Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:33, реферат

Краткое описание

Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.

Прикрепленные файлы: 1 файл

dipl_1426.doc

— 977.50 Кб (Скачать документ)

       Өнім, жұмыс және қызмет көлемінің  өнімділігін натуралды немесе шартты-натуралды бірлікпен өлшегенде, келесідей формула қолданылады:

 

                           Ө=T/ ЕШ

 

     мұндағы:  Т-тауарлар көлемі

                       ЕШ-еңбек шығындары    

                                                                                                                       

       Бірақ,  бұл тәсілді пайдалану облысы аз, өйткені олар әр түрлі өнім және қызмет өндірісінде еңбек өнімділігін салыстыру үшін қолдануда қолайсыз. Еңбек өнімділігін салалық салыстыру кезінде натуралды және шартты-натуралды көрсеткіштердің қисыны келмейді. Еңбек өнімділігін өрнектеудің бұл екі түрі, экономиканы макроэкономикалық реттеуде жеткілікті икемді және кең қолданыл- майды.

      Сондықтан, еңбек  өнімділігін өлшеудің неғұрлым  кең тараған жолы өндірілетін тауарлар көлемін құндық, ақшалай бірлікте өрнектеу. Әртүрлі кезеңдерде біркелкі өндірістердің деңгейлерін салыстыру және оған инфляцияның әсерін болдырмау үшін есептеу жүргізу салыстырмалы бағада жүзеге асырылады. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің құндық көрсеткіші оның нақты мәнін асырып жібермес үшін, оны қайталап есептеуді болдыртпау үшін керек.

     Осы мақсатта  өндіріс көлемінің көрсеткіші  ретінде өндіріс факторларымен  өндірілетін жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), сол елдің азаматтарына  тиісті соңғы тауарларының жиынтық  құны болып табылады. Немесе жалпы  ішкі өнім (ЖІӨ)-сол елдің аумағында орналасқан өндіріс факторларымен өндірілген соңғы тауарлардың жиынтық құны ретінде қолданылады.

      Ұқсас  екі көрсеткіштің әрқайсысы әрбір  шаруашылық субъектілердің қосымша  құн жиынтығын көрсетеді. Қосымша  құн- осы кәсіпорынның сатылған  өнімнен түскен табысы мен бұл тауар өндіру үшін сатып алынған материалдар құнының арасындағы айырмашылық. Басқаша сөзбен айтқанда, ЖҰӨ (ЖІӨ) алу үшін табыстан материалдық шығындарды шегеру қажет.

     Бұл көрсеткіштің  жақсы қасиеті өнім өндірісінің  энергия сыйымдылығы, материал сыйымдылығы өскенде, оның шамасының азаюында. Басқа жағдайда, материал сыйымдылығы жоғары болған сайын, қосымша құн аз болады, сәйкесінше сол өнім көлеміне адам еңбегі аз мөлшерде сай келеді, осылайша, өнімнің барлық көлемінің құндық құрылымында өнім бірлігіне тиісті адам еңбегінің аз шығыны байқалады.

      Егер «А» кәсіпорындағы еңбек өнімділігін ЕӨа=ҚҚаа-пен өрнектесек, мұндағы «ЕӨ»- еңбек өнімділігі, «ҚҚ»- қосымша құн, «С»- жұмысбастылар саны, онда, сәйкесінше «Б» кәсіпорнындағы еңбек өнімділігін келесідей етіп өрнектеуге болады.  ЕӨб=ҚҚбб.  Базалы кезеңде Саб, ал ЕӨа=ЕӨб болса, онда ҚҚа=ҚҚб. Бірақ ҚҚ=Т-М анықтамасы бойынша, мұндағы Т-табыс, ал М-материалдық шығындар және екі кәсіпорыннан алынған бұл көрсеткіштер сәйкесінше өзара тең болғанда Таб және Маб. Келесі кезеңде материал сыйымдылығы (М) “Б” кәсіпорнында өсті делік және  “А” кәсіпорнына қарағанда көбірек болып (Мдб), ал адам еңбегінің үлесі, сәйкесінше, төмендеп, бірақ табыс екі кәсіпорында да бұрынғыдай болды делік. Онда бұл кезеңнің қорытындысы бойынша ҚҚа>ҚҚб көреміз. Сәйкесінше, басқа бірдей жағдайда ЕӨа>ЕӨб екенін анықтаймыз.

      Осылайша, қосымша құн арқылы өрнектелген  еңбек өнімділігі көрсеткіші, материал  сыйымдылығы өсімін өз деңгейінің  төмендеуімен көрсетеді, ал материал сыйымдылығының төмендеуі және өнім бірлігіне адам еңбегі санының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің жоғарылауымен өрнектеледі.

      Бірақ,  еңбек өнімділігін өлшеу тәсілін  мүмкіндігінше, тек материал сыйымдылығына  қатысты емес, өнімнің қор сыйымдылығы динамикасына кері байланысты ұсынатындай етіп таңдау қажет. Сондай-ақ, қор сыйымдылығы өскенде еңбек өнімділігі шамасының кемуін және керісінше тауар бірлігіне капитал сыйымдылығы төмендегенде, оның өсуін қамтамасыз ететіндей болуы керек .

     Еңбек өнімділігін бұлайша есептеу үшін таза ұлттық өнім (жалпы ұлттық өнім мен амортизациялық бөлінулер арасындағы айырмашылығы) қолданылуы мүмкін. Онда бұл көрсеткіш жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық бөлінулерді шегеру арқылы қалыптасады және адам еңбегінің қайтарымын неғұрлым дәл өлшейтіндей етеді. Шын мәнінде, тауар өндірісінде қолданылған негізгі қорлар құны жоғары болған сайын, бірдей жағдайда оның қор сыйымдылығы жоғары болады, яғни өнім бірлігіне немесе бекітілген өнім көлеміне амортизациялық бөлінулер жоғары болады. Сәйкесінше, амортизациялық бөлінулер жоғары болған сайын ЖҰӨ-нен үлкен шама шегеріледі де, сол өнім көлемінің жалпы құнындағы таза ұлттық өнім аз болады, сәйкесінше осы көрсеткішпен өлшелінген еңбек өнімділігінің деңгейі төмендейді. Қор сыйымдылығы аз болған сайын, өнім бірлігі, таза ұлттық өнім көп болады, сәйкесінше, осы көрсеткішпен өрнектелген еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары болады.    Осылайша, ол жоғарыда көрсетілгендей (ЖҰӨ) өнім бірлігіндегі адам еңбегі қайтарымының деңгейін көрсетеді.

     Жоғарыда  айтылғандай, еңбек өнімділігінің  көрсеткіштері адам еңбегін қолдану  тиімділігін ғана емес, затқа  айналған (негізгі қор, капитал  түрінде ұсынылғандар, сондай-ақ  материалдық айнамалы қоры - ішкі  зат және материал түрінде  көрсетіледі) еңбек белгісінің тиімділігін көрсетеді.

     Жалдамалы  жұмыскерлердің нақты еңбегінің  тиімділігін, кәсіпорын басқарушыларының  тапқырлығын көрсететін, неғұрлым  тура көрсеткіш ұлттық табыс  болып табылады.

    Ұлттық табыс - бұл өндіріс факторлары иелерінің өндірістегі үлесі үшін алатын табыстарының жиынтығы. Бірақ, қазіргі жағдайда бізді қызықтыратыны - бұл таза ұлттық өнім мен тауар бағасын өсіретін жанама салық арасындағы айырмашылық (шаруашылық қызметті жүргізу үшін рұқсатқа төлемдер, қосымша құн салығы, акциздер, сатуға салық және т.б.).

    Еңбек өнімділігін  бағалаудың бұл түрлері бөлшектің  тек алымына ғана қатысты. Бірақ  бұл қатынастың бөлімін, яғни  еңбек шығындарын табуда неше  түрлі амалдар қолданылуы мүмкін.

     Еңбек шығындары  немесе тауар өндірісіндегі жұмыс күшінің шығындары - бұл бір жұмыскерге қатысты алынған жұмыс уақытының шығындары. Ол адам-сағат, адам-күн бірлігімен өлшенеді. Сонымен қатар, бұл кезде  еңбек қарқындылығы тұрақты деп қарастырылады.

    Еңбек өнімділігі, мысалы бір адам-сағат уақытында өндірілген сағаттық  өнім арқылы анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда, барлық жұмыс кезінде жұмыс уақытын пайдалану сипаты ескерілмейді.

    Күндік өнімділік,  яғни атқарылған адам-күнде шығарылған  өнім, ауысым кезінде жұмыс уақытының пайдалану жағдайын көрсетеді, мерзімнен тыс жұмыстарды немесе ауысым ішіндегі тоқтауларды ескереді, бірақ - ай, квартал немесе жыл ағымындағы жұмыс уақытының пайдалану жағдайын көрсетпейді.

    Жылдық өнімділік  бір жылдағы орташа тізімдік  бір жұмыскердің шығарған орташа  өнімі арқылы анықталынады және жұмыс уақытының жылдық қорының барынша жоғары пайдалану деңгейін, оған күндік тоқтатулар ықпалын, жұмысқа шықпауды, әр түрлі себептер бойынша демалыстарды, ереуілдерді және т.б. әсерін көрсетеді.

    Еңбек шығындарының  өндіріс нәтижесінің бірлігіне қатынасы өнімнің еңбек шығындылығын өрнектейді және жоғарыда аталып өткендей,  еңбек өнімділігінің кері көрсеткіші-еңбек сыйымдылығы арқылы көрсетіледі.

     Еңбек сыйымдылығы-бұл  өндірілген тауар бірлігіне жұмсалған  еңбек шығындарының шамасы. Ол өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмсалған адам-сағат санымен есептеледі.

    Еңбек өнімділігінің  жоғарыда аталған көрсеткіштері  макроэкономикалық деңгейінде, сондай-ақ  кәсіпорын деңгейінде қолданылады.                             

    Кәсіпорын  деңгейіндегі макроэкономикалық көрсеткіштерге ЖҰӨ-не қосымша құн көрсеткіші сәйкес келеді, сондай-ақ ол қосымша өңдеу құны деп те аталады. Ол сатуға жіберілген өнім құнынан өндіріс процесінде қолданылған шикізат, материал, сырттан алынған жартылай фабрикат, энергия және жылу құнын шегеру арқылы анықталынады.

     Ұлттық  табысқа сәйкес көрсеткіш ретінде,  кәсіпорында жалпы табысты алуға болады. Ол сатылған өнім құнынан материалдық және энергетикалық, басқада оған тең шығындар құнын, сондай-ақ, негізгі қорлардың амортизация сомасын шегеру арқылы анықталынады. Сонымен, жалпы табыс - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесінің жалпы көрсеткіші. Өзінің экономикалық мазмұны бойынша таза өнім көрсеткішіне жақын. Онда өндіріс процесінде қайта пайда болған құн мен кәсіпорын жұмыскерлерінің нақты еңбегінің нәтижесі бар. Ол мәні бойынша еңбек ақы қорынан және таза табыстан тұрады. Таза табыс-бұл салықтарды, бюджетке және басқада мемлекеттік қорларға төлемдерді төлегеннен кейінгі кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс. Сондай-ақ зерттеу және әдістемелік мақсатта шекті немесе бастама еңбек өнімділігі деп аталатын түсініктің қолданылатынын атап өту керек. Шекті еңбек өнімділігі (шекті, бастама еңбек өнімі) - бұл қосымша еңбек бірлігін қолданудан алынған, кәсіпорын шығаратын өнімнің заттай өрнектелген қосымша өнімі. Сандық қатынаста, ол өндірісте қызмет ететін барлық еңбек бірлігіне қатысты есептелетін, еңбек өнімділігінің орташа мәнімен толығымен сәйкес келмеуі мүмкін. Шекті еңбек өнімділігінің динамикасы басқа бастамалық шамалар сияқты кемімелі қайтарым деп аталатын заңға бағынады. Бұл жетілген бәсеке нарығында, басқа бірдей жағдайларда, өндірістің басқа факторларының бекітілген шамасында, сол өндірістегі еңбек бірлігінің артуымен әрбір еңбек бірлігінің шекті өнімділігі алғашқы кезде өседі, бірақ бұл бірліктің бір санынан кейін, керісінше, төмендейді. Шекті (бастама) шамалар және оның динамикасы нарықтық байланыстардың теориялық моделдерін қарастыруда қолданылады.

 

               7.3.  Еңбекті мөлшерлеу түсінігі мен рөлі

 

      Сөздің  кең мағынасында, еңбекті мөлшерлеу  - бұл еңбек шығындарын макроэкономикалық  - жалпымемлекеттік немесе аймақтық, сондай-ақ микроэкономикалық - салалық  немесе ішкі фирмалық деңгейде  реттеу, регламенттеу.

     Еңбек мөлшерінің  маңызды аспектісі - еңбек нарығы механизмінің негізгі элементтерінің бірі болып табылуында.

     Еңбектің  сыртқы нарығында еңбек қызметінің  ұсынысын немесе сұранымын ұсыну,  оның саны және сапасы бойынша  нақтылығын білдіреді. Осылайша, жұмыс күнінің бағасы сол жұмыс түрі көлемінің салыстырмалы тұрақты түрінде келісіліп бекітіледі. Бұл көлемнің жұмыскер үшін  барынша объективті шегі,  еңбек процесінің ұзақтығы мен қарқындылығы бойынша шектеулері болады. Олардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік және техникалық сипаты болады.

      Еңбекті  мөлшерлеуге мемлекет қатысуының  басты себебі жұмыс уақытын  пайдаланудың негізгі параметрлерін  реттеу. Әр түрлі параметрлері бар жұмыс күшін  пайдалану шегі, әдетте, институтты, құқықтық сипатта болады. Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі Заңында жұмыс аптасының барынша ұзақтығын 40 сағат деп бекітеді, ал 16-18 жастағы жұмыскерлер үшін және денсаулыққа зиянды жағдайда жұмыс істейтіндер үшін - 36, ол 14-16 жасқтағы жұмыскерлер үшін -24 сағат. Еңбек заңының бірқатар  ережелері кәсіпорындарда күннің ішкі тәртібінде қарастырылады. Сонымен қатар, жалдамалы еңбек ережесінің шегін ғана емес, демалыстың ең кем параметрлері де бекітілген. Сондай-ақ жұмыскерлерге жыл сайын 24 күнтізбектік күннен кем емес мөлшерде ақылы демалыс ұсынылуы керек, кей жағдайда оданда көп демалыстар  беріледі (ҚР еңбек жөніндегі заңы. -Алматы: Юрист, 2003, 19, 22-23 бет.).

      Кәсіпорындарда  мөлшерлеу әдісін қолдану әрі  қарай дамуда және ол әдіс  бөлшектенеді . Еңбек қызметін сату  және сатып алу актісі олардың уақыты, кезектілігі, мазмұны және көлемі бойынша анықталуына қарай бағаланады. Осылайша, еңбекті мөлшерлеу сыртқы еңбек нарығына ғана емес, көп жағдайда ішкі еңбек нарығы үшін негіз болып табылады. Бұл жерде, еңбекті мөлшерлеу еңбек ақыны ұйымдастырудың басты құралына айналады. Еңбек ақы мен сыйлық ақының барлық жүйесі еңбек қызметінің нақты және нормативті нәтижесін салыстыруға негізделген.

    Бірақ, еңбекті  мөлшерлеу еңбек процесін ұйымдастырудың  бірден бір құралы бола отырып, барлық өндірістік процесті анықтайды. Бұл еңбекті мөлшерлеудің екінші аспектісі өндірістің басқа факторларымен көбінесе, капиталмен еңбек арасындағы тиімді қатынастың әрбір технологиясын қалыптастыруда оның үйлестірушілік рөлімен анықталады. Сонымен қатар, мөлшерлеу тауарды өндірудің берілген көлемін жоспарлауда, сол технология кезінде еңбек санын және басқада керекті өндірістік ресурстар қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.  Өндірісте қойылған мақсатқа  жету, бір жағынан, энергия және материал, станоктардың, еңбек операциялары санынының арасындағы қажетті ара қатынасын сақтауға тәуелді, екінші жағынан, сондай-ақ, өндірістік аудан мөлшеріне байланысты. Осылайша, еңбекті мөлшерлеу технологиялық және ұйымдастырушылық дайындықтың, сондай-ақ кәсіпорынды ағымды басқару және өндірісті толығымен ұйымдастырудың маңызды бағыттарын ұсынады. Өндірістің ұйымдастырушылық немесе технологиялық элементінің кез-келген мәнінің өзгеруі еңбектің жаңа мөлшерін жасау қажеттілігіне әкеледі.

      Кәсіпорында  еңбекті мөлшерлеу - бұл өндірісте қолданылатын қорларға сәйкес өндірістік процесс кезінде белгілі бір операциялар мен жеке жұмыстарды орындауға кететін еңбек шығындарының тиімді деңгейін анықтау және сақтау.

      Өндіріс  құралдары - бұл өндіріс процесінде  қолданылатын заттық және энергетикалық элементтердің жиынтығы. Өндірістік бағытқа қарай олар еңбек құралдары мен заттарына бөлінеді. Еңбек құралдарын мөлшерлеу үшін, еңбек саймандарының мәні ерекше. Оған жататындар: жұмыс машиналары, қозғалтқыштар, берілетін және реттейтін  құрылғылар.

      Неғұрлым тиімді пайдалану, яғни жұмыс бірлігіне адам капиталын және физикалық энергияны үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін еңбек шығындары оптималды деп есептеледі.

     Еңбекті  нақты мөлшерлеу- белгілі бір  технология мен жұмысты ұйымдастыру  барысында кәсіпорында еңбек қарқындылығының нормативті деңгейін анықтайды. Ал белгілі бір еңбек қарқындылығында жеке жұмыс орны үшін, еңбек өнімділігінің нормативті деңгейі жеке және ұжымдық жұмыс бірлігінің еңбек сыйымдылығының шамасы түрінде беріледі.

     Еңбекті мөлшерлеуге, қазіргі кезде, Қазақстанда  мемлекеттік ықпал ету жалпылама  және тым кең шеңберде ғана қанағатталынып отыр. Әлеуметтік нарықтық экономиканың тұжырымдамасында, мемлекет еңбекті мөлшерлеудің әлеуметтік қорғаныс функциясын жүзеге асыра отырып, едәуір рөл ойнайды. Ол еңбек шартын қорғауда және еңбек қарқындылығының физиологиялық және әлеуметтік қолайсыз деңгейіндегі қиянатшылдықты болдырмауға бағытталған. Заңды негізін қамтамасыз ету және жеке еңбек, сондай-ақ, оның шартын мөлшерлеу шеңберіндегі белгілі бір стандарттарды жүзеге асыру мемлеккеттің құзыры болып болады.   Қазақстан Республикасында мемлекеттің бұл функциясы Конституция баптарында белгіленген.

      Еңбектің  негізгі параметрлері мен нормативті  шарты тікелей шаруашылық субъектілерінде  қалыптасады да, кәсіпорында менеджмент функциясының, еңбекке микроэкономикалық ықпалын орындауын ынталандыратын және ұйымдастыратын құрал болып табылады. Көбінесе, олар екі жақты ұтымды келісімді жасау, сондай-ақ трипартизм негізінде жұмыс беруші мен жұмыс алушы арасындағы әлеуметтік серіктестіктің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін.

      Өндірістің  циклдық құлдырауы кезінде, әсіресе,  мәжбүрлі толық емес жұмысбастылық  уақытында кәсіпорында еңбекті  мөлшерлеудің маңыздылығы төмендейді, экономикалық өсу шартында, еңбекке сұраныстың өсуі сақталынған жағдайда жұмыс күшінің бағасы, еңбекті ұйымдастыру мәні және оны тиімді мөлшерлеуге қажеттілік артады.

Информация о работе Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері