Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:31, диссертация

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жатады:
-Қысқа мерзімді активтерді ХҚЕС-на сәйкес ашып көрсету;
-олардың ХҚЕС бойынша бағалануын, келіп түсуін және шығу есебін анықтау;
-ұйымдастыру процесін білу;
-ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебінің, аудитінің ерекшеліктерімен жете танысу;
-Қысқа мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ «ДЕ-ЛА» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 6
1.1 Қысқа мерзімді активтердің анықталуы мен түрлері 6
1.2 «ДЕ-ЛА» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымы және негізгі экономикалық көрсеткіштері 12
2. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.2 Ақша қаражатының есебі 17
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі 36
2.4 Босалқылар есебі 57
3. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР АУДИТІ 67
3.1 Қысқа мерзімді активтер аудитін ұйымдастыру 67
3.2 Қысқа мерзімді активтердің аудитін жетілдіру жолдары 85
ҚОРЫТЫНДЫ 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
ҚОСЫМШАЛАР 98

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИССЕРТАЦИЯ.doc

— 922.00 Кб (Скачать документ)

 

1.2 “ДЕ-ЛА” ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

    Зерттеліп отырған «Де-Ла» жауакершілігі шектеулі серіктестікгі Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға болып табылады. «Де-Ла» ЖШС-гі өз қызметін қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Жауакершілігі шектеулі және қосымша жауапкершелігі бар серіктестіктер  туралы» Заңының, өзге  де заң  құжаттары мен құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады[7].

    Серіктіктің  атауы :

  • - қазақ тілінде: «Де-Ла» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • - орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностъю «Де-Ла».
  •     Серіктестіктің мекен-жайы:
  • Қазақстан  Республикасы, Алматы қаласы, Сатпаева 108/11А үй.
  •     Серіктестіктің заңды статусы.
  •     Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқылығын алады.
  •     Серіктестік қызметінің  басты мақсаты заңды тұлғалар  мен тұрғындарға қызмет көрсету, жұмыс пен тауардағы тұтынысын қанағаттандыру жолымен таза табыс алу болып табылады:

        Көрсетілген мақсаттарға  жету үшін Серіктістік келесі  қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    • тағам өнімдерін сату;
    • спиртттік және салқындандырылған ішімдіктерді сату.

        Қандай да өндірістік ұйым өндірістік бизнеспен айналусышы өнімді дайындайды және оны сатады. Өнімді дайындау, сату көрсеткіштеріне мыналар жатады:

    • өткерілген өнім көлемі;
    • сатып алушылармен төленген және тиелген сатылған өнімнің құны;
    • ассортимент.

        Өнімнің көлемін анықтауда абсолютті және салыстырмалы динамикасын пайдаланамыз. Яғни, өнім көлемін талдауға шығарылған өнімнің көлемінің өсу қарқынымен байланысты жалпы және тауарлық өнімдердің динамикасын зерттеу жатады. (кесте — 1)

     

     

     

    Кесте - 1

    «Де-Ла» ЖШС-нің тауарлық өнімнің динамикасы

    Жылдар

    Тауарлық өнім (мың, тг)

    Өсуі абсолютті (,-)

    Салыстырмалы, %

    2008

    12647

                     -

    100

    2009

    10755

                  -1892

    85,03


     

        Қарастырып отырған кәсіпорынның тек 2 жыл қызметте болғанын байқап, оның осы 2 жыл ішіндегі көрсеткіштеріне мән беруіміз керек. Өйткені тауарлық өнімнің абсолютті ауытқуы өсу қарқынымен емес, керісінше теріс, кері мағынаға ие болып отыр.  Абсолютті көрсеткішіміз 2009 жылы (-1892 мың, тг) тең, салыстырмалы түрде (85,03 % ) тең. Бұл шамаларға қарап кәсіпорынның өткерілген өнімнің көлемі төмендегенін байқаймыз. Оның себебі, экономикалық дағдырыстың әсерінен сатып алушылардың көлемі азайғанын көрсетеді.

    Кесте- 2

    Күнделікті тапсырмалардың орындалуын талдау

     


        Бұл кестеде талдау  барысында күнделікті тапсырманы  толық жазу ережесіне сүйенбей, оның тек 3 күндік тапсырмасын  жазып, сонымен қатар, өнімнің түрінің  көп болған себептен оны тек  жалпылама түрде латын әріптермен белгіледім. Яғни, әр күннің өнім сату көлемінің ауытқулары жоспардан біраз ауытқығанын байқаймыз. Ол ауытқулардың шамаға немесе кәсіпорынның сату көлеміне ешбір әсерін тигізбейтінін көре аламыз.

    Кесте-3

    Өнімнің ассортименті бойынша талдау

     


        Өнімнің ассартименті  бойынша талдауымызда біз өткен  және есепті кезең аралығындағы  ауытқуларды шамамен байқадық. Бұл  екі кезең ішінде әр өнім  ассартиментіне әр түрлі көрсеткіштерге  ие болуы себебі, тұтынушылар  сұранысына байланысты өнім көлемінің  өсуі мен азаюы біздің біршамалап өнім ассортиментімізге жоспар қойып ұсынысымызды атқардық. Яғни, біраз ауытқуларға себеп болып отыр. Бұндай талдаулар шаруашылық субъектінің тауарлық өнімдерінің динамикасын анықтап отырмыз.

        Субъектінің қаржы-шаруашылық  қызметі оның өндіру-сату қызметін жан-жақты түгел көрсетеді. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша 4-кестеде өткен және есепті жылдың мәліметтеріне талдау жасалған [9].

    Кесте - 4

    «Де - Ла» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

     

                    Көрсеткіштер

    Өткен

    жыл

    Есепті      жыл

    Ауытқу

    сомамен

    %

    1. Өткізуден (сатудан) түскен табыс, мың.тг

    12647

    10755

    -1892

    85

    2. Өнімнің өзіндік құны, мың.тг

    9414

    1684

    -7730

    18

    3. Жалпы табыс, мың.тг

    3233

    9071

    5838

    281

             

    5. Салық салынғанға дейінгі табыс, мың.тг

    364

    135

    -229

    37

    6. Табыс салығы, мың.тг

    -

    -

    -

    -

    7. Таза табыс, мың.тг

    364

    135

    -229

    37

    8. Жұмысшылардың орташа саны, адам

    8

    7

    -1

    88

    9. Қорлардың орташа жылдық құны, мың.тг

    2394

    2184

    -210

    91,2

    10. Меншікті капиталдың орташа құны, мың.тг

    110

    110

    -

    -

    11. Еңбек өнімділігі, (1қ./8қ.), мың.тг.

    1581

    1536

    -45

    97,2

    12 Қор қайтарымдылығы, (1қ./9қ.), тг

    528,2

    492,4

    -35,8

    93,2

    13. Қор сыйымдылығы, (9қ./1қ.),тг

    18,9

    20,3

    1,4

    107,4


     

        Әрі қарай, келесі 5  -аналитикалық кесетені құрастыра отырып, қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

    Кесте - 5

    «Де–Ла» ЖШС-нің қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы


     

        Келтірілген мәліметтер  кәсіпорын активтерінің жалпы  алғанда жағымды динамикасын  көрсетеді. Оларды жеке элементтер  тұрғысынан зерттеу келесідей  қорытындыларды жасауға мүмкіндік  береді. Ең мобильды активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 116 мың теңгеге немесе 40,55 %-ға азайған. Қысқа мерзімді активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті 7,05% -ды ғана құрайды. Бұл коэффициент, қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді. Ең мобильды қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

        Кәсіпорынның материалдық  айналым қаражаттары есепті жылы -8,77-ға кеміді және ол жыл  аяғында 2184 мың теңгені құрады. Олардың  үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары (90,5%) болып отыр. Бұл жағдай,материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған босалқылар, дайын өнімдер, шикізаттар мен материалдар, аяқталмаған өндіріс жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық қысқа мерзімді активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген.

        Есепті жылы дебиторлық  берешек те әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында  – 261мың  теңгені құраса, жыл аяғында  еш көрсеткіші жоқ немесе -8,6%-ға  азайғанын, алайда қысқа мерзімді  активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды (8,6) [9].

        Дебиторлық берешек неге  мұнша көп өскендігін және  бұл бапты не үшін түсіндіру  керектігін зерттеп, қарыздарды  өтеудің болашағын бағалау және  егер болған жағдайда олардың  құрамындағы күмәнді қарыздарды  анықтау қажет. Кейбір қолма-қол  ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық берешектің салдары болып табылады. Алайда, айта кеткен жөн, ақша қаражаттарының бір бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған, олардың көлемі жыл ағында 504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни 128 мың теңгемен салыстырғанда 3,9 есеге көп. Өтімді емесе, өтімділігі төмен босалқылардың болуы, дебиторлық берешектің әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, мүліктің және қысқа мерзімді активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық берешекті талдауға басты назар аударуы қажет.

        Айта кеткен жөн, кәсіпорынның  қаржы жағдайына дебиторлық берешектің  нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық берешектің пайда болуы кредиторлық берешек сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруащылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық берешек барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

        Кәсіпорынның дебиторлық  берешегі қалыпты және өтелмеген  болып екіге бөлінеді. Өтелмегеен  дебиторолық берешекке, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құдаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық берешек айналым қаражаттаррының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық берешекті анықтауы тиіс. Дебиторлық берешектің құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық берешектің барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық берешектің қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек. Дебиторлық берешектің өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады. Дебиторлық берешектің мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

        Осылайша белгіленген  заңға сәйкес кез келген заңды  тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

    • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни кальку-ляциялау жүйесі.
    • Жанама шығындарды анықгау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
    • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
    • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
    • Босалқыларды бағалау әдістері.
    • Курстық айырманы есептеу.

    Есеп саясатын негiздеу және таңдау кезiнде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсiпорын үшiн де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейiмделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкiндiгi туады[2].

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

     

    2.2 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЕСЕБІ

     

        Мекемелер қаржылық-шаруашылық  қызметтері барысында қажетті  үзіліссіз өзара есеп айырысу қарым-қатынастары пайда болады, яғни:

    • жабдықтаушылармен олардан сатып алынған тауарлық-материалдық босалқылар үшін;
    • сатып алушылармен оларға жөнелтілген тауарлық материалдық босалқылар үшін;
    • көлік мекемелерімен тауарлық материалдық босалқыларды жеткізгендері үшін;
    • қаржы органдарымен салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша;
    • басқа да мекемелер, кәсіпорындар, ұйым және тұлғалармен әртүрлі шаруашылық операциялар бойынша;
    • жұмыскерлермен және қызметкерлермен еңбекақы және т.б. бойынша.

        Ақшалай есеп айырысулар, негізінде, банк мекемелері арқылы  олардың бақылауымен ақшалай  қаражаттарды төлеушінің шотынан  алушының шотына қолма қол  ақшасыз төлемдер төлемдер түрінде  аудару жолымен жүргізіледі. Қолма  қол ақшасыз есеп айырысуларды қолдану мемлекетке банкте бос ақшаларды шоғырландыруға, олардың айналымына қатал бақылау жасауға мүмкіндік береді, кейбір мекемелердің салт салт ақшаларға деген мұқтаждықтарын азайтады және ақшалай қаражаттардың толық сақталуынқамтамасыз етеді.

        Бұдан басқа халық тұтынатын тауарларды сатып алу – сату бойынша бөлшек сауда кәсіпорындары мен жеке азаматтар арасындағы есеп айырысу операцияларында үлкен мөлшерде салт ақшалар қатысады да, олар сауда мекемесінің кассасына тауарларды сатудан түскен ақшалай түсімдер түрінде түседі, кейін банкке өткізіледі. Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түсімдері банктің кассасына түсетін салт ақшалардың 90% дейін құрайды. Сонымен, сауда кәсіпорындарының түсімдері – банктердің кассаларына қайтатын салт ақшалардың негізгі жолы. Сондықтан бөлшек сауда кәсіпорынның түскен сауда түсімдерін уақытында және толық қабылдап алуына және оларды банктердің кассаларына өткізуіне күнделікті қатал бақылауды қамтамасыз етудің обьекті қажеттілігі туындайды.

        Банкке сауда түсімдерін уақытында өткізбеу сауда қаржыларының айналымдылығын баяулатуға әкеледі, олардың жабдықтаушылардың шоттарын уақытында төлеу және банктің қарыздарын өтеу мүмкіншіліктерінен айырады, банктің қарыздарына қосымша мұқтаждығына себепші болады. Мұның бәрі айыппұлдар, өсімдер мен тұрақсыздық айыптарын төлеуге әкеледі де, сауда мекемесінің түпкілікті қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етеді.

    Информация о работе Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті