Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:33, реферат
Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.
7.4. Еңбек мөлшерін функционалды бөлу
Еңбекті мөлшерлеудің негізгі түрлері өзінің функционалды бағыты бойынша уақыт мөлшері, өнімділік мөлшері, қызмет көрсету мөлшері болып табылады.
Жеке уақыт мөлшері - бұл берілген техникалық жағдайда және белгілі бір квалификациядағы бір жұмыскердің жұмыс бірлігін (өнімін) орындауға жұмсалған жұмыс уақыты.
Ұжымдық кешенді уақыт мөлшері (іріленген, операциялар кешеніне)- берілген техникалық жағдайда белгілі бір жұмыскерлер тобының, олардың квалификациялық құрылымын ескергенде, жұмыс бірлігін орындау үшін бекітілген жұмыс уақыты.
Уақыт мөлшері (еңбек сыйымдылығының мөлшері) әдетте адам-минут, адам-сағатпен өлшенеді.
Еңбекті мөлшерлеуде ескерілетін жұмыс уақыты оның белгілі бір еңбектің түрлеріне қарай топталу мүмкіндігі.
Даярлық-қорытынды уақыт (ДҚУ) - бұл жұмыс тапсырмасын орындауға керекті дайындыққа кететін және соңғысын аяқтауға қажетті уақыт. Оған келесідей әрекеттер орындауға кететін уақыттар кіреді: технологиялық және есепке алу құжаттары, қажетті арнайы құралдар мен құрылғыларды алу, сызулармен танысу, нұсқау алу, жұмыс соңында құралдар мен құрылғыларды өткізу және т.б. Уақыттың бұл түрінің шамасы жұмыс көлеміне тәуелді емес.
Оперативті уақыт (ОУ)- еңбек затының өзгеруіне және сол өзгеріске жұмсалатын қосалқы әрекеттерге қажетті уақыт. Сондықтан оперативті уақыт қосалқы (К) және негізгі (Н) уақыттан тұрады. Қосалқы уақыт - бұл, мысалы, дайындаманы бекітуге, шикізатты салуға, дайын өнімді алуға, станокта кесу режимін өзгертуге жұмсалатын және т.б. уақыттар. Негізгі уақыт- (технологиялық) - еңбек затының заттық құрамын, оның қасиетін, жағдайын, мөлшерін, түрін қайта қалыптастыруына кететін уақыттың мөлшерімен өлшенеді.
Жұмыс орнына қызмет ету уақыты (ЖОҚ) - құрал-жабдықты күтуге және жұмыс орнын ретке келтіруге жұмсалатын уақыт. Жұмыс орнына қызмет көрсетуді екі түрге бөлуге болады -техникалық және ұйымдастырушылық. Біріншісі, нақты жұмыс тапсырмасын орындаумен байланысты, мысалы, құрал-жабдықты арнайы жайғастыру және т.б. Екіншісі тапсырманың (тазалау, майлау және т.б.) ерекшелігіне қарамай жұмыс ауысымының ағымында құрал-жабдықты күту. Сәйкесінше ЖОҚ техникалық қызмет көрсету (Тех) уақыты және ұйымдастырушылық қызмет көрсету уақытына (Ұ) бөлінуі мүмкін.
Жұмыс уақытының құрамында регламенттелген үзілістер (РҮ) уақыты бөлінеді. Ол сондай-ақ техникалық үзілістерден (ТҮ) және жеке қажеттілік пен демалыс (ЖҚД) уақытынан тұрады. Мәжбүр болған техникалық үзілістер құрал-жабдықтың орнатылған тәртібіне сәйкес негізделген. Жеке қажеттілік пен демалыс уақыты жеке бастық гигиенаны және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға арналған. Және ТҮ және ЖҚД уақыт мөлшерін жасау кезінде ескеріледі.
Регламенттелмеген үзілістер уақытына - өндірісте белгіленген ұйымдастыру және технологияның бұзылуынан болатын тоқтатулар уақыты жатады.
Уақыт мөлшері еңбек
шығындарының айқындалған
Өнімділік мөлшері - бұл белгілі бір техникалық жағдайда және сәйкес квалифиликакциялы жұмыскерлер тобының (өнімділіктің ұжымдық мөлшері) немесе бір жұмыскердің (өнімдліктің жеке мөлшері) уақыт бірлігінде орындау немесе дайындау үшін бекітілген өнім бірлігінің саны немесе жұмыс көлемі.
Өнімділік мөлшері
көбінесе натуралды бірлікпен
өлшенеді және уақыт мөлшеріне
кері пропорционалды шама
Өнімділік мөлшерінің
жалпылама варианты ретінде
Мөлшерленген тапсырма - бұл тек заттай бірлікте ғана емес, еңбек шығындарының бірлігінде (мысалы, адам-сағат) немесе ақшалай түрде бекітілетін берілген уақыт аралығында бригада немесе жеке жұмыскер орындайтын жұмыс көлемі. Өнімділік мөлшері еңбек нәтижесін айқындайтын мөлшерге жатады, сондықтан да оның функционалдық рөлі осында көрінеді.
Қызмет көрсету мөлшері уақыт бірлігінде берілген техникалық жағдайға сәйкес квалификациялы жұмыскерлер тобымен (қызмет көрсетудің ұжымдық мөлшері) немесе бір жұмыскермен (жеке адамның қызмет көрсету уақыты) қызмет көрсететін бірдей өндірістік объектілердің, жұмыс орнының, басқада жұмыскерлер мен жұмыс орындарының , өндірістік алаң бірлігінің, станоктардың санын анықтайды. Жұмыс көлемінің негізгі сипаттамасы ретінде оның атқаратын аумағы анықталынады. Мұндай амал көмекші жұмысшылар (қалақшылар, реттеуші) үшін ғана емес, сонымен бірге, мысал үшін, бір тоқымашымен қызмет көрсететін станоктардың санын анықтағанда, негізгі жұмысшылар үшін де қолданылады. Мәні бойынша қызмет көрсету мөлшері - бұл өндіруші объектілердің қызмет істеу жағдайын қамтамасыз ету бойынша жұмыстың, еңбек іс-әрекетінің мөлшері.
Басқарушы қызметкерлер
үшін арнайы қолданылатын
Қызмет көрсету мөлшері - бұл өндірістік процесте еңбек затының еңбек өніміне тікелей технологиялық өзгеруіне байланысты өндіріс процесін сипаттайтын параметрлер. Олардың функциясы технологиялық әсер ету үшін мақсатқа сай шартты ұстап тұру бойынша жұмысты реттеу.
Қызмет көрсету мөлшері
жұмыскер күшін дұрыс
7.5. Еңбек шығындарын өлшеу: мәні және
негізгі
құрамы
Еңбекті мөлшерлеу өндірісті толық ұйымдастыру, тұрақты жетілдіру, еңбекті ұтымды ұйымдастыру жобасының негізгі, маңызды салдары болып табылады.
Еңбек шығындары бір уақытта екі түрде жүзеге асады: жұмыскерлердің энергия шығыны мен оның жұмыс уақытының шығындары түрінде. Бұл екі түр жұмыскерлердің шеберлігі мен білімі (біліктілігі) сияқты еңбек шығындарының маңызды сипатымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Сондықтан, жұмыскер еңбегінің шығындарын уақыт немесе энергия шығындарының жиынтығы ретінде анықтай отырып, жұмыскердің квалификациясын, берілген еңбек түрінің күрделілігі мен интеллектуалды құрамын ескеру қажет.
Бұл сөздің жай мағынасында, білім және шеберлік әдеттегідей жұмсалмайды. Олар қор сақтаушысында азаймай, тауар өндірісі процесінде жұмсалынады. Оны толықтырмаса немесе жаңартпаса квалификация рухани ескеруі мүмкін, бірақ бұл азаюды емес, жетіспеушіліктің пайда болуын көрсетеді. Еңбек затына әсер ету процесінде адам капиталы өндірілетін өнімге өтеді, cонымен қатар ол уақыт өткен сайын құнсыздануы да мүмкін, бірақ көлем жағынан азаймайды.
Еңбектің күрделілігі
қолданылатын техника мен
Еңбектің күрделілік деңгейінің динамикасы, оған сәйкес өндірісте қолданылатын кәсіби білімнің деңгейі, жұмсалған энергия мен уақыттың құндылығын тікелей төмендете немесе жоғарылата отырып, түбегейлі еңбек шығынын бағалауда көрінеді. Бұл еңбек шығынының құнын анықтағанда белгілі болады. Жұмыстың күрделілігіне қарай (тарифтік разряд) уақыт бірлігінде оған ақы төлеу мөлшері белгіленеді, мысалы - сағаттық тарифтік ставка .
Осыған байланысты
қандайда бір жұмыс көлеміне
байланысты еңбек ақының
Тарифтік разряд - жұмысшының квалификация деңгейінің және ол орындайтын жұмыс күрделілігінің көрсеткіші. Атап айтқанда:
Р=Cтар*Нуақ,
Мұндағы: Р - берілген бұйымның, операцияның бағалануы (теңге /дана),
Стар - еңбек ақы тарифінің мөлшері (егер уақыт бірлігіне
өрнектеледі.);
Нуақ - бұйым немесе операция өндірісінің уақыт
сағат/дана арқылы өрнектеледі).
Сәйкесінше, берілген жұмыстың барлық көлемі үшін еңбек ақы шамасын келесідей түрде өрнектеуге болады:
3жосп = р * n,
мұндағы: 3жосп- еңбек ақы қоры,
р- бағасы,
n- берілген бұйымның немесе еңбек операциясы
бірлігінің саны.
Жұмыскер
энергиясының шығыны - физикалық
және жүйкелік шығындар, олардың
шамасын бүгінгі күнде өлшеуге
оншалықты мән берілмейді. Оларды
анықтау, басқаша айтқанда, еңбектің
ауырлығын анықтау үшін
Бірақ еңбектің қарқындылығын кешенді бағалаудың жеткілікті дамыған әдістемелік базасы жоқ және, сәйкесінше, қазіргі нарықты экономика жағдайында тәжірибеде қолданылмайды.
Кез
келген жұмыстың еңбек мөлшері
жұмыс процесінің жекелеген
Бағаны қалыптастырудың
Нақты жағдайда,
еңбек (уақыт) мөлшерін
Белгілі жұмыс көлемін орындау үшін керекті еңбек шығындарын өлшеу үшін, ең ақырында, белгілі бір квалификацияда және орташа қарқындылықта еңбекті орындауға жұмсалатын жұмыс уақытын өлшеуге әкеліп соғады.
Еңбек мөлшерін
анықтау еңбек операциясының
құрылымы жөнінде, жұмыс
Еңбекті мөлшерлеу аналитикалық немесе жиынтық әдістермен орындалады.
Еңбекті мөлшерлеудің аналитикалық әдістері - еңбек мөлшері еңбек операциясының немесе жұмысының жекелеген құрамдас бөліктері бойынша уақыт шығынының синтезі негізінде анықталады. Сонымен қатар, еңбек операциясының (жұмысының) құрамдас бөліктерге аналитикалық бөлінуі жүзеге асырылады және жеке әрбір элементтің ұзақтығын негіздеу қарастырылады. Қолданылатын техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі; жұмыс орнын ұйымдастыру деңгейі; тізбектілігі, еңбек тәсілінің ұтымдылығы; психофизиологиялық факторлардың әсері, оның ішінде санитарлы-гигиеналық жағдайлар және тағы басқалары ескеріледі.
Техникалық
негізделген еңбек мөлшері
Еңбек бойынша
негізгі нормативтерге- еңбек
(жұмыс күші) шығындарының нормативтерін
жатқызуға болады, ал қосалқыға
- құрал-жабдықтың (жұмыстың) жұмыс
істеу және қызметкерлердің