Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері....................................................19
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом инвест.doc

— 2.52 Мб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6

 

1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..........................................................6

1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары................................................11

1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау  әдістері....................................................19

 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА).......................32

 

2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау және бағалау.........................................................................................................................32

2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46

2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58

 

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…........…68

 

3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68

3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..….93

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96

 

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….…..99

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050″ стратегиялық бағдарламасында жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизмі ұсынылды. Елді түгел қамтитын экономикалық прагматизмді арттыру қажеттілігін атап өтті [1].

Еліміздің экономикадағы өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық жобаларды құру болып табылады. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз» - деп айтылған [2].

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Қазақстанның химия өнеркәсіп кешені – ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. Әлемдегі химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлемдік өндірістегі қазақстандық өндірістің үлесі – 0,04%, елдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемінде – 1,61%, елдің өңдеуші өнеркәсібінің көлемінде – 4,84%-ды құрайды. 2012 жылдың қорытындылары бойынша сала өнімі экспортының көлемі 101 млрд. теңгені немесе шамамен 0,84 млрд. АҚШ долларын, ал импорт – 92 млрд. теңгені немесе 0,76 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қатаң бәсекелес жағдайында тұрмыстық химия өнеркәсібінің даму тұрақтылығын қамтамасыз ету әрдайым қажетті инвестиция көлемін тарту негізінде ғана болады және инвестициялық жобалардың ішінде экономикалық тұрғыдан тиімдісін ғылымға негізделіп таңдауды қажет етеді.

Инновациялық, ғылыми жоғары технологиялық сферадағы өндірістік инвестициялардың өсуі бәсекеге қабілетті экономиканың дамуына ықпал тигізеді. Тұрмыстық химия өнеркәсіп орындарын ашу, инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асырудағы жұмыстар ішкі нарықтағы бәсекені қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстан үшін тұрмыстық химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалардың тиімділігін экономикалық бағалау ерекше түрде өзекті  мәселе болып табылады.

Тұрмыстық химия өнеркәсіп саласында субъектінің экономикалық қызметіне теріс әсер ететін және оларды басқаруды талап ететін әр түрлі тәуекелдер түрлеріне толы. Осыған байланысты инвестициялық жобалардағы тәуекелді зерттеу мен оларды шешу жолдарын іздеумен бұл жұмыс өзекті болып келеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Инвестициялық жобаларды талдап, бағалау тиімділіктерін зерттеп, даму перспективаларын анықтау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу  алға қойылған:

  • Инвестициялық жобалардың теориялық негіздерін зерттеу;
  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін қарастыру;
  • Кәсіпорын мысалында инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау және арттыру.

Зерттеу обьектісі инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан тұрмыстық химия өнеркәсібі саласы алынды («Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ мысалында).

Зерттеу пәні – экономикалық салаларда қолданылатын талдау, инвестициялар, олардың қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы мәні мен маңызы, экономикалық салада бағалау әдістемесі.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі инвестициялық жобаларды талдау, оларды дамыту мен басқару және қаржыландару мәселелері бойынша экономист-ғалымдардың еңбектері, мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, Статистика жөніндегі Агенттігінің, химия  саласындағы компаниялардың, («Алматинский завод СМС» ЖШС)мәліметтері және басқа да есептік ақпараттар пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  • инвестициялық жобалардың маңызы мен рөлі сараланып, химия саласындағы компаниялардың жобаларының тәуекел жағдайын шешу жолдары көрсетілді;
  • химия өнеркәсібі саласында асырылып жатқан жаңа жобалардың химия саласының қарқынды өсуіне әсері негізделген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс құрылымды түрде  мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, үш тарау және қорытынды.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі ашылады, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталады.

Бірінші тарауда талдаудың объективті қажеттілігі мен мазмұнын ашады және кәсіпорындардың инвестициялық жағдайын талдау бойынша отандық  және шетелдік авторлардың  зерттеу ауқымын ұсынады, кәсіпорындардың инвестициялық жағдайынының қажеттілігін сипаттайды.

Екінші тарауда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі инвестициялық жобаларын талдау мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Алматинский завод СМС» ЖШС-тің инвестициялық жобасына талдау жасалынды, өтімділік, несиеге қабілеттілік, төлем қабілеттілік топтарының көрсеткіштерінің есебі, кәсіпорынның кірісін талдау, «Алматинский завод СМС» ЖШС-тің қызметінің іскерлік белсенділігі мен тиімділігін талдау, сонымен қатар басқарылуы мен бақылауларын талдау ұсынылады.

Үшінші тарауда «Алматинский завод СМС» ЖШС-тің инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау, тәуелсіздік және тұрақыздық жағдайы қарастырылған.

Қорытынды бөлімде нәтижелер мен ұсыныстар келтіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1  Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері

 

 

Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.

Инвестициялық  жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген.

Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар құрылыс жобаларынын мүлікті бағалауға дейін жоба сәйкес келмеуі мүмкін [3].

Уақытша фактор – инвестициялық жобаны бағалауда негізгі рольді атқарады. Бұл графикте 3 даму фазаларын атап айтуға болады. Осы кезеңдер жобаның өмір сүру уақытын білдіреді.

Бірінші фаза. Кей жағдайларда толығыменен анықтала алмайды. Бұл кезеңде оның техника-экономикалық жағдайлары талданады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жабдықтаушылар таңдалынады, потенциалды инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізіледі.

Инвестицияны алдын-алу фазасының соңында инвестициялық жобаның бизнес-жоспары болуы қажет. Жоғарыда аталып кеткендей, көп уақыт пен ақша қаражаттарын талап етеді.

Келесі бөлім инвестииялауды білдіреді немесе жүзеге асыру фазасы. Бұл фазаның басқалардан ерекшелігі – бұл дамуы кезінде алдағы фазалардын едәуір мөлшерде шығындарды талап етеді.

Бұл бөлімде кәсіпорынның тұрақты активтері қалыптасады. Кейбір шығындар (персоналды оқыту, тағы басқа) өнімнің өзіндік құнына енгізілуі мүмкін.

Негізгі құралдың жұмыс істегенінен бастап, үшінші фаза, эксплуатациялық фаза іске қосады. Бұл фазада өнімді өндіру басталуымен және қызмет көрсетулермен сипатталады.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.

Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін

кәсіпорынның іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Қазақстанның тәжірибесінде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс [4].

Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз кесте 1-ден көре аламыз.

 

Кесте 1 - Инвестициялық жобалардың жіктелуі

 

Жіктелуі

Түрлері

  1. Қажетті инвестицияның көлемі бойынша:

- Кіші жоба

- Мега жоба

  1. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бойынша:

- Қысқа

- Орта

- Ұзақ

  1. Тәуекелге қатысты:

- Тәуекелді

- Тәуекелсіз

  1. Жобаның қатысушысы бойынша:

- Мемлекеттік

- Біріккен

     -  Шетел инвесторлар

Ақша ағымының типі бойынша:

- Жай

- Жай емес

  1. Жобалар арасындағы қарым-қатынастары бойынша:

- Тәуелсіз

- Өзара бірін-бірі жоққа шығару

- Орнын толтыру

- Өзара әсер ету

Ескерту 1 - Методы оценки инвестиционных проектов. Финансы и статистика. Ковалёв В.В.


 

Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:

Информация о работе Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау