Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:31, диссертация
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жатады:
-Қысқа мерзімді активтерді ХҚЕС-на сәйкес ашып көрсету;
-олардың ХҚЕС бойынша бағалануын, келіп түсуін және шығу есебін анықтау;
-ұйымдастыру процесін білу;
-ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебінің, аудитінің ерекшеліктерімен жете танысу;
-Қысқа мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.
КІРІСПЕ 3
1.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ «ДЕ-ЛА» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 6
1.1 Қысқа мерзімді активтердің анықталуы мен түрлері 6
1.2 «ДЕ-ЛА» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымы және негізгі экономикалық көрсеткіштері 12
2. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.2 Ақша қаражатының есебі 17
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі 36
2.4 Босалқылар есебі 57
3. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР АУДИТІ 67
3.1 Қысқа мерзімді активтер аудитін ұйымдастыру 67
3.2 Қысқа мерзімді активтердің аудитін жетілдіру жолдары 85
ҚОРЫТЫНДЫ 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
ҚОСЫМШАЛАР 98
1.1 Қысқа мерзімді активтердің анықталуы
мен түрлері
2. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ
АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.2 Ақша қаражатының есебі
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық
берешек есебі
2.4 Босалқылар есебі
3. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
3.1 Қысқа мерзімді активтер
3.2 Қысқа мерзімді активтердің
аудитін жетілдіру жолдары
ҚОСЫМШАЛАР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің экономикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық қаржылық стандартқа көшуі де жатады. Оның ішінде, еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшуі болып табылады. Қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Міне, осыны ескере отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайын экономикалық жағынан дамуту жолы қысқа мерзімді активтерінен басталатына көз жеткіземіз.
Кәсіпорынның ақшаға
бағаланатын игіліктері мен
Жұмыста кәсіпорындардың
қысқа мерзімді активтердің есебін
жүргізудің негізгі
Қарастырылып отырған жұмыста қысқа мерзімді активтердің есебінің және аудитінің ХҚЕС бойынша ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қоса, шаруашылық субъектінің қысқа мерзімді активтердің есебі, аудиті және оларды есептеу, қысқа мерзімді активтердің түрлері, есеп беруді жасаудың кейбір ерекшеліктері көрсетіледі.
Диссертация тақырыбының ғылыми-практикалық зерттелу дәрежесі. Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін ХҚЕС-на сәйкес жүргізуді серпінді дамуы үшін, экономиканың басқа да салаларындағы сияқты, нарықтық қарым-қатынастардың механизмдерін жетілдіру қажет. Стандарт қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Нарықтық экономикаға көшуге үлесін қосқан ежелден көшбасшы болып А. Смит болса, қазіргі таңда Қазақстанға еңбек сіңірген, бірнеше ғұлама еңбектерімен танылған Қ.Ш. Дүйсенбаев, М.С. Ержанов, В. Л. Назарова сияқты ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, диссертациялық жұмысымда жалғасын таба алатын дәрежесіне жету мәресін көргім келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жатады:
Диссертациялық зерттеудің обьектісі. Қазіргі кезеңдегі республиканың бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің шаруашылық іс-әрекетінің механизмдері болып табылады.
Зерттеудің тақырыбы. Бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасындағы ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізуді дамытудың, оның тиімді жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілерінің жиынтығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі. Бұл диссертациялық жұмыстың әдістемелік негізін – республиканың бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін нарықтық өзгерістерді талдап-зерттеуге кешенді, жүйелі тұрғыдан келу, сондай-ақ осы мақсатта ұлттық экономикадағы қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін ХҚЕС-на сәйкес жүргізудің рөлін көтеру жөніндегі әлемдік экономикалық ғылыми ой-пікірдің ғылыми-теориялық тұғырнамаларын пайдалану болып отыр.
Бұл жеке жұмыста қазақстандық және өзге ұлт елдер ғалымдардың ғылыми еңбектері, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қызметінің аса бай әлемдік іс-тәжірибесі пайдаланылды. Автордың «Де-Ла» ЖШС-де, «Тұран» Университетінде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде орындаған талдау-зерттеулерінің нәтижелері осы диссертацияның негізін құрайды, олар диссертанттың тиісті ғылыми еңбектерінде жарияланды. Бұлардан бөлек автордың өзі жинақтап өңдеген анықтамалық материалдар, салыстырмалы шамалар, сызбалар мен графиктер пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы оның төмендегідей нәтижелерімен расталып отыр:
-мемлекет экономикасындағы
Диссертациялық жұмыстың ғылыми ережелерінің шынайылығы және негізділігі. Бұл жұмыстың деректік материалдар көзі ғылыми-теориялық монографиялар, әрқилы жарияланымдар, мақалалар, ҚР Үкіметінің, сондай-ақ жақын (ТМД) және алыс шетелдердің заңдық актілері мен шешімдері болып табылды. Бұл еңбектің ақпараттық базасы – «Де-Ла» ЖШС-нің мәліметтері болып табылады, ол мәліметтер жүйелілік және даму принциптерін есепке ала отырып, талдау әдістері арқылы өңделді.
Диссертациялық жұмыстың практикалық маңызы. Бұл зерттеудің нәтижелері ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін жүргізуді дамытуды негіздеуге бағытталған. Автор ұсынып отырған теориялық және әдістемелік ережелер дамудың негізделген бағыттарын жүзеге асырудың нәтижесінде алынуы мүмкін, экономикалық тиімділіктің көлемі жөнінде түсінік беретін нақты есептеулермен бекітілген.
Диссертациялық
зерттеудің қорғауға
Диссертациялық жұмыстың негізгі ережелерінің алдын ала сынақтан өткізілуі. Диссертацияның негізгі ережелері мен тұжырымдары зерттеу жұмысын жүргізудің әрқилы кезеңдерінде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардағы ғылыми баяндамалар және хабарламалар, оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулар түрінде көпшілікке ұсынылды.
Зерттеудің тақырыбы бойынша жарияланымдар. Диссертацияның тақырыбы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті ұсынған басылымдарда жалпы 2 ғылыми жұмысы, соның ішінде 2 мақала.
Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемі. Диссертациялық еңбек кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 16 кестеден, қосымшалардан және 33 пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Жалпы көлемі беттен тұрады.
Актив деп кәсіпорынның ақшаға
бағаланатын игіліктері мен
Жалпы ХҚЕС сәйкес
қысқа мерзімді активтер
Ақша деп – (1000) барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Ақша қаражаты – бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары,бағалы қағаздар және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары [7].
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызмет міндеттерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Ақша қаражаттарының есеп беруде кәсіпорынның белгілі бір кезеңіндегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолы көрсетіледі. Яғни есепті кезеңдегі жұмсалған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттың жеткіліктігі. Ақша қаражаттары туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығарылуы. Ақша эквивалентіне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигациялар, қазынашылық вексель және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады.Ақша түсімдер туралы ақпарат біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті,оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді [21].
Ақша белгілі бір қоғамның қаржы ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталған. Кез келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді. Мемлекеттің қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.
Информация о работе Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті