Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:31, диссертация

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жатады:
-Қысқа мерзімді активтерді ХҚЕС-на сәйкес ашып көрсету;
-олардың ХҚЕС бойынша бағалануын, келіп түсуін және шығу есебін анықтау;
-ұйымдастыру процесін білу;
-ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді активтер есебінің, аудитінің ерекшеліктерімен жете танысу;
-Қысқа мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ «ДЕ-ЛА» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 6
1.1 Қысқа мерзімді активтердің анықталуы мен түрлері 6
1.2 «ДЕ-ЛА» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымы және негізгі экономикалық көрсеткіштері 12
2. ХҚЕС СӘЙКЕС ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.2 Ақша қаражатының есебі 17
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі 36
2.4 Босалқылар есебі 57
3. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР АУДИТІ 67
3.1 Қысқа мерзімді активтер аудитін ұйымдастыру 67
3.2 Қысқа мерзімді активтердің аудитін жетілдіру жолдары 85
ҚОРЫТЫНДЫ 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
ҚОСЫМШАЛАР 98

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИССЕРТАЦИЯ.doc

— 922.00 Кб (Скачать документ)

                 дебиторлық берешегі»-сатып алушылар  мен тапсырысшыларға 

                 төлеуге ұсынылған есеп айырысу-төлем  құжаттарының сомасына

 

                 Тиісті шоттардың кредиті:

                 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер  көрсетуден алынатын

                 кіріс»

                 қосымша құнға салынатын салықсыз  сату бағасы бойынша 

                 босатылған өнімдер мен тауарлар  сомасына

                 3130 «Қосылған құн салығы» - осы өнімдер мен тауарлар бойынша

                 есептелген қосымша құнға салынатын  салық сомасына

    Төлеуге ұсынылған есеп  айырысу-төлем құжаттары бойынша  сатып алушылар мен тапсырысшылардан  төлемдердің түсуіне қарай банктің  жазбаша үзінділері немесе кассалық кіріс ордерлері негізінде келесі бухгалтерлік жазу жүргізіледі:

 

                 Тиісті шоттар дебеті:

                 1010 « Кассадағы ақша қаражаты»

                 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты»

       

                 есеп айырысу мерзімдеріне қарай  келесі тиісті шоттардың кредиті:

                 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді 

                 дебиторлық берешегі»

 

    Егер жеткізіп беруге  жасалған келісім-шартқа сәйкес сатып алушылар мен тапсырысшылар өнімдер мен тауарларды жеткізу және қызметтер көрсету үшін алдын-ала аванстар аударса, онда мекеменің бухгалтериясы сатып алушылар мен тапсырысшылардың оларға жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін берешектеріне бұрын алынған аванстар есебінен өтеуді бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен көрсетеді:

 

                 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»  шотының дебеті

                 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді

                 дебиторлық берешегі» шотының кредиті

 

    Егер өнімдер мен тауарларды  жеткізуге сатып алушылармен  жасалған келісім-шартында талаптар  мен міндеттемелерді өзара есепке  алу қарастырылса, онда мекеменің  бухгалтериясы есеп айырысу нятижелерін  келесі бухгалтерлік жазбамен көрсетеді:

                

                 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек» 

                шотының дебеті

                1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді

                дебиторлық берешегі» шотының  кредиті

 

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» шоты бойынша айдың аяғындағы қалдық тек қана дебиторлық болады да, ол сатып алушылар мен тапсырысшылардың оларға жөнелтілген босалқылар үшін берешектерін көрсетеді.

     Сатып алушылар мен тапсырысшылардың олардан алынған вексельдермен қамтамасыз етілген берешектері 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотында есепке алынады. Ол үшін бұл шотқа «Алынған вексельдер» субшотын ашу керек. Есеп айырысудағы вексельдердің мәнісі, олардың түрлері мен маңызы қарастырылды. Бұл тармақта сатып алушылар мен тапсырысшылармен вексельдерді қолданып есеп айырысуларды есепке алу тәртібі қарастырылады.

    Сатып алушылар мен  тапсырысшыларға жөнелтілген өнімдер  мен тауарлар үшін төлеуге  есеп айырысу-төлем құжаттарын ұсынған және олардың берешектері жеткізу келісім-шарты бойынша алынған вексельдермен қамтамасыз етілген жағдайда тауар ілеспе құжаттары (шот-фактура, тауар-көлік жүк құжаттары және т.б.) негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

                 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» шотының 

                «Алынған вексельдер» субшотының  дебеті — сатып алушыға 

                төлеуге ұсынылған есеп айырысу  құжатының сомасына 

 

                Тиісті шоттардың кредиті:

                6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер  көрсетуден алынатын

                кіріс» - өнімдер мен тауарлардың  қосыиша құнға салынатын

                салықсыз сату бағасы бойынша  есептелген сомасына

               3130 «Қосылған құн салығы» - осы өнімдер мен тауарлар бойынша

               есептелген қосымша құнға салынатын  салық сомасына

    Жазылған күні төлеуге  ұсынылған вексельдер бойынша  есептелген сыйақы сомасына келесі  бухгалтерлік жазба жасалалы:

                1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті

                6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»  шотының кредиті

    Егер вексель төлеу  мерзімі оны жасағаннан кейін  біраз уақыттан соң деп жазылса, онда толық сомасы бастапқыда  алдағы кезеңдердің табыстары ретінде есепке алынады да, келесі бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

                1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді  сыйақылар» шотының дебеті

                3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері»  шотының кредиті

    Кейін есептелген сыйақыларды  ай сайынғы жатқызулар келесі бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:

               3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері»  шотының дебеті

              6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»  шотының кредиті

 

    Қарыздары алынған вексельдермен  қамтамасыз етілген сатып алушылар мен тапсырысшылардан оларға жөнетілген өнімдер мен тауарлар үшін төлемдер түссе, олардың төлеу мерзімі келгенде банктің жазбаша үзіндісі негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі:

 

                 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотының

                 дебеті

                 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» шотының 

                 «Алынған вексельдер» субшотының  кредиті

    Вексельдер бойынша алынған  сыйақылар сомасына келесі бухгалтерлік жазба жүргізіледі:

                1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты» шотының 

                 дебеті

                6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»  шотының кредиті

 

    Сатып алушы белгіленген  мерзімде вексельді төлемеген  кезде мекеме вексель сомасына сатып алушыға талап қояды да, осы сомаға келесі бухгалтерлік жазба беріледі:

                1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» шотының 

                 «Алынған вексельдер» субшотының  дебеті

               1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының

                 «Алынған вексельдер» субшотының  кредиті

    Талап қойғаннан кейін  сатып алушы наразылық білдірілген  вексель бойынша қарыздарын өтеген  кезінде банктің жазбаша үзіндісі  негізінде бухгалтерлік есеп  шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

                1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты» шотының 

                 дебеті

                 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» шотының 

                 «Талаптар бойынша есеп айырысу»  субшотының кредиті

    Вексель ұстаушы-мекеме  вексельді дисконттау есептік  пайыз алу үшін банкке өткізіп  вексельге банктік несие ала  алады. Мұндайда келесі бухгалтерлік  жазу жасалады:

                 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты» шотының 

                 дебеті

                 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар»  шотының кредиті

    Банктік несие бойынша  алынатын дисконт (есептік пайыз) сомасына келесі бухгалтерлік  тізбе беріледі:

                7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар»  шотының дебеті

                3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді  сыйақылар» шотының кредиті

    Төлем мерзімі келгенде  алынған банктік несие есебінен  түскен босалқылар үшін вексельді  төлегені туралы банктің хабарламасын  алғанда бухгалтерлік есеп шоттарында  келесі жазулар жасалады:

                  3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар»  шотының дебеті

                  1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» шотының 

                 «Алынған вексельдер» субшотының  кредиті

    Дисконт сомасын банкке  аудару банктің жазбаша үзіндісіне сәйкес келесі бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

                3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді  сыйақылар» шотының дебеті

                1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты» шотының 

                кредиті

    Вексельге берілген банктік  несиені өтеу кезінде банктің жазбаша үзіндісі негізінде келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

              3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар»  шотының дебеті

              1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты» шотының

              кредиті

    Атап айту керек, мекеме  босалқыларды вексельмен төлеу  туралы уәделескендік болмаса  да, оларды сатып алушыларға жөнетле  алады. Мұндайда жөнелтілген тауарлардың  құны қосымша құнға салынатын  салықты қоса, әдеттегідей, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» шотында көрсетіледі. Егер келешекте өткізілген тауарларды вексельмен төлеу туралы уәделестікте жетке болса, онда вексельмен қамтамасыз етілген сатып алушының берешегі бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен көрсетіледі:

                1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» шотының 

                 «Алынған вексельдер» субшотының  дебеті

                1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді

                 дебиторлық берешегі» шотының кредиті

             1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек» және 2180 «Өзге ұзақ мерзімді  дебиторлық берешек» шоттарының  «Алынған вексельдер» субшоты  бойынша талдамалы есеп №11 журнал-ордер  мен оның тізімдемесінде сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысуларды есепке алу жүргізіледі. №11 журнал-ордер көрсетілген шоттардың кредиті бойынша жүргізілген операцияларды есепке алу үшін арналған. Тиісті шоттардың коррепонденциялары мен жазулар төленген есеп айырысу-төлем құжаттар бойынша есепке алынған сомалар көрсетілген банктің ағымдағы банктік шоттарының әрбір жазбаша үзіндісі негізінде жүргізіледі.

     Сатып алушылар мен  тапсырысшылармен есеп айырысуларды  есепке алу жөніндегі тізімдеме  сатылған босалқылар бойынша шот-фактураларды және басқа да есеп айырысу құжаттарын жинақтау және топтастыруға үшін арналған.  №11 журнал-ордердің ай соңындағы тексерілген жиынтық деректері Бас кітапқа көшіріледі.

    Есеп компьютерленген  жағдайда сатып алушылар және  тапсырысшыларға жөнелтілген өнімдер мен тауарларға жасалған тауарлық ілісте құжаттары, банктің жазбаша үзінділері және басқа да ақша құжаттары компьютерде өңделеді де, ай соңында №11 журнал-ордер мен оның сатып алушылар мен тапсырысшылармен есеп айырысуды есепке алу жөніндегі тізімдеме нысаны бойынша құрылған машинограмма алынады.

    Басқа дебиторлық берешектерді есепке алу. Қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу барысында мекемеде сатып алушыларға жөнелтілген босалқылар үшін олардың негізгі дебиторлық берешегімен қатар, басқа да дебиторлық берешектер туындайды. Олар жатқызылады: сатып алынған босалқылар бойынша қосымша құнға салынатын салық бойынша берешек; есетелген пайыздар бойвнша дебиторлық берешек; әкімшілік-шаруашылық пен операциялық шығындарына берілген есептесетін сомалар бойынша мекеменің қызметкерлері мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегі және т.б.

    Сатып алынған босалқылар  бойынша жабдықтаушыларға өтеуге  жататын қосымша құнға салынатын  салық бойынша дебиторлық берешектерді  бухгалтерлік есеп шоттарында  көрсету тәртібі осы  босалқылар тарауында жан-жақты мұқият қаралады. Есептелген сыйақылар бойынша дебиторлық берешекті есепке алу “Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешектерін есепке алу” тарауында қаралды және келесі тақырыптарды көрсетілген берешектердің туындауына қарай қарастырылады.

     Басқа дебиторлық  берешектердің негізгі түрлерінің  бірі мекеме алдындағы қызметкерлер  мен басқа тұлғалардың келесі  борыштық міндеттемелері болады:

Информация о работе Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудиті