Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:33, реферат

Краткое описание

Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.

Прикрепленные файлы: 1 файл

dipl_1426.doc

— 977.50 Кб (Скачать документ)

       Өнім саны мен  еңбек қарқындылығы деңгейлерінің  өзара байланысын талдау кезінде,  осы көрсеткіштер арасындағы тікелей тәуелділікті ескеру қажет, яғни еңбек шығыны немесе қарқындылығы артқан кезде, өнім саны да көбейеді. Бірақ еңбек қарқындылығының өсуі тиімді деңгейден артып кетсе, әсіресе ұзақ мерзімді кезеңде, психофизиологиялық шектеулердің әсерінен өнім көлемінің өсу қарқыны төмендеуі мүмкін. Тиімді еңбек қарқындылығынан жоғары өндірілген өнім өндірісінің өсуі тұрақсыз және уақытша сипатта болады. Еңбек шығынының шамадан тыс көп болуы, жұмыс күшінің шығынын көбейтеді, кәсіби аурулардың, жарақаттанудың артуына әкеледі және ол еңбек өнімділігін төмендетеді, өнім сапасы төмендеп, өнімнің ақауы көбейеді.

       Өнім бірлігінің өзіндік құны мен еңбек қарқындылығы арасындағы өзара байланыс келесідей заңдылықтарда көрінеді: тиімді деңгей шегінде нақты қарқындылық артса, өзіндік құн төмендейді, өйткені еңбек өнімділігі өседі. Сонымен бірге шартты-тұрақты шығындар немесе жұмысбастылар санының үнемделуі есебінен белгілі бір экономикалық нәтижеге қол жеткізіледі. Еңбек қарқындылығының өсуіне қарамастан, еңбек шығыны да, еңбек ақы деңгейі де өзгеріссіз қалады.Тәжірибеде мұндай жағдай бос шығындар мен жұмыс уақытында өнім шығармайтын шығындарды жою кезінде, күн ағымында жұмыскерлердің  тиімді жұмыс бастылығын қамтамасыз еткенде, жұмысты орындау әдісі мен амалдардың тиімділігін арттыруда, еңбек жағдайын жақсартқанда көрінеді. Тиімді деңгейден нақты еңбек қарқындылығының артуы жұмыс күшінің шаршауын азайту үшін қосымша шығынды талап етеді, сәйкесінше өнім бірлігінің өзіндік құнының артуына әкеледі.

      Осылайша, еңбек қарқындылығы  көрсеткіштерінің  басқа экономикалық көрсеткіштермен өзара байлынысын талдау, бағалау уақытын ескере отырып, деңгейінің тиімді болғанын қарастыру керек, сондай-ақ еңбекті механикаландыру деңгейі де ескерілуі қажет. Өйткені бұл көрсеткіштің еңбек қарқындылығы деңгейінің өзгерісіне ықпалы бірдей болмайды.                      

 

7.8. Еңбек  қарқындылығының түрлері

 

Еңбек қарқындылығы белгілі бір нышан бойынша  жіктелінеді.

[ Платов ОК. Резервы интенсификации процессов труда. Ярославль: Верхне-Волжское книжное Изд-во, 1989. С. 12-13.]

 

Қазіргі заманғы  жағдайда жеке еңбек қарқындылығына қызығушылық жоғары, ол субьективті  және объективті факторлардың әсеріне  тәуелді. Жұмыскерлер тобы бойынша  есептелген еңбек қарқындылығының  деңгейі, оның орташа деңгейін қалыптастырады. Мұндай орташа деңгей барлық халық шаруашылығындағы сала, кәсіпорын, өндіріс, цех бөлімше жұмысшыларының еңбек қарқындылығын сипаттайды. Еңбек қарқындылығының орташа деңгейі тауар нарығының бір сегментін алатын кәсіпорындар жиынтығында, олардың әр қайсысының бәсекеге қабілеттілігін бағалау белгісі болып табылады.

Кесте 7.1    Еңбек қарқындылығы түрлерінің жіктелуі

 

Еңбек  қарқындылығының жіктелу белгілері (Е.Қ)      

Еңбек субъектісі бойынша

Еңбек объекті- сі бойынша (кезең,фазалар, өндірістік  процестің операциялары бойынша)

Еңбек шығы- нының сипаты және жұмыс күнінің

қарқындылығы бойынша

Е.Қ бағалау уақыты бойынша

Өндіріс деңгейі бойынша

Еңбек           қарқындылығының       түрлері

Жеке ЕҚ. Топтық ЕҚ. Кәсіпорынның жиынтық жұмыскерле-

рінің  ЕҚ. Халық шаруашылығы  жұмыскерлері-

нің ЕҚ.

Дайындық жұмыстары

на ЕҚ.Өңдеу жұмыстары

на ЕҚ.

Слесарлық- жинау жұмыстары

на ЕҚ. 

Қоғамдық тиімді ЕҚ. Тиімді ЕҚ. Жоспарлы ЕҚ.

Нақты ЕҚ. Қоғамдық қажетті  ЕҚ.

Мезетті ЕҚ. Сағаттық ЕҚ. Күндік ЕҚ. Айлық ЕҚ. Жылдық ЕҚ.

Жұмыс орнындағы ЕҚ.Жұмыс  бөліміндегі ЕҚ.Цехтық ағы ЕҚ.Кәсіпорындағы  ЕҚ.Саладағы ЕҚ.

Халық шаруашылығындағы ЕҚ.


 

 

        Қоғамдық-қажетті еңбек қарқындылығы- бұл өндіргіш күштің даму деңгейіне  сәйкес келетін еңбек қарқындылығының орташа деңгейі. Бірақ, қазіргі жағдайда қоғамдық–тиімді немесе тиімді еңбек қарқындылығы түсініктерінің мәні үлкен. Кәсіпорынға қарқындылықтың орташа деңгейіне қол жеткізуі, негізгі еңбек және өндіріс қорларын неғұрлым тиімді пайдалануы есебінен нарықта тұрақты жағдайда болуына мүмкіндік болады.

       Тиімді қарқындылық деңгейі қызмет  етіп жатқан нормативтер мен  жұмыс уақыты шығындарының мөлшері  заттық, жүйке энергиясының көмегімен  анықталады және маркетингтік, экономикалық, техникалық, психофизиологиялық және әлеуметтік көрсеткіштер ескеріледі. Маркетингтік және экономикалық көрсеткіштер - еңбек қарқындылығының деңгейін бағалау үшін негізгі критерийлер болып табылады. Ал қалған басқа көрсеткіштер бағынышты рөлді ойнайды, яғни қарқындылық деңгейі нақты өндірістік, ұйымдық-техникалық жағдайларды ғана ескеріп қана қоймай, керісінше еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру қарқындылықтың өндірістік мақсатты қамтамасыз ететін деңгейіне бағытталуы тиіс.

     Оңтайлы  еңбек қарқындылығы – бұл қажетті  шектеулерді сақтай отырып, құрал-жабдықтар шығынын азайтуға мүмкіндік беретін уақыт бірлігіндегі еңбек мөлшері.

    Тәжірибелік  пайдалану мақсатында жоспарлы  және нақты еңбек қарқындылығын  ажырата білу қажет. Жоспарлы  еңбек қарқындылығы жоспарланған  уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығындарымен анықталады және белгілі бір  уақыт мерзімінде анықталады. Оның деңгейі  тиімді еңбек қарқындылығының деңгейіне жақын болуы керек, бірақ белгілі бір жағдайда одан жоғары болуы да мүмкін. Нақты еңбек қарқындылығы уақыт бірлігіндегі анық еңбек шығындарын сипаттайды және өткен уақыт мерзімінде оперативті есептеу мәліметтері бойынша анықталады. Ол нақты ұйымдық –техникалық және әлеуметтік деңгейге тәуелді болады.

     Еңбек шығынының мөлшеріне қатысты уақыт бірлігін ұзақтығына қарай мезеттік, сағаттық, күндік, айлық, жылдық еңбек қарқындылығы шамалары деп ажыратуға болады.

                       

7.9.  Еңбек қарқындылығын тұрақты  ету факторлары.

 

    Еңбек  қарқындылығының мәселесін зерттеу  оның деңгейінің өзгеруіне әкелетін факторларды анықтайды. Еңбек қарқындылығына ықпал ететін факторлардың топталуы еңбек қарқындылығының деңгейін бекітуге ғана емес, сонымен бірге оның себептерін түсінуге мүмкіндік береді және ол өндіріс пен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталып пайдаланылады. Ықпал ету, сондай-ақ олардың әрекет етуіне қажетті шығындардың деңгейі бойынша жекелеген факторлардың ерекше айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

    Еңбек  қарқындылығын тұрақты ету факторларының  неғұрлым жалпыланған жіктеуі  үш негізгі топтан тұрады және келесідей болады:

1. Табиғи- биологиялық факторлар.

2. Әлеуметтік- экономикалық факторлар.

3. Техника-ұйымдастырушылық факторлар.

     Табиғи - биологиялық факторларға жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, дамудың заттық, ақыл-ой деңгейі, шыдамдылығы және жұмысқа қабілеттілігі жатады.

     Әлеуметтік - экономикалық факторларға екі топ жатады: әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-экономикалық еңбек жағдайы. Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар: жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мен қалпы, денсаулық сақтау деңгейі, сондай-ақ денсаулық пен ауруды алдын алу, мәдени қызмет ету деңгейі, тұрғын үймен және тұрмыстық инфрақұрылымның басқа да элементтерімен қамтамасыз етілу деңгейі, көлікпен қамтамасыз етілу деңгейі ,

 тұрғын үйдің  жұмыс орнынан алыс болуы.

      Әлеуметтік-экономикалық еңбек жағдайы: еңбек жөніндегі заңның күйі және оны сақтау деңгейі, жұмыс уақытының ұзақтығы (жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, еңбекке қабілеттсіздік жастың шегі), еңбек және демалыс тәртібі, еңбек жағдайы мен оны ұйымдастыру стандарттарының орындалуы, білім, кәсіби шеберлік біліктілігінің деңгейі, жұмыс өтілімі, еңбек ұжымындағы өзара- қатынас пен әлеуметтік даму деңгейі, еңбектің тартымдылық және мазмұндылық деңгейі, еңбекті ынталандыру деңгейі, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейі, жұмыс уақытын пайдалану деңгейі, еңбек процесінде жұмыскердің жұмысбастылығының деңгейі, жұмыстың орындалу қарқыны, еңбек ақы жүйесі мен түрінің тиімділігі (материалды ынталандыру жүйесі), еңбек ақы деңгейі.

    Техника-экономикалық факторлар: ғылым және техника жетістіктерін өндірісте пайдалану деңгейі, техникалық жабдықталу деңгейі, еңбекті энергиямен қамтамасыз ету деңгейі, еңбекті автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, стандарттау деңгейі,     еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейі. 

 

7.10.  Еңбек қарқындылығын өлшеу  әдістері

 

Еңбек қарқындылығын  әртүрлі көзқараспен сипаттауға болады (психофизиологиялық, энергетикалық, әлеуметтік, экономикалық) сондықтан  оны тікелей өлшеу лайықты  әдістерді пайдаланумен байланысты.

Еңбек қарқындылығын өлшеудің тікелей үш әдісі бар:

1. Биологиялық,  ол энергетикалық және психофизиологиялық  болып бөлінеді.

2. Әлеуметтік.

3.  Экономикалық, оны тікелей  және жанама әдістерге бөлуге  болады.

 

7.10.1.  Биологиялық әдіс

 

Энергетикалық (калориметриялық) әдіс.

Ғасыр басынан тарағанына қарамастан адам қызметін энергия бойынша  зерттеу неғұрлым кең тараған  және бір мағыналы емес.

Адамның кез-келген іс- әрекеті  олардың жылу энергиялық шығынымен  байланысты. Еңбек қарқындылығын  өлшеу қандайда бір уақыт аралығында (мезет,сағат,күн) еңбек процестерін орындауға жұмсаған адам энергиясының шығынын анықтаудан тұрады. Еңбек процесіндегі адам энергиясының шығынын келесідей тәуелділікпен өлшеуге болады.

 

Э=Эосднж,

 

Мұндағы: Э - адам энергиясының жалпы шығыны;

                    Эо- ағзаның негізгі алмасуына жұмсалатын энергия

                    шығыны;

                    Эс- статикалық жұмысты орындауға жұмсалатын энергия

                   шығыны;

                   Эд- динамикалық жұмысты орындауға жұмсалатын

                   энергия шығыны;

                   Эн- жүйке-ақыл-ой қызметіне жұмсалатын энергия

                   шығыны;

                   Эж- қолайсыз еңбек жағдайын жоюға жұмсалатын энергия

                   шығыны.

 

Негізгі алмасуға жұмсалатын энергия шығыны зерттеуге сәйкес  60-75 ккал/сағ. құрайды. Еңбек қарқындылығының деңгейін анықтайтын пайдалы еңбектің орындалу процесіндегі шығындар көбінесе уақыт бірлігіндегі статикалық және динамикалық күштің көлеміне тәуелді болады. Статикалық жұмысты орындауға жұмсалатын энергия шығыны есептеу жолымен анықталатын ‹‹тұрып тұру» жағдайындағы статикалық жұмыстың нәтижесімен анықталады, ал ол ‹‹тұрып тұрғанда» 330 кгм/мин және «отыру» жағдайында 120 кгм/мин тең.

Уақыт бірлігінде орындалатын динамикалық жұмыс Аg келесідей болып есептеледі:

Аg=Р´I/t

 

Мұндағы: Р-ауыстырылатын  заттардың салмағы (массасы) (кг);

                        І- ауыстырылатын заттардың ара  қашықтығы(м);

                        t - жұмыстың орындалатын уақыты (мин) 

 

Еңбек процесінде жұмыскердің жүйке-ақыл –ой қызметіне жұмсалатын энергия шығыны шамамен бағалағанда, барлық энергия шығынының 1%  құрайды.

     Егер  механикалық жұмыс толығымен  жылуға ауысады деп есептейтін  болсақ, онда энергия шығыны арқылы  еңбек қарқындылығын (ЕҚ) келесідей формуламен есептеуге болады:

ЕҚ=І+Аg/Е´І+Р´І´ n/427

Мұндағы:  І-  статикалық жұмыс  пен жүйке-ақыл-ой қызметін

                       орындауға жұмсалатын энергиялық  тұрақты шама;

                         Е- жылудың механикалық эквиваленті  427-ге тең;

                         n- жұмысты орындау қарқыны немесе бір минутта

                             жұмсалатын әртүрлі күштердің көлемі.

 

Арнайы әдебиеттерде әртүрлі еңбек түрлері мен нақты еңбек операциясын орындау кезіндегі энергия шығындары жөнінде мәліметтер болады. Қандайда бір жұмыстың орындалу уақытын және минут ішінде орындалатын жұмысқа кеткен  энергия шығынын біле отырып, бір жұмыс ауысымындағы жалпы энергия шығынын анықтауға болады. Калориметриялық әдістің негізінде энергетикалық шығынның деңгейіне байланысты еңбек түрлерінің жіктелуі жасалған. Мысалы, энергетикалық шығындардың орташа деңгейі  100-300 ккал/мин тең болса, физикалық жұмыстың максималды ұзақтығы бірнеше секундтан секундтер үлесіне дейін болады, ал 10 ккал/минутта болса, жұмыстың ұзақтығы 10 сағ. тең, ал шығындары-2,5 ккал/мин болса онда дені сау адам қанша болса да жұмыс істей алады.

     Ауыртпалық  деңгейіне қарай еңбекті бөлу  тәсілін қолдануға болады. Жеңіл  еңбек тәулігіне 2300-3000 ккал энергетикалық  шығындарды жұмсайды, ауырлығы орташа еңбек - 3000-3500 ккал, ауыр еңбек - 3500-4500 ккал, өте ауыр еңбек- 4500-4800 ккал тәулігіне жұмсайды.

      Еңбек қарқындылығының деңгейін  бағалауда энергетикалық әдістің қарапайым және қолданбалы түрлері бар, сонымен қатар оны әртүрлі өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін кеңінен қолдануға болады. Бірақ, қазір көптеген еңбек түрлерінің шығындарын ағзаның энергетикалық әдісімен бағалау, жұмыстың адамға деген әсерін дәл көрсетпейтігін атап өту керек.      Еңбектің динамикалық күшінің аздығына қарамастан, автоматтандыру жағдайында жүйке-ақыл-ой энергия шығынының үлесі жедел өседі және жоғары болады, ол жұмыскерлердің ағзасына үлкен шешуші әсер етеді. Бұл жағдайда, еңбек процесінде ағзаның физиологиялық функциясының өзгеру шамасын бағалауға негізделген еңбек қарқындылығының деңгейін есептеуді психофизиологиялық әдіспен өлшеудің үлкен маңызы бар.

Информация о работе Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері