тиімділік көрсетеді. Соңғы уақытта фосфаттардың орнына экологиялық қауыпсіз, фосфаттардың барлық қасиеті бар цеолит  келді. 
  • Ағартқыштар – қышқылдандыру заттарының көмегімен  әртүрлі, негізінде өсімдік тегінен болған «түрлі түсті» дақтарды ағартады. Оптикалық ағартқыштар  – матаның талшықтарында тұрып қалып, жарықты  тебетін заттарды, кез келген , әсіресе, ақ  түске қаныққан түс беруге .
  • Энзималар – биологиялық-белсенді заттар, белоктарды сілтілендіруге көмектеседі, жай ұнтақтар кетірмейтін органикалық дақтарға  әсер етеді.
  • Полимерлер – матаға қайтадан кірдің отыруын болдырмайтын агенттер. Жуылған кірді ұнтақ ерітіндісінде ұстайды және оны матаға қайта отыруға мүмкіндік бермейді.
  • Ароматизаторлар – ұнтаққа және жуылған заттарға жағымды иіс береді. Түк пен түйіртпектердің пайда болуын болдырмайтын күрделі қоспалар – керемет компоненттер. Жоғары сапалы ұнтақ шығаратын әрбір компания өзінің сондай компоненттеріне патент алды.

Информация о работе Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау