Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері....................................................19
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом инвест.doc

— 2.52 Мб (Скачать документ)

Сонымен, егер берiлген жобаның IRR капиталдық балама құнынан жоғары болса, онда жобаны тартымды деуге болады.

Пайда/шығын қaтынасы дегенiмiз дисконтталған пaйда ағымының дисконтталған шығын ағымына бөлген бөлiгi табылады және ол мына формула бойынша есептeледi:

Бұл критерий табыс индексi критерийiнiң жеке жағдайы болып табылады.

Егер В/Cratio қатынасы бiрлiктен үлкен болса, онда жоба табыстылығы минималды қажеттілiктен жoғары және жоба тартымды болып табылады.

Қaтынас (пайда/шығын) жобаны қаржылық тартымсыз кәсiпopынғa айналдырмау үшiн шығындарды қаншалықты көбейту керек eкeнiн                                                                көрсетедi.

Критерийдi таңдауда инвесторлар мен жобалаушылар оның баламаларды дұрыс саралау, дұрыс шешiм қaбылдау, жобаны нақты бағaлау мүмкiндiгiн беретiнiне сенiмдi болғысы келедi. Ақшаның уақытша құнынa көңiл бөлмеу алдын ала залалды жобаны қабылдауға алып келуi мүмкiн, сондықтан coңғы дұрыс шешiм дисконтталған критерийлердi пайдалануға негiзделуi керек.

Жобаларды салыстыру - инвестордың дұрыс шешiм қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негiзделедi және инвестицияларды жобалаудағы eң күрделi мәселелердiң бiрi болып табылады. Мұндай жобаларды түрлi критерийлер бойынша саралау кезiнде қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан өзара балама жобалармен жұмыс жасағанда да ұсыныстар әp түрлi болуы мүмкін. Осылайша, түрлi критерийлер арасындағы жанжалдар тepeңіpeк зерттеудi қажет етедi [16].

Инфляция әсepiн талдау eкi вариант үшiн келтiрiлyi мүмкін:

- ресурстардың (кipic және шығыс) жекелеген құрамдас бөлiктерi бойынша инфляцияның әp түрлi қарқыны;

- шығындардың әp түрлi құрамдас  бөлiктерi үшiн инфляцияның бiрдей  қарқыны.

Haқты жағдайға сай болатын  бiрiншi вариант аясында таза мән  әдiсi стандарты формада қолданылады, бiрақ шығын мен табыс құpaмы және дисконт көрсеткiштерi жылдар бойынша күтiлетiн инфляция қарқынынa сәйкес дұрысталады. Pecyрстардың әр түрлi типтерiне арналған инфляцияның әр түрлi қарқынын болжау - қиын және орындалмайтын есеп.

Екiншi вариант аясында инфляцияның әcepi ерекше сипатқа ие: инфляция есептеуде табылатын сандарға (аралық мәндер) әсер етедi, бiрақ қорытынды нәтижеге және жоба тағдырына қатысты соңғы нәтижеге әсер етпейдi.

Инвестициялық жобаның қаржылық жағдайын қаржылық есептің қаржылық бағалаудың негізгі формалары деп аталатын 3 формасына негізделеді:

    1. табыс туралы есеп;
    2. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
    3. баланстық есеп.

Табыс туралы есеп [(net)income/profits statement немесе statement of profits and losses= таза табыс ведомосі немесе табыстар мен шығыстар туралы есеп немесе қаржылық нәтижелер туралы есеп] - бұл қаржылық бағалаудың ең қарапайым формасы. Бұл форманың мақсаты – белгілі бір кезең аралығындағы кәсіпорынның (жобаның) өндірістік қызметі процесінде алынатын табыстардың сол кезеңде жұмсалған және алынған табыстармен байланысты шығындармен қатынасын көрсету [17].

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – инвестициялық жобаны бағалаудағы негізгі форма болып табылады, яғни жобаның қаржылық тұрақтылығын анықтау кезіндегі бюджетті белгілейді. Осы есеп арқылы пайда болған қаржылық ресурстар және осы ресурстарды пайдаланылғаны туралы біле аламыз.

Ақша қаражаттарын қолданудың себептері:

    1. айналым капитал көбейту үшін тұрақты активтерге бағытталған инвестициялар;
    2. ағымдағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
    3. сыртқы қарыздарды жабу;
    4. бюджетпен есеп айырысу;
    5. дивиденттерді төлеу.

Баланстық есеп - бұл дәстүрлі бухгалтерлік баланс. Бұл форманы қолданған кезде жобаның мүліктік құрылымының (активтер мен пассивтер) өзгеріс динамикасы көрсетіледі. Сол арқылы жобаның қаржылық жағдайын білуге болады, яғни жалпы өтімділіктің бағалануы, айналымдылық коэффициенті, жалпы төлемқабілеттігі және тағы басқаларының көрсетілуі [18].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ («САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

 

    1. «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау  және бағалау

 

 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат Қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» тұрақты даму Қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылған.

Сонымен ұлттық даму институттарына бөлінген «Қазына» қордың қаржы активтері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингтің мемлекеттік акция пакеттерінде жинақталған акционерлік капиталы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының басқаруына біріктірілді. Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді басқару, олардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру және дүниежүзілік нарықта бәсекелестігін көтеру. Сәйкесінше, Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары – жалғыз акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі таза жұмыс жүргізу. 

Қордың миссиясы -  Қордың  тобына  кіретін  активтерді  тиімді басқару  және  ұйымдардың   ұзақ   мерзімді  құнын  көтеру  арқылы  Қазақстан  Республикасының ұлттық әл-ауқатын жоғарылату [19].

 

Сурет 2.1 - табыстар мен шығыстар көрсеткіштерінің динамикасы (2012 ж.=100%)

 

2022 жылға қарай Қордың болжамы – ел  экономикасының  тұрақты  жұмыс  істеуін қолдау негізі және  шикізаттық  емес  компанияларды  дамытудың  жетекші  катализаторы  болып  табылатын,  үздік әлемдік  тәжірибелерге қол жеткізген компанияларды біріктіретін стратегиялық 

холдинг. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат Қоры» акционерлік қоғамының 2012ж табыстар мен шығыстар көрсеткіштерінің динамикасы сурет 2.1-де көрсетілген. Миссияны  жүзеге асыру  және болжамға  қол жеткізу  үшін Қор үш стратегиялық бағыт бойынша әрекет етеді:

1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын жоғарылату;

2. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға атсалысу;

3. Әлеуметтік жауапкершілік.

Бірінші  бағыттың  аясында  Қордың  негізгі  мақсаты  үздік  әлемдік  тәжірибелерге қол жеткізген компанияларды қалыптастыру және олардың ұзақ  мерзімді құнын жоғарылату болып табылады. Қор компанияларының  қызметі  жоғары  операциялық  тиімділік,  өндірімділік  және  табыстылық,  жоғары қаржылық тұрақтылық,  инновациялық  дамудың  жоғары  деңгейі,  активтердің  көлеңкесіз және оңтайлы құрылымы секілді  өлшемдерге  жауап беруі тиіс. Жоғарыда  көрсетілген  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  Қор,  ішінара,  келесі міндеттерді  жүзеге асырады:

1. Корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату;

2. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

3. Активтерді қайта құрылымдау және компанияларды ІРО-ға шығару;

4. Инновацияларды дамыту;

5. Адам капиталын дамыту.

Екінші  бағыт  аясында  Қордың шешуші мақсаты жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық активтерді құру  және  әрекет  етушілерді  жаңғырту,  сонымен қатар үстеме құнның тізбегін дамыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қор, атап айтқанда келесі міндеттерді 

жүзеге асырады: 

1.   Стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыру;

2.   Жеткізілімдерді тиімді басқару және кәсіпкерлік ортаны дамыту;

3.   Даму институттары арқылы экономиканы дамытуға ынталандыру.

Осы стратегиялық бағыттың аясында Қор оның тобында әлеуметтік 

жауапкершілік стандарттарын жоғарылатуды өзінің мақсаты етіп қояды. Қор 

оның  қызметі  туралы  ақпараттың көлеңкесіздігіне  және  ашықтығына  бағытталған  бірыңғай  коммуникациялық  стратегияны  құру, экологиялық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  кадрларды  дайындау  және  жұмыскерлердің 

біліктілігін    арттыру,    әлеуметтік    әріптестік    қағидаттарының    негізінде 

әлеуметтік-еңбек  қатынастарын тиімді реттеу арқылы  компаниялар тобында  әлеуметтік жауапкершілікті жоғарылататын болады. Сонымен қатар кесте 3 және 4-те «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат Қоры» акционерлік қоғамының шоғырландырылған қаржылық көрсеткіші мен сегменттердің бөлісіндегі 2012 ж. үшін қаржылық көрсеткіштер көрсетілген.

 

 

Кесте 3 - Шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер

 

Атауы

Өлшем бірл.

2012 ж.

2011ж.

2010ж.

Өзгеріс,

(2011-2012) %

Шоғырландырылған таза түсім

млрд теңге

350,6

634,4

545,4

-45

Бас компания Акционерінің үлесіне

шаққандағы шоғырландырылған та-

за түсім

млрд теңге

330

545

452

-39

EBITDA ((Өткізуден түскен табыстар және пайыздық табыстар, барлығы – Өткізудің өзіндің құны және пайыздық шығыстар – Жалпы және әкімшілік шығыстар – тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар) + (Өткізудің өзіндік құнында, жалпы әкімшілік шығыстарда және тасымалдау және өткізу бойынша шығыстарда ескерілетін негізгі қаражаттардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы).

 

715,3

747,4

615

-4

EBITDA margin (EBITDA / Өткізуден түскен табыстар және пайыздық табыстар, барлығы.)

%

16,2

20,60

16,3

-21

ROACE (NOPAT / ACE, где NOPAT = Тоқтатылатын бизнеске түзетілген, басты компания Акционеріне келетін пайда + Пайыздар бойынша шығыстар × (1 – КТС мөлшерлемесі); ACE = басты компания Акционеріне қатысты меншікті капитал + Барлық пайыздық міндеттемелер.)

%

6,3

9,4

6,5

-33

ROA (Таза табыс / Бір жыл ішіндегі орташа активтер)

%

2,7

5,3

3,2

-49

ROE (Таза табыс / Бір жыл ішіндегі  орташа меншікті капитал)

%

6,3

12,5

10,1

-50

EVA ((ROACE - WACC) × ACE, WACC = меншікті капитал құны × Меншікті капитал үлесі + қарыз капиталының құны × Қарыз капиталының үлесі × (1 – КТС мөлшерлемесі))

млрд теңге

-476,9

-150,4

-180,3

-217

Ескерту 3 - «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жыдық есептері негізінде


 

Кесте 4 - Сегменттердің бөлісіндегі 2012 ж. үшін қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге

  

Атауы

Мұнай-газ

Тау-кен

Тасымалдау

Химия

Энергетика

Қаржы институттары және даму институттары

Корпоративтік орталық және жобалар

1

Жалпы табыс

2 715,4

363,5

846,7

202,3

150,5

684,6

295,9

2

Жалпы шығыс

2 614,3

309,3

681,8

179,9

132,4

941,9

800,5

3

Өткізуден түскен табыстар және пайыздық табыстар

2 627,1

353,6

821,3

195,2

140,8

357,9

187,4

4

Өткізудің өзіндік құны және пайыздық шығыстар

1 837,7

261,4

568,5

139,8

108,7

319,1

153,5

5

Жалпы табыс

789,3

92,2

252,8

55,4

32,2

38,8

33,8

6

Жалпы әкімшілік шығыстар

160,1

21,7

78,0

22,0

12,9

105,7

44,1

7

Тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар

350,7

3,8

6,8

4,6

0,3

0,0

1,8

8

Активтердің құнсыздануынан келген шығындар

61,8

4,0

2,3

2,6

0,4

446,2

590,2

9

Операциялық қызметтен келген түсім (шығын)

218,0

63,4

177,4

26,2

19,0

-246,2

-570,4

Ескерту 4 - «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жыдық есептері негізінде

Информация о работе Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау