Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:31, диссертация

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жатады:
-Қысқа мерзімді активтерді ХҚЕС-на сәйкес ашып көрсету;
-олардың ХҚЕС бойынша бағалануын, келіп түсуін және шығу есебін анықтау;
-ұйымдастыру процесін білу;
-ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебінің, аудитінің ерекшеліктерімен жете танысу;
-Қысқа мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ «ДЕ-ЛА» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 6
1.1 Қысқа мерзімді активтердің анықталуы мен түрлері 6
1.2 «ДЕ-ЛА» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымы және негізгі экономикалық көрсеткіштері 12
2. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.2 Ақша қаражатының есебі 17
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі 36
2.4 Босалқылар есебі 57
3. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР АУДИТІ 67
3.1 Қысқа мерзімді активтер аудитін ұйымдастыру 67
3.2 Қысқа мерзімді активтердің аудитін жетілдіру жолдары 85
ҚОРЫТЫНДЫ 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
ҚОСЫМШАЛАР 98

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИССЕРТАЦИЯ.doc

— 922.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

6-кесте жалғасы

22

инкассаторларға және банктің кешкі кассаларына өткізілген, бірақ әлі белгілеу бойынша қосылмаған қолма қол ақшалар

1020 «Жолдағы ақша қаражаттар»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

23

Валюталық кассадан валюталық шотқа шетелдік валюта түрінде қолма қол ақшалар өткізіледі

1031 «Ағымдағы банктік шоттардағы  валютамен ақша қаражаттары»

 

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

24

Банктік шотқа қолма қол ақшалар өткізілді

1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты»

1010 «Кассадағы ақшалар қаражаты»

25

Акционерлерден қолма қол ақшаларға сатып алынған меншікті акциялардың құнын көрсету

5210 «Сатып алған меншікті үлес  құралдары»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

26

Қарапайым және артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивиденттерді қолма қол төлеу

3030 «Қатысушылардың дивиденттері  мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

27

Еншілес және тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешектерді қолма қол ақшалармен өтеу

3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

3330 «Қауымдастырылған және бірлескен  ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық  берешек»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

28

Жеткізілген тауарлар мен көрсеткен қызметтері үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары қолма қол ақшалармен төленген

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

29

Қызметкерлерге еңбекақы берілген

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»


 

6-кесте жалғасы

29

Қызметкерлерге еңбекақы берілген

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа  мерзімді берешек»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

30

Қолма қол ақшалармен басқа да қарыз берушілердің берешегін өтеу, депозитке өткізілген еңбекақы берілген

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

31

Сатып алушылар мен тапсырысшыларға қайтарылған тауарлардың құнын қолма қол ақшалармен көрсету

6020 «Сатылған өнімді қайтару»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

32

Тауарларды өткізуге байланысты кейбір жедел шаруашылық шығындарын қолма қол ақшалармен төленген

7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

33

Кейбір жалпы және әкімшілік басқару шығындарын қолма қол ақшалармен төлеу

7210 «Әкімшілік шығыстар»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты

34

Шетелдік валютаның теңгеге қатысты бағамының өсуі кезінде кассалық операциялар бойынша болған теріс бағам айырмасы

7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты

35

Табиғи апаттан болған ақшалай қаражаттар бойынша өтелмейтін залалдарды есептен шығару

7470 «Басқа да шығыстар»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

1011 «Кассадағы валютамен ақша  қаражаты


    Жолдағы ақшаларды есепке  алу бойынша, мекемелерде жолдағы  ақшалар болып сатып алушылар мен тапсырысшылардан оларға сатылған өнімдер, тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін кассаға алынған, кейін мекеменің ағымдағы немесе өзге банктік шоттарына аудару үшін банк мекемесінің кешкі кассаларына, байланыс пошта бөлімшелерінің кассасына, халық банкіне немесе банктің инкассаторларына өткізілген, бірақ әлі белгілеу бойынша түспеген мекеменің ақша сомалары танылады. Бұл түсімдер, әдеттегідей, жұмыс күнінің соңында өткізіледі, бұл кезде банк қызметкерлерінің жұмыс күні бітіп қояды, сондықтан оны банк ағымдағы немесе өзге шотқа бірден қоспайды, түсімдер өткізілгеннен кейін келесі күні қосылады. Нәтижесінде ақшаларды банкке өткізген күні мен оларды көрсетілген шоттарға қосу күніарасында уақытша үзіліс пайда болады, яғни ақшалар белгілі бір уақыт жолда болады.

    Тікелей банктің кассасына  өткізілген ақшалар жолда деп  мынандай жағдайда есептеледі, егер  олар кешкі кассаға айдың ақырғы  жұмыс күнінің соңында өткізсе, онда ақшалар мекеменің банктегі  шотына жаңа айдың бірінші  жұмыс күні түседі.

    Жолдағы сомалардың көлемі, әдеттегідей, бір күндік түсімінен  аспайды. Кейде жолдағы ақшалай  қаражаттардың көлемі сауда түсімінің  екі және үш күндік көлемінің  құрауы мүмкін, егер түсімдерді  банк үшін жұмыс емес күні  өткізсе, жолдағы ақшалай қаражаттар болып, сондай-ақ өзінің жоғары тұрған мекемесінен немесе аналық кәсіпорыннан алынған хабарламасы немесе басқа да ұқсас құжаттары бойынша банктің төлеуге қабылдаған, бірақ әлі алушының ағымдағы немесе өзге де шотына түспеген сомалар есептеледі. Мұндай жағдайда банктің мекеменің сомасына өткізген түсім, әсіресе пошта арқылы аударылған сомалардың мекеменің шоттарына уақытында, дұрыс және толық түсуіне қатал бақылау жасауға өткір қажеттілік туындайды. Банк түскен сомаларды мекеменің шотына келесі күннен кешіктірмей түсіруге міндетті. Ақшалар уақтылы түспеген жағдайда банк мекемесінің пайдасына әрбір мерзімі өткен күнге белгіленген мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.

    Жолдағы ақша қаражаттардың  қолда бары мен қозғалысының  ағымдағы есебін және жүйелі  бақылау жүргізу үшін 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» атты активтік шот арналған. 1020 «Жолдағы ақшалай қаражаты» шотының дебеті бойынша жазулардың негізі – кассирдің кассалық есеп беруіне, банк мекемесінің, байланыс пошта бөлімшелерінің түбіртектері, инкассаторларға түсімді өткізуге жасалған жолдама тізімдемелері және халық банкілерінің тиісті құжаттары болып табылады.

    Мекеменің кассасынан  түсімдерді банкке банктің инкассаторлары, байланыс пошта бөлімшелері, халық  банкі және т.б. арқылы өткізгенді  растайтын жоғарыда аталған құжаттардың негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазу жазылады:

       1020 «Жолдағы ақшалай  қаражаты» шотының дебеті

           Тиісті  шоттардың кредиті:

       1010 «Кассадағы  ақша қаражаты»

       1011 «Кассадағы  валютамен ақша қаражаты»

    Егер мекеме сатқан  өнімдер мен көрсеткен қызметтірінен  түскен түсімдерді өзінің кассасына  өткізбеһй, тікелей жоғарыда аталған  ұйымдар арқылы банкке өткізсе, онда келесі бухгалтерлік тізбе  беріледі:

        1020 «Жолдағы  ақшалай қаражаты» шотының дебеті

        6010 «Өнімдерді  сатудан және қызметтер көрсетуден  алынатын кіріс»шотының кредиті

   Ақшалай қаражаттар, бағалы  қағаздар, ақшалай құжаттар және  қатаң есептегі бланктерді түгендеу  бойынша, кассадағы ақшалай қаражаттар  мен басқа да құндылықтардың жай-күйі мен сақталуына бақылау жүргізу мақсатында айына кемінде бір рет кассаға кенеттен түгендеу жүргізіледі. Түгендеу жүргізу үшін мекеме басшысының бұйрығымен комиссия тағайындалады да, ол кассирмен бірге ең алдымен касса бөлмесінің ақшалай қаражаттар мен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, күзет-өрт сигнал беру құралдарымен техникалық жабдықталғандығы бойынша талаптарға сәйкестігін, кассирдің жұмыс істеу үшін жағдай жасалғанын және т.б. жағдайларды тексереді. Түгендеудің алдында комиссия кассирден барлық кіріс және шығыс касса ордерлері және басқа да оларды алмастыратын ақшалай құжаттар тіркелген есеп беру мен түгендеудің басында ақшалай қаржылар бойынша кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға өткізілген және оның жауапкершілігіне түскен барлық ақшалай қаражаттар қабылданып алынған, ал жұмсалғандар шығынға шығарылған жөніндегі қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу кесімінің жоғары жағында келтірілген. Кассалық есеп беруге мекеменің бас бухгалтері қол қояды. Комиссия кассирдің қатысуымен кассалық есеп беруді тексереді де, кассаға салт ақшалардың қалдығын есептеліп шығарылғанының дұрыстығын анықтайды.

    Одан кейін комиссия  кассадағы сақталған барлық ақшаларды  олардың жеке-жеке түріне немесе  банкалық буып-түюінде екеніне  қарамастантолық әрбір бетті қайта санау арқылы қолда бар ақшаны, бағалы қағаздар, есеп айырысу чек кітапшалары, ппошталық маркалар, жол жүру билеттері, санаторий мен демалыс үйлеріне жолдамаларды тексереді. Кассадағы ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, ақшалай құжаттар және қатаң есептегі бланкалардың нақты барын тексеру нәтижелері тиісті «Ақшалай қаражаттардың қолда бары түгендеу кесімі»және «Құндылықтар мен қатаң есептегі құжаттардың бланкаларының түгендеу тізімдемесімен» рәсімделеді де, комиссиясының барлық мүшелері мен кассир қол қояды. Кесім екі данада, ал материалдық тұлға ауысқанда үш данада жазылады да,: кесімнің бірінші данасы мекеменің бухгалтериясына береді, ал қалғандары материалдық жауапты тұлғаларда қалады.

    Кесімнің соңында материалдық  жауапты тұлғаның кесімде көрсетілген ақшалай қаражаттардың барлығы оның жауапты сақталуында екені жөнінде қолхат келтірілген.

   Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаттарын есепке алу  бойынша, негізгі қаржылық-шаруашылық  қызметке қажетті бос ақшалай  қаражаттарды сақтау және қолма қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қажетті төлемдерді жүргізу үшін мекемелер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемесінде ағымдағы банктік есепшот ашады.

   Банктік есепшот -  банк  пен клиент арасындағы депозит  қабылдау және шартта, заңда көзделген және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларымен қолданылатын клиентке банктік қызмет көрсетуге байланысты банктік операциялар жүргізу жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету тәсілі.

   Банктік есепшоттарды теңгемен  де, шетелдік валютамен де ашуға және жүргізуге болады және олар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік есепшоттар болып бөлінеді.

   Ағымдағы және жинақ есепшоттары  – жеке тұлғалар мен заңды  тұлғалардың, заңды тұлғалардың  оқшауланған бөлімшелерінің банктік  есепшоттары.

   Корреспондеттік есепшоттар – банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік есепшоттары.

   Банктік есепшоттарды ашу, ақшалай қаражаттарды сақтау  және жұмсау, құжаттық рәсімдеу  және жабу тәртібі Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық кесімдерісмен белгіленеді.

   Банктік есепшот шарты  бойынша ағымдағы және корреспонденттік  есепшот ашқан кезде банк клиентінің  пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші адамтарға  тиісті ақшаны аудару туралы клиенттің нұсқауын  орындауға және банктің есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге міндеттенеді.

   Банктік салым шарты бойынша  жинақ есеп шотын ашқан кезде  банк салымшыдан ақша қабылдауға, ол бойынша банктік салым шартына  көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрі үшін заң кесімдерінде және банктік салым шартында көзделген талаптармен және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді.

   Банктік салым шарты бойынша  жинақ есепшотын ашқан кезде  ақшаны салымшының өз атына не белгілі бір үшінші адамның атына салуға болады. Бұлар бұдан былай банктің клиенттері болып саналады.

   Банктік салым шарты жасалғаннан  кейін банк салымшының талап  етуімен оған салынған салымды  растайтын, банк  клиентінің атына  рәсімделген құжат береді.

Информация о работе Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті