Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:33, реферат

Краткое описание

Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.

Прикрепленные файлы: 1 файл

dipl_1426.doc

— 977.50 Кб (Скачать документ)

 

7.10.2.  Психофизиологиялық әдіс.

 

        Әрбір адамда еңбек процесінде  қолданатын психофизиологиялық  әлеуетінің деңгейі болады. Бұл  әлеуеттің азаюы шаршаудың пайда болып, жиналуында байқалады. Шаршаудың белгілі бір деңгейінің қалыптасу жеделдігіне, абсолютті шамасына, тиімді жұмысқа қабілеттілігінің қалыптасу жылдамдығына қарай еңбек қарқындылығының деңгейі жөнінде айтылады. Бірақ, мұны еңбектің ауырлығы мен қарқындылығының ұқсастығымен түсіндіреді. Адам ағзасының тіршілікке қажет күшінің барлық шығындары жұмыс уақытында өнім өндіруге жұмсалған шығындар болса ғана,  мұндай ұқсастық мүмкін деп айтуға болады.

      Бұл әдісті пайдалану кезінде  келесідей көрсеткіштер қолданылады: еңбек ету кезіндегі қанның минуттық көлемі (ҚМҚ), жүрек соғуының жилігі (ЖСЖ), ағзаның рефлекторлы реакциясының деңгейі, еңбек ету кезіндегі минуттық дем алу көлемі, ауаны минуттық пайдалану, жұмысты орындау кезіндегі жалпы энергиялық шығындар және т.б. Бұл көрсеткіштер жұмыс процесінде ағзаның жүйке-психологиялық және физиологиялық функцияларын сипаттайды. Функция өзгеру мен шаршау деңгейінің арасындағы сандық тәуелділікті анықтау арқылы еңбек қарқындылығының деңгейі жөнінде пікір айтуға болады.

      Бұл жайында қарапайым әдістер  де бар. Мысалы, Л.Ф.Никулин, нақтылы  өндірістік жағдайда, шын қарқындылық  деңгейін жедел бағалауда жүрек  соғуының жиілігін неғұрлым барабар  көрсеткіш ретінде пайдалануды  ұсынады. Ол жұмыс істеп жатқан ағзаның физиологиялық қарқынының әр түрлі жақтарын (бұлшық ет, температуралық, жүйке сезімдік және т.б.) сипаттайды. Жұмыс кезінде жүрек соғуының жиілігі әйелдерде 75-80 соғу/ мин, ерлерде 70-75 соғу/мин, сонымен бірге мүмкін деп саналатын жүрек соғу жиілігінің физиологиялық шегі 65-100 соғу/мин тең.[Никулин Л.Ф.Интентификация трудовых процесов: методы количественной оценки  М/экономика,1981.с 9.]

Еңбек қарқындылығын  өлшеудің психофизиологиялық әдісі  жұмысты көп талап ететін, арнайы  білімді және осы әдіспен жұмыс істеу үшін қажетті  құрал-жабдықтың болғанын  талап етеді. Психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін кісілерді жұмыстан босату керек болады және ол үшін уақыт қажет болады. Жұмыс уақытын бос пайдалануға мүмкіндік беретін, нашар ұйымдастырылған еңбек процесінде қолданған психофизиологиялық әдіс еңбек қарқындылығы жөнінде бұрмаланған мәліметтерді береді.

 

7.10.3.   Әлеуметтік әдіс.

 

  Бұл әдіс  жұмыскердің шаршау және жұмысқа  деген қабілетінің деңгейі жөнінде,  сұрау, сауалнама, интервью алу  жолдарымен ақпараттар топтап, жұмыскердің жұмысқа деген қабілеттілігін қалыптастыру және өндірістік шаршау деңгейінің мөлшерін өрнектеу мақсатында өңделеді.

Жұмысшылар  еңбегінің ауырлығын және қарқындылығын  зерттеу үшін бірқатар жеке және жалпыланған  коэффициенттер есептелінеді. Бұл коэффициенттер жұмысқа деген қабілеттілікті қайта қалыптастыру деңгейін ескереді Бұл кезде алдын-ала шаршаудың қандай да бір деңгейін сезетін жұмыскерлер үлесін сипаттайтын жеке коэффициенттер алынады. Жеке коэффициенттер екі топқа бөлінеді.[Черкасов Г.Н.,Писарев А.С.,Куцес А.И. Нормализация  интенсивности труда и интенсификация права. Куйбышевское книжное издательство,1986.с 82-83]

     Бірінші  топ - кәдімгі және кешкі шаршаудың  жеке коэффициенті. Оған жататындар:

    1. Ауырлықтың  жеке коэффициенті (АЖК), ол келесідей формуламен есептелінеді:

 

АЖК = Стш / Сз

 

Мұндағы: Стш - қатты шаршаған жұмыскерлер саны:

                        Сз   - зерттелген жұмыскерлердің жалпы саны.

 

     2. Бірқалыпты жағдайдың жеке коэффициенті (БЖК)

 

БЖК=Сәш/ Сз

 

мұндағы : Сәш - әлсіз шаршауды сезінетін жұмыскерлер саны;

 

    3. Жеңіл  еңбектің жеке коэффициенті (ЖЕК) 

 

ЖЕК =Сжкш/ Сз

 

Мұндағы: Сжкш - жұмыстан кейін шаршамайтын жұмыскерлер саны.

 

        Неғұрлым тиімді жағдай келесідей,БЖК=1, АЖК  және ЖЕК= 0.

       

Екінші топта таңғы шаршаудың  жеке коэффициенттері.

       1.Толық жұмысқа қабілеттіліктің  жеке коэффициенті (ТЖҚЖК):

 

ТЖҚЖК= Сжд / Сз

 

       Мұндағы: Сжд - шаршауды сезінбейтін, жақсы демалып келген,

                                  жұмыскерлер саны .

 

      2. Толық емес жұмысқа қабілеттіліктің  жеке коэффициенті(ТЕЖҚЖК):

 

ТЕЖҚЖК=Стеж/ Сз

 

     Мұндағы:  Стеж - шаршаңқырап жұмысқа келген жұмыскерлер саны.

 

      3. Жұмысқа деген қабілеттілігі   болмауының жеке коэффициенті (ЖҚБЖК):

 

ЖҚБЖК =Сқш/ Сз

     Мұндағы:  Сқш - қатты шаршап, жұмысқа келген жұмыскерлер саны.

 

Толық жұмысқа  қабілеттіліктің жеке коэффициенті бірге тең болған сайын жағдай соғұрлым тиімді болады.

Еңбек ауырлығының  жалпы коэффициенті (ЕАЖК), зерттеліп  жатқан жұмыскерлер жиынтығының еңбектің ауыртпалық жағдайына бейімделу деңгейі келесідей формуламен есептеледі:

 

ЕАЖК = ТЖҚЖК - ЖҚБЖК.

ЕАЖК  +1 ден (еңбек  ауырлығына бейімділіктің төмен  болуы –барлық жұмыскерлер қатты  шаршайды) 0-ге дейін және әрі қарай -1-ге дейін (жұмыскерлер шаршамайды) өзгеріп тұруы мүмкін.

Жұмысқа қабілеттіліктің  орнын толтыру коэффициенті (ЖҚОТ) жұмыскерлер жиынтығының жұмыс  алдындағы жағдайын, жұмыстан тыс  уақытта жұмысқа деген қабілеттіліктің  орнын толтыруын сипаттайды:

 

ЖҚОК=(ТЖҚЖҚ+ ТЕЖҚЖК) – (АЖК+ БЖК)

 

ЖҚОК +1-ден -1-ге дейінгі аралықта болады. Коэффициент  шамасы 0-ден 1-ге тең болуы өткен  кезеңдегі еңбек процесінде жұмсалған  күштің орнын толтырудың жеткіліксіз  деңгейі жөнінде айтады.

Соңғы жалпылама  коэффициент - бұл коэффициент нақты  және қоғамдық –рухани еңбек қарқындылығы (І), келесідей формуламен анықталады:

І= ЕАЖК / ЖҚОК

 

Бұл коэффициент  жұмыстан тыс уақытта еңбектің қалыптасу  процесі мен еңбек уақытында  жұмысқа қабілеттіліктің жоғалу процестерінің арасындағы  қатынасты  көрсетеді.

Қоғамдық –рухани еңбек қарқындылығы  І бірге тең болған сайын жағдай тиімді болып есептеледі. Жұмысқа қабілеттіліктің орнын толтыру коэффицентінің кез келген мәнінде (ЖҚОТ) еңбек ауырлығының жалпы коэффиценті (ЕАЖК) нөлге тең болса, онда қоғамдық – рухани еңбек қарқындылығы І нөлге тең немесе төмен болады, егер еңбек ауырлығының жалпы коэффициенті (ЕАЖК) кез келген мәнінде  Жұмысқа қабілеттіліктің орнын толтыру коэффициентінің кез келген мәнінде (ЖҚОТ) нөлге тең болса, онда қоғамдық –рухани еңбек қарқындылығы (І) кез келген мәнге тең болуы мүмкін, ал ол болса жұмыс күші шығынының жоғары деңгейде екендігін айтады.

Еңбек қарқындылығын  әлеуметтік өлшеу әдісі өте қарапайым, қолданбалы және үлкен шығындарды талап  етпейді. Ол жұмыстан үзіліссіз зерттеліп  отырғандардың үлкен жиынтығын қамтуға мүмкіндік береді (ақпарат жұмыстың басында және соңында жиналады, сонымен қатар демалу уақытында). Сонымен бірге зерттеу нәтижесінің объективтілігі зерттеліп жатқан жұмыскерлердің саны мен ақпараттарды өңдеу және жинау ережелерін сақтауға байланысты. Бұл әдіс жекелеген жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігін және шаршауын зерттеуде қолдануға болмайды. Бұл еңбек қарқындылығын сыңаржақты сипаттамасын ғана береді.

                

7.10.4. Экономикалық әдіс

 

Еңбек қарқындылығын  өлшеудің тікелей экономикалық әдісіне

 А.А. Пригариннің  ұсынған әдісін жатқызуға болады, мұнда сағаттық еңбек қарқындылығы  келесідей болып есептеледі (Пригарин  А.А.и др. Напряженность норм труда-М:Экономика,1968 .с.8-9):

 

Қ= Т´А´К,

 

Мұндағы: Т,А - бір  жұмыс қозғалысын орындауға керекті жұмыс

                           қарқыны мен жұмсалған күш;

                        К -    қолайсыз еңбек жағдайында  жұмысшының энергия 

                                 шығынының артуын ескеретін коэффициент.

 

Келесі тікелей  әдіс Черкасов Г.Н және Клименко Г.А.ұсынған әдіс. Бұл әдіс еңбек процесінің салыстырмалы сандық көлемін элементтерге бөлінуін, еңбектің шартты бірлікте бағалануын және уақыт бірлігінде, шартты бірлікте кеткен жалпы еңбек шығынын анықтауды ұсынады.

Тікелей экономикалық әдістер қанағаттанарлық емес, себебі  көрсеткіштерді анықтау әдістемесі  күрделі және көп күшті талап етеді.

Тікелей әдістерге  қарағанда жанама әдістердің тәжірибелік  мәні үлкен. Оның мәнін жұмыс уақытын  пайдалануды есептеу арқылы тауып, еңбек қарқынының деңгейін бағалаудан тұрады.

Еңбек қарқындылығын  өлшеудің жанама әдісіне жұмыс қарқыны  бойынша бағалау әдісі, құрылымдық- аналитикалық әдіс және әлеуметтік- экономикалық модель негізінде бағалау әдісі  жатады.

 

8.10.5.  Жұмыс қарқыны бойынша еңбек  қарқындылығын бағалау әдісі.

Адамның ақыл-ой және дене шығынының біркелкілігі мен  өсіңкілік критерийіне сәйкес келетін  жұмыстың кейбір түрлері бойынша  еңбек қарқындылығын жұмыс қарқыны  мен қозғалыс жылдамдығын бағалау  көмегімен есептеуге болады.

 Бұл әдіс  жұмыстың нақты қарқынын ұқсас эталонды қарқынмен салыстыруды ұсынады. Эталонды қарқын мәні ретінде әртүрлі жұмысшыларлың қозғалысының мөлшерлі (нормативті) көрсеткіштері бола алады, ‹‹мөлшерлі» жұмыскердің жұмыс қарқынының жалпы шамасы, жұмыстың кейбір түрлерінің қарқындылық деңгейі арнайы суреттеме, кесте, кино, бейне шежіре түрінде ұсынылады. Эталонды жұмыс қарқынының деңгейін бірге тең деп қабылдап, сәйкесінше қарқынның  нақты деңгейі бұл мәннен үлкен немесе кіші болуы мүмкін.

Еңбек қарқындылығы деңгейін дәл бағалауды арттыру үшін, еңбек қозғалысын орындаудың эталондық қарқынын анықтаудың келесідей ыңғайлы түрін  қолдануға болады ЭҚ (қозғалыс/мин):

 

ЭҚ =60´V0/L - I/ tn

 

Мұндағы: Vo- еңбек қозғалысының тиімді жылдамдығы, м/с;

                        L -  еңбек қозғалысы траекториясының ұзындығы немесе

                              заттарды алмастыру ара қашықтығы,  м;

                        tn-  еңбек қозғалысының нормативті уақыты, мин.

 

Жұмыс қарқыны  бойынша еңбек қарқындылығын  өлшеу әдісі неғұрлым қолданбалы және үлкен шығындарды талап етпейді. Бірақ, ол белгілі бір жұмыс түрлерінде ғана қолданылады, қарқынның эталондық және нақты деңгейлерін салыстыру кезінде бағалаушының жеке басының субъективті ойы шындыққа жанаспауы мүмкін, сондықтан мұндай мамандарды дайындауға үлкен талап қойылады.

      Құрылымдық – аналитикалық әдіс  талдау жүргізіп жатқан кезеңдегі  жұмысшылардың нақты еңбек шығыны  мен осы кезеңде табысты пайдаланып  жатқан жұмыс уақытымен өлшеуге  негізделген. Нақты еңбек шығыны  мен табысты пайдаланып жатқан  уақытты талдау жұмыс уақытының  (жұмыс уақытының құрылымы мен құрамы талданады) және хронометраж (еңбек процесінің құрылымы мен құрамы талданады) мәліметтерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл ыңғай орындаушыға қатысты жұмыс уақыты шығынының жіктелуіне сүйенеді. Еңбек қарқындылығын өлшеудің негізгі өлшемі ретінде жұмыс уақытының бірлігі болады.

     Жұмыс  уақыты шығынының құрылымы мен  құрамы  жұмыс уақытының нақты  және нормативті балансын талдау  негізінде анықталады. Онда еңбек  қарқындылығының деңгейі (Кқарқ) тең болады:

 

Кқарқ =( Тқмқу + Тжқк + Тдау )/( Төш ´ Кжбк ´ Ксжбн)

 

     Мұндағы:  Тқмқу - көмекші машина-қол уақыты,белсенді қадағалау

                                  және ауысу уақыты;мин;

                       Тжқк - жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты мин;

                       Тдау - дайындық –аяқтау уақыттары,мин;

                       Төш - жұмыс уақытының өнімді шығындары;

                       Кжбк - жұмыс операциясын орындау кезіндегі жұмыс

                                 бастылықтың  нормативті коэффициенті; Кз.н = 0,8.

                       Ксжбн - ауысымдағы жұмыспен айналысудың салалық

                                  нормативті коэффициенті Ксжбн = 0,8

 

Хронометраж қадағалауының  мәліметтері  бойынша еңбек қарқындылығы деңгейінің көрсеткіштерін есептеу шындығын арттыру мақсатында, жұмыс қарқынының деңгейі     (Кқ), жұмыс уақытының нормативті (Қнр) және нақты шығындарының      (Қнқ) қатынасы арқылы анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда, Кқарқ есептелуі келесідей болады:

 

Ққарқ = =( Тқмқу + Тжқк + Тдау )/( Төш ´ Кжбк ´ Ксжбн ´ Кқ )

Информация о работе Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері