Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:33, реферат
Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.
Жеке еңбек
шығындарының нормативтері
Уақыт нормативі - бұл бір жұмыскерге еңбек процесінің жекелеген элементін орындау үшін бекітілген уақыт аралығы. Осылайша, еңбек процесі бұйымды дайындаудан, құрал-жабдыққа немесе құрылымдық бөлімшелерге қызмет көрсетуден тұрады. Еңбек процесінің элементі ретінде қозғалыс, тәсіл немесе олардың кешені болуы мүмкін. Сәйкесінше, аз немесе көп бөлшектелінген немесе керісінше, іріленген уақыт нормативтеріне бөлінеді. Неғұрлым бөлшектелінген уақыт нормативтері көбінесе ірі сериялы өндірістерде қолданылады. Егер, еңбек әрекетін қарапайым қозғалыстарға жіктеу керек болғанда, еңбекке микроэлементті мөлшерлеуді қолдануға болады. Ұсақ сериялы және бірлік өндіріс үшін өзара байланысты еңбек қозғалыстарын, тәсілдер кешеніне анықталған, іріленген уақыт нормативтерін қолданған жөн.
Сан нормативтері - бұл белгілі бір уақыт ішінде берілген жұмыс көлемін немесе бірлігін орындау үшін керекті квалификациялық және кәсіби құрамдағы жұмыскерлер тобының саны.
Құрал-жабдық жұмысының режимдік нормативтері- бұл жабдықтың неғұрлым мақсатқа сай қолданылуын қамтамасыз ететін, оның жұмысының тәртіптік параметрлерінің кешені. Олар жұмыскер еңбегінің мөлшерін анықтау үшін машина уақытын есептегенде қажет.
Машиналық (аппараттық) уақыт - бұл станок берілген пайдалану тәртібіне сәйкес, жұмыскердің машинаның жұмысына тек қарап отыру арқылы өндірістік процеске өзінің ықпалын шектеу мүмкіндігі болатын уақыт. Бұл уақыт кезінде өндірістік процестің негізгі операциясынан басқа да операцияларды, мысалы көмекші сипаттағы өлшеу, бекіту сияқты операцияларда орындалуы мүмкін. Регламенттелінген үзілістер уақытының нормативтері - бұл жеке қажетттілік үшін және жұмыскерлердің қауырттылығын азайтуға арналған үзіліске, сондай-ақ құрал-жабдықтарды пайдаланудың техникалық талаптарына (яғни құрал-жабдықтардың қызмет ету тәртібінің нормативтеріне) негізделген үзілістер үшін керек уақыт аралығы.
Еңбекті аналитикалық әдіспен мөлшерлеуде қажеттілігіне қарай еңбек процесін ұйымдастыруды жетілдіру және толығымен өндірісті ұйымдастыру бойынша шаралар жүргізілуі мүмкін. Нақты мәліметтерді алдын-ала зерттеу нәтижесінде алынған нормативтерді салыстыру негізінде техника-технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануды және жұмыс орнын ұйымдастыруды тиімді ету, жұмыскер айналасындағы психофизиологиялық ортаның ықпалын жақсарту, еңбек және демалыс тәртібін жетілдіру т.б. жоспарланады. Мұның барлығы еңбек мөлшерін қайта жасау арқылы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. Еңбекті мөлшерлеудің аналитикалық әдістері аналитикалық-зерттеушілік және аналитикалық-есептеу әдістері болып екіге бөлінеді. Олардың арасындағы негізгі айырмашылығы еңбек процесінің жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын уақыт шамасын анықтау тәсілінен тұрады.
Аналитикалық-зерттеу әдісі- бұл жұмыс орнында зерттеу және талдау арқылы еңбек операциясының элементтеріне, сондай-ақ бүкіл операцияны орындауға жұмсалатын уақыт шығынын анықтайтын әдіс. Бұл жағдайда уақыт шығындары арнайы зерттеу эксперименттердің нәтижелерін өлшеу жолымен, немесе нақты уақытын белгі бір мезгілде байқау арқылы анықталады. Соңғысы өзінің атын кездейсоқ таңдап алынған мезгілдердегі бір атаулы уақыт шығындарын қадағалауды жүзеге асыру бойынша әдістемелік талаптардан туған.
Уақыт нормативтерін
есептеу үшін қажетті әдістер:
хронометраж, жұмыс күнінің
Хронометраж - бұл жұмыс (жұмыс операциясының) ұзақтығын, яғни оның тұрақты қайталанатын элементтерін зерттеу және өлшеу мақсатында жұмыстың орындалуын қадағалау түрі.
Жұмыс күнінің суреттемесі - жұмыс күнінің ауысымында немесе оның бөлігінде жұмыс уақытында мүмкін болатын уақыт жоғалтулары және олардың себептерін анықтау мақсатында еңбекті қадағалау түрі.
Фотохронометраж- бұл жұмыс күнін зерттеуде хронометраж және жұмыс күні суреттемесін аралас түрде пайдалану.
Аналитикалық-есептеу әдісі - бұл құрал-жабдықтар жұмысы режимінің нормативтері мен уақыт нормативтерін, сондай-ақ белгілі ұйымдастырушылық- техникалық жағдайда жұмыс көлемінен уақыт шығынының тәуелдік формуласы негізінде есептеу жолымен барлық операцияларға және еңбек операцияларының элементтеріне кететін уақыт шығынын анықтайтын әдіс.
Мөлшерлеудің бұл әдісі алдыңғыларға қарағанда мамандардан тікелей жұмыс орнында еңбек процесін зерттеу және қадағалауды талап етпейді, сондықтан ол еңбекті көп қажет етпейді. Бірақ, ол әртүрлі кәсіпорындар немесе бөлімдерде өндірістің ұқсас немесе типтік ұйымдастырушылық-техникалық жағдайы үшін мөлшерлеудің орташа сипатын болжайды, оның дәлдігі оншалықты көп емес, сондықтан жеке адамдардың еңбек мөлшерін анықтауда қолданылмайды.
Жұмыс орны - бұл жұмысшылар тобымен немесе бір жұмысшымен белгілі бір жұмысты орындау үшін арналған кәсіпорынның кеңістік жері.
Жұмыс орнын аттестациялау-бұл кәсіпорында бекітілген мөлшерге, сондай-ақ алдыңғы тәжірибеге және құрал-жабдықтар мен қызмет көрсету көрсеткіштерінің сәйкестігін кешенді бағалау. Жұмыс орнын аттестациялау нәтижесінде жұмыс орнындағы өнімділік, оның әлеует деңгейін жоғарылату, сөйтіп еңбек өнімділігінің арту резерві анықталуы мүмкін.
Еңбектің
аналитикалық әдісі еңбекті
Жалпы, жиынтық әдіске қарағанда мөлшерлеудің аналитикалық әдістері неғұрлым жоғары дәлдікте еңбек мөлшерін табуды қамтамасыз етеді және сондықтан еңбек операциясы жаппай сипатта өтетін көпсериялы өндірісте неғұрлым тиімді болады. Еңбекті мөлшерлеудің жиынтық (тәжірибелі-статистикалық) әдісі-бұл еңбек операциясын элементтерге бөлмей толығымен еңбек мөлшерін болжайтын әдістер.
Жиынтық
әдістерімен еңбекті
Тәжірибелік әдіс- мөлшерлеушілердің жеке тәжірибесінің негізінде бекітілетін мөлшерді қарастырады.
Статистикалық әдіс- өткен жылдағы осындай жұмыстарға жұмсалған шығындар жөніндегі есептемелік -статистикалық мәліметтер бойынша еңбек мөлшерін бекітуді ұсынады.
Еңбек мөлшерін бекітудің салыстырмалы әдісі- бұрын орындалған және ұқсас еңбек операциясы бойынша жұмыс көлемі мен күрделілігін салыстыру жолымен жаңа мөлшерді бекітуді қарастырады.
Аналитикалық –зерттеу әдісіне қарағанда еңбекті мөлшерлеудің жиынтық әдісі еңбек өнімділігінің өсу резервтерін табуда және оның кәсіпорында немесе өндірістік бөлімшеде өсуіне аз ықпал жасайды деп есептеледі.
Нақты нарықтық экономикада еңбек мөлшерін анықтау мен жетілдіру кезінде, еңбекті мөлшерлеу әдістерін қатаң жеке бөлу әрқашан тиімді болмайды. Кейбір жағдайларда кәсіпорындар еңбектің кейбір мөлшерлерін анықтауға және сәйкесінше әртүрлі әдістерді біріктіру негізінде еңбек мөлшерін белгілей алады.
7.7. Еңбек қарқындылығының басқа
экономикалық
категориялармен және
Еңбек процесін
өндіріс факторы ретінде
Еңбек қарқындылығы теориясын неғұрлым толық К.Маркс дамытты және ол біздің елімізде еңбек шығынын сандық анықтау облысында зерттеудің әдістемелік базасы болды. Маркс еңбек шығыны санын жұмыс уақыты шығындарымен өрнектеді. Егер еңбек шығындарын жұмыс уақыты ұзақтығымен қарастыратын болсақ, уақыт кезеңінің бірдей ұзақтығы бойынша жұмыс істейтін жұмыскердің еңбек саны әрқашан бірдей болады. Сонымен бірге, олардың әрқайсысы өз жұмыс күшін қандай қарқындылықпен жұмсағандығы маңызды емес. Еңбектің жеке қарқындылығындағы айырмашылықтарды есепке алу күрделілігіне қарамастан, еңбек шығынын тұрақты және кешенді өлшеу қажеттілігі, еңбек шығынын жұмыс уақыты шығындарымен өлшеу идеясы болғанын нақты растауға болады.
Қазіргі заманғы теория мен тәжірибеде жұмыскердің еңбек шығыны еңбектің қарқындылығымен және ұзақтығымен (экстенсивті құралы) анықталады. Еңбек ұзақтығы еңбек туралы заңмен шектелген жұмыс уақыты кезеңімен, сондай-ақ адам ағзасының психофизиологиялық мүмкіндіктерімен сипатталады.
Өз кезегінде, еңбек қарқындылығы еңбек деңгейімен сипатталады және уақыт бірлігіндегі еңбек шығынының мөлшерімен анықталады. Жалпы бұл тәуекелділікті келесідей етіп жазуға болады:
мұндағы: ЕҚ-еңбек қарқындылығы;
ЕШ-еңбек шығыны;
УШ-уақыт шығыны;
Еңбек шығынының экстенсивті және қарқынды құрамының арасындағы өзара байланысты келесідей етіп сипаттауға болады. Үздіксіз еңбек процесі ұзақ болған сайын жұмыскер қатты шаршайды және жұмыс уақытының соңында қабілеті төмендейді және керісінше, егер жұмыс күнінің ұзақтығы азайып және бос уақыт көбейсе уақыт бірлігіндегі өнім қарқындылығы өседі. Қазіргі еңбек мазмұнының өзгерісі «еңбек шығыны» түсінігін де өзгертеді. Жаңа техниканы, технологияны ендіру жұмысы заттың энергиясының шығындарын төмендетеді: өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру деңгейі жоғары болса, еңбек ауырлығы төмен, сәйкесінше, жұмыскердің шаршау деңгейі де төмен болады. Әдетте, еңбек шығармашылық және әртүрлі сипатта болады, соның арқасында жұмыскер жұмыстан қанағат алады. Сонымен бірге автоматтандырылған құрал-жабдықты пайдалану жұмыскердің жедел реакциясын, дәлдігін, қабылдау қабілетін, ақпараттың үлкен көлемін сақтау және беру қабілетін талап ете отырып, осы құрал-жабдық жұмысының жеделдігінің жоғары болуы есебінен жұмыскердің жүйке-ойлау жүктемесін арттырады.
«Еңбек шығыны» түсінігінің шегінде, еңбек қарқындылығы сапасы құрамдас ретінде қарастырылады. Еңбек сапасы оның тек күрделілігінен емес, еңбек қарқындылығының белгілі бір деңгейімен де сипатталады.Қарқындылықтың нақты деңгейі неғұрлым тиімді мәніне жақын болған сайын, соғұрлым еңбек сапасы жоғары болады.
Тиімді еңбек қарқындылығы - ғылыми –техникалық прогрес, өндіргіш күштің даму ықпалымен өзгеретін тарихи категория. Оның деңгейі өндірістік қызметтің басты мақсатына жетуді қамтамасыз етуді, қажетті нарықтық сұранысты неғұрлым толық қанағаттандыру және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сәйкес деңгейін қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыскердің тек еңбек қызметінде жан-жақты дамуын ғана емес жұмыстан тыс (жұмыскердің білім, мәдениет деңгейін арттыруға, балалар тәрбиесі, қоғамдық міндеттерді орындау және т.б.) дамуын қамтамасыз етуі керек.
Еңбек қарқындылығының тиімді деңгейі төмендегілерді болжайды:
-өндіріс қорлары мен жұмыс уақытын өнімді және толық пайдалану;
-жұмыскерлердің тиімді жұмыс бастылығы;
-жұмыскерлердің
ағзасының мүмкіндіктері мен
технологиялық процесс ерекшелі
-өндірістік операцияны орындаудың тиімді тәсілі мен әдістері ;
-жұмысшылардың
тиімді еңбек қарқындылығын
-жұмыскерлердің әлеуетті мүмкіндігін тиімді пайдалану.
Өндіріс
тиімділігін арттыруда еңбек
қарқындылығының әдеттегі
Бірақ, тиімді еңбек
Қарқындылық және еңбек өнімділігі - өзара байланысты және өзара негізделетін экономикалық категориялар. Бұл өзара байланыс оның екеуінің де өндіріс көлемін арттыруында көрінеді. Қол жеткізілген еңбек өнімділігінің деңгейі мен оның қарқындылығының деңгейі арасындағы ара қатынас - бұл көрсеткіштердің өзгеру қатары экономикалық-әлеуметтік немесе басқада себептермен әртүрлі бағытта болғанымен ол обьективті шама деп атау керек.
Қарқындылық еңбек мөлшерін
Олардың арасындағы