Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:33, реферат

Краткое описание

Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.

Прикрепленные файлы: 1 файл

dipl_1426.doc

— 977.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Ел президенті студенттер алдында сөйлеген сөзінде «Біз еліміздің  экономикалық өсуін негізінен өндіруші сектордың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғарғы қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.

Бірақ та біздің экономика  негізінен экстенсивті тұрғыда  дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны  шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән.

Егер біз мұндай ахуалды  өзгерте алмасақ, 20-25 жылдан кейін 

Қазақстан әлемдік экономиканың шеткі аймағында қалып қоюы мүмкін.

Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдерді сыртқы нарықтарды сұраныс туғызатын жаңа, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жахандық бәсекелес рыноктар жағдайында жұмыс істеуге бағдарланған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол жеткізу мүмкін емес».

Елбасының айтқанындай қазіргі нарық жағдайындағы экономикамызда еңбек өнімділігінің деңгейі төмен көрсеткіштерді көрсетеді. Кез – келген кәсіпорын өзінің еңбек өнімділігін арттырып,  сол арқылы өз пайдасын арттыруға тырысады.

Еңбек өнімділігі бұл өндіріс процесінде еңбектің тиімділгі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.

   Өнімділік дегеніміз  қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір  жағынан, өнім және қызмет түріндегі  тауарлар көлемі мен екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың ара қатынасын түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды

Өндіріс тиімділігі - бұл  пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс факторларының шығыны  ара қатынасы

Экономикалық қайта  құру жылдарында еңбек өнімділігін  төмендетудің негізгі себебі қызығушылықтың төмендеуі болды, әсіресе ірі  тауар өндірушілердің тек өсуге  емес, жеткен деңгейді сақтауға да қызығушылығы төмен болды. Кенеттен бағаны бос жіберудің жағдайында кәсіпорынның технологиялық өзара байланысын анықтайтын монополді сипаты еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге деген ынтасын жойып жіберуге  мүмкіндік жасады. Бұл бағаның өсуіне әкеледі, ол өз кезегінде инфляцияны тудырады, бұрын қалыптасқан шаруашылық байлықтың, көптеген нарық қатынасушылары үшін қарым-қатынастың бұзылуына және сонымен қатар, еңбек өнімділігінің әрі қарай төмендеуіне әкеледі.                       Еңбек өнімділігі мен тауар өндірісі тиімділігінің мәні  және мағынасы     

Экономика - бұл қоғам  қажеттілігін жоғары қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды пайдалану  жөніндегі ғылым.

    Қоғамның материалдық  қажеттіліктері шексіз болғандықтан, оларды    толық қанағаттандыруды, мүмкіндігінше, барлық қорларды неғұрлым тиімді  пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Осылайша, экономика - бұл ең алдымен  тиімділік жөніндегі ғылым. Экономикалық тиімділік ″шығындар-өндіру″ деген мәселеден тұрады.

Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік процесс факторларының шығыны  ара қатынасы.

   Өнімділік дегеніміз  қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір  жағынан, өнім және қызмет түріндегі   тауарлар көлемі мен екінші  жағынан, сол өнімдерді шығаруға  кеткен шығындардың ара қатынасын түсүнуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды.

    Ұзақ мерзімді  кезеңде мұндай ара қатынастың  өсуі тек технологиялық, энергетикалық,  материалдық және қаржылық ресурстарды ғана жақсы пайдаланғанды емес, соныменн қатар еңбек ресурстарын да жақсы пайдаланғандығын білдіреді, бұл экономиканың жоғары дамып келе жатқанын көрсетеді. Ал біршама қысқаша кезеңде мұндай ара-қатынастың  дамуы өмір деңгейі мен сапасының міндетті түрде дамуын көрсетпейді , яғни экономикалық дамудың әлеуметтік құрамының өсуін көрсетпейді.

  Бұл ара- қатынастың  азаюы, тек экономикалық құлдырауды  ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік  құлдырауды да білдіреді.

   Жоғарыда айтылып  өткендей, өнімділік кең мағынада, еңбек шығындары мен капитал шығындарын және материалды шығындарды да қамтиды. Ол кез- келген таза табысқа бағытталған ұйымдарға қолданбалы. Бұл көрсеткіштің мәні – өнімділігі жоғары елдер материалдық және энергетикалық ресурстары мол елдерге қарағанда экономикалық көшбасшылар болуында.

      Тауарлар өндірісінің  тиімділігі еңбек және өндірістік  қорларды, материалдық шығындар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстардың әртүрлі түрлерін пайдалану жағдайын суреттейтін бірқатар көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мысалы, өндіргіш күштің бір бөлігі болатын негізгі  өндірістік қорларды пайдалану жағдайы қор қайтарымы көрсеткішімен бағалануы мүмкін.

        Қор қайтарымы  – бұл өндіріс нәтижесінің  негізгі қорлар құнына қатынасы. Негізгі қорлар дегеніміз өндірісте бір жылдан жоғары қолданылатын натуралды формадағы еңбек құралдары. Бұл көрсеткіш статикада өз деңгейінің абсолютті мәнінің маңыздылығымен ғана емес, көбірек өз динамикасы арқылы маңызды. Негізгі қорларды пайдаланудың басқа қорытынды көрсеткіші, қор сыйымдылығы – негізгі өндірістік қорлардың орташа  құнының сатылған өнім көлеміне қатынасы.

          Материалдық  ресурстарды пайдалану тиімділігі  материал сыйымдылығымен өрнектеледі  –олардың құнының тауарлар мен  қызмет құнына қатынасы. Бұл көрсеткіштің шамасы неғұрлым аз болған сайын сол тауарлардың белгілі көлемінің өндірісі тиімдірек болады.

Еңбек өнімділігі – бұл өндіріс  нәтижесінің оған сәйкес адам еңбегінің  шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек процесінің тиімділігінің  көрсеткіші.

Еңбек өнімділігінің келесідей түрлерін ажыратуға болады. Дербес еңбек өнімділігі – бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өнімділігі; локальды еңбек өнімділігі – аймақтағы немесе саладағы еңбек өнімділігі; қоғамдық еңбек өнімділігі – бұл халық шаруашылығы бойынша, толығымен ел экономикасының еңбек өнімділігі.

 Кез- келген еңбек өндіріс  к2езінде затқа айналады, мұндай болуы үшін, ол бірінші кезекте, макроэкономикалық деңгейде және ұзақ мерзім кезеңінде еңбек өнімділігін экономика бойынша тауарлар өндірісінің тиімділігін жанама түрде көрсетуі керек. Сондықтан, қоғамдық еңбек өнімділігін тиімділіктің интегралды көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Жалпы экономикалық еңбек өнімділігі барлық халық шаруашылығы тиімділігінің коэффициенті ретінде  жүреді. Соның ішінде еңбек өнімділігінің динамикасы экономикалық процестердің, қоғамдық, мемлекеттік басқарудың алдыңғы қатарда екенін көрсететін дәрежесі мен тікелей байланысын  жанама сипаттайды. Қоғамдық өнімділіктің динамикасы мен жағдайын бақылау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды функциясы болып табылады.

    Бірақ, нақты кәсіпорында,  салада немесе елде, сол уақыт  аралығында өнім мен қызмет  массасының нәтижесінің өзгеруі  еңбек өнімділігінің өсуінен  ғана емес, сонымен бірге қарқынды  еңбекке байланысты өзгерістің нәтижесі болуы мүмкін. Еңбек қарқындылығы мен  қауырттылығы - бұл уақыт бірлігінде жұмыскерлер жұмсайтын адам ағзасындағы  энергияның саны.

     Еңбек процесіндегі  бұл көрсеткіштің физиологиялық  сипаты бар, бірақ ол өндірісте  әлеуметтік-еңбек қатынастарын және оның жағдайын көрсетеді. Еңбек қарқындылығының еңбек өнімділігінен негізгі айырмашылығы келесідей. Еңбек өнімділігінің өсімі өнім бірлігіне жұмсалатын денелік энергия шығындарының азайғандығын білдіреді. Бұл энергия шығыны көп тауар өндіруге мүмкіндік береді. Еңбек қарқындылығының өсімі өнім бірлігіне жұмсалатын энергия шығындарын өзгеріссіз қалдырса да, бірақ бірлік уақытта оның көлемі ұлғаяды. Сондықтан жұмыс қарқындылығының шамадан тыс өсімі жұмсалатын энергия көлемі бойынша жұмыс күнінің ұзақтығының ұзаруына тепе-тең.

    Еңбектің қауырттылық  деңгейі уақыт бірлігінде жұмысшылардың  жұмыс  ырғақтылығының, жұмыскерлердің  атқаратын  функция санының,  олардың қызмет атқаратын машиналар  санының мөлшерімен анықталады.

    Еңбек қарқындылығының деңгейі оны ұйымдастыру түріне, еңбек ақы және оны мөлшерлеуге, табиғи-биологиялық факторларға (климат, жынысы, денсаулық жағдайы); әртүрлі ұлттық-тарихи жағдайларға, сондай-ақ осы кезеңдегі еңбек қатынасына тәуелді.                                                                  

     Еңбек қарқындылығының  критерийі ретінде белгілі бір  жұмыс кезеңінде немесе жұмыскердің еңбек іс-әрекеті кезеңінде оның  жұмысқа деген қабілеттілігін біртекті сақтауға мүмкіндік беретін деңгейі қабылданады.

    Еңбек өнімділігі  жөнінде айтқанда, біздің қоғамымызда  бұл сұрақтың маңыздылығы материалды  игіліктер  мен қызметті тұтынудың  жан басына шаққандағы орташа  шамасының артуының жоғары қажеттілігімен  анықталады. Бұл мақсатқа жету  үшін, еңбек өнімділігі деңгейін арттырудың басқа жолын пайдалану өндірісте тиімсіз, өйткені, нәтижесінде олар белгісіз сыртқы экономикалық тәуелділікке соқтырады, бірақта бұл жағдайда да проблемаларды шеше алатындай мүмкіндік болмайды.

     Қоғамдық  өндіріс тиімділігін арттырудың  маңызы экономика үшін әрқашан өзекті, әсіресе өндірістің ұзақ мерзімді құлдырауы кезеңінде оның дамуы өте маңызды болады.

     Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  өнімділікті басқару технологиясын жасайтын арнайы мекемелер қызмет етеді. Мысалы, Батыс Еуропада еңбек өнімділігінің көптеген ұлттық орталықтары өнімділіктің  ұлттық орталығының Еуропалық ассоциациясы болып бірігеді.Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек өнімділігінің Азиялық ұйымы, АҚШта-еңбек өнімділігінің Американдық орталығы қызмет етеді.

     Сонымен  қатар, жоғарыда келтірілгендерден басқа тиімділікті арттырудың басқаша түсінігі болуы мүмкін екендігін естен шығармау керек. Италияндық экономист Вильфред Парето (1848-1923) атымен байланысты, мұндай түсінік келесідей түрде болады.″ Біреулер үшін нашар болмай, өз жағдайын жақсарта алмаса , ресурстардың тиімді орналасқаны ″.

      Мұны  түсіну үшін өндірістік мүмкіндіктер  шегі деген ұғым қолданылады.  Өндірістік мүмкіндіктер шегі -бұл  нақты экономикадағы білім мен  ресурстардың көмегімен нақты  тауар түрін өндірудің  максималды мүмкін көлемі, ал басқа тауарлардың көлемі бұл жағдайда тұрақты түрінде қалады.

     Келтірілген  сызбанұсқаға түсінік берейік. Экономикалық теорияда ол абстракты мысалға сәйкес тұжырым бойынша түсіндіріледі. Қазіргі жағдайда, экономиканың көп түрлілігі 1 екі сала Ох және Оу түрінде көрсетілген.

   Парето бойынша  өндірістік мүмкіндіктер доғасында  орналасқан (Э, Э2) кез келген нүкте ресурстардың тиімді орналасқандығын білдіреді, біздің мысалымызда мұндай нүктелер Э және Э2. Доғамен шектелген сектор ішіндегі кез-келген нүкте олардың тиімсіз орналасқандығын білдіреді, біздің мысалымызда мұндай нүкте Н. Өндірістік потенциал секторының сыртында орналасқан 3 нүктесі өндірістік мүмкіндіктің секторының шегінен тыс орналасқан,  бұл экономика үшін қол жетпейтін жағдайды көрсетеді.

     Осылайша  Парето тұжырымдамасы тауарлар  өндірісінің ресурстарын бөлуді  бағалауға әкеледі.   Егер экономикада басқа тауарларды шығаруды төмендетпей, қандайда бір таурларды көп өндіру мүмкіндігі болмаса, бар ресурстар тиімді бөлінген болып табылады.

    Бұл теорияда, шынында, өндіріс тиімділігі тек  тауарларды шығару үшін керек   ресурстарды бөлу жағынан ғана  кең түсіндіріледі. Өндіріс шеңберінде  тиімділікті талқылау келесідей  болып қарастырылады. Берілген  көлемді оны өндірушілер арасында қайта бөлу жолымен нақты игіліктің көлемін өндірудің жиынтық шығындарын төмендету арқылы іске асыруға мүмкіндік болмаса, онда мұндай салалық өндіріс тиімді болып табылады. Бұл жағдайда барлық өндірушілерде шектік шығындар тең болады.

    Технологиялық тиімділік түсінігі басқаларға қарағанда өзгешілігімен көзге түседі. Егер өнім көлемін аз ресурстармен өндіре алатын әдіс болмаса, онда бұл жағдайда қолданылатын өндіріс әдісі технологиялық тиімді болып табылады. Берілген ресурстар көлемінде өндірілген өнім көлемі максималды болса, онда технологиялық тиімділікке қол жеткізілді деп саналады.

     Экономикалық  тиімділік шығынның альтернативті  құнын азайтатын өндіріс әдісі ретінде анықталынады, басқаша айтқанда, шығынның минималды құны болады.     

 

7.2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

 

       Еңбек  өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар  өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне  (өнімділік) қатынасы арқылы немесе  кері шама - тауарлар өндірісі  нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек  сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.

       Еңбек  өнімділігін өлшеудің тәсілі  өте зор маңызға ие.

      Экономиканың  кез-келген бөлігінде, әрбір шаруашылық  жүйеде, өнімділікті өлшеуде, өндірістің  іс- әрекетінің нәтижесін, яғни  өндірілген тауарлар көлемін  мүмкіндігінше дәл өрнектеуді қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе сала, кәсіпорын, жекелеген шаруашылық субъект деңгейінде өнім, қызмет, жұмыс көлемін неғұрлым дәл өрнектейтін натуралды көрсеткіштер болып табылады. Өнім түрлері ұқсас өндірістерде, еңбек өнімділігін бағалауда, өнімді өлшеудің шартты-натуралды бірлігі қолданылады. Бұл үшін тауарлардың ұқсас түрлері, техникалық параметрлер және тұтынушылық қасиеттердің айырмашылығын көрсететін коэффициенттердің негізінде, алдын-ала анықталынған тауарлар өкілі деп аталатын бірлікте өрнектеледі (мысалы, 15 күшті тракторлар, 4-білікті вагондар, жақсартылған шойын, шартты портландцемент және т.б.)

Информация о работе Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері